әдеби (нормаланған) тіл фразеологиясы. Осы екі үлкен топқа бөлінген фразеологизмдердің арасына қатаң шекара қоюға болмайды. Себебі, көркем әдебиет тілінде кейіпкер бейнесін ашуда екі топтағы фразеологизмдер де тең қолданылады
Фразеология лексикологияның аясында қарастырылып, оқытылып келе жатқандықтан, көп жағдайда бұл пәннің фразеологиялық бірлік деген терминінің аты аты өз затына сай түсіндірілмей келеді. Бұл ретте лексикалық бірлік қандай тілдік теориялық зерттеуге лайық және қажет болса, фразеологиялық бірлік те сондай ғылыми зерттеуге лайық және тұлғалық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай тың тұжырымдарға сұранып тұрады.
Профессор Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында фразеологизмдерге анықтама беріп өтеді. Фразеологизмдер- тіл иесі халықтың күллі дүние-ғалым жайлы ұғым- түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл- тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті- белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі.
Академик Ә.Т. Қайдар лексикалық немесе фразеологиялық бірліктердің ішкі формасы, яғни «екінші деңгейдегі» мағыналарын этнолингвистикалық мағыналар деп атаған.
Қазақ тілінің лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап, олардың негізгелері деп төмендегі құбылыс, ұғым , түсініктерді атап көрсетеді. «Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі болған. Мысалы, Жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты ) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанмен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып,адамға байланысты айтылады. .... Сол сияқты т.б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған. Құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады »
Фразеологизмдерді топтау мәселесі І.Кеңесбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ә.Т. Қайдаров, Р. Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің құрамдық сипатын ашып, семантикалық-тақырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айқындайды.
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алады. Бірінші бағыт- қазақ фразеолгизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зертеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық өңдеуден өткізудегі І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә. Қайдаровтың «Мың әсерлі де бейнелі орамдар» сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән-мағынасы ашылды.