3 І тарау қазақ халқының отбасы және некелесу дәСТҮрі



бет8/9
Дата13.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#42968
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
НЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БАЯНДАМА

ҚОРЫТЫНДЫ
Оңтүстік Қазақстанда, тіпті республика бойынша қазір 1989 жылмен салыстырғанда некеге тұрушылардың санының азайғандығын көреміз. Оған қоса неке құру жасының біршама өскендігі байқалады. Қыздар көбіне 18–24 жас, ал ерлердің басым бөлігі 20–29 жас аралығында некеге отырады. Зерттеу мәліметтерінің негізінде неке тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды анықтадық. Біріншіден, некенің тұрақты болуына этникалық құндылықтар, оның ішінде ата-анаға, үлкендерге, отбасы мүшелеріне деген құрмет әсер етеді. Аталған бағыт барлық құндылықтарды сақтаған жоғарғы ұрпақ өкілдері бар үш-төрт ұрпақты отбасыларда кең тараған. Екіншіден, біздің субъективті көзқарасымыз бойынша неке құндылығы жұбайлардың өскен этникалық ортасында қалыптасады. Мысалы, қазақтар шоғырланған аудан және ауылдық жерлердегі отбасының тұрақты болуына туысқандары, тіпті қоғам әсер етеді. Жоғарғы буын өкілдері бар ортадағы этникалық тәртіп отбасының тұрақты болуын қадағалайды. Бұл ережелерден бас тартқан жұбайлар сыртқы ортаның сөгісіне қалады.
Неке тұрақтылығына әлеуметтік, экономикалық-материалдық, шаруа-шылық-тұрмыстық, білімдік және мәдени, көршілік, достық, кәсіпкерлік бай-ланыстар әсер етеді. Аталған факторлардың ішінде 1980 жылдардың екінші жартысынан, яғни «қайта құрудан» басталған экономикалық фактордың орны ерекше. Бұл ауыр бағыт 1990 жылдардың басынан бастап нарықтық қатынасқа көшкен республика, әсіресе ауыл тұрғындары үшін ауыр тиді. Біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрақты жұмыспен ер адам айналысып, әйел адам үй шаруашылығы, бала бағумен айналысты. Нарықтық экономика салдарынан ауылды жерлерде отбасын асыраушы ер адамдардың біразы тұрақты жұмысынан айрылды. Нәтижесінде неке тұрақтылығының бұзылуына жол ашылды. Осы кезеңдердегі барлық қиыншылықтар отбасының жағдайына, оның ішінде неке тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Біріншіден, бұл отбасылардың объективті және субъективті қиыншылықтарға қарсы тұруына қиын болды. Екіншіден, отбасындағы дағдарыс әлеуметтік-аралас жұптарды да қамтыды. Жұбайлардың қалыптасқан статустары өзгеріске ұшырады. Сондықтан оны барлығы дұрыс алып жүре алмады. Бұл олардың арасындағы қарым-қатынасқа әсер етті.
Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша біз тұрақты некемен қатар, тұрақсыз отбасыларды кездестіреміз. Нақты дәлелсіз бірұлтты немесе ұлтаралас тұрақты деп айта алмаймыз. Бұл жерде объективті сипат қажет. Біз зерттеген Оңтүстік Қазақстандағы этностардың мысалында мынадай бағыттарды көрсетуге болады. Бұл аймақтағы жергілікті қазақ этносы үшін зерттеу мәліметтері негізінде бір-ұлтты неке тұрақты. Әрі қарай тұрақтылыққа байланысты түркі этностарынан – өзбек, татар, ұйғыр, қырғыз, азербайжан, түрік, башқұрттан тұратын ұлтаралас неке тұрақты. Еуропалық этностар – орыс, украин, белорус, поляк, неміс, еврейден тұратын ұлтаралас неке тұрақсыз. Бұл этномәдени қарама-қайшылықпен қатар, ата-ана, туысқандарының ұлтаралас отбасына қарсы болуының нәтижесі.
Ұлтаралас некеге отыру объективті және субъективті факторларға байланысты түсіндіріледі. Біріншіден, республикамыздың тарихи, этномәдени дамуының нәти-жесі. Бұл жылдар, ғасырлар бойғы Қазақстан халқының көпұлтты мемлекетке айналуы. Ол түрлі этникалық, антропологиялық, мәдени-тұрмыстық көрсеткіш-терді бойына сіңірген көптеген этностардың араласу орталығына айналды. Бұл шығу тегі, діні, мәдениеті жақын этностардың (шығыссловян халықтары орыс, украин, белорус немесе түркі тілдес халықтардың арасындағы қазақ, өзбек, татар, ұйғыр арасындағы) ұлтаралас отбасын құруына әкелді. Этномәдени көрсеткіштері қарама-қайшы еуропалық этноспен түркі этносынан құралған отбасылардың тұрақты неке құруы қиын. Себебі, жұбайлардың отбасылық тәрбиесі, мәдени құндылықтары екі бөлек. Керісінше, туысқан этностармен құрған ұлтаралас отбасының тұрақты болуы әбден мүмкін. Екіншіден, саны жағынан аз этностардың неке құруда өз этносының өкілінен екінші жұбын таңдаудағы шектеулік. Кеңестік саясат негізінде күшпен Қазақстанға көшірілген басқа ұлт өкілдері саны аз болғандықтан басқа ұлт өкілдерімен некеге отырады. Үшіншіден, махаббат, рухани қажеттілік сияқты субъективті факторлардың болуы. Егер Кеңес үкіметі кезінде көптеген этностардың арасында титулды этнос орыстармен некеге отыру жиі көрініс берсе, XX ғасырдың 90 жылдарынан бері қарай керісінше бағыт орын алды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша жергілікті титулды қазақ этносымен некеге отыру көбейді.
Жұмыстағы бұл және т.б. мәселелерді көрсетудегі мақсатымыз неке тұрақтылығын анықтап ғана қоймай, толық емес отба-сылардан шыққан балалардың жан-жақты дамып, өсуіне жағдай жасауға көмектесу, жастардың халыққа деген сүйіспеншілік қасиеттерін бойларына сіңіруге үлес қосу. Соған байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жалпықазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне сенімдімін. Біз бірлесіп ойға алғанды орындап шығамыз» – дейді. Егеменді еліміздің азаматтарына ұлттық рух, Отан сүйгіштік тілейміз.
Қазіргі қазақ халқының рухани дүниесінде, отбасылық қатынастарында қол жеткен табыстардың шын сырын дұрыс түсіну үшін бұл мәселені тарихи тұрғыда қарастырып, оның даму кезеңдері мен жолдарын анықтау керек. Қай халықтың болса да өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып, оның болашағына болжам жасалады. Демек, Г. В. Плеханов айтқандай, «адам өмірінің даму заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін біз ең алдымен оның өткен өміріне байланысты мағлұматтарды мұқият зерттеуіміз керек. Өйткені еткенді дұрыс түсінудің негізінде ғана біз болашақты болжай аламыз». Осындай қағидаға сүйене отырып жұмысымыз еткенді жан-жақты зерттеу арқылы қазіргіні терең түсініп, қазақ халқының соңғы екі ғасырлық тарихында отбасы және неке құру қатынастарында болған даму жолын тырыстық.
Төңкеріске дейінгі қазақ отбасының түрлері мен отбасылық қарым-қатынастарды жан-жақты, терең талдаудың нәтижесінде қазақ отбасының негізгі түрі шағын дара отбасының болуымен бірге, дәстүрлі отбасының да көптеген таусыншақтарының сақталып келгендігін көреміз.
Жаңа отбасылық қатынастың негізі салынды. Мұндай отбасылар халық дәстүрлерінің жағымды жағын қалдыра отырып, түрі ұлттық жаңа мазмұнды дәстүрлерді қалыптастырды. Жаңа қоғамның даму барысында отбасылық қарым-қатынастар әртүрлі есеп-қисап, дүние нарқына мән берушіліктен мүмкіндігінше арылып, солайымен неке қүрушы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімі мен адал достығына негізделіп, отбасы дамуының тарихында жаңа сапалы өзгерістер пайда болатыны анық. Жаңа сапалы отбасы бүкіл адамзаттың өткен үрпақтары қалыптастырған ең жақсы дәстүрлерін ез бойына сіңіре отырып, ол денесі шыныққан, рухани жағынан әбден жетілген, адамгершілік қасиеттері мол жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастырудың қайнар көзі болмақ.


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет