Секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
Бейне сөзінің көмегімен;
Тең сөзінің көмегімен;
Ұқсас сөзінің көмегімен;
Параллелизм тәсілі көмегімен;
Аралас тәсілдің (бейне және –дай, -дей; бейне және секілді) көмегімен;
10) Қосалқы тәсілдер көмегімен.
Ғалым Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызының «З. Шүкіровтың поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар» атты диссертациясының авторефератында теңеудің зерттелу жүйесіне тоқталып өткен. Теңеуді шығу тегінен бастап стилистикалық қызметіне дейін зерттеу жүргізген орыс ғалымдары А.Г.Рубайло, А.Н. Веселовский, Б.В. Томашевский т.б еңбектерінің ғылыми маңыздылығы зор.Қазақ тіл білімінде теңеу жан-жақты зерттелген. Теңеудің негізі мақсаты-ойдың образдалығын жеткізу.
Теңеу – қазақ көркем сөз тарихында ежелден келе жатқан тәсілдердің бірі.
Жазушы шығармасында теңеудің мол ұшырасуы қаламгердің өзінше бір ерекшелігін айқындайды.Көркем шығарма тіліндегі теңеулерді жазушы мынадай топтарға сәйкестендіріп қолданған:
Кейіпкердің портретін ашатын теңеулер;
Кейіпкердің іс- қимылын бейнелейтін теңеулер;
Тұрмыстық заттарға қатысты теңеулер;
Жан- жануарлар әлеміне қатысты теңеулер
Ұлттық нақыштағы теңеулер
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін теңеулер:
Кейіпкер портретін ашатын теңеулер: Ып-ыстық жас, темір төске тамған қорғасындай Оспанның кеудесіне құйыла берді(«Жапандағы жалғыз үй», 30 бет).
Шашырай шыққан күн шапағына малынған көктем даласындай үнемі нұрланып, шуақтанып тұратын өңі, қазір сұлық жатқан бұлыңғыр күз даласындай да, уыз беттің тап ұшындағы қап-қара мең сол далада көшкен жұртта иесіз қалған төңкерулі ескі қазан секілді(39 бет).
Жантас келепандай етегіне көзі түскенде таң-тамаша қайран қалды(65 бет).