3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары



бет5/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сейлесудің, почта, телеграф және езге де хабарлардың құпиясы. Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылыққұпиясы заңның қорғауында болады. әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына қүқығы бар. Азаматтықпроцесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Меншікке қол сұғылмаушылық:

Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Азаматтықсот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақоны алып қою Азаматтықіс жүргізу Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін /4/.

Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және қазақстан Республикасының Конституциясымен заңға ғана бағынады

Судьялар мен соттар азаматтықістерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген.

Барлықадамдардың заң мен сот алдындагы теңдігі:

Азаматтықістер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтықсот ісін жүргізу барысында:

азаматтардың ешқайсысына артықшылықберілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі,әлеуметтік, лауазымдықжәне мүліктік жағдайы, жынысы, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша келтірмеуге тиіс. Заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылықберілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтықнысанасына, бағыныстылығына, меншік нысанасына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

Сот ісін жүргізу тілі:

Азаматтықістер бойынша сот іс мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Тараптар азаматтықсот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында аз бастамасымен айгақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі /4/.

Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толықжөне объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды /3/.

Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау:

Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толыққарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заңмен ар-ұятты басшылыққа алады.

Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

Куәлік жауап беру міндетінен босату:

Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге міндетті емес.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.

Білікті заң көмегін алуға қуқықты қамтамасыз ету

әр адамның азаматтықпроцесс барысын Азаматтықіс жүргізу Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі /4/.

Сотта істі қараудың жариялылығы:

Барлықсоттар мен барлықсот сатыларында сотта істі қарау ашықжүргізіледі.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақбала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялықнемесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашықайтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашыққарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақАзаматтықіс жүргізу Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабықсот отырысында жүзеге асырылады /3/.

Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысты ашықсот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабықсот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақтехникалыққұралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды меттеген кезде де қолданылады /4/.

Соттың жабықотырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашыларда қатысады.

Сот істі соттың жабықотырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.

Жабықсот отырығында істі қарау азаматтықсот ісін жүргізудің барлықережелері сақтала отырып жүргізіледі.

Іске қатысушы адамдар мен ашықсот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланын жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске катысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мумкін. Сотта істі қарау барысында кауіпсіздікті қамтамасыз ету:

Сотта істі қарау соттың жұмысы және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін камтамасыз ететін жағдайда жургізіледі. Судьялар мен сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалықетуші істі қарау кезінде қатысқысы келген адамдарға тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландырытын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім бере алады. Сот актілерінің міндеттілігі: Сот азаматтықістер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды /9/.

Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақсоттармен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлықмемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдықбірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыктарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы: Соттың әрекеттері мен шешімдеріне Азаматтықіс-жүргізу Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін іске қатысушы адамдардың осы кодексте белгіленген төртіппен шешімді жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар /4/.

Азаматтықсот ісін жүргізу принциптерінің мәні:

Азаматтықсот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің кепіл жоюға әкеп соғады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет