3 І тарау қазақ халқының отбасы және некелесу дәСТҮрі


Неке тұрақтылығы мен ажырасу мәселелері



бет7/9
Дата13.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#42968
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
НЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БАЯНДАМА

2.2 Неке тұрақтылығы мен ажырасу мәселелері

Неке тұрақтылығына әсер ететін отбасы құрамы, ішкі отбасылық қатынас, жұбайлардың білім дәрежесі, әлеуметтік-экономикалық жағдай, бос уақытты тиімді пайдалану, рухани жағдайлардың ықпал етуі қарастырылады. Қазіргі таңда шаңырақ құрудың мазмұны, мақсаты, саны кез келген адамды ойландырады. Зерттеу нысанымыз болған Оңтүстік Қазақстанда, жалпы республика бойынша отбасылар саны 1989 жылмен салыстырғанда азайған. Дегенмен, Қазақстанның басқа аймағымен салыстырғанда халық саны көп шоғырланғандықтан, өңірдегі отбасы саны да басым.


Толық отбасылардың, яғни ата-аналары мен балалардан тұратын отбасылардың көрсеткіші 75,9–81,9%. Жалғыз басты ер адам не жесір әйел балаларымен бірге тұратын жағдайлар да кездеседі. Осындай толық емес отбасының үлесі – 20,1–11,7 %. Орыс, неміс ұлтында бір ұрпақты отбасы кең тараған. Негізінен оған жоғары ұрпақ өкілі, балалары өз беттерінше басқа жаққа көшіп кеткен, ата-ана ғана тұратын отбасы жатады. Зейнеткерлерден тұратын бір ұрпақты отбасы европалық этностарда, оның ішінде орыстарда жиі болғанымен, қазақтар мен өзбектерде сирек кездеседі. Отбасының бұл түріне баласы жоқ жас және орта буынды жатқызуға болады. Біз зерттеген аймақта бұндай отбасының үлес салмағы 4,7–8,9 %.
Қазақ отбасында екінші орында үш ұрпақты отбасы тұрады. Оңтүстік Қазақстанда ол 16,8–25,2% үлес салмағын алады. Бұл отбасыларда жас буын мен орта буын толық, ал жоғары буын толық емес, ата немесе әженің ғана болуы. Үш ұрпақты отбасы полиэтникалық аудандарға қарағанда моноэтникалық аудандарда басымырақ. Бұндай отбасылар 20,4 % көлемінде. Кей жағдайда ата-ана үйленген екі ұлымен де тұратын отбасылар кездеседі. Төртұрпақты отбасы салыстырмалы түрде 0,3–1,5 % ғана алады. Төртұрпақты отбасы түркі тілдес этностарда, әсіресе ауылдық жерлердегі қазақтар мен өзбектерде кең тараған. Отбасы құрамына этникалық, әлеуметтік факторлармен қатар отбасындағы балалардың саны әсер етеді. Көп балалы отбасы қазақтарда кең тараған. Шаңырақ бақытының, ерлі-зайыптылардың рухани, мәдени өрісінің үлкен көрсеткіші – көп бала тәрбиелеп өсіру. Қазақ баланың көп болғанын бақыттылықтың белгісіне санаған. Қатарынан бірнеше ұл тапқан келіндер ағайын ішінде беделді, қасиетті аналар атанған. Оңтүстік Қазақстан өңірінің барлық облыстары бойынша ауылдық жердегі отбасыларда бала саны басым. Этнографиялық мәліметтер көрсеткендей, көп баланың болуы жоғарғы буыны бар отбасыларда және жұмысшылардың отбасында көбірек кездеседі. Бұндай көп балалы отбасынан шыққан жасөспірім еңбекқор, үлкенді сыйлайтын, құрметтейтін болады. Ал, қызметкерлердің, әсіресе интеллигенция отбасыларында 2–4 баламен шектеледі.
Ұлтаралас некенің ерекшелігі отбасындағы бала санының аз болуы. Түркі халықтарынан құралған ұлтаралас отбасыларда (қазақ пен өзбек, өзбек пен ұйғыр, түрік пен әзірбайжан) бала саны басым. Аталған этностар европалық этностармен ұлтаралас неке құрып, өз этникалық орталарында немесе ауылдық жерде тұрған жағдайда баланың көп болғанын қалайды. Бұл шығыс халықтарына тән менталитет, яғни орташа көрсеткіш 2,8 бала. Керісінше ұлтаралас отбасыларда әйелдері еуропалық этнос болса, түркі этностарына қарағанда балалардың саны аз болып келеді. Сонымен қатар полиэтникалы аудандар мен қалалардағы отбасыларда да осындай бағыт кең өріс алған.
Ішкі отбасылық қатынас мәселесінде қазіргі қазақ отбасындағы туысқандық байланысты айтпау мүмкін емес. Туысқандық байланыс ата-ана мен бала арасында ғана емес, яғни екінші, үшінші, тіпті, жетінші атаға дейінгі туыстармен жалғасады. Аталған байланыс Оңтүстік Қазақстанның барлық облыстарында сақталған. Әрқашан туысқандармен тығыз байланысып, бір-біріне өзара көмек көрсетіп жүретін отбасылар көрініс берді. Туыстарға материалдық және рухани көмек көрсету міндет болып саналады. Егер көмек көрсетпесе көптің талқысына қалады. Туысқандық байланыс ауылдық жерлермен қатар қалада да сақталған. Ұлтаралас некеде туысқандық байланыстың ауқымы тар келеді. Орыстарда туыстық байланыс ағасы, әпкесімен ғана шектеледі.
Неке тұрақтылығына келесі әсер ететін фактор – жұбайлардың біліми және мәдени дәрежесінің әр түрлі болуы. Соған байланысты ішкі отбасылық қатынас та өзгеріп отырады. Отбасы мүшелерінің рухани дәрежесі көптеген жағдайда отбасында қалыптасқан әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге де байланысты болып келетіні ақиқат. Оңтүстік Қазақстанның әр облысы бойынша жұ-байлардың білім дәрежесі де түрліше. 1999 жылғы санақ көрсетуіне қарасақ Оңтүстік Қазақстанда екі жыныс бойынша да жоғары және арнайы білімі бар азаматтардың саны өскен. Отбасы тұрақтылығын анықтауда ішкі отбасылық қатынаспен қатар, бос уақытты тиімді пайдалану да маңызды. Біріншіден, бос уақытын дұрыс өткізу жұбайлардың қарым-қатынасының қалыптасып, дамуына әсер етеді. Махаббат, достық, жолдастық – ортақ көзқарастың, талғамның, мәдени тұрмыстық ғұрыптың барысында қалыптасады. Бос уақытын тиімді пайдаланған жұбайлардың күнделікті тұрмыстық бейнеті аз да болса ұмытылады. Бұны «психологиялық демалыс» деп атаса болады. Екіншіден, демалыс жұбайлардың мәдени дамуына әсер етеді. Мәдени және адамгершілік құндылықтардың сақталуы, дамуы отбасындағы және отбасынан тыс қатынасқа негізделеді. Отбасы мүшелерінің бос уақытын қызықты, мәнді өткізуі объективті жағдайларға (отбасының өмір сүру кезеңі, түрі, балалар саны мен жасы, материалдық игілігі, әлеуметтік-демографиялық сипаты) және отбасындағы психологиялық ахуалға байланысты. Бұл жерде көршілік, жолдастық, әріптестік қарым-қатынастың да маңызы ерекше. Этнография ғылымында ажырасу себептері, одан шығудың жолдары, ажырасқан отбасылардағы балалардың жағдайы қарастырылады. Демографиялық көзқарас бойынша некенің басты мақсаты – тұрақтылық, яғни адамзаттың сақталуын қамтамасыз ету. Ажырасудың қазіргі таңда орын алуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, Кеңес дәуірінде Қазан төңкерісіне дейін діннің дәмін татқан иманды қарт аналар мен аталар ажырасуды масқара санап, жастарды тиып отырды. Екіншіден, ажырасуға Кеңес кезеңінде де «моральдық азғындау» деген көзқарас қалыптасқан. Дәстүрге байланысты қазақ халқы ешуақытта ажырасуды құптамаған. Ислам дінінде ажырасуға жеңіл түрде қарауға тиым салынған. Заманның өзгеруіне байланысты қазіргі таңда біздің елімізде ажырасу көбейіп отыр. В.И. Лавриненко ажырасуға әсер ететін факторларды екі топқа бөледі: некеге тұру нәтижесіндегі әсер ететін факторлар, неке құрмай тұрған кездегі әсер ететін факторлар. Неке құрмай тұрып ажырасу қаупі бар факторларға мыналарды жатқызамыз: неке құратын жұбайлардың жас алшақтығы мен білім деңгейлерінің әр түрлі болуы, жұбайлардың біреуінің маскүнемдікті жақсы көруі, некеге жастай отыру, некеге тұрмай тұрып бала көтеріп қалу, танысқан уақыттың аздығы, бірін-бірі аз білуі, некеге ата-аналарының келіспеуі, өз келісімінсіз некеге отыру.
Сонымен қатар, А.И. Кочетов неке құрғаннан кейін алғашқы жылдардағы неке тұрақтылығына әсер ететін факторларды былай көрсетеді:
1) ерлі-зайыптылардың арасында қарым-қатынасының бұзылуы (көзіне шөп салу, қызғаншақтық);
2) биологиялық сәйкессіздік (баласыздық, жыныстық дисгармония);
3) жұбайлардың біреуінің басқа адамдармен тіл табыса алмауы (туыс-қандармен, таныстармен, әріптестермен);
4) Қызығушылықтарының әр түрлі болуы;
5) Балаға тәрбие беруде көзқарастың екі жаққа бөлінуі;
6) Жеке бастарында кемшіліктің көп болуы.
Орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде неке-отбасылық қатынасқа байланысты «сапалы неке» термині қолданылады. Белгілі поляк социологі Я. Щепанский некенің жетістікке жетуін былай көрсетеді:
1) неке тұрақтылығы;
2) жұбайлардың субъективті түрде бақытты болуы;
3) некеге тұруда өз мақсаттарына жету;
4) ерлі-зайыптылардың жеке тұлға ретіндегі шығармашылығының дамуы, белсенділіктің артуы, жақсы бала тәрбиелеу;
5) ерлі-зайыптылар арасында дағдарыстың, ұрыс-жанжалдың болмауы.
А.Г. Харчев пен М.С. Мацковский неке-отбасылық қатынастың жетістігіне мынадай компоненттер әсер етеді деп көрсетеді:
1) әлеуметтік функцияларды орындау сипаты;
2) жеке тұлғалық функцияларды орындау;
3) ерлі-зайыптылардың некемен қанағаттануы;
4) неке тұрақтылығы деңгейі;
5) отбасының ересек мүшелерінің дамуына отбасының әсері [38].
Келесі кезекте ажырасудың жас ерекшелігін анықтаймыз. Зерттеп отырған мәселені шешу мақсатында әр облыс бойынша белгілі жас мөлшеріндегі ажырасқан ерлер мен әйелдерді бөліп қарастырамыз. 16–19 жас аралығында некеге аз отыратындықтан, ажырасу да көп емес. Соған қарамастан 16–19 жас аралығында ажырасу ерлерге қарағанда әйелдерде көбірек. Бұл жас аралығындағы ажырасуға жастардың неке мен отбасына мүлдем дайындықтарының жоқтығы, некесіз тым ертерек екіқабат болуы, мінездерінің сәйкес келмеуі, кейін тағы үйленем деген үміт және т.б. себептер әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет