Көрнекілік әдіс. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі құралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану жатады.
Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация әдісі мен демонстрация әдісі. Иллюстрация әдісі оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақтадағы суреттемелерді, жалпақ моделдерді және т.б. көрсетуді ұсынады.
Демонстация әдісі әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техникалық қондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.
Жаттығулар. Ол жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалатын оқыту әдісі.
Жаттығулар түрлеріне қарай: ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбектік болып бөлінеді.
Ауызша жаттығулар логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді қорытындылау мен оларды қолдана білуге үйрену үшін арналады. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.
Графикалық жаттығуларғаоқушылардың сұлбалар, сыхбалар, кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабырға газерттерін дайындауы, зертханалық-сарамандық жұмыстарды өткізудегі тыңдауы, саяхаттар және т.б. жатады.
Оқу-еңбектік жаттығуларға өндірістік-еңбек бағытына ие оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекке қолдану болып табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.