3 дәріс. Педагогика әдіснамасының жалпығылыми деңгейі. Жоспары



бет2/6
Дата21.12.2023
өлшемі45,63 Kb.
#142093
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 дәріс Документ Microsoft Office Word

«Парадигма» ұғымы. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар кездеседі: Парадигма – (грек. Рaradeigma – үлгі)
1. Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер жүйесі.
2. Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория.
3. Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әр түрлі дүниеге көзқарас тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым.
Педагогикалық сөздікте «парадигма» белгілі бір кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі.
Парадигма ұғымын ғылымға енгізген Бергман, ал оны зерттеген американдық физик, философ Т. Кун. Ғалымның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма» ‒ қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін анықтайтын алғышарттардың жиынтығы. Философия мен әлеуметтануда парадигма – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым.
Логикада парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт эталоны мен ғылыми таным үдерісінде ғылым негіздерін жүйелеуде, бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы ретінде көрсетіледі.
Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі.
Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Біріншісіне Т.Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми айналымдағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың екінші түсінігі В.В.Краевский, Е.В.Бондаревская, И.А.Колесниковалардың пайымдауынша, парадигма мазмұны, идеялары, негізгі білім жүйесін жобалаудың тұғырлары, білім стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс деп қарастырылады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім және біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; ақпаратты кодтау және тарату ұстанымдары; адамзаттың мәдени дамуын ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру үдерісінде білім мен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде педагогтың орны мен ролін түсіну; тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы білім алушының орны мен рөлін анықтау және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет