131
пайдаланғалы отырған дерегіңіздің шынайылығына (достоверность) көз
жеткізу. Хронология әр елдің жыл қайыру немесе күнтізбе (календарь) жүйесін
зерттейтін ғылым. Қазақ тарихында кездесетін даталарды анықтау үшін
қазақша жыл санау, мұсылман жұртының жыл қайыруы-хиджра, юлиан,
григорян календарьларын жақсы білуі керек.
Көпшілік құжаттарда жазылған датасы көрсетіледі. Ал енді кейбіреулерінің
уақытын білу үшін хронологиядағы салыстырмалы әдісті пайдалану қажеттілігі
туындайды. Яғни, мәтінде кездесетін кейбір уақиғалардың уақыты белгілі.
Соған қарап, алдыңыздағы құжаттың қай уақытта жазылғанын білуге болады.
Құжаттың жазылған уақыты жөнінде ақпарат бірнеше түрде болады: дәл,
жанама, әдейі өзгертілген, мән берілмей байқаусызда өзгертілген.
Деректің жазылған жерін анықтау.
Деректану ғылымындағы деректерді локолдау және атрибуциялау мәселелерін
шешу үшін филология ғылымының бір саласы –
ономастиканың
көмегін
пайдаланамыз. Тарих, география, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану
пәндерімен тығыз байланыста бола тұра филологиялық әдістерді пайдалана
отыра онамастика ғылымы автономды болып қалып отыр. Елді – мекен, жер –
су, адам аттарын, адам есімдерін тарихпен байланыста зерттеу барысында
ономастика ғылымының мүмкіншілігі зор.
Қолда бар,өте бағалы мәліметтер беретін, тарих деректің қандай географиялық
кеңістікте пайда болғандығын анықтау ғылымда « деректі локалдау » – деп
атайды.
Қажетті кеңістіктік ақпарат алу үшін тарихшы өзі зерттеп отырған елдің әрбір
тарихи кезеңіндегі әкімшілік, саяси құрылымын, географиялық жағдайын,
мәдени – әлеуметтік ахуалын, тарихын, тілін жатқа білуі қажет. Сондықтан,
құжаттың пайда болған жері жөнінде мәлімет алуы үшін
Достарыңызбен бөлісу: