3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты



бет6/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Модерация – тоқсан бойынша жиынтық бағалаудан кейін міндетті түрде өткізілетін бағаны стандарттау үдерісі.
«5» - 85%-100%
«4» - 65%-84%
«3» - 40%-64%
«2» - 0 - 39%
Баланың сабаққа қатыспауынан, біраз күн ауырып қалуына байланысты ол баладан тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынбайды. Екі апта уақыт берілуі тиіс.
Әр сынып үшін математикадан қойылатын бағаның нормалары тағайындалған, олар әр мұғалімнің жұмысында басшылыққа алынатын міндетті құжат болып табылады.
Математика сабақтарында ауызша жауап баға қойғанда мұғалім, басқа сабақтардағыдай, талаптарды сабақтастыра отырады, атап айтқанда: бағаның обьективтілігі, олардың дифференциалданған сипаты, цифрмен қойылатын бағаның бағалаушы пікірмен қостап отырылуы.
Баға жұмыстың жеке түріне қойылмай, бағалау бүкіл сабақ бойы орындалған бірнеше жұмыс үшін қойылуы мүмкін (ауызша есептеулер, ереженің тұжырымдамасы, сабақ кезіндегі өзіндік жұмыс, мысалдың немесе есептің шешуін түсіндіру, т.б.). Бұл жағдайда мұғалім бағаны сабақтың соңында айтады: білімді, білікті, дағдыны тексерудің және бағалаудың мұғалім мұндай әдісі сабақтық балл делінеді. Білімді сабақтық балмен тексеру үшін бір сабақта сұралатын 2-3оқушы ғана белгіленуі тиіс, олай болмағанда мұғалім оқушының білімін тексеріп, обьективті баға беруі қиын. Сабақтық балл мұғалімге оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын жан-жақты тексеруге мүмкіндік туғызады, бүкіл сабақ бойы балалардың жұмыстағы белсенділігін арттырады, бірақ сабақтық балды қолданғанда білімді тексерудің және бағалаудың басқа түрлерін де үйлестіре қоса пайдаланып отыру керек.
Оқушылардың математикадан алған білімдері, машықтары мен дағдылары күнделікті ауызша сұрау мен қорытынды бақылау жұмыстары арқылы тексеріліп бағаланады.
а) Ауызша жауаптарын бағалау
«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

  • қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

  • есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

  • есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, өзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

  • практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет