11.4. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің өзара байланысы. Оқыту мақсаты, оқыту тәсілдері және оның нәтижесі. Оқу міндеттері мен оқыту тәсілдерінің өзгешеліктері. Оқу үдерісінде қаралатын маңызды мәселелер – оқытудың мақсаты, оған тән белгілер, оқытудағы оның орны мен рөлі. Дидактикада оқыту мақсаты түрлі қырынан қарастырылған. М.А.Даниловтың пікірі бойынша «оқу үдерісіндегі арнайы қайшылық оқытудың барысымен сипатталады,оқушылар алдына оқу үдерісінің логикасына сай, үнемі түрлі жағдайға қарай жаңа міндеттер қойылып отырады, олар оқушыларға жағдайға қарай жаңа міндеттер қойылып отырады, олар оқушыларға түсінікті, оны олар қабылдайды және ақыл – ой күшін қолданып шеше алады»,- деп атап көрсетеді.
Дидактикалық еңбектерде оқушыларды дамытуға байланысты жалпы айтылған пікірлер болмаса, оқушыларды дамыту оқу міндеттерінде іске асырылмайды. Оқу міндеттерінің оқушының білім мен дағдыны меңгеруін іске асыруы күмән тудырмайды. Бірақта, біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, оқыту мен дамыту мәселесі, балалардың дамуын қамтамасыз ететін материалдарда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда оқыту тәсілдерінде және міндеттерінде ескерілуі керек.
Ең маңыздысы, оқу міндеттерін оқыту тәсілдері мен оған қол жеткізетін нәтижесі арасындағы обьективті байланыстарды зерттеу қажет.Мұндай зерттеусіз оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашып, жетістікке жету мүмкін болмайды.
Оқу міндеттері ажыратылмаған, олар шын мәнінде алуан түрлі, міндет пен оқыту тәсілдері арасындағы байланыстарды ескермеу, оқу үдерісінің теориясы мен практикасының дамуына кедергі келтіреді.
11.5. Оқытудың интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселері. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі. Интербелсенді (интерактивті) оқу/ оқыту бірінші мезеттте білім игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым – қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген (интерактив) сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара»мағынасында, ал «act» – «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян – қолтық қарым – қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.\