«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл: кеше мен
бүгін» облыстық ғылыми-танымдық конференциясында
«
Экономика жұлдызы» номинациясының иегері атан-
ды. Басқа да университетішілік, колледжішілік мәдени-
спорттық, ғылыми жарыстарда бой көрсетіп жүрген
белсенді студентіміз қазіргі таңда өндірістік машықтан
өтуде. Ауылдың көркеюіне өз үлесін қосуға ниеттенген
болашақ маман, өндірістік машықтан соң, алғашқы еңбек
жолын да ауылдан бастамақ ойы бар.
Болашағынан үміт күттірген Перизатқа алдағы уақытта
оқуын үздік аяқтап, еліміздің кемелденуінде аянбай еңбек
етер көшбасшылар қатарынан табылуына шын жүректен
тілектестік білдіреміз.
Шаттық ОРыНБАевА
Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін
сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Ұлтыңды
сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын
десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол
себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ.
«Қыз – халықтың гүлі» демекші, қыз бала тек
сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік
сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ халқы қыздың
тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық
заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын
сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер
де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынын-
дай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға
дайын қыздарымыз да жоқ емес. Ғасырлар бойы өмір
қиыншылығының не бір қилы-қилы кезеңдерінде өзінің
табиғи құдіретті қасиетін сақтап, өмір үшін табанды да
қажырлы күрескер бола білген қазақ халқы ел болып,
халық болып қалыптасқан көне заманнан бері-ақ ананы,
қыз баланы қатты қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге
айналдырған халықтардың бірі.
Осындай мақсатты көздеген мерекелік шара ағымдағы
жылдың 7 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті колледжінде өткізілді. Колледж
әкімшілігі және студенттік дирекцияның ұйымдастырған
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» атты мерекелік шара
колледж директоры Т.Н.Төлеуішовтың құттықтау сөзімен
басталып, шәкірт өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне
себепші болатын ұстаздарымызды алғыс хатпен марапат-
таумен жалғастырылды. Сонымен бірге, колледжіміздің
қоғамдық өміріне белсене араласып, студент-жастардың
арасында алдыңғы қатарда көрінгені үшін «Ең үздік топ
басшы Ару» номинациясы А-201 топ басшысы Э.Дудинаға
табыс етілді.
Кеш барысында мәдениет және өнер факультетінің
жігіттері Б.Қанатов, Ә.Елешов және колледж түлектері, қазіргі
таңда өнер жолына түскен Ә.Орашев, А.Қабиев, колледждің
Н.Шамғонов, А.Кайруллин сынды жігіттері ару қыздарымызға
арнап әсем әндерін жолдады. Аруларымыздың көңілін
көтеру үшін колледж белсенділерімен дайындалған тамаша
қойылым көрсетілді. Әдемі аяқталған кеш бұл өмірдегі әр
арудың «ханшайым» деген атқа лайық екенін дәлелдегендей
болды.
үміт жәңгіРОвА,
БҚМУ колледжінің студенттік директоры
кемелді келешек кірпішін
қалар жас көшбасшы
пәндер оқытушысы Давлетова Лунара Салауатқызы
ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенттерінің
қатысуымен ақша, қаржы және несие пәнінен «Несие мәні
және несие түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты - несие ұғымын қалыптастыра
отырып, оның негізгі түрлері туралы түсінік беру, несиені
есептеу, сонымен қоса, экономикалық үнемшілдікке
тәрбиелеу болып табылады. Ашық сабақ барысында
студенттер «Акцепт» және «Береке» атты 2 топқа бөлініп,
үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырып мазмұнын ашар,
алған білімді бекіту бағытында сұрақтар қойылып, әрбір
қойылған сұрақтың дұрыс жауабы арқылы топтар 50-100
доллар көлемінде қаржысын молайтып отырды.
жаңа сабақты қорытындылау мақсатында 2 топ
студенттері экономикалық диктант жазып, несие пайызда-
рын есептеу мақсатында өзіндік тапсырмалар орындады.
Осылайша өзіне мол ақшалай қор жинаған «Береке» тобы
жеңіске жетіп, өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Нарыққа
бейімделуді жаңа, қызықты әдістермен меңгертіп жатқан
ұстазымызға алғыс білдіреміз.
Перизат БАлМұхАНОвА,
ақпараттық жүйелер мамандығының
3 курс студенті
Қыз бала -
ұлттың ұяты, халықтың шырайы
КОНТРОль НА СООТВЕТСТВИЕ
КВАлИФИКАЦИИ -
оценка уровня профессиональной
подготовленности
БҚМу - менің болашағым
Шарпыған шалқар жырыммен,
Шаңырағым сарқылмас.
Мол қазына сендегі
Кең заманда таусылмас.
Қанатын жайған ұланың
Бой көтеріп, басты тіреді.
Болашағың ендігі
Іргелі елдің тірегі.
Сана мен ойды түйеміз,
Біліміңе бас иеміз.
Сексен жылғы тарихың
Махамбет – баба киеміз.
Білімін шәкіртінен аямаған,
БҚМУ-дың ұстаздары - аяулы адам
Қанаттанып, ұшырып, самғап көкке,
жүректерін шәкіртінің аялаған.
Маған бүгін керек емес ертегі,
БҚМУ тарихтан сыр шертеді.
Мұрасы ғой іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Осы өңірде қаламыммен қырлаймын,
«Өтемісов» білімімді шыңдаған
Ордасында оқуымның бүгінде
Болашағын жүрекпенен тыңдаған.
Шаттық ОРыНБАевА,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ колледжінің
1 курс студенті
Ґ
№ 3 (875)
наурыз
2012 жыл
19
Игі істер
КүлКі сыйлаған
бір сәт...
Қазақ халқы – жылағанды жұбатып, қиналғанға демеу болып, үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсеткен халық. Ата-бабамыз жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған.
Қазіргі заман ағымының өзгеруі ме, әлде адамдардың безбүйректіктерінің артып,
өзімшілдігінің жоғары болып, адами қасиеттерден ада болып жүргендігі ме, әйтеуір
қоғамда «балалар үйі», «қарттар үйі», «балалар ауылы» деген жаңа сөздер пайда
болды. Сондай жазулары бар мекемелерді көргенде жүрегің бір тулап жіберері бар
ма? Ондай жерлерде қуаныш пен күлкіден гөрі жәудіреген мұңға толы көздер көп
болары анық.
Облысымызда 2003 жылы ашылған «Балалар ауылында» 90-ға жуық бала
тәрбиеленуде. Олардың мұң-мұқтажы, арман-тілегі - бір. «Балалар ауылының»
тұрғындарының бірер сағатын ерекше өткізіп, өмірге деген құштарлықтарын артты-
рып, сол сағаттардан өздеріне қажет өмірлік нәрсені алсын деген, ең бастысы, қуаныш
сыйлау мақсатында университетімізде құрылған еріктілер ұйымының мүшелері бала-
лар ауылына барған болатын. Альфия Сырымқожақызы жетекшілік еткен топ түстен
кейін сабақтан бос оқушылардың басын қосып, әртүрлі ойындар, тренингтер өткізді.
Кездесудің соңында балалар ризашылықтарын білдіріп, оқытушылары алғыстарын
айтып, алдағы уақытта тағы да кездесетіндіктерін айтты.
Балаларға кішкене болса да күлкі сыйлаған еріктілерге бұл өткізілген іс-шара
алдағы уақыттарда жасалатын жұмыстарға үлкен серпіліс бергені анық.
ж.Б.ЗДАНОвА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Қазақтар «Төріңнен баталы ақсақал кетпесін» деп тілеген халық. жасы үлкенге
құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге
келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті
өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың орны, қадір-қасиеті бала үшін ерекше.
Ананың ақ сүтін, әкенің сенімін ақтау – өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең,
алдыңа сол келеді дегендей, атам қазақ қазіргі таңда әкесі мен анасының аялаған
алақанында болып өмірге бейімделіп, адам болғаннан кейін, қартайған ата-анасына
қарайламай қарттар үйіне тапсырып жататын қазақтың қаракөз азаматтары мен
азаматшаларының болуы жүрегіңді қан жылатады. Бірақ бұл ақиқат. Қаламыздағы
қарттар үйін мекен еткен ата-әжелерімізге 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
қарсаңында 5 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің жылы жүректі, мейірімді отыз шақты волонтер студенттері
«Барлығы
сіздер үшін арналады!» атты мерекелік концерт өткізді. Концерт барысында
университетіміздің ғылыми тарих мамандығының 1 курс студенттері Әндіжанов Әділет
пен Қазбаева Ләззат мерекелік кешті жүргізсе, музыкалық білім мамандығының 1-2
курс студенттері қарттар үйіндегі әжелеріміз бен апаларымызға, қонақтарға арнап
музыкалық сәлемдемелерін ұсынды. Күмбірлеген қазақтың күйі мен мың бұралған
би де биленді. Қарттар үйінің тұрғындары әдемі ән-жырға көңілдері көтеріліп,
студенттерімізге алғыстарын айтып, ақ батасын берді.
Альфия жАҚСығАлиевА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Волонтерлар ұйымының төрайымы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Махамбет - ұлттық тұлға, оның батырлығын,
ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына
сіңетіндей етіп кеңірек дәріптеу керек»,- деген болатын.
Сол себепті де біз М.Өтемісов атындағы білім ордасының шежіресін дәріптеу,
болашақ ұрпаққа Махамбет бабамыздың өміржолымен, таныстыру мақсатымен оқу
орнының «Волонтерлар» ұйымының жетекшісі Альфия Сырымқожақызының баста-
масымен университет мұражайында балалар ауылының оқушыларымен кездесу
өткізілді.
Білім ордамыз өр рухты батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлы атымен
аталатындықтан қонақтарымызға ақындықтың алдаспаны, күйші, жыршы әрі елі үшін
жан аямаған батыр бабамыз жайлы баян етілді.
Мұражайды тамашалауға келген оқушылар оқу орнының алғаш құрылған сәтінен
бастап бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерімен, ұстаздар қауымы және факультеттері,
олардың баға жетпес еңбектерімен қоса, қазіргі таңда еліміздің дамуы барысында
еңбек етіп жүрген университетіміздің түлектері жайлы мәліметтермен танысты.
Оқушылар барлығына зор ынтамен, қызығушылықпен таңдана қарап, білім
ордасының өздеріне ұнағандығын, жақсы әсерде болғандығын айтып, келешекте
осы университетте білім алғысы келетіндіктерін жеткізді.
Осындай өскелең ұрпақ – еліміздің болашағының бастауы, басты қазынасы,
сондықтан да біз оларға әрқашанда дұрыс жол сілтеп, еліміздің білімді, ерен еңбекті
азаматтары етіп тәрбиелеуіміз керек!
Шынар АПАлитОвА,
физика мамандығының 1 курс студенті
қариялар –
біздің асыл қазынамыз
Оқушылар
БҚМУ мұражайында
Перемена
Конфликт отцов и детей, ярко раскрытый
Тургеневым, имеет место во все времена. И сейчас,
пусть и не в столь категоричной форме, дети и их роди-
тели недопонимают друг друга. Хотя есть, говорят умные
люди, возможность сгладить «болезни роста» - это
говорить друг с другом. Студенты факультета «История
и право» были единодушны – родители с ними ведут бе-
седы, но в основном на бытовые темы.
Гулим Муканова
(1 курс, «юриспруденция») рассказала, что в последний
раз разговор сложился спонтанно. Придя домой чуть позже
обычного, застала взволнованных родителей. Тема опас-
ности поздних прогулок плавно перешла на то, как идут дела
в университете и в частности подготовка к празднованию
Наурыза.
Данияр Мырзабаев (1 курс, «юриспруденция»)
приехал учиться в ЗКГУ из г. Костаная, поэтому общаться с
родителями приходится по телефону, и, как правило, говорят об
успеваемости.
Айнура Ихсанова (1 курс, «история»), приехавшая
из Аксая, с мамой большие подруги и секретничают на каникулах
на самые сокровенные «девчоничьи» темы. А во время учебы
Айнура скучает по своей годовалой сестренке, и все разговоры
о малышке.
Абзал Мутигуллинов (2 курс, «юриспруденция»)
из пос. Чапай Акжаикского района во время учебы живет у
родственников, которые всегда в беседе затрагивают вопросы
безопасности.
Ботагоз Баянгалиева (2 курс, «международные
отношения») сказала, что совсем недавно мама рассказывала
ей о своей молодости. И Баян уверена: жизнь ее родителей
была более насыщенной и веселой, что внушает уважение к
родителям и тому времени.
Как показал блиц-опрос, родители если и общаются со
своими взрослеющими чадами, то в основном говорят на самые
тривиальные темы. Родители не всегда готовы говорить со
своими взрослеющими детьми на такие насущные темы совре-
менности, как наркомания и ранний алкоголизм, религиозные
секты и вопросы отношения полов. Знать правила дорожного
движения, держать ноги в сухости, а голову в тепле, конечно,
важно, но куда опаснее физических травм травмы психо-
логические. Видимо, здесь важна роль хорошо подкован-
ного педагога, в общении с которым по долгу службы не
должны быть запретные и неудобные темы.
По инициативе руководителя службы международного сотрудничества и
академической мобильности Майры Бариевны Барадосовой 16 марта прошла
встреча докторанта университета Гуттенберга (г.Майнц, Германия), выпускника
ЗКГУ им. М.Утемисова Владислава Зубкова со студентами и магистрантами на-
шего вуза.
научный привет из ГеРманИИ
В отличие от магистрантов, первокурсникам, вчерашним школьникам, нелегко пред-
ставить себе такую перспективу, ведь лишь семестр назад совершили грандиозный
прорыв в своей жизни – вступили во взрослую, студенческую жизнь, где не ставят неуды
в дневник и не приглашают родителей в учительскую. Вот и Владислав Сергеевич,
понимая их и помня себя на их месте, начал свой рассказ о своих студенческих годах.
11 лет назад (а для кого-то это больше половины жизни) выпускник филфака по спе-
циальности «Иностранный язык. Два иностранных языка» ЗКГУ решил продолжить
обучение в магистратуре. Наука потребовала углубления знаний.
В начале 2008 года впервые был налажен контакт с университетом в Германии и
подписано соглашение по обмену студентами. И молодому ученому представилась воз-
можность стажировки в одном из крупнейших университетов Германии – университете
Гуттенберга, того самого, который изобрел первый печатный станок.
Целый студенческий городок со своей инфраструктурой, учебными и жилыми кор-
пусами, лабораториями, зонами отдыха занимает территорию площадью почти 3 ква-
дратных километра. Университет имеет свой научно-исследовательский медицинский
центр, в котором могут лечиться не только студенты университета и преподаватели,
но и жители Майнца.
Досуг студенты организуют сами без какого-либо контролирующего или надзорного
органа. Кстати, вся документация, обучение ведется на английском языке, поэтому для
студентов отделения «Иностранный язык» - все карты в руки.
О финансовой стороне учебы в Майнце можно подробно разузнать в службе между-
народного сотрудничества и лично у Майры Бариевны.
В заключение Вячеслав Сергеевич пожелал студентам и магистрантам не останав-
ливаться на достигнутом, тем более что родной вуз предоставляет прекрасную воз-
можность не только обогатиться знаниями, но и узнать на практике будни зарубежной
студенческой жизни.
Соб.кор.
О поездке в Калмыкию
Согласно программе «Академическая мобильность» 10 студентов 2 курса специ-
альности педагогическая «История» в период с 17 по 26 марта. обучение в Калмыцком
Государственном университете (г.Элиста, РФ). Мне было поручено возглавить группу.
Наши студенты прослушали курсы лекций на темы «Этногенез и этническая
история монгольских народов», «Коммунальное движение во Франции IX-XIII в.в.»,
«Археология Северного Прикаспия». Лекции читались профессорами университета,
д.и.н. П.М.Кольцовым, д.и.н. В.И.Колесниковым, д.и.н. О.А.Джагаевой. Параллельно для
студентов 1 курса Калмыцского Государственного университета мною был прочитан курс
лекций «История развития археологии Западного Казахстана». Занятия проходили по
линейной системе, при которой длительность одной пары составляет 90 минут.
Культурно-познавательную программу для наших студентов составили экскурсии в
Национальный Калмыцкий музей, Сити-Чесс (шахматный городок), выезд на Хурульный
комплекс «Геден Шеддуп Чойкорлинг» находящийся на Ики-Бурул, посещение централь-
ного буддийского храма, драматического театра, кинотеатра «Родина».
В период нахождения в Калмыкии были установлены связи с казахской диаспорой,
проживающей в г.Элисте. А так как наше пребывание совпало с Наурызом, наши студенты
приняли участие в празднике со своей программой: были исполнены казахская песня
«Атамекен» и танец «Аккулар», вызвавшие оживленный интерес среди зрителей.
Студенты были размещены в студенческом общежитии, где познакомились со сту-
дентами из Бенина, Мали, Конго, Китая, Монголии.
По окончании обучения нашими студентами были успешно сданы экзамены по
предметам и в торжественной обстановке вручены сертификаты.
ерлан КлыШев,
преподаватель кафедры истории РК
Ґ
№ 3 (875)
наурыз
2012 жыл
20
МеНШіК иеСі:
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті.
газет айына бір рет шығады.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің
келісімімен мерзімді баспасөз басылым-
дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін
26.01.2011ж. есепке алу туралы №11390-Г
куәлігі берілген.
Индексі 090000
Таралымы 2000
РеДАКтОР:
Гүлсая Каримоллақызы
ШЫНТЕМІРОВА
тілШілеР:
Марта ДжУМАГАЛИЕВА
Елдана АСЫЛХАНОВА
Нұркен ӘМІРАШЕВ
КОРРеКтОР:
Светлана БЕККУжИЕВА
Бет ҚұРуШы & ДиЗАйН:
Асель АБДУЛЛИНА
фОтОСуРет:
Рафхат ХАЛЕЛОВ
Оқу теледидары және
графикалық жобалау зертханасы
Газет БАҚ және баспа орталығында
теріліп, беттелді. «Полиграфсервис»
жШС баспаханасында басылды.
ҚОЛжАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ
ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІҢ
ДӘЛДІГІ ҮШІН АВТОР жАУАПТЫ.
жАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫҢ
ПІКІРЛЕРІ РЕДАКЦИЯ
КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ.
Сарайшық көшесі, 34, тел.: 50-76-52
Біздің сайт: www. wksu.kz
e-mail: IC_�MI@wksu.kz
Құттықтаймыз!!!
Сұрақтар
1. Мақсатты, мазмұнның және еңбек шарттарының тұтастығына негізделген
адамдар тобы?
2. Ұжымда жұмысты адамдар істейтін болғасын қандай қабілеттілік маңызды?
3. Туыстық қатынаспен ұштасып кеткен ұйымды қалай атайды?
4. Тек қана іскерлік мүддеде, іскерлік негізде түзілген ұйымды қалай атайды?
5. Ортақ нәрселер көп, олардың іскерлік мүдде ғана біріктірмейтін сонымен бірге
өндірістік қажеттілікті біріктіретін ұйымды қалай атайды?
6. Ұжымды іштей талаптандырудың іске асуы үшін үнемі өзгеріп тұратын күрделі
жиынтықты не деп атайды?
7. Сахнаға лайықталған бұқаралық шаралар, драматургиясының ең басты түрін
не дейді?
8. «Драма» грек тілінен аударғанда қандай мағына?
9. жұмыстың синонимы?
10. Грек тілінен аударғанда керсінше қайталанатын өлең деген мағына беретін
әдеби шығарма жанр түрі?
11. Мәдениет ошақтарының бірі. Бос уақыт ұйымдастырушы мекеме?
Құрастырған: Сандуғаш уБАНОвА,
мәдениет және өнер факультеті, 11411-топ студенті
СөЗЖұМБАқ
ПРИГЛАШАЕМ ВСЕХ
ЖЕЛАЮЩИХ
изучать языки в ЗКГУ
на платных курсах:
Английский
немецкий
Французский
Арабский
Казахский
Эсперанто
Турецкий
Китайский
Вечерние занятия для на-
чинающих и продолжающих.
Выдаются сертификаты ЗКГУ.
Запись в главном корпусе, каб.105.
тел.260377, e-mail:
inter_dep@mail.ru
Ун ив е р с итет тің с п о рт к л у б
және дене тәрбиесі кафедрасының
ұйымдастыруымен 27-28 ақпан күндері
студенттер арасында тоғызқұмалақтан
БҚМУ спартакиадасы болып өткен еді.
Тартымды өткен сайыс нәтижесінде
І орынға жаратылыстану-математикалық
факультеті, ІІ орынға мәдениет және
өнер факультеті, ІІІ орынға экономика
және басқару факультеті ие болды.
М.Орынғалиев (экон. және басқару
фак.), Б.жортқанова, М.Тәжіғалиевалар
(жарат.-матем. фак.) тоғызқұмалақты
шебер меңгергендіктерін байқатып, үздік
ойыншылар деп танылды. Үздік ойыншы-
лар мен жеңімпаз командалар спорт клуб
дипломымен марапатталды.
1 наурыз күні Теміртау қаласында
спорттың садақ ату түрі бойынша ҚР
чемпионатынан университетіміздің
3 курс студенті жовтабрух жүлделі І
орынды иеленді.
СпорТ ЖаңалыҚТары
Спорт сарайында 11-18 наурыз
аралығында волейболдан қыздар ара-
сында жолдастық кездесу болып өтті.
Университет қыздар командасымен бірге
ж.Досмұхамедов атындағы педколледжі
және Еуразия академиясының қыздар
командасы тамаша ойын көрсетті.
Ақпан-наурыз айлары аралығында
жәңгір хан атындағы БҚАТУ спорт залын-
да шағын футболдан Қоныс Ағелеуовті
еске алуға арналған жарыс болып өтті.
Барлығы 16 команда қатысқан сайыста
біздің университет командасы жүлделі
4 орынға қол жеткізді. Бұл сайыс БҚМУ
студенттер кәсіподағының қолдауымен
болып өтті.
20 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!»
атты ұлттық ойындардан мерекелік шара
болып өтті. Шарада БҚМУ колледжі
ст уденттері белсенділік танытып,
ұлттық ойындардың тамаша үлгілерін
көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар:
колледж оқытушылары Г.Н.жұмағұлов,
ж.Г. Төлеутаева. Үздік ойын көрсеткен
жеңімпаздар Спорт клуб дипломымен
марапатталды.
Қазіргі таңда әр жексенбі күні
Спорт сарайында студенттер ара-
сында «Денсаулық күні» өтуде. Сағат
10.00-13.00 дейін және 13.00.-15.00-ге
дейінгі уақытта жатақхана, факультет
және колледжі студеттері арасында
волейбол, баскетбол, шағын фу т-
бол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ,
шахмат, дойбы түрлерінен оздыры-
латын сайысқа спортсүйер жастар
белсенділік танытып, қатысып келеді.
Бұл шараның өткізілуіне жауапты спорт
клуб нұсқаушысы Б.Есенғалиева.
Наурыз айында дүниеге келген туған күн иелері:
3 наурыз күні – педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі м.а.
Адельбаева Нұрия әділжанқызы;
7 наурыз – т.ғ.д., профессор, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс
бөлімінің проректоры
Мұқтар әбілсейіт Қапизұлы;
11 наурыз – филол.ғ.к., тілдерді оқытудың практикалық курсы кафедрасының
меңгерушісі м.а.
әжғалиев Марат Қайыржанұлы;
22 наурыз -
ломоносов илья Матвеевич - біліктілікті артыру және кадрларды
қайта даярлау аймақтық институтының директоры, доцент, п.ғ.к.;
22 наурыз – колледж директоры м.а.
тулеушов талғат Нұғманұлы;
25 наурыз – х.ғ.к., экология және биогеохимия зерттеу зертханасының
меңгерушісі
Сдикова гүлия жұмғатықызы;
28 наурыз - педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кажимова Қарлығаш Рахымқызы.
Туған күн иелерін өткен қуанышты күндерімен құттықтай отырып,
дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға шалқар ша-
быт тілейміз.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер факультетінің
студенттері Шымкент қаласында өткен мәдени-тынығу жұмысы мамандығы
бойынша республикалық олимпиададан жүлделі 2 орынға және жаратылыстану-
математикалық факультетінің студенттері Алматы қаласында химия пәнінен
өткен республикалық олимпиададан жүлделі 2 орынға қол жеткізді.
Үлкен жеңіске қол жеткізген жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай
отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.
университет ұжымы
Құрметті
Гүлжиян Төкешқызы!
Сізді мерейлі 60 жасқа толу мерейтойыңызбен та-
рих және құқық факультетінің ұжымы шын жүректен
құттықтайды.
Сіз білімнің қара шаңырағына 1977 жылдың мау-
сым айынан бастап келіп, ұзақ жылдар бойы осы оқу
орнының тарих факультетінде хатшы және аға зерт-
ханашы қызметтерін атқарып келесіз.
Қадірлі Гүлжиян Төкешқызы, бүгінгі күні Сіз өз
қызметіне жетік, әріптестеріне адал, адамгершілік пен парасат иесі және
ардақты ана, құрметті әже болып отырсыз.
Ұжымда адал еңбекқор, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірбанды
ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні
ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.
Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым
нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық
ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын!
ізгі тілекпен,
тарих және құқық факультетінің ұжымы
ОБъЯвление
30-31 мая 2012 г. Институт законодательства и сравнительного правоведения
при Правительстве Российской Федерации проводит первый Евразийский антикор-
рупционный форум и в его рамках VII Международную школу-практикум молодых
ученых-юристов на тему «Правовые инновации в противодействии коррупции».
Место проведения мероприятий форума и Школы - Счетная палата
Российской Федерации. О программе мероприятий будет сообщено дополнительно
на сайте Института
www.izak.ru
.
Для участия в работе Форума и Школы необходимо представить
до 20 апреля
2012 года заявку на участие, оформленную в установленной форме, и научное со-
общение. Электронная форма заявки размещена на сайте
www.izak.ru
.
вы можете стать участником, если: Ваш возраст до 35 лет включительно,
Вы имеете высшее юридическое образование, осуществляете трудовую и научную
деятельность в сфере юриспруденции в научно-исследовательских учреждениях и
высших учебных заведениях, органах государственной власти; являетесь аспиран-
том, соискателем ученой степени кандидата юридических наук, докторантом, имеете
ученую степень кандидата, доктора юридических наук.
Контакты: Тел./Факс: (499) 724-26-60 Пуляева Елена Валерьевна,
Архимандритова Марина Александровна. �-mail:
school@izak.ru
Адрес Института законодательства и сравнительного правоведения при
Правительстве РФ: 117218, г. Москва, ул. Большая Черемушкинская, д. 34. Тел./факс:
(495)719-73-02 (канцелярия)
Официальный сайт мероприятия:
http://www.izak.ru
Достарыңызбен бөлісу: |