3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері



бет87/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі – мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс мұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған білімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды.Репродуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемдігі мен дағдысын қалыстастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімнің тапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгімінен тұрады, ал оқушының іс-әрекеті үлші бойынша әрекетті орындаудан тұрады.
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша отырып, көрсетуден тқрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәсеені шешу мәселесінен тұрады. Оқушылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақындауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселесі тапсырманы бірнеше бөлікке бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал махмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшелінеді.
Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тәжірбиесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдайлары мен шарттарыныңтүрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.
Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:

  • Оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұсқауларының жалпы бағыттарына;

  • Осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмұнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;

  • Нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;

  • Нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен міндеттеріне;

  • Материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;

  • Оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);

  • Оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жабдықтардың, көрнекі құралдардың, техникалық құралдардың болуына;

  • Мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялы дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше шешімді, яғни: ауызша, көрнекті немесе практикалық нақты әдістер таңдау, өзіндік жұмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдістерін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.
11.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі. Қазіргі кездегі дидактиканың өткір мәселесінің бірі- оқыту әдістерінің жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ. Дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұмыс әдісіне (жаттығулар, өздік жұмыс) т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);
в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады).
Оқытудың сөздік әдісі – оқыту әдістері жүйесінде жетекші дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, «белсенді емес» деп жиі айтып жүр. Сөздік әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жанжандырады.
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, пікірталас, дәріс, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жеткізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.
Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мектеп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиімдірек.
Хабарлама-әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушының өзін жаңа білімді игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалімнің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы игереді.
Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөздік әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үдерісіндегі оның ең басты бағыты – оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойлауды тудыру.
Дәріс. Дәріс- көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғарғы сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қамтиды. Дәрістің артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағынының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу ең маңызды әдіс болып табылады. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс істеу сабақта мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар кітаппен өз еркімен жұмыс істеуге үйренеді. Кітаппен жұмыс істеудің бірнеше түрлері бар:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет