Р.С.Каренов
318
Вестник Карагандинского университета
жоқ. Биыл ғалымдардың ғалымы, ұстаздардың ұстазы, халқына, ғылымға
қызмет етудің тамаша
үлгісін көрсетіп кеткен біртуар тұлғаның туғанына 100 жыл толып отыр.
Академик Сағыновтың өміріне қатысты қысқаша мəліметтер
Əбілқас Мұсаұлы Сағынов 1915 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл аулында
дүниеге келген. Ол Арғын тайпасына жататын Сүйіндік — Қаржас руындағы Сатылған (Тілеуімбет)
ұрпағы. Ғалымның ата-тегі былайша өрбиді.
Қаржас Тұрсын ханның бесінші қызы Жолбикеге үйленген [2]. Қаржастың бəйбішесі саналған
осы қыздан туған тұңғышы — Құлеке, ортаншысы — Бегім, екінші əйелден туған кенжесі — Ерім.
Қаржастың екінші ұлы Бегімнен — Сатылған, оның бəйбішесінен — Тілеуімбет. Тілеуімбеттен
(лақап аты: Қарақалпақ) — Қошқарбай, Қожамқұл. Қожамқұлдан — Тұяқ. Тұяқтан — Баубек, одан —
Тілеген. Тілегеннен — Сағын, одан — Жанəлі. Жанəліден (лақап аты: Жабағы) — Мұса, одан —
Əбілқас [3].
Əбекеңнен бес ұл бала: Бектұр, Шыңғыс, Қазыбек, Ниязбек, Темірбек. Бектұрдан — Асқар, одан
— Əлихан.
Əбекең бала кезінен Сарыарқаның киелі Баянтау аймағының табиғи
сұлулығы мен тазалығын
бойына сіңіріп өсті. 1924 жылы Сағыновтар отбасы аймақтың тағы бір сұлу өлкесі Қарқаралыға
көшеді. Осында бір сатылы мектепті тəмамдап, 1928 ж. күзінде педагогикалық техникумның төменгі
дайындық бөліміне оқуға түседі. 1931–1932 жж. өндірісте электр жөндеушісінің көмекшісі болып
жұмыс істейді. Қоңырат руднигінде
шахтамен бірінші рет танысып, Өспен кеніші шеберханасында
моторист мамандығын игереді. Осыдан кейін келешекте кен инженері болу мақсаты жүрегіне
орнайды. Сөйтіп, 1932 ж. Қарағанды кен техникумына оқуға түседі. Оны бітірген соң
«Қарағандыкөмір» тресінің арнайы шешімімен Днепропетровск тау-кен институтына жіберілген бес
адамның қатарында Украинаға оқуға аттанады.
Ə. Сағынов Днепропетровск тау-кен институтын «Пайдалы қазбалар
кен орындарын қазып
өндіру» мамандығы бойынша1939 ж. үздік дипломмен бітіріп шыққаннан кейінгі еңбек пен
ғылымдағы жолын Қарағанды көмір ошағын дамытуға, Қазақстанның
басқа да толып жатқан жер
қойнауы қазынасын игеріп, халық шаруашылығы игілігіне жаратуға арнады. Ол учаске бастығынан
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигіне дейінгі жемісті шығармашылық жолдан
өтті.
1955 жылдан Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының директоры, Қарағанды тау-кен
институтының ректоры (1955–1958), Қарағанды политехника институтының ректоры (1958–1987),
кафедра меңгерушісі, Қарағанды политехника институты ректорының кеңесшісі (1987–1991), КСРО
Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақстан Ғылым академиясы Жер қойнауын кешенді
игеру мəселелері институтының директоры (1991–2001). 2001 жылдан бастап Қарағандыдағы Бизнес,
басқару жəне құқық университетінің Президенті қызметін атқарды.
91 жасында (2006 жылдың қыркүйегінде) Қарағанды қаласында өмірден озды.
Достарыңызбен бөлісу: