«4» деген баға қойылады: -жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;
-есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;
-есептерді шығарған кещзде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;
-өлшеулер мен сызуларды орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.
Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп-оңай түзете алады.
«3» деген бағаоқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;
есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса;
Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара білмесе және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.
Егер оқушы бағадарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.
Өтілген материалды оқушылардың қандай дәрежеде игергендігін (білімінің сапасын) анықтап білу үшін жүргізілетін учеттердың ең көп қоданылатын түрі- оқушыларды тақтаға шақырып сабақты ауызша сұрау. Қойылған сұрауларға баланың қайырған жауаптары оның математикадан алған білімін толық та дұрыс көрсете аларлық болу үшін, мұғалім жетекші сұрауларды қоя бермей, оған білгенін өз еркімен айтып беруіне мүмкіншілік беру керек.
Ауызша сұрау кезінде мұғалім оқушылардың ауызша және жазбаша есептеулердің техникасын қаншалықты меңгергендігін, олардың өзінің орындаған жұмысын түсіндіре алатын-алмайтындығын, өтілген материалды қаншалықты берік игергендігін анқтай алады. Есептер шығарғанда оқушылардың есептің шартын талдай алатындығына, есептің сұрауларына жауап беру үшін амалдарды қаншалықты дұрыс таңдап ала білетіндігіне, олардың зеректілігінің, тапқырлығының қандай екендігіне мұғалім көңіл бөлуі керек. Ақырында, ауызша сұрау кезінде оқушының тақтаға жазған жазулары олардың есептеулерді дұрыс жазу дағдысының «жазуының әдемілігі, оларды дұрыс орналастыруы) қандай екендігін көрсетеді. Сабақтың басындағы ауызша сұрау өткен сабақтың материалын оқушылардың қаншалықты білетіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Арифметика сабақтары әрбір сабақ өзінен кейін өтілетін сабаққа материал әзірлейтін тәртіпте орналастырылған деп айтуға болады. Ауызша сұраудың нәтижесіне қарай, жаңа материалды қысқа түрде не толығырақ етіп түсіндіруге болады, мысалы, «1000 көлеміндегі ауызша нумерация» тақырыбына арналған сабақтан кейін «Үш таңбалы сандардың жасалуы және оларды жүздіктерге, ондықтарға бірліктерге жіктеу» тақырыбына арналған сабақ өткізіледі. Егер оқушылар «1000 көлеміндегі ауызша нумерация» тақырыбын жақсы меңгерген болса, онда келесі сабақтың тақырыбы онша қиындық келтірмейді. Материалды түсіндіру процесіндегі ауызша сұрау (жеке байқау сұраулары) оқушылардың сабақты қаншалықты ықылас қойып тыңдап отырғандығын, сабақтың барысы оларға қаншалықты түсінікті екендігін айқындайды, ал жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін сұрау оқушылардың материалды қаншалықты игергендігін анықтайды.
Мұғалім сабақтың жоспарына ауызша сұрауда оқушыларға қойылатын сұрақтарды енгізеді. Тәжірибелі мұғалімдер өткізілетін сабақтың материалына қатысты сұрақтармен қатар жоспарға бұрынырақ өтілген материалдарға қатысы бар сұрақтарды да енгізеді. Егер мұғалім әр сабақта оқушылардан бұрінірақ өтілген материалды да сұрап отыруды әдетке айналдырған болса, онда оқушылар ағымдағы (күнделікті) материал бойынша берілген тапсырмаларға әзірленгенде бұрынғы материалдардың ішінен өздерінің ұмытып қалдым-ау дегендерін қайталап отыруға әдеттенетін болады.
Кейде мұғалім бұрын өтілген материалды жаңа тапсырмамен байланыстырмай сұрайды (мысалы, 4-5 буынды жылдам есептеу) немесе жаңадан өтілетін материалмен байлансы барларын сұрайды (мысалы, сандарды қосындысы мен есетік қатынасы бойынша табуға берілген есептің жаңа типін оқып үйренуге кіріспес бұрын, оқушыларға пропорционал болуға берілген есептердің ауызша шығартып, олардың бұл материалды қаншалықты жақсы білетіндігін тексереді).
Сабақ кезінде қойылатны қосымша сұрақтардың нәтижесінде оқушылар әрбір сабаққа жақсы әзірленетін , жаңа материалды өтілген материалмен салыстырып, салғастыруға, қорытынды жасауға үйренетін болады, ал мұғалім
оқушылардың алған білімінің қаншалық терең де берік екендігін анықтай алатын болады.
Ауызша сұрау негізінен екі формада жүргізілуі мүмкін: сұрақ-жауап формасында және жеке оқушылардың байымды жауабы формасында.
Ауызша сұраудың сұрақ - жауап формасының үлкен маңызы бар, өйткені мұндай сұрау оқушыларды білгенін тез еске түсіруге, ілтипатты болуға, тез қорытынды жасай білуге үйретеді, салыстыра, салғастыра білуге
дағдыландырады. Бұл сияқты сұрау оқушыларды өздерінің және басқалардың берген жауаптарын бағалай білуге, оларға тиісті түзетулер енгізе білуге үйретеді, дәл тұжырым жасай білуге, өз ойларын дұрыс құрастырып айта білуге машықтандырады, ақырында, оқушылар білімін нығайтады.
Жазбаша бақылау жұмысының бастауыш сынып бойынша берілуі:
Алған білімді тексеру және есепе алудың негізгі тәсілі – бақылау жұмысы. Бақылау жұмысына түрліше тапсырмалар енуі мүмкін: бір немесе бірнеше амалды мысалдарды шығару, есептерді, теңдеулерді, теңсіздіктерді, геометриялық фигураларды өлшеу тағы басқа оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын тапсрымалар болуы мүмкін. Әрбір бақылау жұмысы үшін тапсырмалар таңдап алғанда, олар айқын және барлық балалардың шама-шарқына лайық болатындай етіп алынуы тиіс.
Бақылау жұмысы апталық, айлық , тоқсандық немесе жылдық болуы мүмкін. Бір аптада өтілген тақырып бойынша апталық бақылау , ал бір тарау немесе бөлім аяқталғанда қорытындылаушы бақылау жұмысын жүргізуге болады . Бақылау жұмысы сыныптың білім сапасын тексеруге мүмкіндік береді .