|
Кейіпкердің іс –қимылын бейнелейтін теңеулер
|
бет | 37/67 | Дата | 17.03.2023 | өлшемі | 177,14 Kb. | | #75120 |
| Байланысты: stud.kz-70933Кейіпкердің іс –қимылын бейнелейтін теңеулер:
Диканың сары табақтай жалпақ беті түгел күліп жаялықтай боп кетті(23 бет).
Қарсы кездесіп қалған таныстарына басын сауысқанша шұлғып қалып, жорғалап барады(68 бет).
Құйқалы жерді таспаша тіліп, өрілген шаштай бұйра толқынды шұбалтып бара жатқан тракторшы қыздың соңынан жиналған жұрт шуылдай жүгірген еді(80 бет).
Жел өтінде теңселген шам жарығынан ба, әйтеуір, иірімге түскен қайықтай дөңгелей билеп келе жатқан тәрізді(79 бет).
Онан қашқан, мұанан қашқан өңкей жалаңдаған кезбелер үйірлі жылқыдай топтанып жүреміз(67 бет).
Үй ішінде қаймығатын Қарасай болмаған соң, Дика столдың шетіне ұялшақ қыздарша бүгіліп келіп отыра кетті(21 бет).
Соқтыға кеткенді қан қақсатып, кірген жерге бүйідей тиіп, ұлардай шулатып, ойымызға келгенді істейміз(67 бет).
Жап-жалпақ кеуде түндікше желпілдеп барып, желі шыққан көрікше баяу басыла берді(91 бет).
Шетін терімен қаптаған жеңіл қашабаның ішінде арыстанша арылдасып, екеуміз кете бардық(72 бет).
«Қырамын, жоямын» деп ботадай боздап еліне беттеген Қарабетті бай аулы жағынан шауып шыққан бір топ атты адам алып кетті(104 бет).
Балалар да бір күнде киіктің асығындай жұтынып, жыртық-тесігі бүтінделіп, құлыншақтай ойнап шыға келді(107 бет).
Соны пайдаланып Қосиманов қараңғы елді қуырдақша қуырады(210 бет).
Жасынан бос сөзді ұнатпайтын қызымның қасы ондайда қарлығаштың қанатынша дір етіп, керіле қалатын(244 бет).
Тұрмыстық заттарға қатысты теңеулер:
Аяғына жайпақ табан туфли киген, балтыры оқтаудай сымбатты қыздың қою ақ сары шашы толқынданып иығын жауып тұр(79 бет).
Таң жарығынан қорғалап өлеусіреген пеш кенересіндегі сықсима шамдай сөніп бара жатқан менің анам –Мария Федоровна(76 бет).
Міне, сол күннен бастап ұрлық атаулыдан іргемді аулақ салып, пышақ кескендей тыйылдым(78 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|