3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


Мектеп түлектерінің аттестациясын ұйымдастыру тенденциялары



бет13/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
dip -mektepterindegi-orta-bilim-beru-zhuyesinin-reformalary

Мектеп түлектерінің аттестациясын ұйымдастыру тенденциялары:
Жоғары сатыдағы оқу қорытындысы бойынша орта білімі туралы аттестат беріледі. Халықаралық «баккалаурет» ( аттестат ) мектептің жоғары сыныптарында 2 жыл саралап жіктеп оқытуды қарастырады, еуропалық «баккалаурет» - 3 жыл. Көптеген елдерде 2-жылдық оқу аттестаты «толық емес» болып саналады. Оның иегерлері қосымша бір жыл оқығаннан кейін ғана жоғары оқу орнына түсе алады. Европа елдерінде, әлемнің дамыған көптеген елдерінде ( нострификацияланып ) 3 жыл оқу аттестаты танылған болып табылады.
Жоғары мектепті (бейіндік) аяқтағандығы туралы аттестаттар, кейбір ерекшеліктерімен, әдеттегідей, жоғары оқу орнына түсуге құқық береді.
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде Азия Даму Банкі жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша білім беру индексін дамыту жөнінде Қазақстан 1-ші орында тұр. Халықтың білім деңгейі 99,5%-ы құрап, 177 елдің ішінде 14-ші орынға шықты. Адамдардың дамуы индексі бойынша біздің еліміз соңғы 12 жыл ішінде 20 орынға алға жылжып, қазір 73-ші орынға орнықты. ЮНЕСКО-ның статистика институты жүргізген «Теңсіздікті еңсеру: басқарудың маңызды рөлі» мониторингінің қорытындысы бойынша Қазақстан Жапония, Германия, Норвегия сияқты мемлекеттердің өзін артқа тастап, 129 елдің арасынан 1-ші орынды иеленіп отыр. Ұлттық білім беру моделін құру бағытындағы жаңа мемлекеттік саясат нәтижесінде, еліміздегі білім беру жүйесі үздіксіз даму және жетілдірілу үстінде. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында әлеуметтік маңызды бағдарламаларға, оның ішінде білім сапасын арттыруға баса мән берілген.
Әлемдік білім беру кеңістігін ықпалдастыру–Қазақстан Республикасының ұстанып отырған саясаттың басты бағыттарының бірі, бұл мәселені шешудің жолдары жаңа технологиялар мен оқу құралдарын белсене пайдалану, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, біздің оқытушылардың кәсіби жоғары біліктілігін мойындату болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік – кез келген елдің дамуының өзекті мәселесі, өйткені, дәл осы көрсеткіш халықтың өмір сүру деңгейі мен тұрмысын анықтайды.
Қазақстанның бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне енуі Болон үрдісінің базалық ұстанымы негізінде жүзеге асырылады: көпсатылы жоғары білім жүйесін енгізу, студенттер мен оқытушылардың академиялық бейімделгіштіктерін қамтамасыз ету, білім беру сапасына бақылау жасау және т.б.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан – 2030 » халыққа жолдауында білім беру саласының әлеуметтік маңызыдылығына және оның даму қажеттігіне ерекше мән береді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы тұжырымдамасында білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленіп, ұлттық білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды анықтау, осыған байланысты бірқатар міндеттер, соның ішінде, білім берудің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім беру мазмұнын, материалдық –т ехникалық базасын жаңарту мәселесі қарастырылған. Бұл мемлекеттік құжаттардың басты түйіні - әлемдік қауымдастыққа білім беру саласын жаңа сипатта дамыту арқылы ғана ену мүмкіндігін мойындауда.
ХХІ ғасыр қоғамдық - саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлдеқайда серпінді жаңартуды табандылықпен талап етеді, мұның өзі Қазақстан Республикасына таяудағы он жылда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруге толық негізде ұмтыла отырып, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды әрі құрметті мүшесі болуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет