3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет77/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

Ойын арқылы оқыту. Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элеметтері:
-ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;
-ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады.
Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.
Коммуникативтік әдіс. Оқытудағы коммуникативтік тәсіл-ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлесу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
Оқыту үдерісінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қатынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.
9.2 Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары. Л.С Выготский оқытудың сөйлеу, жазу, схемалар, өнер туындылары, диаграммалар, еске сақтаудың техникалық жабдықтары сияқты құралдарын келтіреді. Жалпы жағдайда, идеалдық құрал – мәдени мұраны. Жаңа мәдени құндылықтары меңгеру қаруы. Жүйелі оқыту барысында алынған білім жаңа білімді алуға көмектеседі. Тұлғалардың интеллектуалдық, эмоциялық-еріктік саласын дамытады. Көбінесе олар оқушылардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Бұндай интеллектуалдық оқыту құралдары оқушылардың ойлау қабілетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Олар мұғалім сабақты түсіндіру барысында берілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге оқушының өзімен немесе мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеген кезде алынуы мүмкін.
Материалдық және идеалдық оқыту құралдары бір-бірімен байланысып, бірін-бірі толықтырады. Барлық оқыту құралдарының оқушылардың білім білім сапасына әсері алуан түрлі: материалдық құралдар көбінесе оқушыларды қызықтыру және олардың көңілін аудару үшін, жаңа білімді түсінуі үшін керек, ал идеалдық құралдар пайымдау логикасымен, есте сақтаумен, сөйлеу мәдениетімен т.б байланысты. Материалдық және идеалдық құралдар арасында нақты шекаралар болмайды. Олардың екеуінің жиынтығы оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Материалдық құралдар вербальдық болады. Одан әрі сөз қысқартылып, автоматтанатын және ойға айналатын міндеттерді шешуге бағытталған танымдық әрекет жасалады. Құралдар мен оқыту әдістерінің байланысы біркелкі емес: оқу құралдары көбінесе әртүрлі әдістермен қолданылуы мүмкін және бір әдіске бірнеше сәйкес құралды таңдауы мүмкін. Бұл техникалық құралдардың дамуымен, реттелген (біркелкі, көп мақсатты) демонстрациялық экспериментпен зертханалық практикумдерға арналған қабырғалық суреттемелермен шарты байланысты.
Компьтерлермен оқу - бұл оқу үдерісінің жаңа түрі болғандықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің түрлері, мультипликациялық құрлдар пайдаланылады.
Көрнекілік құралдарының болмауы немесе тым аз болуы білім сапасын төмендетеді. Бірақ өте көп көрсетлер оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрнекілік көрсетуі жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет