125
Қазақ
әдебиетінде
Ш.Уәлиханов
пен
Ы.Алтынсариннің
орыс
достарына,Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат
мұра.
Шоқанның орыс әкімшілігінің басшыларына, әріптестеріне, достарына және
ағайын-тустарына жазған елуден аса хаттары жарияланды.Шоқанның
ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі – өзі
ерекше сүйіп, бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың
әрқайсысынан да Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі.
Ш.Уәлихановты туыстары да, айналасындағы достары да өте жақсы көріп,
құрметтеген. Өйткені, ұлы ғалым өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білген.
Бұл Шоқанның тектілігіне, өскен ортасы, алған тәрбиесіне де байланысты
шығар.
Шоқанның Федор Достоевскиймен он тоғыз жасында танысқаны белгілі.
Кейіннен әлемге әйгіленген бұл жазушы осынау жас жігіттің қабілет-қарымын
бірден байқаған секілді. Шоқаннан он төрт-он бес жастай үлкендігі бар ол
осынау дарынды жасқа бірден құлай жығылып, екеуі тез тіл табысады. Көп
ұзамай-ақ бұл таныстық мәңгілік аңызға айналатындай-ақ ұлы достыққа
жалғасқан. Оның дәлелі – екеуінің жер-жерде жүріп бір-біріне жазған хаттары.
Өкініштісі оның жазған, оған жазған хаттардың көпшілігі сақталмаған.Бұл
жайында зерттеуші М.Фетисов: «
Достарыңызбен бөлісу: