2.1.4.Жеке өкілдері. Нитробензол (қайнау темп. 210°С) көп мөлшерде бензолды нитрлеу арқылы алынады. Таза күйінде ащы миндаль иісті, түссіз сұйықтық. Суда ерімейді. Кейбір заттар үшін еріткіш болып табылады. Судан ауыр. Улы. Тек қана анилин өндірісінде пайдаланылады деуге болады.
Үш нитробензол. Бензолды нитрлегенде үлкен қиындықпен алынады. Әдеттегі алу жолы — үш нитротолуолды тотықтыру және карбоксилсіздендіру. Балқу темп. 172° С. Күшті, бірақ қолға аз түсетін қопарылғыш зат.
Нитротолуолдар.Толуолды нитрлеумен алынады. п-Нитротолуол — кристалдық зат. Нитротолуолдар бояғыштар өндірісінде маңызды жартылай шикізат — толуидиндерді алу үшін пайдаланылады.
Үш нитротолуол (тротил). Толуолды нитрлеу арқылы алынады. Сары түсті кристалдар. Балқу темп. 80,8°С. Аса маңызды қопарылғыш зат.
Нитромускустар — ароматик көмірсутектердің құрамында үшіншілік бутил тобы бар полинитроқосылыстар. Мускусты елестететін иісі бар, пар-фюмерияда кебінеее сабындардың арзан түрлерін «иістендіру» үшін қолданылады, мысалы
Май катарының нитроқосылыстары қандай тәсілдермен алынса, бүйір тізбегінде нитротобы бар нитроқосылыстар да сондай тәсілдермен алынады 1. Бензол гомологтарын сұйытылған азот қышқылымен нитрлеу (Қоновалов реакциясы) арқылы:
Бұл жағдайда радикалға ұқсас азоттың қос тотығы нитрлегіш агент болып табылады (А. И. Титов). Процесс тізбекті механизм бойынша жүреді:
2.Бүйір тізбегінде галогені бар галоген туындылардың күміс нитрімен реакциясы арқылы:
3.Бүйір тізбегінде карбоксил және нитротобы бар б-нитроқышқылдарды карбоксилсіздендіру арқылы алу. Бұл фенилнитрометан алудың әдеттегі әдісі: