№3 (875) наурыз 2012 жыл


дипломы за активное участие



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.03.2017
өлшемі15,83 Mb.
#7362
1   2   3   4   5   6   7   8   9

дипломы за активное участие в работе проекта.

Присутствовавшим  был  продемонстрирован  фильм 

об истории и настоящем ЗКГУ, созданный по сценарию и 

под руководством преподавателя кафедры «Театрально-

хореографическое  искусство  и  библиотековедение» 

Мендыгуль Есламгалиевны Султановой. Галерею казах-

ских  ученых  и  мыслителей,  оставивших  неизгладимый 

след  в  развитии  науки  Казахстана,  сменили  наши  со-

временники, ученые, работающие в ЗКГУ. Красной нитью 

прошла тема преемственности научной мысли в истории 

становления вуза.

Открывая  встречу,  первый  проректор  ЗКГУ  им. 

М.Утемисова 

Асет Сембаевич Тасмагамбетов заверил, 

что  это  не  единственный  фильм.  Будут  сниматься  еще 

фильмы к 80-летнему юбилею нашего вуза с рассказами 

о заслугах и людях университета.

О  достижениях  ученых  нашего  университета  рас-

сказал  в  своем  выступлении  проректор  по  научной 

работе и международным связям ЗКГУ им. М.Утемисова 

давайТе занимаТься 

наукой!

Абильсейит Капизович Муктар. Нам действительно есть 

кем и чем гордиться.

Затем слово взял 

Асхат Салимович Имангалиев, рек-

тор ЗКГУ им. М.Утемисова. Поблагодарив Абильсейита 

Капизовича за обстоятельный и содержательный доклад 

о  состоянии  науки  в  вузе,  Асхат  Салимович  обратился 

к  собравшимся  с  призывом  не  останавливаться  на  до-

стигнутом.  На  повестке  дня  –  модернизация,  назрела 

необходимость  поднять  науку  на  новую  стадию,  пере-

ходить от остепененности научных кадров к серьезным 

научным  открытиям.  Как  же  дальше  развивать  научно-

исследовательскую  работу  в  нашем  университете?  В 

современном  мире  наука  не  может  существовать  без 

денег.  Любой  научный  проект,  имеющий  практическое 

применение, должен иметь хорошие финансовые влива-

ния. Для этого Министерством образования и науки вы-

деляются огромные денежные средства. Так каковы пути 

финансирования научной мысли в университете? Прежде 

…иначе  вами  займемся  мы,  -  заявил  ректор  Западно-Казахстанского  университета 

А.С.имангалиев на встрече с учеными и магистрантами вуза.

встреча  на  тему  «XXI  ғасыр  –  білім  және  ғылым»,  организованная  отделом  научно-

исследовательской работы, прошла 29 февраля в актовом зале университета. 

всего,  это  республиканские  гранты.  Свои  научные  про-

екты на республику выдвинули всего два претендента и 

вполне заслуженно получили гранты, заработав в копилку 

университета и собственного благополучия, а также про-

двигая научные работы.

Кроме этого существуют региональные научные гран-

ты, гранты международных фондов, иностранных компа-

ний и местных частных фирм. Ректор обещал поддержку 

всех  научных  проектов,  напомнив  и  о  внутривузовском 

финансировании научных разработок.

Урокодатель, читающий с пожелтевших страниц те-

традей лекции, сказал Асхат Салимович, это вчерашний 

день. Современный преподаватель обязан вести научно-

исследовательскую  работу,  исполнять  воспитательную 

функцию. И все это в основное рабочее время. Нельзя 

также оставлять без внимания студенческую науку, более 

того – наука начинается в школе. Для оценки и проверки 

своих сил студентам открыта дорога на республиканские 

студенческие олимпиады. Но университет не станет фи-

нансировать пустые поездки. Девиз «Главное участие!» 

несовременен,  мы  должны  ориентироваться  только  на 

победу, поэтому в этом году на республику поедут пред-

ставлять ЗКГУ только действительно сильные, отлично 

подготовленные команды-победители, в числе которых 

химики, математики, биологи, юристы.

Ректор А.С.Имангалиев также затронул тему профо-

риентации, напомнив, что ЗКГУ им. М.Утемисова один из 

сильнейших вузов региона и в числе 9 университетов, обу-

чающих по международным совместным программам.



Марта ДжуМАгАлиевА

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


5

У

ниверситетіміз  өзінің  талантты  да  дарын-



ды  студенттерін  қашанда  мақтан  тұтатыны 

сөзсіз  шындық.  Университетіміздің  намысын  талай 

байрақты  бәсекелерде,  шығармашылық  конкурстарда 

абыроймен қорғап жүрген талай талантты студенттеріміз 

университеттің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сондай 

талантты  студенттердің  бірі  -  М.Төлебаев  атындағы 

атаулы шәкіртақы иегері, облыстық, қалалық, аймақтық ән 

байқауларының лауреаты, вокал мамандығының 4 курс 

студенті Құсайынова Гүлназ Рахымғалиқызы.

- Туып-өскен жеріңе аз-кем тоқтала кетсең.

– Мен Ресей жерінде дүниеге келіп, Қаратөбе ауда-

ны Ақтай-сай ауылындағы орта мектепте білім алдым. 

Қаратөбе өңірі - 

сал Мұхит, Ғарифолла Құрманғалиев, 

Ескендір Хасанғалиев туған киелі өлке. Осы жердің суын 

ішіп, құмына аунап, жасы игі үлкендерінің қазақы тәлім-

тәрбиесін бойыма сіңіріп өстім.



- Өнер жолына қалай келдің?

–  Оқушы  кезімде  ән  айтпағанмын.  Бірақ  сүйіп 

тыңдайтынмын. Өнерге келуім аяқ асты болған шешім де-

сем қате болар, бірақ бала арманым осы жолды таңдауға 

түрткі болды. Ән айтуды университет қабырғасына келген 

соң бастадым. Осы өнер түрінің қыр-сырын үйретіп, мені 

сахнаға алғаш даярлап, бар жан-болмысымды көрсете 

білген алғашқы ұстазым Таисия Мәулетова болды. Осы 

кісінің демеуімен өнерге деген ынта-жігерім артып, алғаш 

рет  сахнаның  құдіретін  сол  ұстазымның  арқасында 

сезіндім. Өнер арқылы өмірімді тануыма көп көмегін тигізген 

ұстазыма айтар алғысым шексіз.



- Гүлназ, өнердің киесі тек тазалықты, шын ниетті 

қалайды деп жатады. Сен үшін өнердің қадірі неде?

– Өнердің қадірін бір нәрсеге шектеп қоюға болмайтын 

болар. Ол үшін алдымен ұғына білу керек. Сосын әр ақынның, 

әр жазушының, әр әншінің тыңдарманы, оқырманы болуы 

тиіс. Әйтпесе бойыңдағы өнерді дамыту өте қиын. Өнерде кие 

бар. Өнерді түсін, көкке көтеріп құрметте, таза ұста,  сонда 

сенен асқан бақытты адам болмайды. 

- Ән құдіреті дегенді қалай түсінесің?

- Менің түсінігімде әлемді тербетіп отырған жеті нота. 

Осы жеті нотаның көмегімен адамдарға қуаныш сыйлап, 

жабыққанда жұбатуға болады. Кейде адамға айта алмас 

сырларыңды осы ән арқылы жеткізесің. Ән кейде мұңға 

батырса, кейде бір шексіз қуанышқа жетелейді. Маған кейде 

өмірде ән болмаса, өмірде мән болмайтындай сезіледі. 

-  Сенің  ойыңша,  қазіргі  жас  әншілерге  не 

жетіспейді?

-  Өзім де осы жастардың санатынанмын. Өзге заманда-

старыма сын айту ойымда да жоқ. Әр адам табиғат берген 

талантты жетілдіре беруі керек. Нағыз өнер 1 пайыз талант 

пен 99 пайыз еңбекті қажет ететіні белгілі. Қандай да болма-

сын дарын, жас өнер иесі, еңбектенсе ғана биік шыңдарды 

бағындыра алатынын естен шығармауы тиіс. Бірақ қазіргі 

құлқынды  ақша  билеген  заманда,  кейбір  таланттарға 

демеушілік жетпей жатады. Өкініштісі сол...

- Отандық өнер ордасында жүрген қай сазгерлердің 

еңбегін жоғары бағалайсыз?

- Әрбіреуінің өзіндік қолтаңбасы, көзқарасы, жаңалығы, 

керек десеңіз тыңдармандары да бар. Барлығының көздеген 

мақсаттары бір. Қазақ әнінің деңгейін көтеру үшін еңбектенеді. 

Өзім көбіне Төлеген Мұхамеджановтың композицияларын 

тыңдағанды жақсы көремін. Ал ән жағына келгенде өзіме 

ұнағанының бәрін тыңдаймын десем де болады. Әр түрлі 

жанрда.


- Әндеріңнің басты тақырыбы нені көздейді?

- Мына тақырып ұнайды деп қатып қалған қағида жоқ. 

Қабілетімнің жеткенінше барлығын қамтығым келеді. Өзім 

лирикаға жақын болғаннан кейін репертуарымда көбіне халық 

әндері мен махаббат тақырыбындағы әндер.

-  Өнер  жолында  қандай  жетістіктерді  бағын-

дырдың?

- Облыстық «Дала дарындары» байқауында ІІІ орынды 

жеңіп  алдым  (2008ж.).  Халықаралық  студенттер  күніне 

арналып өткізілген облыстық «Шырқа, гитара!» атты бард 

әншілердің байқауында І орынды иелендім (2009ж.). Шәмші 

Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Менің 

Қазақстаным!» атты облыстық байқауда ІІІ орынды қанжығама 

байладым. VII ұлттық жастар Дельфилік ойындарында вокал 

жанры бойынша ІІ орынды иелендім. Одан бөлек қыздардан 

құралған «Diamond» вокалды-аспапты ансамбль құрамында 

өнер көрсетіп, біраз жетістіктерді бағындырдық. Қала күніне 

арналған «Оралым - асыл қалам!» атты конкурста дипломант 

атанып, 2011 жылы өткен облыстық «Дала дарындары» 

байқауында лауреат дәрежесіне қол жеткіздік.



- Осы оқу ордамызда білім алған 4 жыл ішінде 

өнерден не ала алдың?

-  Университетте  тәлім  алған  төрт  жылым  бекерге 

өтпеді, толыққанды тұлға болып қалыптастым, әнші ретінде 

өзімді жетілдірдім, мамандығым тарапынан кәсібилігімді 

арттырдым. Әнші ретінде тыңдарманымды таптым. Менің 

осындай дәрежеге жетуіме, жан-жақты шыңдалып, биік 

белестерді бағындыруыма алдымен Алла Тағаланың, одан 

кейін ұстаздарымның көмегі орасан зор. Атап айтар болсам, 

өнерге алғаш баулыған ұстазым Таисия  Маулетова, өнерге 

деген  ықыласымды  байқап,  бағыт-бағдар  беріп,  үнемі 

апалық қамқорлығын аямайтын Раушан Қуанышалиева, 

қазіргі таңда дәріс беріп жүрген тамаша дарын иесі Наталья 

Санбаева есімді ұстаздарымның арқасында ән өнерінің 

қыр-сырын меңгерудемін. 



- ВАА «Diamond» құрамында біраз жетістіктерге 

жеткенің  де белгілі. Топта жұмыс жасаудың ерекшелігі 

неде?

– Бір жағынан қызықты, бір жағынан өзіндік қиындығы 

бар.  Топтағы  қыздар  сырымды  бөлісіп  айта  алатын 

өмірдегі достарым, мінезіміздің қандай екенін де білеміз. 

Ән  таңдағанда  да  ойымыз  бір  жерден  шығады.  Өзің 

ән  айтқандағы  басты  артықшылығы  әнді  сезіне  білу, 

көрерменге жеткізе білу тек өзіңе байланысты. Ал топта әнді 

барлығы жете сезіне білу қажет. Сол кезде ғана көрерменнің 

жүрегінен ән өз орнын табады деп ойлаймын. 



-  Қазіргі қазақ әншілерінен кімді тыңдайсыз?

Әр әншінің өзіндік ерекшелігі бар. Ешкімді бөліп- 

жармаймын. Ән менің табиғатыма, жаныма жақын болса 

тыңдай беремін. Нұржамал Үсенбаева, Гаухар Қаспақова, 

Тамара Асар, Маржан Арапбаеваның дауыстарын жоғары 

бағалаймын.

-  Сен үш тілде ән саласың. Қай тілде ән шырқау 

жаныңа жақын? 

 Репертуарымның 80 пайызы қазақша. Көбіне Шәмшінің 

әндері мен қазақ халық әндері. Сондай-ақ, репертуарымда 

орыс, француз тілдеріндегі әндер де бар. Қазіргі таңда 

француз тілдеріндегі әндерді орындауға қызығушылығым 

артып жүр. Өйткені, француз тілі қазақ тіліне ұқсас, әуезді 

әрі әдемі тілдердің бірі. Әрине, қазақ тілінде ән айтқанда 

бойымда бір ерекше сезім пайда болады. 

-  Шығармашылық  мақсаттарың  жайлы  айтып 

берсең? 

-  

Биік шындарды бағындыру. Қазақ ән өнерінің дамуына 

аз да болса өз үлесімді қосу.

-  

Өнердегі, өмірдегі ұстанымың қандай? 

-  

Менiң ойымша, әр адам белгілі бір мақсатқа жету өзiнiң 

көңiлiне медеу тұтатын қанатты сөздері болғаны абзал. 

«Тауды биiк деме, өрмелесең шығарсың, жауды қасым деме, 

арпалыссаң жығарсың» - менің өмірдегі, өнердегі басты 

ұстанымым осындай. Осы сөздерді қиналғанда еске түсіріп, 

жадыма тоқимын. Ерекше дем беретін де осы сөздер.

елдана АСылхАНОвА

ҚұСАйыНОвА гүлназ:

«Мақсатым –

 

адам болу!



»

 Біздің сұхбат

 Халықаралық байланыс

Қазіргі кезде М.Өтемісов  атындағы БҚМУ Батыс Еуропа мен ТМД-ның елу жетекші ЖОО-ларымен байланыс 

жасайды. Осы ретте оқу орны 2011-2012 оқу жылында Қалмақ мемлекеттік университетімен біріге отырып, 

екі  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  білім  дәрежелерін  көтеріп,  тәжірибе  алмасу  мақсатында  арнайы 

бағдарламаға қол қойған болатын. Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын 

кеңейту  мақсатында  оқу  жылы  басында  физика,  химия,  информатика  пәндері  бойынша  БҚМУ-да  Қалмақ 

мемлекеттік университетінің студенттері білім алса, біздің химия және информатика мамандығының студенттері 

осы Қалмақ мемлекеттік университетінен білім алып келген болатын.

Білім шыңдаудың зор мүмкіндігі

Академиялық  ұтқырлық  жеке  тұлғаның  дамуы  үшін 

маңызға ие, ол жан-жақты болуға, сыйластыққа тәрбиелейді, 

өзге елдің мәдениетін игеруге және жоғары оқу орнының 

бәсекелестік қабілетін көтеруге мүмкіндік береді. Студенттер 

мен  оқытушы  ғалымдардың  академиялық  ұтқырлық 

бағдарламасы  аясында  білім  алуына,  ғылыми-зерттеу 

істерін  жүргізуіне  байланысты  құзыретті  және  бәсекеге 

қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, 

ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Білім 

ордасында оқу үлгерімдері жақсы химия мамандығының 2 

курс студенттері Аягүл Ашығалиева, Айбар Мұрзабеков, 

информатика мамандығының 3 курс студенттері Индира 

Ахмет, Айнұр Бикетова, жадыра жармұханбетова, Ақмарал 

Искакова сынды үздік студенттеріміз Қалмақ елінің Элиста 

қаласындағы Қалмақ мемлекеттік университетінде қысқы 

семестрде білім алып келді. 

Оқуға барып келген студенттеріміздің айтуы бойынша 

ол жақта білім беру жүйесі дәріс жазып, емтиханды билет 

бойынша тапсырады екен. Бұл оқу орнының зертханалары 

құрал-жабдықтармен жақсы қамтылғандығын, біздегі кейбір 

жоқ жабдықтардың оларда кездесетіндігін, сондай-ақ ар-

найы студенттерге арналған зәулім кітапхана ғиамараты 

болуы білім алуға зор мүмкіндік беретінін, тіпті бізде жоқ 

кейбір оқулықтардың кездескендігін айтады. 

- ҚалмМУ студенттеріне барлық жағдай жасалған. Бұл 

елдің  тұрғындары  қалмақтар,  олармен  қатар  орыстар, 

қазақтар, татарлар тұратынын байқадық. Тек қалмақ тілінде 

көп сөйлемейді, барлығы дерлік орыс тілінде жүреді екен. 

Қай сабақ болмасын орыс тілінде дәріс жаздық, емтихан 

ауызша  өтті.  Мен  қазақ  тобынан  барғанымды  ескеріп, 

түсіністікпен қарады. Бірақ ойдағыдай тапсырдық, сабақ 

жағынан  ешқандай  қиындық  болған  жоқ.  Мұғалімдер 

байланыс жасап, ректормен арнайы кездесу өтті, барлық 

жағдайымызды біліп отырды.  Химия пәнінен дәріс берген 

ұстазымыз, доцент Санжиева Дильгара Андреевна курато-

рымыз болды. Біздің кейбір сабақтарымыз олардың 3 курс 

бағдарламасымен сәйкес келгендіктен, 3-ші курстармен 

бірігіп  оқыдық,  жаңа  достар  таптық.  Ол  университетке 

оқуға  Конго,  Мали,  Қытай,  Моңғолия,  тувалық  студент-

тер де болды. Олар алдымен орыс тілін үйреніп, сосын 

сабақтарын  2  жыл  жалғастырмақ.  Бір  қызығы  олар  «қ» 

деген әріпке тілдері келмеді, «қандай қиын әріп»,- дейді 

олар.  Алдағы  күнде  ғылыми  жұмыспен  айналысып, 

ағылшын  тілін  үйренем  бе  деген  ойым  бар.  ҚалмМУ 

Қазақстаннан келген студенттерге магистратурада ақысыз 

білімін жалғастыруға болады деген ұсыныстарын білдірді. 

Оқуды бітіргеннен кейін сол елге барып магистратураны 

жалғастырсам ба деген жоспарым да бар. Былтырғы өткен 

жазғы демалысымда қабылдау бөлімінде жұмыс жасадым. 

Биылғы  жазда  Мұрзалиев  Айбар  екеумізге  университет 

ректоры Асхат Иманғалиев Қара теңізге демалуға жолда-

ма беріп отыр. Осындай мүмкіндік беріп отырған универ-

ситет  басшылығына,  ұстаздарыма    ерекше  алғысымды 

білдіремін,- дейді қуанышын бөліскен Аягүл Ашығалиева. 

Ал жармұханбетова жадыра мен Искакова Ақмарал да, 

алған әсерлерін жасырмай былайша баяндап берді: - бізде 

арнайы куратор болған жоқ. Дәріске қатысамыз, артынан 

тәжірибе өткіземіз. Арнайы жоба, тапсырмалар береді, сол 

жұмыстармен  жеке  дайындаламыз.  Емтиханды  ауызша 

өте жақсы тапсырдық. Басында кредиттік жүйеге үйреніп 

қалған бізге бұл жүйе қиындау болып, артынан үйренісіп 

кеттік. Біз 2, 3 және 5 курстармен бірге оқыдық.  Саяхат 

жасап, бізді Элиста қаласының көрікті жерлерімен таны-

стырды, өте тамаша қала екен. Қалмақтар сенімі бойынша 

буддистер  екен.  City-час  деген  қалашығына  бардық,  ол 

жер  архитектурасына  қарасақ  шахмат  фигураларына 

ұқсас салынған екен. Ерекше әсер қалдырды. Біздің бір 

байқағанымыз, қалмақ тілі қиын, олардың тілі де, мәдениеті 

де қытайға жақын. Бірге оқыған студенттер Қазақстан елін 

дұрыс білмейтіндігін, тек Алматы мен Астана қаласының 

бар  екендігін  біледі.  Біздің  22-наурыз  мерекесі  сияқты 

желтоқсанның  20-ы  күні  оларда  «Ақ  ай»  деп  аталады, 

ұлттық жаңа жыл күні екен. Сол күні біз де Тәуелсіздігіміздің 

20 жылдығына байланысты елімізді таныстыру мақсатында 

мерекелік кеш ұйымдастырып, өлең-жырдан шашу шашып, 

би биледік, өз елімізбен таныстырдық. Біздің өнерімізге, 

елімізге  деген  сүйіспеншілігімізге  тәнті  болды.  Ол  кон-

цертке  қазақ  ұлтының  диаспорасы  орталығынан  ұлттық 

киімдерімізді кидік. Оқытушылар қауымының сабақ беру 

әдістері  ұнады.  Тек  студенттердің  дөрекілеу  екендігін, 

үлкенді сыйлау сынды қасиеттерінің жоқтығын байқадық. 

Бізді  еуростандартта  салынған,  тамақ  пісіретін,  жатын 

орны бар, жуынатын жері бар жаңа жатақханаға орнала-

стырды. Олардың ұлттық «Борцык» деген тағамы біздің 

бауырсаққа ұқсас және ұлттық бешбармақ тағамымызға 

ұқсас тағамды да көрдік. Олардың шәйларына тұз салып 

ішетіндеріне куә болдық. 

Біз осылай өзге елге барып, білім-білігімізді кеңейтіп, 

тәжірибе  алып  келуімізге  қолдау  көрсетіп  отырған 

университетіміздің ректоры Асхат Сәлімұлына, декан Айгүл 

Бақтығалиқызына,  Гүлмира  Ғайсақызына  алғысымызды 

білдіреміз. Осы бағдарлама жалғасын тауып, студенттердің 

болашақ  жолын  аша  берсін,  ұстаздарымыз  біз  сияқты 

шәкірттерінің жемісін көрсін дегіміз келеді. 



 Өз тілшіміз

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


6

 Оқырман ой айтады

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың, компьютердің, 

оның  ішінде  ғаламтордың  қызметіне  жүгінбейтін  адам 

кемде-кем.  Бүгінде  ғаламтор  жастардың  айнымас  бір 

бөлігіне  айналғандай.  Өйткені,  жолда,  жұмыста,  тіпті 

ас  ішіп  отырса  да  ұялы  телефонға  немесе  агентке 

телмірген  жастарды  көретін  болдық.  Басым  көпшілігін 

сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі 

қызықтырмайтыны  соншалық,  ғаламторға  сүйеніп, 

кітап  оқуды,  ізденуді  қойды  десек  те  болады.  Өйткені, 

ғаламторға кіріп, қажетті материалдың атын жазсаңыз бол-

ды, түрлі рефераттар, мағлұматты тауып, дайын нәрсені 

шығарып, сабағына немқұрайлы қарайды. Көзінің майын 

тауысып кітап оқып, кітапхана табалдырығын тоздыратын 

жастар  саны  азайып  барады.  Осы  маңызды  да  өзекті 

мәселені  талқылау  мақсатында  М.Өтемісов  атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  ғылыми 

кітапханасының  ұйымдастыруымен 

«ғаламтордың 

ғаламаты және кесапаты» тақырыбында дөңгелек 

үстел  өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы негізгі 

мақсат  –  әлемді  жайлап  кеткен  ғаламтордың  пайдасы 

мен зиянына баса назар аудару. Дөңгелек үстел бары-

сында  бірқатар  сұрақтар  көтерілді.  Атап  өтер  болсақ, 

«жастар білімді, ақпаратты кітаптан, газет-журналдардан 

ала  ма,  әлде  ғаламтордан  ала  ма?»,  «Ғаламторға 

қадалған  жастардың  бетін  қалай  кітапқа  бұра  ала-

мыз?»,  «Ғаламтордан  алған  білім  және  кітаптан  алған 

білімнің  айырмашылығы  неде?»,  «Қазіргі  жастардың 

қызығушылығын кітапқа бұру керек пе?», «жастар қандай 

сайттарды  көптеп  пайдаланады?»,  «Ғаламтордағы 

авторлық  құқық  қалай  қорғалады?»,  «Агент  ауру  ма, 

әлде әдет пе?» және тағы да басқа сұрақтар төңірегінде 

қызу пікірталас туды. Аталмыш шараға оқу ордамыздың  

ақпараттық және білім беру технологиялары орталығының 

директоры Д.Ғ.Габдуллаев, БҚМУ баспасөз хатшысы, фи-

лология ғылымдарының кандидаты Р.Б.Сұлтанғалиева, 

« И н ф о р м а т и к а »   к а ф е д р а с ы н ы ң   о қ ы т у ш ы с ы 

Ғ.Ғ.Мұқанбетова,  «Кітапханатану  және  библиография» 

...Тілді егер ұлттың анасы десек, 

                              анасын ауыстырды олар. 

Жә, тоқта, әлде ана ауыстырғаның 

                              үшін зормысың?

Адам табиғатына бұл жат тірлік екенін,

Өз тіліңді сүймеу сатқындық екенін

Түсінбегенің үшін – сорлысың!

Мұхтар Шаханов

Қазақ тілі бай, шешендігімен елді аузына қаратқан 

дана  халық  қазақ  екендігі  белгілі.  Ежелден-ақ  қазақ 

халқының  шешендік  ділмарлығы,  сөзтапқыштығы, 

ақыл-парасаты, терең де тегеурінді, даналық нышанын 

танытатын  айтқыштығы  –  бәрі  де  көпшілікке  мәлім, 

оның ұлттық менталитетіне айналған, бойына сіңген 

асыл  да  абзал  қасиеттеріне  жатады.  Қазақ  халқы 

шұрайлы сөздің шырайын келтіре білген халық, әсіресе 

тұрмыстық тіл өте күшті дамыған. Басы көсем, тілі ше-

шен қазақ халқы ер қанаты – жылқының ғана 50-60 атау-

ын білген. Қазір осыншама бай тіл болған бауырлардың 

ұлттық болмысынан айырылып, ұлттың жаны – ана тілін 

жоғалтып жатқаны өкінішті-ақ. Дүниедегі ең қымбат, ең 

жақын, өзімізге өмір сыйлаған асыл анамыз бен асқар 

таудай  әкемізді  ана  сүтімен  дарыған  тумысымыздан 

берілетін өз ана тілімізде атай алмай отырғанымызға 

не дейміз, бұған қалай қынжылмасқа, қалай арланбасқа 

болады!?

«Мама» мен «папаны» қазақшалай алмай отырып, 

дүние  жүзі  елдері  тікелей  қолданатын  сан-салалы 

ғылыми термин сөздерді сыпыра қазақшалаймыз деп 

әуре болып жатқанымызға жол болсын! Ата-анамызды 

ана тілінде атамасақ, шынында да біз кімбіз, осы біз 

қазақпыз ба? 

Ата-ана – киелі ұғымдар. Ақ жаулықты ананың киесі 

мен  бабамыздың  рухын  жоғалтып  алған  жоқпыз  ба? 

Неге жастарымызда ананың ақ сүтімен енген өз тіліне 

деген ынтасы жоқ, неге оны ағылшын, орыс тілдерінен 

төмен санайды? Менің ойымша, оның себебі – қазақ 

тілінің  қоғамдық  дәрежесінің  төмендігі,  ол  тілдің  әлі 

де  өмір  қажеттілігіне  айнала  алмай  отырғандығы, 

өз елінде, өз жерінде өз халқынан жетімдік көруі деп 

білемін. Әрине, оның басты себебі, кешегі кеңес кезінде 

жүйелі  тәртіп,  пәрменді  заң,  әлеуметтік  жетістіктер 

болғанымен,  тоталитарлық-әміршілік  пен  орыстан-

дыру саясаты қазақ рухын түсіріп, оның ана тілін, төл 

мәдениеті мен тәрбие үлгілерін жоққа шығарды. Оны 

жоғалтудың, елді бездірудің түрлі әдіс-тәсілдерін ойлап 

тапты. Қазақ ұлтын, оның тарихы мен ұлы тұлғаларын 

құбыжық, күлкі етті. Мәдени мұраларын жойды. Содан 

барып дінін, ділін, тілін білмейтін, туған-туысын таны-

майтын, ұлтын сыйламайтын, ата-ананы тыңдамайтын 

ұрпақ  өсіп  шықты.  Кез-келген  басқыншылық  саясат 

секілді Ресейдің саясаты да қазақтың тарихын, дінін, 

салт-дәстүрін,  тілін  құртуға  бағытталды,  тарихты 

бұрмалап,  жер-су  атауларын  орыстандырды.  Салт- 

дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп халықтың санасынан 

шығаруға тырысты. Әрине, бұл саясаттың етек жаюына 

қолшоқпар болған, жігерсіз, көнбіс, жалтақ- жағымпаз 

қауым пайда болды, сол жігерсіз қауымның ұрпақтары 

бүгінге жетіп, тілін, туған халқының салт- дәстүрін, ұлтын 

менсінбей, халықты шатастырып келеді. Міне, осылай-

ша, біздер ана тілімізді қорлау арқылы ұрпағымызды 

ата-баба зердесінен айырып отырғанымызды ескере 

бермейміз. 

Ұлт болу үшін, М.Шаханов айтқандай, қасиетті төрт 

ананы қадірлеу керек: ұлттық тіл, ұлттық тарих, салт-

дәстүр мен ұлттық өнер. Әсіресе, тілімізді бірінші орынға 

қою қажет. Себебі, қазақ тілінің көсегесін көгертпесек, 

онда ешқашан ұлт ретінде өзімізді өзгелерге мойындата 

да, сыйлата да алмаймыз. Мемлекеттің келешегі – бой-

ында ұлттық намысы кернеген қазақ жастарында.

Латын  тілінде  «мамма»  -  әйел  адамның  кеудесі 

ұғымын,  ал  «папа»  сөзі  латын,  грек  тілдерінде  рим-

католик шіркеуінің басшысы, әкесі ұғымын береді екен. 

Сонда «мама» мен «папаның» ұлттық болмысымызға 

сай қазақша қаратпа атаулары қандай болуы керек? 

Бұл мәселенің мүддесінен шығып, ол былай деп кесіп 

айту қиын. Еліміздің әр аймағында жергілікті диалектіге 

байланысты әркімдер әртүрлі атап жүр. Әдетте «мама» 

сөзінің орнына – ана, апа, шеше, тәте, ал «папа» сөзінің 

орнына - әке, көке, ата атаулары қолданылады. Қалай 

болғанда да, олардың өзіміздің ана тілінде болу керектігі 

талассыз. Алдағы уақытта жас буын жеткіншектердің 

тілін  «мамалатпай»  -  аналатсақ,  «папалатпай»  - 

әкелетсек деймін, қадірлі оқырман!

Сонда бұл атаулардың мәні де, салмағы да өзгеше 

болар еді. Қасиетті тілімізді жастарға үлгі етіп, әдет-

ғұрпымызды  сөзуарлықпен  емес,  тәжірибемізбен 

ұқтыра алсақ, салт-дәстүріміз бен тіліміз жанданар еді, 

рухымызға тірек бітіп, халқымыз құл болған сезімнен 

арылып,  өр  сезімді  жастарды  өсіріп  шығаруға  жол 

ашылар еді. 

Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Өзіміз түзелмей, 

сөзіміз түзелмейді деп білемін. 



 жұмабай НәБиұлы, 

 құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

                      

кафедрасының  оқытушысы  С.М.Сатығалиева,  жоғары 

оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бөлімінің  жетекшісі 

ж.К.Тастаева және университеттің магистранттары мен 

студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер 

көтерілген мәселенің мән-маңызына айрықша көңіл бөліп, 

қазіргі таңдағы жастардың ғаламторға көптеп бет алғанын 

ерекше атап өтті. 

Әрине,  ғаламтордың  пайдасын  да  жоққа  шығаруға 

болмайды.  Ғаламтор  басқа  ақпарат  құралдарының 

(радио,  теледидар,  газет,  журнал)  қатарына  еніп, 

байланысқа  кірудің  жаңа  бір  түрін  әкелді.  Ол  адамды 

мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа 

түсіре  алады.  Адамға  осы  мағлұматтарға  әртүрлі 

жолдар  арқылы  (диалог,  іздеп  табу,  көзқарасын  айту 

сияқты)  қатысуға  мүмкіндік  туғызады.  Сонымен  қатар, 

электрондық  поштаның  мүмкіндігін  ерекше  атап  өткен 

жөн. Электронды пошта әлемдегі байланысу жолдарының 

ең  арзаны,  әрі  ең  жылдамына  айналды.  Бұл  арқылы 

әлемнің  кез-келген  бұрышындағы  адамға  қас-қағым 

сәтте түрлі ақпараттарымызды жібере аламыз. Алайда 

ғаламтордың пайдасымен қатар зиян жағы да кездеседі. 

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мына-

дай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі 

отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-

теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі 

адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде 

ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ 

түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу 

мен  есте  сақтаудың  кемуі,  бас  ауруы  мен  ұйқысыздық, 

көңіл-күйдің құлазуы.

Сондықтан ғаламтордың пайдасы мен зиянын қатар 

ескеріп, өзіміздің болашағымызға, денсаулығымызға көңіл 

бөлуді ұмытпағанымыз жөн деп есептеймін.



Мейрамгүл СРАлиевА,

филология мамандығының 1курс магистранты

  Осы біз 

қазақпыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет