Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілу жағдайы
Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілу жағдайы. Әлі күнге дейін әлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде сақталып отыр. 47 мыңнан астам жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде, 16 мыңнан астам бала мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде тәрбиеленіп отыр. Оның ішінде 84,2 % - ы әлеуметтік жетімдер /қосымша №4/.
2001 жылмен салыстыратын болсақ балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардның, панажайлардың және тағы басқалардың саны 41 бірлікке, ал олардағы балалар саны – шамамен 1300 адамға өсті /48.65/.
Некеден тыс туу саны, сондай-ақ ата-аналары ажырасқан немесе ата-ана құқығынан айырылған балалар саны өсуде. Республикада 13 мыңға жуық жайсыз отбасылар бар. 2008 жылдың өзінде ата - ана құқығынан 815 ата - ана айырылды. Отбасылық және балалар жайсыздығын анықтайтын ортақ талаптар жоқ.
Осының салдарынан жыл сайын біздің республикамызда 10 мыңға жуық қадағалаусыз және панасыз қалған балалар анықталуда.
Жетім балалар ішіндегі түлектерді жұмыспен қамту тетігі жоқ. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау тетігі жұмыс істемейді. Олардың 10 %-ының ғана тіркелген тұрмыстық үйлері бар. 29 мыңнан астам балалар қамқоршылар мен қорғаншылар отбастарында тұрса да, өкінішке орай қамқоршылар мен қорғаншыларға материалдық қолдау көрсету тетігі жоқ.
Бала еңбегінің қаналу фактілерін анықтау тетігі әлі дайындалған жоқ. 5 млн. балаға бала құқықтары мәселелері бойынша небары 180 маман айналысады. Мамандардың біліктілік деңгейі жеткілікті емес. Балаларға қатысты күш көрсету, балаларды пайдаланудың әр түрлі нысандары, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуы жойылған жоқ.
Инновациялық жүйе жеткілікті дамымаған.Инновациялық дамуды сипаттайтын ЖБИ индикаторлары бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орындары ынтымақтастығы және зерттеулер өндірісі» бойынша – 64-орын, «Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік» бойынша – 83-орын, «Ғылыми - зерттеу институттарының сапасы» бойынша – 58-орын алды.
Ғылыми салада жүйелік негізде ғылыми болжау – форсайт өтілмеген. Ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) нәтижелерін жасандылықтан және плагиаттан қорғайтын GLP (Good Labolatory Practice – тиісті зертханалық практика), GMP (өнім өндірісіне қатысты ережелер мен нұсқаулар нормаларының жүйесі), GSP (Good Scientific Practice – тиісті ғылыми практика стандарттары) халықаралық стандарттары енгізілмеген. Ғылыми практикада осы стандарттардың болмауы қазақстандық ғалымдар жасаған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін әлемдік аналогтармен салыстыруда қиындық туғызады. Оларды 2009 – 2011 жылдарға арналған іргелі зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде енгізу қажет.
Ғалым мәртебесі төмен күйінде қалып отыр, бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кедергі келтіреді.
Ғылымды қаржыландыру төмен деңгейде қалып отыр. Тіпті жеке қаржы жұмсау есебінен алғанның өзінде ғылымға жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 0,26 % - ын құрайды. Бұл Ресей Федерациясынан 5 есе және Швециядан 15 есе аз. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша, егер 5 – 7 жыл ішінде ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 1% - ынан аспайтын болса, онда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті қайтымсыз күйреуі мүмкін.
2008 жылы бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 2003 жылға қарағанда 3,5 есе дерлік өсті. Алайда, тұтастай алғанда ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 0,13 % деңгейінде қалуда.