3 І тарау қазақ халқының отбасы және некелесу дәСТҮрі


Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері



бет3/9
Дата13.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#42968
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Нақты тарихнамалық талдау нәтижесі Оңтүстік Қазақстандағы неке-отбасылық қатынастың ерекшелігін ашатын ғылыми жұмыстардың аздығын көрсетті. Бұл ең бірінші моноэтникалық және полиэтникалық аудандардағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығына әсер ететін факторларға байланысты. Мәселені ашып көрсету мақсатында нақты аймақты таңдау арқылы, Оңтүстік Қазақстан мысалында толықтырамыз. Нақты тарихи-этнологиялық, оның ішінде этносоциологиялық материалдар мен деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелерді зерттеудегі мақсатымыз – неке тұрақтылығын анықтау. Көтерілген мәселелер әлеуметтік-тарихи тұрғыда қаралады. Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін, алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:

  • отбасының негізгі міндеттерін талдау, ұлттық және жаңа сипаттық байланысын анықтау, қазіргі кездегі отбасы мазмұнын ашу;

  • ұлтаралас қатынаста және ұлтаралас неке дамуында жаңа бағыттарды көрсету;

  • нақты статистикалық мәліметтерге талдау жасай отырып, бірұлтты некеге қарағанда ұлтаралас неке ерекшелігіне тоқталу;

  • некелік қатынаста некеге тұру жасын, неке қию түрлерін, неке тұрақтылығын анықтау;

  • ажырасқан отбасындағы балалардың психологиялық жағдайын қарастыру.

1980 жылдардың екінші жартысынан бастап 2000 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең тарихи оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге толы. Атап айтқанда, М.С. Горбачевтің реформалары мен қайта құрулары, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, Кеңес одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру жолындағы қиын-шылықтар мен қайшылықтар және т.б. Нақ осы жылдары жоғарыда көрсетілген оқиғаларға байланысты неке-отбасылық қатынаста да үлкен өзгерістер болды. Әрине, 1990 жылдардағы экономикалық тоқырау әсерінен ажырасу, бала тууды шектеу орын алды. Аталған жағдайлар Кеңес үкіметі кезіндегі және одан кейінгі отбасы, неке мәселесін салыстыра отырып жазуға мүмкіндік береді.
Неке тұрақсыздығына негізінен әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және физиологиялық факторлар әсер етеді. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіштері қалаларда, ірі полиэтникалық елді-мекендерде, ал ең төменгі көрсеткіші ауылда, әсіресе жергілікті тұрғындардың арасында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет