Жоғары орта білім беру мазмұнының даму тенденциялары: 1. Өткен тәжірибеде басым болған оқушылардың ерте мамандануынан, оларды топқа жіктеуден ақырындап алшақтау байқалады. Жетекші елдердің басым көпшілігінде жоғары орта білім берудің табалдырығындағы сараланған білім беруді ұйымдастыру және барлық оқушылар үшін негізгі орта білім беру сатысындағы білім беру мазмұнын үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2. Міндетті оқу пәндерінің (курстар) көлемі негізгі орта білім беру сатысымен салыстырғанда жоғары орта білім беру сатысында едәуір азайған (міндетті: жаратылыстану ғылымдары, шетел тілдері, математика, родная словесность, дене шынықтыру).
3. Жіктелу бағытының мөлшері көп емес: 2-ден 4-ке дейін. Германияда сыныптың ішін 3 бағытқа бөлу мүмкіндігі бар, олар мынадай: жаратылыстану-ғылыми және техникалық–математикалық, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық. Францияда жоғары мектепте 4 бөлім (бағыт) бар: гуманитарлық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-ғылыми. Бағыттардың ішінде практикалық бағытта көптеген бейіндік оқыту ұйымдастырылған.
4. Жоғары орта білім беретін ағымдардағы «академиялық» және «академиялық емес» жіктелу бақылануда ( жалпы білім берумен қатар мамандық алу және әлі де мақсатын анықтамағандарды өмірге дайындау ).
Жоғары орта білім беруді ұйымдастыру тенденциялары: 5. Міндетті білім беру, оқушылар 15/16 жасқа жеткен жылы аяқталады. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықта 18 жасқа дейін міндетті білім беруді енгізу туралы пікірде бар.
6. Жоғары орта мектепте оқуды жалғастыратын оқушылардың үлесі 70%-дан кем емес. Негізгі мектептің түлектерін жоғары орта білім беру жүйесіне көптеген көлемде қатыстырудың белсенді үрдістері байқалады.
7. Оқу мекемелерінің жаңа типтерін, жалпы орта білім алудың ұйымдастыру түрлерін диверсификациялау мен күрделендіру үрдістері өсуде. Бір қатар елдерде жоғары сыныптар жеке оқу орындарына біріктірілген. Көптеген елдерде жоғары білім беру мазмұнын жалпы курспен және кәсіптік оқумен ( күндізгі және сырттай түрдегі ) қамтамасыз ете алатын мектептен тыс мекемелерден алуға болады. Шетелдерде оқушыларға оқуды белгілі бір кәсіптік қызметтің түрлерімен қоса игеруге жол беріліп оқудың кешкі және сырттай түрлерінің кеңейуіне мүмкіндік жасалады.
Кәсіптік-техникалық оқу орындары орта білім беру жүйесіне енгізіліп, «тік» әлеуметтік оңтайлылыққа, жоғары мектептен білім алуына қол жетуіне мүмкіндік беріледі.