3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты


Оқушылар білімін тексерудің түрлері



бет3/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім тексеру критериалды түрде

1.2. Оқушылар білімін тексерудің түрлері
Математика сабақтарында, басқа сабақтардағыдай, оқу процесінің қай
кезеңінде пайдаланылып отырғандығына қарай, тексеру жұмысы негізінен үш түрде жүргізіледі.
Алдын-ала тексеру оқу жылының басында немесе жаңа тақырыпты оқып үйренудің алдында жүргізіледі. Оның міндеті-оқушылар жаңа материалды оқып үйренуге дайын ба, соны айқындау.
Күнделікті тексеру оқу жұмысының барысында ұйымдастырылады.
Ол-мұғалімге материалды меңгерудің барысы қандай екенін, оқушылардың бәрі бірдей жұмысқа кірісті ме, жоқ па, оларға қандай қиыншылықтар кездесті, соны тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тұста мұғалім өзін де тексереді: өзінің жұмысын қаншалықты табысты өткізіп жүргенін, оның математиканы оқытуда қолданып жүрген әдістемелі әдістерінің қаншалықты дұрыс және тиімді екенін. Тексеру нәтижелеріне сәйкес мұғалім не жаңа тақырыпты оқып үйренуге кірісе алады, не оқу процесіне қажетті өзгерістер мен түзетулер жасай алады.
Қорытындылаушы тексеру тақырыпты, бөлімді үйрену соңында, не тоқсан, не оқу жылының жүргізіледі. Оның міндеті-оқыту нәтижелерін айқындау, оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасын тексеру.

Оқушы білімін тексеру жолдары

Оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеруін тексерудегі негізгі әдістер ауызша сұрау және оқушылардың жазбаша жұмыстары болып табылады.



Ауызша тексеру жүргізгенде мұғалім оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергендігін тексеруге, барлық оқушыларды дерлік белсенді жұмысқа тартуға тырысады. Ауызша тексеру оқушылардың математикалық тілде сөйлеу, тілдік қорын дамытуға, өздерін шешім қабылдап, өз іс--әрекеттерін сөзбен еркін айтуына мүмкіндік жасайды.
Ауызша тексерудің ең негізгі түрі-сұрақ-жауап болып табылады.

Сұрақ-жауап Математикалық
диктант
Экспресс сұрақтар
Өзіндік жұмыс
Сурет бойынша
Тест жұмысы
Тірек-сызба
Бақылау
Қатемен жұмыс жұмысы

Дидактикалық ойындар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет