часть киргизской интеллигенции живо опомнилась и стала осознавать и исправлять свои ошибки.
Даже бывали такие курьезные случаи: учащаяся молодежь в некоторых русских учебных заведениях,
в целях сохранения чистоты киргизского языка, обусловливалась разговаривать между собой обяза-
тельно по-киргизски, в случае нарушения кем-либо этого правила виновный за каждое случайно вы-
летевшее не киргизское слово платил 3–5 коп. штрафа в пользу ученических кружков», — деп жазды
[5; 300].
Ал, қазақ баспасөзі бетінде тіл тазалығын сақтау үлкен проблемалық мəселе ретінде жан-жақты
талқыға түсуі, орыс классиктерінің шығармалары мен Абай, Ыбырай өлеңдерінің жариялануы
сыншылдық, əдеби-теориялық ой-пікірдің өріс алуына əсер етіп қана қоймай, қазақ поэзиясы туралы
ғылыми мəндегі жаңа əдеби-теориялық көзқарасты туғызды. Қазақ баспасөзі бетіндегі бұлар тəріздес
жəне тікелей əдебиет мəселесіне арналған сыни мақалалар ұлт əдебиетін тануға деген ұмтылыстың
ілгерілей түскенін дəлелдейді. Сөзімізді түйіндей айтсақ, əдеби-теориялық ұғым-түсініктер қазақтың
жазба əдебиетінің дамуымен тығыз байланыста көрініп, қазақ баспасөзі бетіндегі мақалалар арқылы
өркен жая бастады. Олардың ішінде А.Байтұрсыновтың мақалаларының маңызы ерекше екені,
айтпаса да түсінікті. Қорыта келгенде, əдеби-тарихи жəне əдеби-теориялық ой-пікір А.Байтұрсынов
ғылыми жұмыстарға араласқанға дейін-ақ ұлт əдебиеті тарихы мен теориясының мəселелерін
танымдық тұрғыда батыл көтере алғанын көреміз.
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік,
орфографиялық құрылымын зерттеп, танытқан ірі лингвист-ғалым. Осының негізінде ғалым тіл мен
əдебиетті, əлеуметтік мəселелерді, заң мен шаруа жайын (мал шаруашылығы, егін егу), мəдениет пен
тарихты қазақ болмысына тірек ете отырып ұлт санасын, тілін, ділін, ғылымын, өнерін əлемдік
өркениетке сай түбірінен жаңартуға атсалысты.
Тəуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері А.Байтұрсынұлының əдеби, ғылыми жəне
шығармашылық мұрасы əдебиеттанушылардан басқа тарихшы, тілші-лингвист, журналист, заңгер,
педагог (педагогика саласы бойынша), ғалымдар тарапынан да жан-жақты зерттелініп жатыр. Ғалым
ресми түрде ақталғаннан кейін Ө.Айтбаев «Қазақ терминологиясының атасы» атты ғылыми
мақаласында: «А.Байтұрсынов «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде араб емлесіне
лайықтап икемделген жаңа нұсқа туралы жұртшылыққа түсіндіріп мақалалар жазады. Ол жасаған
жаңа жазу үлгісі ел көңіліне бірден жетеді де, қабылданады....қазақ ұғымына əлі жат, бірақ тіліміздің
кейбір ішкі жүйесін түсіндіруге қажет кейбір сөздерді жаңаша қолдана бастайды. Олар: дыбыс, əріп,
емле, ноқат (нүкте), буын, əліппе, сөз басы, сөз аяғы, дауысты дыбыстар, дəйекші сөздер. Бұлар қазақ
тілінде бұрыннан бар болғанмен белгілі бір ғылыми ұғым есебінде нақты атауға иелік жасап отыруы
тұңғыш рет» деп баға берді [7].
Ахмет Байтұрсынов орыс миссионерлерінің қазақ халқын орыстандыру үшін жасап отырған
айла-əрекеттерін жақсы түсінген. Ол кісі Ресей сияқты үлкен мемлекеттің жоспарлап отырған ірі
саясатының құрбанына айналып кетпеу үшін күресті. Қазақ өзінің халықтығын, ұлттығын жоймас
қамын жасау керек. Ол үшін ана тілінде əліппе жасап, сабақты ана тілінде жүргізіп, мектептерді
заман талабына сай жабдықтап, педагогикалық білімі бар білімдар ұстаздар дайындау қазақ
оқығандарының алдында тұрған маңызды міндет болды.
«Хүкіметке жағымдысы — қол астындағы жұрттың жазу-сызу, діні бір болу. Россия қол астында
түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бəрі тілін, дінін,
жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке одан артық іс болмас», — деп патшалық Россияның ұсақ
ұлттарға ұстанған саясатын ашық, батыл көрсетеді [1; 267].
Ахмет Байтұрсыновтың тіл, оқыту мəселелеріне білім беруге байланысты айтқан пікірлері
қазіргі уақытқа да қызмет ететінін көреміз. Мысалы, «-ов» туралы» деген мақаласын оқи отырып,
осыдан 80 жылдай бұрын жазылған емес, күні кеше ғана баспасөз бетінен көргендей боласың. «Газет-
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзіндегі ...
Серия «Филология». № 2(62)/2011
75
журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ
тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті ерсі естіледі «-ов, -ев, -ин, -овалар» жалғыз-ақ орыс халқында
бар деп айтуға болады, басқа Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ.
Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге
тағудың қанша қажеті бар? «-овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы»
деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан былай жұртқа өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе,
қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді» [1; 315].
Ахаң қазаққа оқу-білімнің тым қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс-жағдайымен
байланыстыра дəлелдейді: «Қазақ биыл 5 теңгеге сатқан нəрсесін келер жылы өзі 10 теңгеге қайта
сатып алады. 10–11 сомға алып отырған былғары — былтырғы 4–5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі 5–6
сомдық шұғалар, торқалар — қазақтың бір пұтына 3–4 сом алып сатқан малының жүні...
Басқа жұрттарда өздерінің істеген нəрселерінің өз ішінде сатылып, жұмсалған ақша өз елдерінде
қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-бірі ауысқанға
санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ» деген сөздері бүгінгі күні еліміздің
шешімін табуға тырысып отырған мəселелерімен үндес. Қазақстан байлығының сыртқы тасылуы
қазіргі кезде халқымыздың зиялыларын ойландырып отыр. Бұл жайлы Ахмет Байтұрсынов
ғасырымыздың басында-ақ ескерткен екен [1; 254].
Сол кезде Ақаң қазақ халқының «олжалы жерде үлестен қағылып отырған» себебін не деген еді?
«Қазақтың шаруасына, бір жатқан, надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан — білімсіздігін
көріп тұрғандар басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат етіп тұрғаны
санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді», — деп қазақтың намысын қамшылай түседі де осы тығырықтан
шығар жолды көрсетеді: «Бұл заманда қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін
өнер, білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың
аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік» [1; 254].
Қазақтың сол кездегі көңіл-күйіне оқуға, жастарын оқытуға деген ұмтылыс байқалды. Білімнің
бірінші сатысы, негізі — бастауыш мектептер. Сондықтан да бастауыш мектептер ісін жөнге қою күн
тəртібінде тұрған бірінші мəселе. Бірақ бастауыш мектептерде оқытуды үкімет орыстандыру
саясатының құралына айналдырмақшы мақсатты көздеді. Мектеп ісін ұйымдастыру осы мақсатқа
қызмет етті. Сондықтан да қазақша оқытатын қазақ мектептері «халық оқуды керек қылғандықтан,
жаман да болса, жоғынан бар артық» дегенмен істеліп отырған іс деп, Ақаң айтқандай, күйде болды.
Ал қазақтарды орысша оқытатын орыс мектептері үкімет тарапынан қамқорлық көріп отырды. «Бірақ
сонысына қарай пайдасы аз. Бұлардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нəрсе — қазақты орысқа
аударамыз деген пікір бəрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне
түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб харпін тастатып, орыс харпін алдырамыз дейді. Сол
үшін, əуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс харпімен
оқысын дейді. Соның ішінде біреулер ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс харпімен
басталған кітаптардан бастап оқып, əрірек барған соң, кілең орысшаға түспек керек. Бұлар еппен
қайырмалаушылардың жолы», — дейді [1; 267].
А.Байтұрсынов есімі «Алаш» партиясымен тығыз байланысты. Мықты ғалым, ақын, көсемсөздің
шебері А.Байтұрсынов еңбектерінің жарты ғасырдан астам қараңғы қапаста жатып, жарық көрмеуі
тіпті атын атауға қорқатындай жағдайға ұшырауы Алашорда өкіметімен байланысты болды. Алаш
партиясы отарлық езгіге қарсы күрес жағдайында дүниеге келіп, жалпы ұлттық мүддеге қызмет етті.
Ол кезде уақытша өкімет ұлттық мəселелерді шеше алмаған тұрақсыз, əлсіз саяси билік болды. Қазақ
халқының сауатсыздығы, жер мəселесінің шешілмеуі атты қазақ əскерлерінің, қоныстанушылардың
панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығы шегіне жетті. Елдегі осындай шиеленіскен
жағдайлардан «Алаш» партиясы дүниеге келді. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашада шыққан
санында «Алаш» партиясының іс жоспары жарияланған болатын, бұл жоспарды негізінен жасаған əрі
қол қойған алты кісінің бірі — Ахмет Байтұрсынов болды. Онда ең əуелі Ресей өзінше
демократиялық-федерациялық республика болуға тиіс деп жазылды, сол федерацияның бірі — өз
билігі өзінде болатын Қазақ автономиясы болып белгіленген. Осы кездегі егеменді ел боламыз деп
декларация қабылдап жатқанымыз — дəл осы өз билігі өзінде болатын қазақ автономиясы еді. Іс
жоспардың мұнан кейінгі баптарында халыққа білім беру, мемлекеттен дінді бөлу, сот істерінің
тəртібі, жер заңы, жұмысшы заңы, шаруа заңы, салық салу, келімсектерге тыйым салу жəне олардың
қоныстануын жүйеге келтіру. Қазіргі кезде шеше алмай дал болып жүрген нəрселердің шешуін
Қожақметова Ə.Т.
76
Вестник Карагандинского университета
Алашорда өкіметінің көсемі Ахмет Байтұрсыновтың осыдан 75 жыл бұрын шешіп қойғанына таң
қалмасқа болмайды. Барлығы да қазіргі заманғы мемлекеттік тілге қойылған талаптарымен үндес.
Осы кезге дейін қазақ қоғамында орын алып келген ана тілін менсінбеушілік, жете
бағаламаушылықтың түптамыры əріде жатқанын аңғарамыз. Ахмет Байтұрсынов осы улы тамырдың
тереңге жайылмауын, жас буынды шырмауының алдын алмақшы болып күресті. Уытты сөздерімен
құрбандыққа айналып бара жатқан халқының санасына əсер етпекші болды. Бұл мақсатынан қашанда
бас тартқан емес.
1920-жылдардың ортасына қарай бұрынғы «Алаш» партиясы өкілдеріне қысымшылық жасау
күшейді. Елдің алдыңғы қатарлы адамдарына сталиндік зұлматтың бұлты үйіріле бастады. Осы
жылдары Ахмет Байтұрсынов тек ғылыммен ғана айналысты.
А.Байтұрсыновтың əлеуметтік істеріне, шығармашылығына, дүниетанымын өз кезінде дұрыс
көрсетіп, əділін айтқан адамның бірі — Сəкен Сейфуллин. ХХ ғасыр басындағы халықтың ауыр күйі
мен отаршылдық езгіге наразылықты ашына жыр еткен Ахмет болса, өзінің қызылшылдығына
қарамай, кеңестік бұрмалаушылықтар мен ұлт тағдырын аяққа басуға ашық қарсылық айтқан, «жан
ашуын» білдірген жалғыз Сəкен болды. Бұл оның күрескерлігінің бір саласы 20-жылдардың басында
Орынбордағы қазақ коммунистері қол қойып, орталық партия Комитетінің хатшысы
Е.Ярославскийдің атына жазылған «Онтөрттің хаты» осының алғашқы мысалы. Сəкен ол кезде
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы еді. Сəкен бастаған 14 коммунист Қазақстан автономия
алғанымен, онда ұлт жағдайын көтерер ештеңе істелмей жатқанын, қазақ тілінде басылымдардың,
кітаптардың жеткіліксіздігін, істің қазақша жүрмейтінін, қазақ мектептерін ашу қажеттігін, əкімшілік
жүйеде орысшылдықтың басым екенін айтқан. Е.Ярославский ашуланып, оларға ұрысып мұның
негізінде ұлтшылдық жатыр деп қорқытқанмен, іс жүзінде осы шараларға қозғау салды. 1924 жылы
қазақ тілінің орыс тілімен бірге мемлекеттік тіл болып бекітілуі осының салдары болатын. Сəкен
қазақша іс жүргізу туралы нұсқалар беріп, бұл тақырыпқа бірнеше мақала жазды. Қазақша газет-
журналдар көбейіп, қазақша кітаптар шыға бастады. Қазақ мектептері ашылды. 1923 жылы
Байтұрсыновтың 50 жылдығы тұсында Сəкен «Еңбекші қазақ» газетіне «Ахмет Байтұрсынұлы елуге
толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес,
оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам қулықты атарман-
шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған
кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан
қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді.
Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір
оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін
қылды» [2; 5]. Бұл Ақаңа берілген əділ де шыншыл баға еді.
Ахмет Байтұрсынов көсемсөзін зерттегенде «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласына
тоқталмай кету мүмкін емес. Бұл ғалымның əдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеу еңбегі еді.
Осы мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында басылған. Мақалада автор Абайдың қазақ
халқының өмірінде алатын орнына тоқталып, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық
шеберлігі, орыс əдебиетімен байланысы туралы ойлар айтып, ақын өлеңдерінің эстетикалық, тəлім-
тəрбиелік маңызы ашылған.
«Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына
ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дəмді болуына ойдың шеберлігі керек: мағыналы, маңызды
болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге
жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі болған», — деп жоғары бағалайды [1; 219].
Ахмет Байтұрсыновтың өзі Абай өлеңдерін түсініп, сүйіп оқыған. Сондықтан да Абай
мұрасының өзгеге ұқсамайтын ерекше қасиеттерін дəл көрсеткен. «Абайдың əр нəрсенің асылын
танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік
артықтығы, əр нəрсенің бергі жағынан алмай, арғы асылына қарап сөйлейтіндігінде. Басқа
ақындардың сөзге шеберлігі кем болмаса да білімі кем болғаны даусыз», — деген Ақаң сөздерінде əр
нəрсенің кілті терең білімде деген ой жатыр [1; 220].
Қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді сөз еткен мақалаларында Ахмет Байтұрсынов өз заманының
өзекті деген тақырыптарына қалам тартып, халқына қамқор болу, елге қызмет жасау идеясын
насихаттады. Мұның бəрі азаттық туын қазақ көсемсөзінде желбіретіп, «Ұятың, арың оянсын» деген
Абай дəстүрін тарихи сабақтастықпен дамытқан. ХХ ғасыр басындағы көсемсөз өзіндік
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзіндегі ...
Серия «Филология». № 2(62)/2011
77
ерекшелігімен жаңа бір қырынан танылды. Сол шоқтығы асқақ тұлғалар қатарында Ахмет
Байтұрсынов жұлдызы биік болып қала бермек.
Қазақ баспасөзі бетінде тіл тазалығын сақтау үлкен проблемалық мəселе ретінде жан-жақты
талқыға түсуі, орыс классиктерінің шығармалары мен Абай, Ыбырай өлеңдерінің жариялануы
сыншылдық ой-пікірдің өріс алуына əсер етіп қана қоймай, білім беру туралы ғылыми мəндегі жаңа
теориялық көзқарасты туғызды. Қазақша оқытудың «ескі» жəне «жаңа» үлгісі туралы салыстырмалы
пікірлердің айтылуы, ұлттық əдістемелік-теориялық ой-пікірдің ғылыми сипатта көрінуінің алғашқы
белгісі болды.
Бағалаушылық мəндегі ой-пікірлердің айтылуы, ұлт өкілдерінің шығармаларының жариялануы
мен жарық көруі, қазақты оқытудың əдістемелік сипаты жағынан сөз бола бастауы дайындық кезеңі
үшін маңызы зор болды. Себебі олар ұлттық педагогикалық-тарихи, əдістемелік-теориялық
бағыттағы ойлау жүйесінің нақты көрінуін, жаңаша теориялық ұғымдар мен көзқарастың жинақтала
бастауын, ғылыми-зерттеушілік, таным филологиялық білімдер бағытында өзіндік ерекшелікпен
дами бастағанын дəлелдейді. Сондықтан ұлттық педагогиканың туу дəуіріне қадам басуға дейінгі
ғылыми ізденістер мен барлаулардың өсу дəрежесін байқататын мəнді бір бастаулары бола білді деп
бағалау керек. Олай болса бұл ізденістердің барлығы да Ахаңның «Қазақ» газетін шығаруына өз
жəрдемін тигізбеді дей алмаймыз.
Сонымен қатар баспасөз халықтық эстетикадан бастау алып, ХІХ ғасырда жаңаша сипат алуға
ұмтылған оқыту қажеттігін тудырды, ол педагогиканың дамуы мен оны зерттеу мəселелерін нақты
жəне жан-жақты сөз етуде сəтті қадамдар жасады. Білім беру ісі өркен жайып, əдістемелік түрлері
дамыды, жаңа көркемдік ізденістерге ұмтылды. Баспасөзде фольклорлық жəне классикалық мұраның
таңдаулы үлгілері жарияланды, əдеби жинақтарға енді, жеке кітап болып басылып шықты. Осыған
сай оқыту саласы да əр дəрежедегі эстетикалық биіктерге қол соза бастады. Кітап шығару ісі қызу
қолға алынды. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы ішінде 500-ге тарта кітап жарық көрді. Олардың
ішінде халық ауыз əдебиетінің үлгілері, қиссалар, əдеби жинақтар, əліппелер мен оқу құралдары, сол
кезеңдегі ақын-жазушылар шығармалары т.б. бар. Классикалық мұрадан Əбу Əли Ибн Сина, Қожа
Ахмет Йассауи, Шортанбай, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Д.Бабатайұлы,
М.Мөңкеұлы шығармалары кітап болып жарық көрді.
«Қазақ» газеті оқулықтар, өлең кітаптар, қазақ тілінің тазалығы, басылып шыққан халық ауыз
əдебиеті жинақтары туралы рецензия мен сыни мақалаларды көп жариялау арқылы ой-пікірді
толықтыра түсті. Бұл тұрғыда айрықша көңіл аударатын бір мəселе — қазақ тіліндегі оқулықтарға
деген талап-тілектің күшеюі. А.В.Луначарскийдің «Таза əдеби шығармалардан құралған хрестоматия
ғана емес, тіл біліміне арналған оқулықтардың өзі сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып
жатады» деген пікіріне сүйенсек, М.Нұрбаевтың «Қазақша əліппе», «Ғалия» медресесі шəкірттері
шығарған «Əліппе яки төте оқу», Қ.Қожықовтың «Əліппе», М.Кəшімовтің «Ақыл кітабы» (1903),
«Əдеп», «Үгіт» (1907), М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа əліппе» (1910), А.Байтұрсыновтың «Тіл
құралы» (1915), «Оқу құралы» (1912, 1914, 1915), М.Дибердиевтің «Қазақ балаларына қираəт кітабы»
(1910), А.Аңдамасовтың «Қазақша оқу кітабы» (1912), Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» (1912),
С.Көбеевтің «Үлгілі бала» (1912) атты оқу құралдарының шығуы мен қазақтарға арналған орыс тілін
үйрену үшін букварьлар, оқулықтар, сөздіктердің шығуы құптарлық құбылыс болды. Сыни
мақалалар оқулықтардың педагогикалық сипаты мен таза қазақ тілінде болып балаларға түсінікті
жазылуын талап еткенде Ы.Алтынсариннің «Хрестоматиясын» əрқашан үлгіге ұсынып отырды.
Біз тарихтан тағылым ала отырып, осы мақала барысында А.Байтұрсынұлының көсемсөзін
бүгінгі тəуелсіздік кезең тұрғысынан жан-жақты қарастыруға тырыстық. Ғалым дүниежүзілік жəне
орыс əдебиеттану ғылымындағы жаңалықтардың бəрін жетік біліп, оны өз тəжірибесінде қолданып,
насихаттады. Сонымен қатар ол ғылыми-теориялық ой-пікірлерін шашыратпай, белгілі бір арнаға
бағыттап, жүйелей отырып, дамытты.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып,
мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мəдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда.
XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, ұлттық білім берудің негізгі
ұстанымдары мен тұжырымдарын əлемдік контексте қарастырған əрі ғылыми тұрғыда негіздеген
өміршең мақалаларын қалдырды.
Ақаң — қазақ көсемсөзінің атасы. Өзінің көсемсөздерінде қазақ тағдырына байланысты сан
алуан көкейкесті мəселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек көзін ашуға ұмтылған заманның
озық ойлы азаматы еді. Ақаң ел есінде өзінің өнеге болар өмірімен, шығармаларымен қалды. Ол кісі
Қожақметова Ə.Т.
78
Вестник Карагандинского университета
данышпандығы мен ұлылығын өз кезінде-ақ мойындатқан. Ақаң сөздерінің жаңғырығы бүгінгі
ұрпақтарын да бейтарап қалдырмады. Ұлттық тəуелсіздік, ұлттық армия, ұлттың өзін-өзі басқару
туралы концепцияларды Ақаң жəне Ақаң мүше болған «Алаш» партиясы іске асыра алмай арманда
кетсе, бүгінгі ұрпақтары сол идеяларды жүзеге асыру үшін күресуде. Сондықтан да халқының
Ақаңдай адамдары сол халқы барда мəңгі жасайды, тарих көшінде ұмытылып қалмайды.
Əдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 464 б.
2. Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды // Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 464 б.
3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1976. — 136-б.
4. Əуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 17-б.
5. Дулатов М. Шығармалар. — Т. 1. — Алматы: Жазушы, 1991. — 384 б.
6. Дулатов М. Тіл-құрал. — Алматы: Жазушы, 1991. — 267-б.
7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының атасы // Қазақстан əйелдері. — 1989. — № 4. — 8-б.
ƏОЖ 81'
М.Мақатаев лирикасындағы фразеологизмдердің қолданысы
Қазанбаева А.З.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье характеризуются особенности употребления фразеологизмов и устойчивых оборотов в
лирике Мукагали Макатаева. Автор определяет лексико-семантическое значение фразеологизмов, их
стилистическую функцию, а также особенности употребления в определенном художественном
тексте. На основе конкретных языковых примеров показана не только выразительность
фразеологизмов в языке поэта, а также их эмоционально-экспрессивная окраска. Автор статьи
доказывает, что устойчивые сочетания в лирике Мукагали Макатаева являются языковыми
средствами, выполняющими определенную стилистическую функцию в раскрытии художественности
и выразительности произведения.
Author of the article characterizes the usage of phraseological units in the language of M.Makatayev’s lyrics.
Phraseological units that are popular in usage owing to its expressiveness and vividness considered to depict a
portrait of the nation’s language. The article deals with the semantic meaning, stylistic function of phrase-
ological units occurring in Mukagali Makatayev’s lyrics, points regarding their usage in the text are discussed
as well. Phraseological units used by a poet are vivid and expressive, moreover examples made by
M.Makatayev clearly reveal the emotional-expressive colouring of his poems. Author concludes that set
phrases occurring in M.Makatayev’s lyrics and are believed to be linguistic means that serve certain stylistic
function showing the literary character of poem.
М.Мақатаев лирикасы тіліндегі фразеологизмдердің лексика-семантикалық мəнін, стильдік
қызметін, сөз табына қатыстылығын, мəтін ішіндегі қолданылу сипатын қарастыра отырып, ақын
қолданған тұрақты тіркестердің табиғаты ерекше көрінетінін байқауымызға болады.
Сөздi сұлуландырып, ойды əсемдеп, тiлдi мəнерлеп жеткiзетiн əрi стильдiк мəнi ерекше
сөздердiң бiрi — фразеологизмдер ауызекi сөйлеу тiлiнде де, көркем шығарма тiлiнде де көп
қолданылады. Көп сөзбен бiр ғана мағына беретiн, тiлдiң стильдiк сапасын арттыратын тұрақты
тiркестер прозалық, поэзиялық шығармаларда айқын көрiнедi.
Соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған тұрақты сөз тiркестерiн зерттеу лингвистиканың
өзектi мəселелерiнiң бiрiне айналды. Фразеологизмдердi отандық лингвистикада, қазақ тiлi бiлiмiнде
зерттеген ғалымдарымыз өте көп.
Өзiнiң бейнелiлiгiмен, айшықты мəнерлiгiмен тiлiмiзде үнемi қолданыста жүретiн
фразеологизмдер əрбiр ұлт тiлiнiң көрiнiсi болып табылады. Фразеологизмдердi көркем туындыда
мейлiнше мол қолдану бiздiң ұлттық сипатымызды ашатын бейнелердiң бiрi.
М.Мақатаев лирикасындағы фразеологизмдердің ...
Серия «Филология». № 2(62)/2011
79
Жалпы, суреткер тiлiндегi фразеологизмдердi талдағанда, оны жалпыхалықтық тiлмен
байланыстыра қарастыруымыз керек. Өйткенi тұрақты тiркестердiң денi халықтық сөйлеу тiлi
негiзiнде қалыптасқан. Олар мазмұны жағынан да, мағынасы жағынан да өте бай келедi.
Фразеологизмдер адамның өмiрдi түсiнiп-тануын, көзқарасын, қарым-қатынасын, ақыл-парасатын,
ой-санасын, жан күйзелiсiн бiлдiредi. Олардың тұлғасын, құрамын, мағыналық ерекшелiктерiн
топтастырып, жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын бiлуiмiз қажет. Фразеологизмдер тiл
мəдениетiн арттырып, сөз құдiретiн жасайтын, өлең тiлiн өрнектейтiн асыл байлығымыз.
«Определение стилистических функций фраезологии дает возможность глубже раскрывать
специфику творческого метода автора, познавать его искусство в привлечении и использовании кра-
сочных средств языка для создания ярких образов и картин» [1]. Олай болса, фразеологизмдердi
өзгертiп қолдану, халық тiлiндегi тұлғаларды жұмсау не болмаса жаңа фразеологиялық тiркес жасау
суреткердiң шеберлiгiн, даралығын танытады. Фразеологизмдер — бейнелегiш-көркемдегiш ойнақы
сөздер. Екi немесе одан да көп сөз тiркесiп мағына бiрлiгiн сақтап, тұлғасын өзгертпей жұмсауы кез
келген суреткер тiлiнiң шырайы десек те болады.
Поэзиялық шығармада ақынның қалам тартысын, сөз қолданыс өрнегiн байқататын ерекше сөз
тiркестерi, сөйлем құрылыстары фразеологизмдер өте көп кездеседi. Поэзияда қолданылатын
фразеологизмдердiң өзiнiң лексика-семантикалық мəнi, морфологиялық құрылымы, стильдiк қызметi
мəтiн iшiнде айқын көрiнедi. Мұқағали Мақатаев лирикалық шығармаларында фразеологизмдердi
ұтымды пайдаланды. Ақын қолданған фразеологизмдер бейнелi əрi мəнерлi болумен қатар, өлеңнiң
эмоционалды-экспрессивтi бояуын арттырып тұр. Тұрақты сөз тiркестерiне тəн негiзгi қасиет —
бейнелiлiк, олай болса ақын бейнелi сөз орамдарын орнын тауып, нақтылы дəл қолданған. Тағы бiр
айтып кететiн жай, олардың дыбыс үйлесiмiне, ырғаққа жəне ұйқасқа да тiкелей қатыстылығында.
Өлеңдi сөйлем болғандықтан, үйлесiмдiлiктiң мəнi ерекше көрiнiп тұрады. Мұқағали лирикасында
жалпыхалықтық
фразеологизмдердi
ұшқырлықпен
жұмсаған
жəне
авторлық
өңдеумен
фразеологизмдердi өзгертiп те қолданғанын байқаймыз.
Мұқағали тiлiндегi фразеологизмдер белгiлi бiр бейненi суреттеп берудегi экспрессиясы күштi
поэтикалық құрал. Демек, «Поэзия тiлiндегi фразеологизмдердiң басты белгiсi — олардың образды
/бейнелi/ болатындығы. Жеке суреткер тiлiндегi образды фразеологизмдердiң типтерiн, олардың көп-
аздығын, ескi-жаңаларын түгендеу үстiнде ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы
байырғы қазынаны қаншалықты игерiп, кəдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанын
көруге болады. Ал бұлар шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегендi танытады, тiптi
кеңiрек қарасақ, суреткер тiлiндегi фразеологизмдер əлемi оның поэтикалық тiл арқылы көрiнетiн
дүниетанымын көрсетедi» [2; 96].
Поэзия тiлiндегi фразеологизмдердiң денi бейнелi болып келедi, бiрақ экспрессивтiк бояуы
жағынан бiрi күштiлеу, бiрi солғындау болып бөлектенiп тұрады. Ақын өзiне қажеттiсiн таңдап
қолданады, болмаса күштiрек ойлы фразаны өзi жасайды. Ақында: мұз шайнау, шабыттың ақ бас-
тауы, кiрпiгiңе үмiт iлдiру, шомылып ақиқаттың өзенiнде, ақиқаттың сүңгiсi қадалғанда,
жүрегiмнiң жағалауын тебедi, арзанқол жұбаныш, ақ жаулық самал, тойдың шоғын үрлемей,
көңiлдiң кептерi, тозақ дəмiн тату, қара нөсер мұң салады, көңiлден үзiп көрiмдiк, жыртығын жа-
мап көңiлдiң, бықсып жатыр өсектiң қоламтасы, қоғамның қолқанаты, жырдың да жүнжiгенi, өлi
сəуле, жəдiгөй сөз, жүректiң шыңырауы, көрiктi ой, жастықтың оты жəне бұдан басқа да
фразеологизмдердi тiзбектеп келтiруiмiзге болады. Бұл тiркестер өздерiнiң сонылығымен,
əсерлiлiгiмен көзге түсетiн, көңiлге қонатын, бейнелi сөздер болып келген. Жоғарыда келтiрiлген мы-
салдарда ақын өзi ұсынған авторлық фразеологизмдер де баршылық.
Жер жүзiндегi барлық тiлдiң ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологиялық қазынасы болады де-
сек, бейнелi тiркестер поэзиядағы эстетикалық талғамды танытатын ең бiр күштi құрал екенiн бiз
ақын өлеңдерiн оқығанда танимыз. Мұқағали өзiнен бұрынғы халық қазынасын жете меңгергендiктен
ғана, осындай бейнелi, əсерлi, əуездi тiркестер жасады.
Бейнелi сөздiң негiзi тiлдiк метафорада жатады. Сондықтан метафоралы фразеологизмдердiң
ұшырасып отыруы Мұқағалида өте көп. Метафоралы сөз — мағынаның ауыстырылып жұмсалуы
болса, сөз мағынасын құбылтудың көзi — фразеологизмдер.
Ақын қолданған фразеологизмдердiң көбi əдеби тiл қазынасынан алынып, жалпытiлдiк топ
құрайды.
Қазанбаева А.З.
80
Вестник Карагандинского университета
Кегi кеткен жандайын əлдекiмге,
Жан өртенiп, қайнайды қан бойдағы.
Қайсыбiреу қарайды айдаhарша,
Тұрпайы əзiл, түрпi сөз — қайда барсам,
Қайтер едi, ажардың шарығына
Ашуымды қайтадан қайрап алсам?!
Қарға адым жерде тұр едi менiң бақытым,
ұстай алмадым,
Өткiзiп қойып уақытын.
Биiк бол, мендегiнiң бəрiн меңгер,
Жабырқаған жанымды жаныңмен көр.
Сен қайтесiң жаныңды мұң басқанда?
Өз-өзiңмен оңаша сырласқанда.
Мұрша бермей ойлауға, сарқырама,
Қысыр ойды сарқып ада.
Ойыма ойран салып осы бiр үн,
Бауырымды ұстарамен кескiлеуде.
Мұңын басып, ғарыптың көңiлiн ашып,
Əңгiме айтып берсеңдер өздерiң бiл.
Қысқа өмiрдiң сапары сөз бе құрғыр,
Асықпай-ақ, ас iшiп, көздерiңдi iл.
Жалт бұрылып, жанарымнан шашқанда от,
Жатыр екен жүрген iзiм дастан боп.
Мұқағали жұмсаған кегi кеткен /бiреуде есесi кету/, түрпi сөз /қаңқу, өсек сөз/, қарға адым жер
немесе қол созым жер /жақын жер/, жаны жабырқау /күйзелу/, мұң басу /қайғыру/, қысыр ой
/жетесiз ой/, ойға ойран салу /мазалау/, көңiлiн ашу /жадырау/, көздерiңдi iл /ұйықтау/ жанардан от
шашу /жалындау/ сияқты фразеологизмдер тек тiлдiк единицалар ғана емес, бұлар бейнелеп,
мəнерлеп əрi көркемдеп сөйлеу тiлiнде де, өлең сөз бен қара сөздерде жиi қолданылатын, белгiлi бiр
стильдiк мақсатта жұмсала беретiн тiркестер.
Фразеологиялық тiркестердiң құрылымына назар аударылатын болса, олардың өзiндiк
ерекшелiгi байқалады жəне құрылысы жағынан түрлiше болып келетiнiн аңғартуға болады.
Фразеологизмдер құрылымы жағынан есiм мағыналы, етiстiк мағыналы, үстеу мағыналы болып
бөлiнедi. Қазақ тiлiнде етiстiк мағыналы фразеологизмдер өте көп қолданыста жүредi. Олар адамның
қимылын, əрекетiн астарлап, бейнелеп суреттейдi.
Есiм мен етiстiктен тiркесiп құралған етiстiк тобындағы мағыналы фразеологизмдер Мұқағалида
жиi ұшырасады. Олар семантикасы жағынан да алуан түрлi болып келедi. Жоғарыдағы мысалдардан
атау тұлғалы зат есiм, тəуелденген зат есiм, табыс септiгiнде зат есiм мен етiстiк тiркесiп келген
фразеологизмдердi кездестiрдiк. Жалпы, ақын лирикасында етiстiк мағыналы фразеологизмдер
басымдау жұмсалады.
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден, —
деп ақын өзi жырлағандай, оның тiлiндегi фразеологизмдер мағынасы жағынан, лексика-
семантикалық тұрғыдан адамды танытатын, оның iшкi дүниесiн ашатын, адамның iс-əрекетiн,
М.Мақатаев лирикасындағы фразеологизмдердің ...
Серия «Филология». № 2(62)/2011
81
қимылын суреттейтiн, оның психологиялық жан-күйiн, моральдік-этикалық дəрежесiн бейнелейтiн
мағыналы, мазмұнды, ойлы сөз тiркестерi.
Ақында: «Жүзiң неге сынық тым? Iшiмiздi аш таза жалағанда, Өкпемiздi қолға алып жетушi
едiк, Əкемiз тiрiлгендей қуанышы-ек, Жүрегiнiң түбiне кiр жасырмай, Бақытты бол, жұлдызың
жанған шығар» осындай тұтас сөйлемшелер мағына бiрлiгiн сақтап, тұтас бiр ойды берiп, құрылысы
жағынан ерекшеленiп тұратын тiркестер. Жалпы халық тiлiндегi осы фразеологизмдердi бiр-бiрiнен
бөлiп алуға болмайды. Орнын ауыстырсақ не болмаса басқа сөздермен тiркестiрсек, олар мүлдем
өзгерiп кеткен болар едi. Сондықтан да олардың суреттi, бейнелi жұмсалуы тұтастығында, бiрнеше
сөзбен бiр мағынаға иеленiп тұруында. Осылай тұрғанда ғана олардың стильдiк бояуы айқын
көрiнедi. Мұқағалида осылар тəрiздi экспрессивтiк күшi бар фразеологизмдердiң əрқайсысы бiр-бiр
бейне. Экспрессиясы күштi өте бейнелi фразеологизмдер ақынды өзгелерден ерекшелеп, талантының
тағы бiр қырын танытады.
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Сосын, мейлi, ұшып өл де, сырғана.
Қуаныштың самалы соқпай қалды,
Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?
Ажал қанатын жайғанда,
Жастығым өткен майданда.
Бықсып жатыр өсектiң қоламтасы
Еркiнiрек наздансаң елiңе кеп.
Аққуым-ау, тамаша таң алдында,
Қырсықтың қытығына қол салмайық.
Бар болса егер, сүредi қайтiп өмiр,
Ақиқаттың сүңгiсi қадалғанда.
Сен нетесiң сондай бiр сəттерiңде?
Мұңның шаңы iлiксе пəк көңiлге?
Ақында арманның шыңы, қуаныштың самалы, ажал қанаты, өсектiң қоламтасы, қырсықтың
қытығы, ақиқаттың сүңгiсi, мұңның шаңы секiлдi логикалық сəйкессiздiктi танытатын соны
фразеологиялық тiркестер бар. Бұлар синкреттiк тəсiлмен жасалған фразеологизмдер. Бұл
фразеологизмдердiң əрқайсысы өте əсерлi образ жасап тұр, ақынның айтпақ ойын, идеясын дəл
көрсетiп тұр.
«Синкреттiк амалмен жасалған фразеологизмдердiң денi белгiлi бiр стильдiк жүгi бар «таңбалы»
/маркированный/, «меншiктi» /авторлы/ дүние болып келедi. Оларды контекстiк фразеологизмдер де-
уге де болады» [2; 11], — дейдi ғалым Р.Сыздықова.
Осындай фразеологизмдер бүгiнгi қазақ поэзиясында ұшырасып отырады. Бұлар тың көрiнiп,
көзге бiрден түсетiн, оқырманына əсерi күштi экспрессоид /əсерсөз/ сөздер болып табылады.
Мұқағалида осындай фразеологизмдер мол. Бұл ақынның авторлық даралығын, өзiндiк идиостилiн
танытады.
Сөйтiп, Мұқағалидың фразеология саласындағы үлкен еңбегi — оның соны, жаңа тiркестер
ұсынуы деп бiлемiз. Бұлар тiл жүйесiне енетiн тұрақты тiркестер емес, авторлық, контекстiк
қолданыстар болып табылады. Бұлардың өмiрi бiр шумақ, бiр жол не болмаса бiр өлең iшiнде ғана
болады. Мұқағалидан басқа ақында мүлдем кездеспеуi де мүмкiн. Кезiге қалғанда өңi өзгерiп
жұмсалады. Жоғарыда айтқанымыздай, жалпытiлдiк, авторлық фразеологизмдердiң көбiсi
метафораланған сөз тiркестерi негiзiнде дүниеге келедi. Жалпыхалықтық тiлдегi фразеологизмдер
жалпы жұрттың меншiгiндегi тұрақты тiркестер, ал көркем сөздегi фразеологизмдер жеке суреткердiң
ерен еңбегi өзiндiк қолтаңбасы жəне да олардың беретiн мағынасы контексте айрықшаланады.
Сондықтан да Мұқағали тiлiнiң сонылығын танытатын бiрден-бiр ұғымды қолданған сөздiң жанда-
Қазанбаева А.З.
82
Вестник Карагандинского университета
нып кететiн сəтiн көрсететiн тiлдiң көрiктi көрсеткiшi — фразеологизмдер. Ақын қолданған тұрақты
тiркестер көркем сөздiң сиқырын танытатын негiзгi өзегi болып табылады: «именно в лирике стано-
вится возможным привлечение самых разнообразных слоев лексики» [3].
Сөз зергерлерiнiң қай-қайсысында болса да фразеологиялық тiркестер мағыналы, жеке-жеке
сөздердiң тiркесуiнен туындаған жаңа мағынаға ие болған сөздер.
Демек, белгiлi бiр суреткердiң жалпы тiлдiк қазынасын жəне көркемдiк байлығын зерттеуде
оның фразеологиясын тауып, талдап зердемiзге салып жинақтау ерекше орын алады. Астарлы,
бейнелi фразеологизмдердiң табиғаты, тiлдiк қызметi жəне стильдiк жүгi тек мəтiн iшiнде ғана
көрiнiс бередi. Қорыта айтқанда, ақын лирикасында фразеологизмдерді жан-жақты қолданған.
Бiрiншiден, Мұқағали жалпыхалықтық фразеологизмдердiң тұлғасын өзгертпей еркiн, орынды
жəне молынан қолданады.
Екiншiден, бейнелi, соны, жаңа фразеологизмдер жасап, өзiнiң лексикалық қорын молайтқан
жəне оларды мəтiн iшiнде жандандырып жүйелi түрде жұмсаған əрi экспрессоид сөздердiң қатарына
айналдырды.
Үшiншiден, соны, контекстiк фразеологизмдер жасауда семантикасы əр түрлi, логикалық
сəйкессiздiк тудыратын сөздердi тiркестiрiп, дерексiз ұғымдармен байланыстырып, тосын бейне
сөздер тудырды.
Төртiншiден, Мұқағали қолданған, жасаған мағыналы тұрақты сөз тіркестері белгiлi бiр стильдiк
мақсатта жұмсалып, өлеңдi көркемдеп тұратын тiлдiк құралдар.
Əдебиеттер тізімі
1. Эфимов А.И. О языке художественных произведений. — М., 1954. — С. 181.
2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. — Алматы, 1995. — 225 б.
3. Синкевич Н.П. Синтаксисо-стилистическое средство языка. — М., 1968. — С. 85.
ƏОЖ 811.512.122:378.096
Достарыңызбен бөлісу: |