3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ӨТЕ САҚ САЛЛИ



бет11/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ӨТЕ САҚ САЛЛИ


Неліктен Салли өзін осылай ұстайды?
Мұғалімдердің көбісіне өз сыныптарында Салли сияқты оқушылардың болғаны ұнайды.
Саллидің бастауыш мектептегі мұғалімдері оны олардың нұсқаулықтарына сəйкес дəл орындаған жұмыстары үшін мақтауы мүмкін. Оның тестілерінің көптеген нəтижелері хабарландырулар тақтасында 100 пайыз дұрыс жауаптармен көрсетілді жəне оған ерекше артықшылықтар берілді. Салли осындай əлеуметтік мадақтауларға үйренген жəне бұл мадақтың жоғалуына əкелетін бірдемені сынап көруге қорқады. Оның өзіне берген бағасы басқалардың пікірлеріне жəне осы пікірмен байланысты атрибуттарға (мысалы, бағалар) тікелей байланысты болып табылады.
Мұғалім Саллиге көмектесу үшін не істей алады?
Нəтижесінде, Саллидің мақсаты оның жұмысын бағалау үшін барынша дербес стандарттарды дамыту болатын. Бірақ қысқа мерзімді кезеңде мұғалім оның сыртқы күтпеген жағдайларға тез əрекет етуін өз пайдасына айналдыра алады. Мысалы, оның мұғалімдері жақсы бағаны Салли үшін күрделі болып табылатын жұмысты, кем дегенде, жартылай орындауына байланысты етіп жасауы мүмкін. Мұғалімдер оның тапсырмаларды қаншалықты жақсы орындайтынына қарамастан, айтарлықтай күш жұмсап, табандылықты талап ететін тапсырмаларды орындауға талпынатыны үшін мақтай алады. Оның мұғалімдері сондай-ақ оны сыныпта ең жоғары баға алғаны немесе емтихандарды қатесіз тапсырғаны үшін құттықтамас еді. Сонымен қатар, мұғалімдердің оның тəуекелге бас тігуін жоғары бағалайтындықтарын көрсететін көптеген қолайлы тəсілдер бар. Мысалы, олар жұмыстың дұрыс орындалғанына емес, көбінесе оқушының тəуекелге бас тігуіне оң пікір білдіре алады.
Егер көзделетін мақсат Саллидің сыртқы мақұлдау мен мадақтарға тəуелділігін азайту болса, онда басқа ынталандыру жүйесін дамыту қажет. Қолданыстағы ынталандыру жүйесі көп жылдар бойы жақсы қолданылып келгендіктен, бұл оңай шаруа емес. Мұғалімдерге оның қызығушылығы мен білімқұмарлығын оятуға тырысу қажет болады. Бұған олардың беретін пəніне өздерінің ішкі қызығушылықтарын үлгі етіп көрсету арқылы жартылай қол жеткізуге болады. Əуел бастан-ақ оқушылар қандай мұғалімдердің өз пəндерін жəне қандай дəрежеде жақсы көретінін біледі, кейде олардың өзіндік көзқарастары да олардың мұғалімдерінің көзқарастарына байланысты болатын жағдайлар кездеседі.
Саллидің мұғалімдері сондай-ақ оның оқыту қызметімен мектеп бағдарламасының талаптарынан тыс шұғылдануына түрткі бола алады.
Тестілер мен бағаларды талқылау тəсілдерін өзгерту Саллидің тестілерді жақсы орындауға шамадан тыс ұмтылуын жəне оның бағаларға тəуелділігін азайтуы мүмкін. Ақпараттық тестілерді орындауға бар назарын аудару Саллидің тестіні адамның өзін-өзі құрметтеу көрсеткіші ретінде орындау ниетін азайтқан болар еді. Оқушылардың бар назарын бағаға аудармай, жақсы бағаларға арналған өлшемдерді анық ұсыну Саллидің сыртқы бағалауға жұмысқа ынтаны арттыратын себеп ретінде қарауын бəсеңдетер еді.
Саллидің жұмысты орындауға қатысты алаңдаушылығын толық жою мақсат емес, біздің мақсат оларды оқудан рахат алуға жəне жоғары жұмыс көрсеткішіне кепілдік берілмейтін күрделі оқу түрлеріне қатысуға ұмтылуына кедергі келтірмей, ол алаңдаушылықты азайту болып табылады. Салли тіпті өзін еркін ұстап, оқудан рахаттанған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет