74
–
деректердің маңыздылығы мен мазмұнына, тақырыпқа
сәйкестігіне қарай
топтау, оның мазмұнын қысқаша баяндау, оқыған дерек бойынша тұжырым
қалыптастыруды үйретеді.
Тарихи деректермен жұмыс істеу кезінде
білім алушылардың танымдық
мүмкіндіктерін ескеру арқылы үш түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмалар
дайындалады:
1) деректерді талдау – одан дәйектер алу – оларды ауызша әңгімелеп, жазбаша
шығармада, сурет арқылы түсіндіру. Деректі сипаттау мен картаның; құқықтық
күнделік пенкүнделік жазбалардың; кез келген тұлғаның мемуарлары, хаттары
және портреті байланыстырылуы мүмкін.
2)деректерге
сұрақтар
ойлап
тауып,
сөзжұмбақтар
құрастырады,
оқиғалардысипаттай келе өз мәтіндерін жазады. Деректермен осылай жұмыс
жасау шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді, бірақ еңбекті көп қажет
етіп, уақытты да көп алады.
3) деректермен жұмыс жасау барысында археологиялық
қазба жұмыстары
нәтижесінде табылған заттайдеректерді де сәйкестендіре отырып, өзінің
дайындаған тақырыбын одан әрі көркемдей түседі.
Қазақстанның түріктанушылар мен шығыстанушыларды
ортағасырлық жазба
деректердің аз зерттелуін, деректерді классификациялаудағы қиындықтармен
байланыстырады. Теориялық деректануда
Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының тарихы жайлы деректер ішінде парсы және түркі деректерін
территориялық сипатына қарай классификациялауда филолог – ғалым
Ә.Құрышжановтың тізген жүйесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Ә.Құрышжанов кезеңдерді тарихи дәуірлерге байланысты
тарихи деректерді
жүйелі бірізділік тұрғысынан бөледі: ерте орта ғасыр (І–Хғғ.) – көне түркі
жазбалар, орта орта ғасыр (ХІ–ХV ғғ.) – ескі түркі жазбалар және кейінгі орта
ғасыр (XVI–XVIII ғғ.) – жаңа түркі жазбалар. Ғалым сонымен қатар жазба
деректерді жазылу уақыты, қолдану аясы және тілдік ерекшеліктеріне қарай да
классификациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: