28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Жекебас құжаттарының деректемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет133/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

1.Жекебас құжаттарының деректемелік ерекшеліктері 
Өмірбаяндық шығармалардың сенімді тарихи дерек екендігі баршамызға 
мәлім
.
Бүгінгі деректану ғылымында олардан шынайы ақпарат алу әдістері 
қалыптасқан. Естеліктер, күнделіктер, жеке адамның жазысқан хаттары 
(эпистолярлық) ескерткіштері, тарихшылар үшін өздерінің пайда болу сипаты, 
мән-мағынасы жағынан бір – біріне жақын тарихи ескерткіштер. Солай бола 
тұрсада олар дерек ретінде үш түрге бөлінеді және оларды іздестірудің, 
пайдаланудың өзіндік бір ерекше жолдары бар. Естелік, күнделік, хаттар 
субъективтік сипаттағы деректер. Себебі, оларды жеке адамдар өз пікірі 
тұрғысынан жазады. 
Мұндай деректердің ерекшелігі олар күні бұрын белгілі шектелген адамдарға
өздерінің балалары, отбасы мүшелері үшін замандастары, тарихшылары үшін 
жазылады.Автордың алдында белгілі бір мақсат бар, оны орындау үшін 
жадында сақталған материалды жинақтап тәртіпке келтіреді.Өмірбаяндық 
деректерді топтауғамына төмендегідей талаптар қойылады. Алдымен оның 
авторын, сипатын(ауызша ма немесе жазбаша ма), ақпаратты қайдан 
алғандығын анықтау қажет.
Объект тарихшының зерттеп отырған 
уақытына тым жақын болса, ақпараттұлғаның өзінен алынса, ақпарат 
бізге дейін жазбаша түрде жеткен болса, ол бізге дейін бұрмаланбай, 
өзгеріске ұшырамай, алғашқы түрінде жеткен жағдайдадеректің сипаты 
шындыққа тым жақын болады. Ал керісінше,құжат зерттеп отырған 
уақыттан алыстау, ақпарат бізге ауызша жетсе, ақпарат көзі бізге дейін 
бұрмаланып, өзгертіліп, “түзетулер” енгізілген болса дерек шындықтан 
алыстау, яғни оны пайдалануда сақ болған жөн.
 


121 
Өмірбаяндық деректердің тағы бір ерекшелігі олардың авторларының 
әлеуметтік жадына байланысты. Ол өзінің пайдаланған мәліметтерін 
деректемелік сын тезінен өткізбейді. Ол заманында қалыптасқан дәстүрден 
ауытқымауға тырысады. Жастық шағын, өткен заманды аңсайды (настольгия), 
келешекке зор үмітпен қарайды, болашақ замандыасыра мақтау, тарихтың 
кейбір сәттерін тұлғаның өзінше қабылдау сияқты факторлар шығармаға әсерін 
тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет