28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Мемуарлардың деректік құндылығы



Pdf көрінісі
бет134/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

2.Мемуарлардың деректік құндылығы 
Мемуар

 (французша: memorіes, латынша: memorіa – еске алу) – авторлардың 
өздері куә болған тарихи оқиғалар мен қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірлері 
жайлы көркем естеліктер
.Автор өзі куә болып, араласқан дәуір оқиғасына өз 
көзқарасы тұрғысынан баға беріп, жеке адамның, тарихи тұлғаның тағдырын 
халық өмірімен тығыз байланыста көрсетеді. Мемуардың очерктен 
айырмашылығы құжаттық-деректік тұрғыдан неғұрлым нақтылығында, әрі 
көркемдігінде жатыр. 
Мемуар жанрының туу тарихы ерте дәуірлерден басталады, оның нақты 
мәніндегі жетілу, қалыптасу кезеңдері ХҮІІІ-ХХ ғасырлар еді. Оның үздік 
үлгілеріне А.Герценнің “Көргендер мен ойлары”, С.Сейфуллиннің “Тар жол 
тайғақ кешуі”, С.Айнидің “Бұхарасы”, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” т.б. 
жатады. 
Ахмет Байтұрсынов әдеби туындының бұл түріне «Біреудің заманында болған 
тарихи оқиғалардан, яғни өзі ішінде болған істерден дерек беру – заманхат деп 
аталады» – деген анықтама берген. 
Заманхаттың 
негізгі 
үшбелгісі 
болады. 
Біріншісі 
– 
заманхаттың 
субъективтілігі, 
екінші
– ретроспективтілігі және соңғысы – жадқа сүйенушілігі. 
Осы айтылғандарды ескере отырып, біз заманхатқа мынадай анықтама бердік. 
Заманхат автордың өз көзімен көрген, қатысып араласқан оқиғалар жайындағы 
өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, қолжазба түрінде кездесетін үлгіде жазылса 
да, әдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Мемуарлық шығармада 
автордың өзі көріп-білген жайларды әртүрлі адамдардың әрекетін айғақтай 
отырып айтатыны – бұл жанрдың өзгешелігі және артықшылығын көрсетеді. 
Заманхаттың ерекшеліктерінен ескере отырып А. Байтұрсынұлы заманхаттың 
пайда болуының себептерін, оның тарихи деректік ерекшеліктерін көрсетті. Ол 
«
Мәдени жұрттың адымында заманында болған көзге түсерлік оқиғаларды 
яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын 
әдет болады. Заманхаттыоқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр 
халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заманхатта 
оқиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады»
– деп, оның 
құнды тарихи дерек екендігін дәлелдеді. 
Заманхаттың тарихи дерек ретінде ғылыми сыннан өтуінің қажет екендігін М. 
Қозыбаев «Мемуарлық әдебиетке сын көз керек, ондағы деректерді ой елегінен 
өткізіп, басқа деректермен салыстырып отыру керек» – дейді.Естелік 


122 
жазуғаәртүрлі жағдай-лар итермелейді. Кейбіреулер жолдастары, әріптестері 
немесе бала-шағасының өтініші бойынша жазса, екіншілері өзі туралы тарихта 
із қалдыру, өзінің белгілі бір оқиғалардағы орнын көрсету мақсатында, енді 
біреулері әлеуметтік тапсырысты орындайды. Оқырман мұндай шығармалардан 
ерекше бір «құпияларды», «ешкімге айтылмаған тылсым сыр» күтеді. 
Мемуарды көбінесе жасы ұлғайған адамдар жазады. Оның негізгі дерек көзі – 
автордың жады (көбінесе олар ұмытшақтыққа шалдығады), көп дүние есінде 
қала бермейді. Кейде олар мемуар жазу барысында ұмытылған дүниелерді еске 
түсіру үшін басқа да дерек көздеріне сүйенеді. Көбіне олар басқа біреуден 
естіген өсекке, айтылған әңгімеге, тіпті шындыққа жанаспайтын мәліметтерге 
бой ұрады. Мемуарлардың ерекшеліктерінің бірі автордың шығарма жазылып 
отырған заманының тарихи санасына сәйкес болып шығуы. 
Кеңес заманында жазылған естеліктер идеологиялық шырмаудан шыға 
алмайды. Баяндалып отырған заманның оқиғасы емес, көбінесе авторжеке 
тұлғаларға тоқталады. Сол заманда болған белгілі оқиғаларға өзінің 
қатыстылығын жеткізуге тырысады. Сол замандағы кейбір «шындықтарды», 
жеке тұлғаға байланысты мәліметтерді кішірейтіп көрсетуге тырысуы немесе 
«ұмыт» қалдыруы, оқиғаларды баяндағанда қалыптасқан штамптар мен баға-
лауды пайлануы, өзі өзіне цензура жасауы шығарманың сапасына әсерін 
тигізеді. 
Мемуардың классикалық түрін 1992 жылы «О моем времени» деген атпен 
Д.А.Қонаев жазды. Қазақ тіліне «Өтті дәурен осылай» – деп аударылды. Бұл 
кітап көпшілік оқырманның қызығушылығын тудырды. Екінші басылымы 1994 
жылы «Ақиқаттан аттауға болмайды» («От Сталина до Горбачева») деген атпен 
жарық көрді. Д.А. Қонаевтың заманхаттары оның өз өмірі мен өмір сүріп 
жатқан қоғамы жайлы жазылған естеліктерден құралған. 
Д.А.Қонаев өз көзімен көрген, шынайы куә болған, өзі бел ортасында жүрген 
оқиғаларды қағазға түсірген. И.Қабышұлы «Өтті дәурен осылай» атты кітапті 
монғол тіліне аударды. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт ағайындар 
мың-мыңдап кітап сұратса, Түркия, Германия, АҚШ, Италия, Корея елдері бұл 
еңбекті өз тілдеріне аударып бастырды. 
Естеліктерді сынау технологиясына автордың жеке басын зерттеуоқиғаның 
уақытын, болған жерін анықтау, автордың сол оқиғаға қатыстығын анықтау (сол 
оқиғаның ішінде өзі жүрді ме, әлде біреуден естіді ме),оқиғаның толық 
процессін білуі, осы тақырып бойынша ғылыми әдебиетті білуі, естеліктің 
жазылу тарихын, оның баспаханаға дейінгі сипатын білу жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет