ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................22-23
КІРІСПЕ
Тақырыптыңөзектілігі. Қандай қоғамдық құрылыста болса да отбасы мен адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторлардың бірі болып келеді. Белгілі бір тарихи заман мен белгілі елдің адамдары тіршілік ететін кездегі қоғамдық ұстанымдар өндірістің екі түріне: бір жағынан еңбектің, екінші жағынан, отбасының даму дәрежесіне байланысты. Олай болса, отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз байланысты болады да, әр қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер отбасы мен неке дәрежесіне әсер етіп өзгеріп, жаңарып отырады. Мұның өзі отбасы мен неке мәселесінің үлкен қоғамдық мәселе екендігін айқындай түседі.
Отбасы мен неке туралы ғылымда көптеген зерттеулер жүргізіліп, монографиялар да жазылған. Солардың ішінде осы күнге дейін ғылым үшін мәнін жоймай келе жатқан, көне қауымдағы отбасы мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан қарастыратын зерттеулермен қатар жекелеген халықтардың отбасы және неке тарихын этнографиялық тұрғыда сипаттайтын монографиялар да аз емес. Олардың әрқайсысы өз кезінде заманның сан алуан құпия сырларын ашып, адам қоғамының көне тарихын ғылми тұрғыда жазуға себін тигізді.
Ал, этнография ғылымының қазіргі табыстары қоғам дамуын, отбасы тарихын зерттеушілерге аса құнды, жаңа деректер беріп отыр. Бұдан, әрине қазіргі таңда барлық халық этнографиялық тұрғыда түгелдей жете зерттеліп болды деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, дүние жүзінің азды — көпті халықтары мен ұлттары туралы жүргізіліп жатқан ғылми зерттеулер олардың өміріндегі сан-алуан сырларды, тарихи шындықты үсті-үстіне аша түсуде. Осыған орай бүгінгі таңда жекелеген халықтардың отбасы тарихын кеңінен зерттеудің қажеттігі туып отыр. Сондықтан да қазақ халқын этнографиялық тұрғыда жан-жақты зерттеудің бір саласы ретінде қазақтың отбасы мен неке мәселесін ғылыми тұрғыда қарастыру осы таңда басты нысана болып отыр.
Қазіргі кездегі отбасын және ондағы процестерді зерттеу тек қана ғылыми-теориялық сипат емес, сонымен қатар тәжірибелік мазмұнға да ие болып отыр. Отбасы мәселесі, неке-отбасылық қатынастың нығаюы қоғамды да, мемлекетті де ойландырады. «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Отбасы мен неке адам баласының дүниеге келуімен, оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отырғандықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторлардың бірі болып табылады. Мұның өзі отбасы мен неке тұрақтылығының үлкен қоғамдық мәселе екендігін айқындайды [1].
Қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Ғылымның қазіргі табыстары қоғам дамуы мен этнография тарихын зерттеушілерге аса құнды, жаңа деректер беріп отыр. Тәуелсіздік алған Қазақстанда өтпелі нарықтық қатынастардың ауыр кезеңін бастан кешірген неке және отбасы жағдайы тарихи-этнографиялық және этносоциологиялық зерттеулерді қажет етеді. Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін неке және отбасы жағдайы тұрақты болуы қажет.
Неке тұрақтылығын зерттеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан өңірі алынып отыр. Біріншіден, бұл аймақ қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы сақталынған жер. Екіншіден, қазақтармен қоса басқа да ұлт өкілдері (өзбек, күрд, тәжік, орыс) тұрады. Отбасы және некеге байланысты қызығушылықтың тууы отбасының өміршеңдігіне байланысты. Бала туылуына, яғни демографияға қатысты неке тұрақтылығы және неке құрылымының жақсару мәселесі мемлекеттік маңызға ие болып отыр. Оған дәлел, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның үкіметпен бірлесе отырып жасаған қазіргі гендерлік саясат жөніндегі стратегиясының жобасы бола алады. Президенттің айтуынша: «Бұл мәселенің шешіміне еліміздің экономикалық өсу мақсаты тұрғысынан мән беру керек. Қоғамда неке және отбасылық қарым-қатынастарды ардақтау көзқарасын қалыптастырып, бұл құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіру қажет. Отбасының, әйелдер мен балалардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың дәл осындай тетігі бұрынғы Кеңестің кеңістік аумағында жоқ деуге болады» [2].
Неке құрылымы, ішкі отбасылық қатынас, отбасы құрамы, бала туу динамикасы – этникалық ерекшелік есебінде қаралады. Ұлтаралас некені зерттеу барысында кең көлемде этнодемографиялық және этносоциологиялық процестерді қамтуға болады. Ұлтаралас процестер мен этномәдени сипат, оның динамикасын, отбасы-неке қатынасының қазіргі қоғам дамуындағы орнын анықтау – жұмыстың өзектілігін көрсетеді.