3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


Азаматтықсот ісін жүргізудің



бет4/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
курсовая основная каз

1.2. Азаматтықсот ісін жүргізудің

міндеттері мен принциптері

Азаматтык сот ісін жүргізудің міндеттері:

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқықтәртібін нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Сот істерді азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтықактілердің талаптарын дәлме-дәл сактауға міндетті.

Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтықактілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтықакт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандыктарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және КонституциялықКодекске осы актіні конституциялықемес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот КонституциялықКеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады /5/.

Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңының бұзылуына кінәлі судья заңда билгіленгендей жауапты болады.

Сот істі шешу күшінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артықзаң күші бар құқықтықактілерді қолданады.

Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқықнормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқықнормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.

Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылықшешімдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

Азаматтықістер бойынша сот төрелігін азаматтықіс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнінде болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

Төтенше, сондай-ақөзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.

¤з қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтықсот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтықсот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттын шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.

Азаматтықіс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады /4/.

Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау:

әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялыққұқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдықжәне мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.

Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

Жеке адамның арнамысы мен қадір-қасиетін құрметтеу

1. Азаматтықіс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтықпроцеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

2. Азаматтықсот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдықзиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс /8/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет