2.Негізгі бөлім
2.1 М.Әуезов әңгімелеріндегі кездесетін фразеологизмдер.
Жалпы фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылатын сөздік қорын байытуда өз үлесін қосады. Тұрақты сөз тіркестерін ауызекі сөйлеу тілінде немесе көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық характер жасаудың белгісі болып табылады.
Ғылыми жобаға ұлы жазушы М.Әуезов шығармалары негіз болған. Тұрақты сөз тіркестерінің бай қоры М.Әуезов шығармаларында сақталған. Фразеологизмдердің маңызы өте зор және көшпелі өркениеттің таңғажайып табиғатын танытқан М.Әуезов шығармалары болғаны сөзсіз.
М. Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер.
Шолақ жұт-қиыншылық. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 67-бет )
Медеу қылу- алданыш қылу.(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 67-бет )
Салқын өмір- мағынасыз өмір. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 68-бет )
Бұғанасы қатпаған-жас .(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 68-бет)
Зәрін шашу- ызалану. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 69-бет)
Жан тәсілім- қайтыс болу, өлу .(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 69-бет)
Жермен жексен қылу-бұзу .(”Қорғансыздың күні“ әңгімесі 72-бет)
Сөз байласу-келісу. (” Оқыған азамат ” әңгімесі 105-бет )
Аткөпір қылу- көтерме бағалау. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 80-бет)
Қу құлқынын ырза қылу-өзінің қамын ойлау. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 82-бет)
Салқын өмір- мәнсіз өмір. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 68-бет)
Төсек тартты- ауырды. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 72-бет)
Дүние салды- өлді. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Қайғы жұтты- қиналды. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 75-бет)
Сынбаған ажар -әдемі түр. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі -бет)
Іждиһатты қол-шебер қол. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 73-бет)
Салқын жанар -түрі суық. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 73-бет)
Уыз жас- жас бала. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Өңі қашу- көңіл күйі болмау. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Жаны ашу- уайымдау, аяу. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Жаны қысылу -қиналу . (”Қорғансыздың күні әңгімесі “ 76-бет)
Балақтағы бит басқа шығу-басыну.(”Қорғансыздың күні әңгімесі 78-бет)
Мойнына су құйылу- амалы таусылу. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 79-бет)
4
Табаны таусылу- шаршау. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 79-бет)
Көз қырын салу –қарау . (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 78-бет)
Еті қашу- жүдеу. (”Оқыған азамат “ әңгімесі 92-бет)
Сөз салу –айту. (”Оқыған азамат “ әңгімесі 104-бет)
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай-мәпелеп өсіру.(”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 86-бет)
Жүдеу көңіл-аянышты, көңілсіз.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 263-бет)
Буы аспанға шығу-аласұрып құтыру .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 264-бет)
Аяқ астынан- күтпеген жерден .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 265-бет)
Наразылығына түзу қарау- түсіну, келісу. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Қынай белді- жіңішке белді. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Ым қақты- белгі берді, сөйледі.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Кіжіне бастады- ашулана бастады. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 267-бет)
Қол үзбеу-жібермеу, айырылмау. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 267-бет)
Дырду жасау – айғайласу ,шатақ шығару. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 268-бет)
Үзіліп кетті- өлді .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 269-бет)
Ыстық жалын- ықылас .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 269-бет)
Қырына алу -қадағалау .(“Жуандық” әңгімесі 279-бет)
Қара сорпа қылу-шаршату, терлету. (“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Етін сыртына тебу- өзінен алшақ ұстау.(“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Езу тарту-күлу.(”Үйлену әңгімесі 138-бет)
Жүрегі тозған – жаны шаршау,көңілі қалу.(”Оқыған азамат әңгімесі 94-бет)
Жүзі сарғайған-күте-күте шаршаған. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)
Жамау болу –демеу болу, көмек беру. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)
Есі шығу-қатты толқу. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 97-бет)
Көз ұшында-дәл алдында. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 98-бет)
Мінезі қатты-ашушаң. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 99-бет)
Құрық көрмеген- асау, бас білмейтін(жылқы).(”Оқыған азамат“ әңгімесі 99-бет)
Кірпік қаққанша-тез , жылдам.(”Сөніп жану“ әңгімесі144-бет)
Таза жүрек-адал. (”Сөніп жану “әңгімесі 148-бет)
Таза мінез-мейірімді. (”Сөніп жану “ әңгімесі 148-бет)
Жылы жүрек-мейірімді. (”Сөніп жану “әңгімесі 149-бет)
Сөзіне еру-тыңдау, сену. (”Оқыған азамат әңгімесі 94-бет)
Іші тарлық-көре алмаушылық. (” Оқыған азамат“ әңгімесі 94-бет)
Сөзді бір жерге байлау-сөз беру. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)
Көңілін жібіту-көңілін көтеру,көңілін табу. (” Оқыған азамат“ әңгімесі 96-бет)
5
Құлағына сіңіру-тыңдау, ұғу. (”Оқыған азамат әңгімесі 96-бет)
Демі үзілді-өлді.(Жетім“ әңгімесі 214-бет)
Сай сүйегін босату-жүрегін елжірету.(”Жетім“ әңгімесі 213-бет)
Баурай бастады-өзіне тарта бастады .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)
Тас бауыр болу-қатігез болу .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)
Таяқ жеу-соққы алу .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)
Жылы шырый іздеу-мейірімділікті күту .(”Жетім“ әңгімесі 217-бет
Есесі тимеу- пайдасы болмау. (“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Жем болу – өз пайдасын жіберу .(“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Алапатты пішін – үлкен,орасан.(“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Машық қылмау – жарияламау.(“Жуандық” әңгімесі 284-бет)
Қамшы болу – себепкер болу. (“Жуандық” әңгімесі 285-бет)
Ұйытқы бұзу – араздастыру. (“Жуандық” әңгімесі 286-бет)
Қан сорап қылу- қуып зорықтыру.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)
Дүре соғу – ұру.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)
Пішіні қара- арам. (“Жуандық” әңгімесі 282-бет)
Түсі жылы – мейірімді. (“Жуандық” әңгімесі 282-бет)
Зәрін шашу-ызалану.(“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Тісін басу- үндемеу.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)
Қызыл кеңірдек болу-дауласу.(”Үйленe” әңгімесі 135-бет)
Қызыл кеңірдек болу-дауласу.(”Үйленe” әңгімесі 135-бет)
Егілген қайғы-қайғыру. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Сай-сүйегін босату- жүрегін елжірету.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Іштегі жалын- қайғы, шер. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Талағы тарыс айрылды- қатты ашуланды.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Қаралы тор- азап. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Ауызынан тастамай- ұмытпау. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Мәңгілік шер- қайғы. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Пысып секіру- ерігу. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Қыршынынан қиылады- жастай өледі .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 271-бет)
Тыным таппау- демалмау, тоқтамай.(“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Жанын жалдау-өлгенше берілу. (“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Ішінара қорқу- қаймығу, сескену. (“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Жалтаңгөз болу-жалтақтау .(“Жуандық” әңгімесі 276-бет)
Есе беру –жауап қайтару. (“Жуандық” әңгімесі 278-бет)
6
«Сөніп –жану» әңгімесі
Олар , келе жатқан қонақтың бөтен кісілер екенің білген соң, үйге қарай кірпік қаққанша басып кетіп қалды.
Сыздықтың алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы бар: момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болатын.
Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы , махаббатты адам болғандай.
«Қорғансыздың күні» әңгімесі
Жақып сол жолда суық өтіп,өңі қашып,қу шүберектей болып келді.
Артынан,немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып,төсек тартып жатып қалды.
Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып беріп жүретін.
Жыл сайын қыс басынан қарлы болып,малға панасы жоқ болғандықтан,бауырын жайлаған ел малын өлтіріп , өзге ел аман отырғанда,шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.
Бұлардың жалғыз-ақ медеу ғылатыны Арқалықтың егіндігі еді.
Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпаған дығына қарамай,талай қиын қыстауда ақыл тауып,қажымай қайрат,ерлік көрсеткен.
Күшікпай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп,өрт сөндіргендей болып зәрін шашып, жетіп келген.
Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп,жан тәслім қылған.
Қыры кетіп жұмырланған бұрыш-бұрышында үйіліп қалған қорда топырақ, қораның онсыз да аласа бойын жермен –жексен қылып тұр.
Үстінде іждиһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті көнетоздау екі-үш көрпе, жастық.
Тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздері қажыған салқын жанармен жалтылдайды.
Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас .
Жақып сол жолда суық өтіп,өңі қашып,қу шүберектей болып келді.
Артынан,немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып,төсек тартып жатып қалды.
Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып беріп жүретін.
Жыл сайын қыс басынан қарлы болып,малға панасы жоқ болғандықтан,бауырын жайлаған ел малын өлтіріп , өзге ел аман отырғанда,шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.
Бұлардың жалғыз-ақ медеу ғылатыны Арқалықтың егіндігі еді.
Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында
7
бұғанасы қатпаған дығына қарамай,талай қиын қыстауда ақыл тауып,қажымай қайрат,ерлік көрсеткен.
Күшікпай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп,өрт сөндіргендей болып зәрін шашып, жетіп келген.
Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп,жан тәслім қылған.
Күндердің күні болып жүдеп-жадап , біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың.
Балақтағы биттің басқа шыққанын көрмейсін бе ?
Аяғында, мойнына су құйылды.
Табандаған жиырма күн жүріп, табанынан таусылып бармаған кісі қоймай, аяғында, бар малын алып кетті.
Қу құлқына ырза қылса –болады.
Еш уақытта қанаттыға қақтырып , тұмсықтыға шоқытқан емес.
«Оқыған азамат» әңгімесі
Еті қашып, арыған жіңішке қолдары қазірде дірілдеп, бір жерге орнықпай, ауру кеудесін сипалай бастады.
Тілек пен қайғыдан тозған жүрегі алдында жылжып тақап келе жатқан қауіпті ойлап езіледі.
Мейірхан есі шығып аңырады.
Сонау ойда көз ұшында жарқыраған- шарасынан суы асып, айнадай мөлдіреп жатқан көл көрінеді.
Бірақ Жұмағұлдың шешесі Қамария,-жас күнінен шаруақорлықты сараңдыққа жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пысық бәйбіше болғандықтан бұл жолы науқанда да қыл-қыбырын көп шығармай, шығындамай, керек нәрселерін тез қамдап алды.
Құрық көрмеген асау құлындардың кейбіреуі құрық тартқанда аспанға шапшып шыңғырса да, жылқышының мықты қолдарының қайта серпіген екпінімен шалқасынан түсіп, тыпырлап қалады.
Ел ішінде Әміренің Өзімен жасы тұрғылас Жанғасы деген ірі бай бар еді , соған кішкене Жәмиләнің бас-аяғы ұнап кетіп, далада бірге келе жатқанда Әміреге сөз салыпты.
Сондықтан әзірше қай жолмен болса да ізденіп отырып, үй мен мүлікті Жәмиләнің атына аудардып алу керек!-деп сөз байласты.
«Жетім» әңгімесі
-Менің шынымен сорлы, шынымен қаңғып қалғаным ба?-деп зарлағанда ,
елдің сай –сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.
8
Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген.
-Құлынымның бұғанасы қатқанша , рақым ет.
Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен малды өз малындай, өз мүлкіндей баурай бастады.
Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді.
Көк саулықтың мойнынан құшақтап жабысқан жолында Иса мен Қадишадан қабат таяқ жеді.
Екі-үш күннен соң Иса мен Қадишаның сезім дегенді білмейтін-көн болған көңілдері бұрынғы таз қалпына келіп еді.
Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді.
Қазіргі уақытта қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған сайын, Қасымның жүрегі қалтырап , шошынып, елеңдеп келе жатты.
Шошынып, өне бойы мұздап, жүрегі лүпілдеп соғып кетті.
Көз ұшына жоғалып кетті .
Аздан соң аттан түсіп, қасына келіп қараса- жыртық киімді, өңі қүп-қу болып, қаннан айырылып жүдегенон, он бір жасар бала екен.
«Үйлену» әңгімесі
Бірін-бірі қағытып қалжындасып, мысқылдап күлісіп, кейде қызыл кеңірдек болып, болымсызға дауласып та кетеді.
Ол Оспанның сөзін естіп болған соң, ақырын езу тартып күліп, жігіттің бетіне тура қарап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |