31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс



бет12/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
31-60 хандық

Мирас толғаулар

  • «Бірінші толғау»

  • «Күллі әлемді жаратқан»

  • «Құбылып тұрған бәйшешек»

  • «Он сегіз мың ғаламды жаратқан»

  • «Керей, қайда барасың»

  • «Әлемді түгел көрсе де»

  • «Ай, заман-ай, заман-ай»

  • «Абылай ханның қасында»

  • «Айналасын жер тұтқан»

  • «Ай не болар күннен соң»

42. Үмбетейдің «Бәкеге» атты жырының мазмұны (тақырыбы мен идеясы).

Бәкеге, Жауқашарға жырлары


Үмбетейде әділдікті, адамдықты ардақ тұтуға үндеген Бәкеге,Жауқашарға деген сияқты біраз жырлар бар. Олардың мазмұны нақты өмір оқиғасынан алынған. Бұл туралы бабалар сөзі жыраулар жырларына арналған Алдаспан кітабында біршама айтылған. Мысалы, Жауқашар деген дәулетті адамның бірінен-бірі өткен сойқанды сотқар тоғыз ұлы барымтаға шығып, көршілес ағайын ауылдың бурасын әкеліп, сойып алады. Екі елдің арасында дау туып, Бәке деген биге жүгінеді. Сонда ол Бәке Жауқашар жағына бұрмалық жасайды. Осыны білген Үмбетей араға түседі. Сонда "Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады:
Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса-доңызың.
деп, жақсы ұлдың, жаман ұлдың қандай болатынын мысалдап айтады.
Үмбетей Жауқашарға деген толғауында адамгершілікті, мейірбандылықты ту етіп көтереді. Ақын қонақ мезгілсіз келсе де қуану керек дегенді насихат етеді:
Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар нәсіпке,
деген ақын сөздері-күні бүгін де өнеге, ұлттық ділімізге сын.
Үмбетайдың тоғаулары зиялы ойларымен, өрнекті көркемдігімен, ерлік рухымен жыраулар поэзиясында көрнекті орын алады. Оның поэзиясы нақтылыққа құрылған. Тақырыпты өзінің өмірінен алып жырлайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет