Неліктен Альма өзін осылай ұстайды? Альма сабақ оқи алады, бірақ өз білімін көрсету қажет болған кездерде қиналады.
Альманың мұғалімі оның білімін тексерген кезде оған күйгелектігін басуға бағытталған стратегияларды пайдаланып, тексеріс қорытындыларынан теріс нəтиже күтпеуге көмектесуге тиіс.
Мұғалім не істей алады? Альманың мұғалімі проблеманың күрделілігі мен бірегейлігін ескере отырып, бұл проблеманы Альманың өзімен талқылаудан бастай алады. Ол Альманың тестілеу кезіндегі күйгелектігі оның пəнді оқуға деген ынтасына кедергі келтіріп, түбінде жаратылыстану ғылымдарынан мүлде жиреніп кетуге əкелуі мүмкін екендігін айтып алаңдаушылық білдірді. Бастапқыда Альма осы тақырыпты сөз етуді аса қаламаса да, бірақ түбінде аталған проблеманы шешу үшін жеке бағдарлама қажет екендігіне көзі жетуге тиіс. SENCO-ның қолдауымен бұл бағдарлама мынадай құрамнан тұруы мүмкін:
• релаксация əдістеріне қатысты кітап оқу жəне өзі үшін пайдалы деп тапқан бірнеше əдістерді оқытушымен талқылау;
• Альма өз еркімен күніне бір рет сыныптағы пікірталасқа қатысуға міндеттенеді, ал мұғалім оның орнына ол бұны қаламайтын кезде сұрамауға уəде береді;
• оның өзіне деген сенімін дамыту үшін, мұғалім оған үй тапсырмаларымен қиындық көріп жүрген басқа оқушыға көмектесу туралы тапсырма береді.
Емтихандарды мейлінше қорқынышты емес қылып көрсету үшін пайдалануға болатын стратегиялар бар. Альмаға, мысалы, тестілеу кезінде көбірек уақыт беруге болар еді. Сондай-ақ, оған көмек ретінде шешімдері бар бірнеше тапсырма үлгілерін беруге немесе тестілеу уақытында өз оқулығын пайдалануға мүмкіндік беруге болар еді.
Тестілеудегі тапсырмалар пəнді түсінуін талап етуге тиіс, бірақ ол өз жауаптарының дұрыстығына сенімді болу үшін шешімдер үлгілеріне қарай алады. Одан басқа, егер Альма өзінің үрейі тапсырманы орындауға кедергі келтіреді деп санайтын болса, оған тестілеуді қайта тапсыра аласың деп уəде беруге болады. Бұның өзі оның мазасыздығын азайта алады, сондықтан тестіні қайта тапсыру мəселесі өздігінен жойылады.
Сыныптарда осы сияқты алаңдаушылықтан азап шегетін оқушыларға арналған арнайы орын жабдықталуы мүмкін. Алайда мұғалімдер оқушының жай-күйін түсінбеген жағдайда немесе оларға жеке орын беруге болмайтын (мысалы, мектеп бітіру емтихандарында) жағдайларда оқушыларды тиімді жұмыс істеуге даярлау үшін, мұғалімдер бұл проблеманың себептерін шешуге тиіс. Бұл сияқты алаңдаушылықтың түп тамыры əдетте өзіне сенімсіздікте жатады.