3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет45/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Кинетикалық портрет:
1. Ұзын бойлы, ақсары ененің бозара қалған өңінде, жасаурай қалған мейірімді қой көзінде қызындай тәрбиелеген аяулы келінін қимас белгі бар. Ақбөпе де анасындай болған Жәмішті өкпелетіп алғандай қипақтап кеп, мойнынан құшақтай алды(«Жапандағы жалғыз үй», 51 бет).

  1. Бұл –Райханның әкесі Григорий Матвеевич Федоров. Бойы үйге тіреу, мрамордан сомдап құйғандай бар тұлға ерекше мол біткен. Бүкіл жақ пен шықшытты басқан қою сақалдың жоғарғы жағы қызыл күрең де, етекке қарай жақындаған сайын бурылдана түседі. Дәл ұшы айналдыра күміспен қаптап тастағандай аппақ. Сақалға қарап жетпіске келген қарттығын айырмасаң, мұрт астынан көрінген қып-қызыл ерінге, ұшқын атқан қоңыр қой көзіне қарап жасын тап басып айту қиын. Еңгезердей алып қарттың бойында қуат, жүзінде әлі таймаған жалын бар: екі беті шиқандай, нұры тамып тұр(«Жапандағы жалғыз үй», 64 бет).

Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романы тілін талдау барысында 9 портрет терілді. Соның ішінде 4-і соматикалық портрет, 3-і вестиалды портрет, 2-і кинетикалық портрет.




2.4. Мақал-мәтел, кірме сөздер, көнерген сөздердің қолданысы
Мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер қойнауына ғасырлар сыры мен құпиясын сақтай білген рухани асыл байлығымыз, халық даналығы. Жалпы, ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі – мақал- мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, ел-жұрт жиналп, ақылдасып, кеңесіп, шығарған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке- дара ділмәр- шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, ақын- жырау, көңілі көрікті, кеудесі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір- тіршілігінен алған, тағылымынан туындаған ой түйңндері. Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер- мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей.


Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты монографиялық еңбегінде мақал-мәтелдер жайлы былай дейді: «Тілдегі мақал-мәтелдер- мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескеркіші, ұлт өмірінің айнасы»

Мақал-мәтелдердің идеялық-эстетикалық мән-мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдыреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады. Ұлттық мәдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан мақал-мәтел адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, әлемді түсініп-түйсінуінен мейлінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді.


Қазақ тіл білімінде халық философиясының көрінісі саналатын мақал-мәтелдерді зерттеу, қалыптасу негіздері мен алғышарттары, өзіндік ерекшеліктері М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, М.Балақаев, Р.Сарсенбаев, Б.Адамбаев, Ө.Айтбаев, О.Сұлтаньяев, Г.Турабаева сынды ғалымдардың еңбектерінде кейбір қырлары жақсы қарастырылған.
Қазақтың өткен тарихынан сыр шертер мол мұраларының бірі саналатын мақал-мәтелдерді жинап, оның баспа бетінен шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Қазақ мақал-мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыда топтастырылуын зерттеген ғалым Ш.П.Қарсыбекова мынадай тұжырым жасайды:
«Этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Мақал-мәтелдер- халық арасына өте көп тараған жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшек. Олар- шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер- жалпы тұрақты тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең, мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар- ұлы ойшылдар, ақын-жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы ақыл-парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлері»
Зерттеуші ғалым Ж.И.Исаева өзінің 2007 жылы қорғаған ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” атты кандидаттық диссертациясында мақал – мәтелдердің зерттелуі жайында толығырақ, жүйелі түрде мәлімет береді.Тіл біліміндегі мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым саласы паремиология деп аталады.
Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  • ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады(Ы.Алтынсарин, Ә.Диваеав, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, т.б.)

  • Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, т.б. тілші-мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.

  • ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, антропоцентристік бағытта қарастырылуда.

Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән ретінде қалыптасуының теориялық тұжырымдамасын академик Ә.Қайдар негіздеп, қазақ паремиологиясының фразеологиядан бөлініп шығып, антрополингвистикалық бағыттағы дербес ғылым саласы болып қалыптасуына қажет алғышарттарды нақтылап, паремиологиялық зерттеудің ғылыми принциптерін, мақсат – мүддесін, көтерілер проблемаларын, зерттелер қырларын анықтап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет