3 І тарау қазақ халқының отбасы және некелесу дәСТҮрі


Неке, отбасына байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар



бет5/9
Дата13.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#42968
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
НЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БАЯНДАМА

1.2 Неке, отбасына байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс істеу, ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу, ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасын құру арқылы ұштастыруға келіседі. Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады. Сондықтан қыз да, жігіт те әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері де уәделеседі. Әрине, шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде болады. Сондықтан қай жағының туыстары болсын келісімін береді. Әдетте қыздың ата-анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағының ресми түрде құда түсуінің қажеттігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы туған-туыстары алдын ала дайындалып, 3—4 кісіні қүдалық сейлесуге аттандырады. Олар қыз әкесіне келіп, жастардың езара келіскендігін айтып, осы некеге олардың риза-шылық беруін өтінеді. Мұндайда қыз әкесі ризалығын айтып, баласына той жасап колынан ұзататындығын білдіреді.
Содан соң жігіт жағынан келген құдалар рахметін айтып «үкі тағарға» әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына болсын дайын екендігін айтады. Көпшілік жағдайда қыз әкесі мұндай көмектен бас тартпайды. Әдетте ол ұзату тойын үялмайтындай етіп өткізіп, баланың киім-кешегі мен төсек-орнын дұрыстап беруі екі жағымызға да абырой ғой, сондықтан шамаңа қарай кемектесуіңе қарсылығым жоқ, қуаныш екеуімізге де бірдей дегенді айтады. Ал, кейбіреулер жігіт әкесінен қайткен күнде де молырақ қаржы алу мақсатымен көмек мөлшерін де өзі айтады. Халық арасында мұны «салық салу» деп атандырған. Салық мөлшері кейде тіпті көбейіп те кетеді. Мұның сыртында «өлі тірісі», «той малы», «қоржын апару» әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз алдына [26]. Осы жайлардың бәрін пісіріп, ұзату тойының мерзіміне келісіп алған құдалар құйрық-бауыр жесіп, тиісті киттерін киіп ауылына қайтады. Бірақ, бұған қосымша келін түсіру тойын ұйымдастыру да жігіт жағының мойнында болатындығын еске алсақ мұның бәрі туған-туысқандардың көмегінсіз болмайтындығы да шындық. Олай болса баласы баратын отбасына салық салудың жөні осы екен деп орынсыз шығындатудың дәл қазіргі таңда қажеті де шамалы. Мол салықтың қажеттігін қызға беретін толық жасаумен байланыстыратындар да бар. Бірақ жасауды тым толық етіп берудің өзі де көңілге қонымды емес. Өйткені бұл жағдай оларды емірдің жеңіл жолдарына мегзейді.
Құдалық келісімі аяқталғаннан кейінгі міндетті түрде орындалатын ғұрып «қоржын апару». Құдалар ауылдары бір-бірінен алыс болса қоржын мен «өлі-тіріні» ұзату тойына барғанда апарады. Ал, ауыл арасы жақын немесе ауылдас болған жағдайда ұзату тойының алдында апарылады. Күйеудің қоржын апару сапарында оның жақын жеңгесі, ағасы және бірер жолдасы ілеседі. Қоржын апару ғұрпына байланысты қыз аулында «қоржын той» ұйымдастырылады. Күйеу ұрын барғанда апаратын сыйлықтарды қоржынға салып апаратындықтан да күйеудің қоржыны атанған. Ал, қазір «ұрын бару» салты өмір қажеттігінен шығып, ол атымен жойылды да оның орнына, «қоржын апару» әдеті қалыптасты. Бұл салтқа байланысты апарылатын сыйлықтарды қазір көбінесе қоржыннан басқа бұйымдарға салып апарғанмен, «қоржын апару» атауы берік сақталып келеді. Қоржынның бір басына қант-шай, өрік мейіз сияқты шай дәмі салынса, екіншісіне қыздың өзіне ата-анасына, жеңгелері мен бауырларына арналған еңдей киімдер, қоржынды не чемоданды ашушы әйелдерге арналған 30—40 м кездеме, ақша, сақина, жүзіктер мен білезіктер болады. Әдетте қоржын, сөгу не чемодан ашу қыз шешесінің үлкен абысындарының біріне тапсырылады. Сыйлықтарды бөлісіп қоржын той өткен соң күйеу жанына ерген серіктерімен аулына қайтады. Бұларға да киттер кигізіледі [27].
Қоржын той өткен соң екі жақта үйлену тойына дайындық жасайды. Ең алдымымен екі жақ та өздерінінің туысқандарын шақырып ақылдасады, әр туыс шамасына қарай тойға қосар үлесін береді.
Қазіргі кезде Қазақстанның қай өңірінде болса да ауылдық жердегі қыз ұзату, келін тусіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады. Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерекшеліктеріне қараймастан түгел шақырылады. Қанша кісі неше дүркін жиналатындығын алдын ала жоспарлап, оларды қабылдайтын үй, күтетін адамдар, берілетін тағам, сый-сыяпат бәрі де күні-бұрын дайындалады. Ең алғашқы күні ауыл үлкендері шақырылады. Кемпірлер тойға шашусыз келмейді. Тамақтан кейін той бастар айтып жолын алады. Әйелдерге сәтен, сиса сияқты маталар беріледі, оны әйелдер өзара бөліседі. Мұны қыз ұзату тойына күйеу жағы, келін түсіру тойына қыз жағы әкеледі. Бұл әдет әсіресе Маңғыстау түбегіндегі адайлар арасында кең тараған. Сол күні кешке қарай ауыл активі, интеллигенттері мен жастары әдейі дайындалған шақыру билеттері бойынша келеді. Бұлар әр бөлмеде жас мөлшеріне қарай отырады да, ортаға дастарқан жайылады. Қейінгі кезде қала тәртібі бойынша тағамның бәрін дастарқанға жасау көбейіп келеді. Жастар мен ауыл қызметкерлеріне арақ-шарап, суық тағамдар, қуырдақ, шай және ет беріледі. Қалыңдық пен күйеу жастармен бірге отырады. Дастарқанды асабалар басқарып, әркімге сөз беріп, жақсы-жақсы тілектер, жылы лебіздер айтылады. Қыз ұзату тойында жастар баян, аккордеонға қосылып жаңа мазмұнды жар-жар айтса, келін түсіру тойында бет ашар айтады. Мұндай дәстүрлі жырларды сазына келтіріп көңілді жастардың әсерлі орындауы, тойға жиналған қауымға үлкен әсер етумен бірге, жастардың эстетикалық талғамын ұштауға, оларды халық дәстүрлерінің негізінде адамгершілік қасиеттеріне сай тәрбиелеуге айтарлықтай себін тигізетін ұнамды әдет екендігі даусыз. Қазіргі айтылып жүрген жар-жар, беташарлардың мазмұны жас жұбайларға еңбекте табыс, зор бақыт, ұзақ өмір тілеумен бірге жастарды әдептілікке, өнегелілікке шақырады.
Үйлену тойында негізгі тағамдар берілгеннен кейін қазақ дәстүрі бойынша әнші-келіншектер мен өнерлі бозбалалар тойбастар айтады. Тойбастарды бірнеше жерден айтуы мүмкін. Олардың әрқайсысына той бастар кәдесін береді. Әдете табаққа түрлі тағамдар салып береді.
Тойбастар дәстүрі орындалғанан соң неше түрлі әндер айтылып, күйлер тартылады. Әрбір өнерлі азамат өз өнерін көрсетуден аянбайды. «Ұшты-ұшты», «көрші» т. б. қазақ ойындарын да ұйымдастырады. Жастарға арналған кешкі тойда би билеу ұнамды дәстүрге айналды [28].
Ұзатылатын қызды жаңа жұртына ертіп апару үшін орта есеппен 5—6 кісі ереді. Қейде 20—30 адамға дейін жіберіп, құдасын сынамақ болатындар да кездеседі. Мұның өзі күйеу жағын көп шығыңдандыратыны белгілі. Тіпті 20—30 кісіні бірнеше күн күтудің өзі қанша қаржыға түсетінін былай қойғанда, қанша уақыт пен еңбекті қажет етеді. Мұндай әдетті ауылдық жердегі жергілікті халықтың өзі қазіргі жағдайда дұрыс демейді.
Осы күні ұзатылатын қыздардың аттанар алдында сыңсуы, қоштасуы деген әдеттер көп кездеспейді. Қыздар жылаған күнде үнін шығармайды. Дауыстап жылау қазіргі жастар үшін сөкет керінеді.
Келін көші күйеу үйіне келгенде, оны ауылдың үлкенді-кішілі әйел, еркек, бозбалалар қарсы алады. Кемпірлер шашу шашып, арнайы дайындалған бөлмеге енгізеді. Жас келіннің жанында бірге келген жеңгесі не қыз жолдасы және күйеу жұртының бой жеткен қыздары той өткенше бірге болады. Ал жас келінді шымылдык ішінде отырғызып, көрімдік сұрау әдеті осы күнге дейін сақталған.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше [29]. Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатымен байланысты. Айталық қызды қолынан той жасап бергенде, оның тойы, киті, жасауына қанша қаржы, қанша адамның еңбегі, уақыты керек болады. Күйеу жағынан шығын тіпті көп. Сондықтан мұндай көп шығынды жағдайы көтермейтін отбасылар осы күні біле тұра қызын қашырып жіберу тәсіліне көшкен.
Жоғары оқу орындарында оқып жүрген ауыл жастарының үйлену тәртібі тіпті басқа, олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады. Бұлар бір ауылдан, ауданнан не облыстан келген жерлестер болуы да, әр облыстан болуы да мүмкін. Қазіргі оқып жүрген жастар үшін жерлестік есепке алынбайды. Бір-біріне ұнаса болды, олардың үй болуына басқа жағдай кедергі болмайды. Әдетте студенттер үйленер алдында әке-шешелеріне хабарлап, олардың келісімін алады. Екі жағы бірдей жастардың қосылуына келісім берген жағдайда той жасау тауқыметі түгелдей күйеу жағына түседі. Мұндайда күйеудің әке-шешесі не аға жеңгесі керекті қаржымен келіп қалада той еткізеді, Тойға қыздың әке-шешесі не аға жеңгесі (өте жақын туыстары ғана) шақырылады.
Аралас отбасылар негізінен қазақтардың әйелді басқа ұлттардан алуына байланысты құрылса, қазіргі таңда қазақ қыздарының да басқа ұлт жігітіне тұрмысқа шығуы айтарлықтай болып отыр. Бұл жағдайды, ең алдымен, қазақ пен славян тектес ұлттар арасындағы қарым-қатынастан көруге болады. Ал, татар, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек және түркмен сияқты ұлттармен қазақ арасындағы қарым-қатынас, әсіресе олармен іргелес аудандарда, ежелден-ақ кең өріс алған болатын [30].
Аралас отбасының құрылуын барлық халық түгелдей құптай береді деуге де болмайды. Әсіресе қарттар жағы наразылығын білдірмей қалмайды. Әдетте аралас некеге наразылық білдіретін қарттар, әр ұлттың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын, оларды өзге ұлттардың түсіне бермейтінін көлденең тартады. Шынында да әр отбасы басқа ұлттан болған келіннен де, күйеу баладан да өз ғұрпын сақтауды, оны мүмкіндігінше орындауды қалайды. Сондықтан мұндай жағдайға тез бейімделіп кеткендер тату отбасын құрып екі жақтың да тілін тауып, өз ұлтынан кем болмай бірігіп кетеді. Ал ортақ тіл таппаған жағдайда отбасының шырқы тез бұзылатын кездер де болып тұрады. Сондықтан аралас отбасын құру қай жағынан болса да неке мәселесіне өте мұқият қарауды талап етеді. Ұлттық әдет-ғүрып тосқауылнын жеңіп, отбасын құрған жағдайда екі ұлттың ең жақсы, алдыңғы қатарлы әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері тоғысып, өмірге деген көзқарас кеңейіп, бірін-бірі байыта, дамыта түскендей болу қажет.
Қейінгі 20—30 жыл ішінде отбасын құрған қазақ жастарының арасында қыз бен жігіт неке сақинасымен алмасып, оны оң қолына салып жүру дәстүрі күннен-күнге дамып келеді. Бұл дәстүр дүние жүзіне өте кең тараған көне халық дәстүрі. Бұрын мұндай әдетті білмеген ұлттар мен халықтардың жастары қазір оны кеңінен қолданатын болды. Неке сақинасы аса берік және өмірдегі ең жақын серігінің ескерткіш тартуы есебінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де көңіліне медеу боларлық із қалдырады.
Қазіргі неке құрған жастар тіркеліп неке куәлігін алады. Соңғы жылдарда үлкен қалаларда жақын ауылдардың жастары, әсіресе ауылдан келіп қалада оқитын студент жастар заңды азаматтық некеге тіркелу ісін арнайы неке құру сарайларында өткізеді. Онда ұйымдастырылатын жаңа дәстүрлер жастар өміріне жағымды әсерін тигізіп отыр.
Ауылдық жердегі қазақ жүртшылығы арасында әйел тастау не күйеуінен айырылысу қалаға қарағанда сиректеу. Жалпы отбасын бұзу әрекетін халық ұнатпайды. Дегенмен, халық соттарының архивін ақтарғанымызда сирек болса да айырылысу фактілері болып тұратындығына көз жетті. Айырылысудың негізгі себебі, бала болмауға, күйеуінің араққа әуестігінен туған келіспеушілікке, кейде ата-анамен байланысты [31].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет