3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты



бет4/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім тексеру критериалды түрде

Ауызша сұрау. Оқушылардан ауызша сұрағанда мұғалім олардың оқу материалын қаншалықты меңгеріп алғандарын тексеруге, сонымен бірге, барлық оқушыларды дерлік белсенді жұмысқа тартуға тырысады.
Осы мідеттерді шешуде мұғалімнің беретін тапсырмалары мен сұрақтарының мәні зор. Көбінесе түсіндіруді талап ететін сұарақтар қойып отырған жөн: сен бұл
есепті, теңдеуді қалай шығарғаныңды түсіндір, т.с.с. Салыстыруға арналған тапсырмалар беріп отыру да пайдалы: 92-50 және 90-52 мысалдарының шешуін салыстыр, мына төртбұрыштарды салыстыр, т.с.с. Материал саналы түрде маңгерілді ме, үйреншікті емес тапсырмаларды, әсіресе алған білімін өмірден алынған (оқу жылының басына қарай оқу жабдықтарын сатып алуға жұмсалатын шығынды есептеуге бөлме мен коридордың еденінің ауданын, сынып бөлмесінің көлемін, оқушыларға қажетті ауданды табуға, салыстыруға, т.б.) есептерді шешуде қолдануды талап ететін тапсырмаларды айқындауға көмектеседі.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін толық анықтауға мүмкіндік береді, алайда оған көп уақыт қажет, мұның өзі көп оқушыдан сұрау мүмкіндігін шектейді. Сонымен бірге, ауызша сұрағанда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары еш жерде жазылмайы. Бұл болса, мұғалімнің әр оқушының бір сұраққа түрліше жауаптарын салытырып отыруына мүмкіндік туғызбайды.
Ауызша сұраудың оқыс кеміліктері материалдың меңгерілуін жазбаша жұмыстар арқылы тексеру кезінде едәуір дәрежесі жойылады. Өзіндік жазба жұмыстар оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын күнделікті және қорытындылаушы тексеру жүргізу мақсатымен өткізіледі. Күнделікті тексеру кезіндегі өзіндік жұмыстар көлемі жөнінен шағын, оған негізінен сол кезде өтіліп жатқан тақырып бойынша тапсырмалар енеді. Бұл жағдайда тексеру сабақ кезінде оқыту прцесімен тығыз байланысты, оған бағынышты. Сондықтан өзіндік жұмысты сабақтың бырысы бойында 2-3рет (3-10 минуттан) бөліп-бөліп өткізуге болады. Мысалы, 1 сыныпта 3 өзіндік қосу мен азайту әдістерін пысықтауға арналған сабаққа ең алдымен өзіндік жұмысқа қосу мен азайтудың осы және бұрын қарастырылған жағдайларына 4-6 мысал енгізуге болады, сонан соң есепті немесе 3 санын қосу немесе азайту керек болатын бұрын қарастырылған түрдегі есепті өз беттерімен шығаруды тапсыру керек.
Қорытындылаушы тексеру кезінде өзіндік жазбаша жұмысқа көбірек тапсрымалар беріліп және оны орындауға 1-сыныпта 20-25 мин, 2-3сыныптарда 30-40мин уақыт бөлінеді. Мұнда белгілі бір уақыт ішінде (бір айда, бір оқу
тоқсаны ішінде) оқып үйренілген негізгі бөлімдер бойынша оқушылардың алған білімдерін, біліктрін, дағдыларын тексеруге тырысады. Бұл жағдайда бақылау жұмысына түрліше тапсыррмалар енуі мүмкін: бір немесе бірнеше амалды мысалдарды шығару, есептерді теңдеулерді, теңсіздіктерді шеш, геометриялық фигураларды өлшеуге және салуға байланысты тапсырмалар, т.б. Әрбір осындай жұмыс үшін тапсырмалар таңдап алғанда, олар айқын және барлық балалардың шама-шарқына лайық болатындай етіп алу керек. Егер де үлкен материалдың (мысалы, жарты жылдық не бір жыл ішінде өтілгенді) меңгерілуін тексеру керек болса және берілген тапсырмалар саны көп болса, онда бақылау жұмысын екі бөліп өткізу ұсынылады: тапсырманың бір бөлігін бір күні, ал екіншісін екінші күні беру. Олай болмағанда, егер мұндай жұмысты бір сабақта немесе тіпті бір күнде екі сабақта өткізгенде де оқушылардың білімдері, біліктері және дағдыларының сапасы жөнінде сөз ету өте қиын, өйткені балалр өте шаршағандықтан қате жібереді. Бағдарламаның белгілі бір бөлімі жөнінен оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру міндеті қойылғанда, қорытындылаушы бақылау жұмыстарын жеке тақырыптар бойынша жүргізуге болады. Бұл жағдайда сондай – ақ түрліше, бірақ бір текті материал бойынша тапсырмалар енгізіледі. Мысалы, көп таңбалы сандарды көбейту жөнінен өткізілетін қорытындылаушы бақылау жұмысы балалардың көбейтудің түрліше жағдайларын (көп таңбалы санды бір таңбалы санға, екі таңбалы санды үш таңбалы санға көбейтуді, жазылуында нөлдер ортасында және аяғында болып келетін сандарды көбейтуді, атаулы сандарды көбейтуді) қалайша меңгергендігін айқындайтын болуы керек. Тапсырмалар мынадай болу керек:
Оқушыларды жазбаша сұрау .
1-сынып
1. а) 1мен 2-нің қосындысын жазып, қосындысының мәнін тап;
ә) қосу амалындағы қосылғыштардың орнын ауыстырып жазыңдар;
б) қосу амалына кері азайту амалын жазып, айырманың мәнін тап;
2. Салыстырыңдар:
5 4 , 4 2, 0 5, 5 1
3см 5см, 1см 2см, 5см 2см 14
3. Сандар қатарын толықтырып жазыңдар.
0 2 25; 1 3 ;1 4
4. Дөңгелектер мен үшбұрыштардың қайсысы артық? Қанша артық?
5. 1,2,3,4,5 сандарын пайдаланып 10 теңсіздік, 5теңдік жазыңдар.
4-сынып
І нұсқа ІІ нұсқа
1) Машинаның жылдамдығы сағатына 60км, велосипедшінің жылдамдығы одан 5 есе кем. Велосипедші өз ауылынан темір жол станциясына дейінгі қашықтықты 2 сағат жүрді. Осы қашықтықты машинамен қанша минутта жүріп өтуге болады?
2) Қаладан саяжайға дейін велосипедші сағатына 16км жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Кері қайтқанда ол сол жолдан 4 сағат жүрді. Кері қайтқанда велосипедші қандай жылдамдықпен жүрген?
2) (х-380)*50=2000; 2) 400-30*х=1000.
3) Өрнектің мәнін тап:
780*296+506*308
640*570-304*602




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет