№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41

(Жалғасы 14-бетте).

(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде).

18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

14

(Соңы 15-бетте).

 _____________________________    

________________________ 

 (телефоны, факсі) 

 

  (телефоны, факсі) 



 _____________________________    

________________________ 

 (Т.А.Ə.) 

 

   (Т.А.Ə.)



_____________________________  

 

________________________ 



 (қолы)    

 

 



(қолы) 

 ________ж. «__»__________  

 

_________ж. «___» _______



М.О. 

 

   М.О



Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): _______

__________________________________________________________________________________________

Осы Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің тауарларды мемлекет-

тік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық 

қатынас тарды реттейді. Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытын-

дылары негізінде, өзінің тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын əзірлейді. 

Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, 

оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, 

Өнім  берушінің  конкурсқа  қатысуға  өтініміне  жəне  Конкурс  қорытындылары  туралы  хаттамаға  сəйкес 

болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.



Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

_____________________________ _____ жылғы «___»__________ қ. (орналасқан жері) 

Бұдан əрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________ (тапсырыс берушінің толық атауы) 

атынан_____________________________________________________________, 

 (уəкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (бар болса) 

бір тараптан жəне бұдан əрі өнім беруші деп аталатын _______________________________________

_______________________ атынан (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

 ________________________________________________ негізінде əрекет ететін 

 (Жарғының, Ереженің жəне т.с.с.) 

____________________________________________________________________ (уəкілетті  адамның 

лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (бар болса) 

 

екінші тараптан 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы 



Заңының (бұдан əрі – Заң) жəне ___жылғы «__»_______ өткен _______ (конкурс, баға ұсыныстары, бір 

көзден алу тəсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу 

туралы шартты (бұдан əрі – шарт) жасасты жəне мына төмендегі келісімге келді: 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын 

көрсету керек) Тапсырыс беруші үшін осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша 

сипаттамасы) жариялады жəне оларды орындауға сомасы (сомасын сандармен жəне жазумен көрсету 

керек) (бұдан əрі – шарттың бағасы) мөлшерінде Мердігердің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдады. 

2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері) _____

__________________________________________________________________________________________

 Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекенжайы) 

_____________________________________________________________________________________

3. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады: 

1) «тапсырыс  беруші» – мемлекеттік  органдар,  мемлекеттік  мекемелер,  сондай-ақ  мемлекеттік 

кəсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан астам 

пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар;

2) «бас мердігер» (бұдан əрі – Мердігер) Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы 

шартта оның контрагенті ретінде əрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум; 

3) «қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы)» шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір 

бөлігін орындауға Мердігермен шарты жəне (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;

4) «техникалық  қадағалаушы»  Тапсырыс  беруші  тағайындаған  жəне  мердігерлік  жұмыстарды 

Мердігердің  шарт  талаптарына  сəйкес  орындауы  жөніндегі  бақылауды  жүзеге  асыруға  Мердігерге 

хабарланған тұлғаны білдіреді; 

5) «объект» – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы салуға, қайта жаңғыртуға жататын ретінде 

айқындаған жəне Тапсырыс берушіге Мердігер шартта көзделген түрде беретін ғимарат, құрылыс; 

6) «учаске» – Объект салу немесе жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген аумақты білдіреді; 

7) «шарттың құны» – Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен жəне Тапсырыс беруші қабылдаған 

шарттың жалпы сомасын білдіреді; 

8) «шарт» – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің ара-

сында ғимараттар мен құрылыстарды салуға жəне жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-

құқықтық шарт. Қол қойылғаннан кейін шарттағы барлық өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер қабылдау 

жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер 

арасында қандай да бір шарттық қатынастар жасайтындай етіп түсіндірілмейді; 

9) «уақытша құрылыстар» – Объектіні салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын 

жəне  Объектіні  салуды  аяқтағаннан  кейін  Мердігер  алып  тастайтын  барлық  уақытша  ғимараттар  мен 

құрылыстарды білдіреді; 

10) «материалдар» – Объектіні  салу  үшін  Мердігер  мен  Қосалқы  мердігер  пайдаланатын  барлық 

шығыс материалдарын білдіреді; 

11) «жабдық» – Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектіні салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық 

машиналары мен тетіктерін білдіреді; 

12) «құрылыстың ұзақтық мерзімі» Мердігер Объектіні салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді; 

13) «күндер» – күнтізбелік күндер, «айлар» – күнтізбелік айлар;

14) «өзгерістер» – Тапсырыс беруші шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер; 

15) «ақау» – жұмыстардың шарт талаптарын бұзып орындалған бөлігі; 

16) «кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі» – жұмыстардың орындалуын тексеру процесінде табылған 

кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі. 

4.  Төменде  тізбеленген  құжаттар  мен  оларда  айтылған  талаптар  осы  шартты  құрайды  жəне  оның 

ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда: 

1) осы шарт; 

2) шарттың нысанасы/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі; 

3) техникалық ерекшелік;

4) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кеден заңнамасының жəне (неме-

се) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сəйкес шарттың сомасы, қосылған 

құн салығының сомасы, акциздер сомасы;

5) шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 

енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетіледі); 

6) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірлері мен олардың күндерін 

көрсету керек): 

Құжат 

Атауы 


Нөмірі мен күні 

7) Толықтырулар (ол бар болса): 

Құжат 

Атауы 


Нөмірі мен күні 

8) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттарды 

көрсету керек) 

_________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

5. Қағидалардың 123-тармағында көрсетiлген жағдайларда жəне мөлшерде Өнiм берушi шарт жасасқан 

күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi шарттың 

орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:

1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар жəне мемлекеттік мекемелер болып та-

былатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа 

енгізілетін кепілді ақшалай жарна; 

2) банк кепілдігі.

6.  Өнім  берушінің  шарт  бойынша  міндеттемелер  толық  орындалғанға  дейін  үшінші  тұлғалардың 

енгізілген  кепілдік  ақша  жарнасына  тұтастай  не  бір  бөлігінде  талап  қою  құқығының  туындауына  əкеп 

соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс 

берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді. 

7.  Мемлекеттік  сараптамадан  өткен  жобалау-сметалық  құжаттамада  оларды  аяқтау  мерзімі  келесі 

(кейінгі) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда мемлекеттік ор-

гандар, мемлекеттік мекемелер жəне жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар мемлекеттік 

сатып алу шартын бір қаржы жылынан астам мерзімге жасауы мүмкін.

Бұл  ретте,  жоғарыда  көзделген  жағдайларда,  қолданылу  мерзімі  бір  қаржы  жылынан  астам 

мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды бəсекелестік негізінде өткізілген мемлекеттік сатып алу 

қорытындылары бойынша анықталған өнім берушілермен ғана жасасуға рұқсат етіледі. 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 

елу жəне одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар 

көрсетілген  тұлғалардың  басқару  органы  немесе  жоғары  органы  бекіткен  даму  жоспарында  (бизнес-

жоспарында) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды 

орындау үшін қажетті жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін. 

8. Мердігер осы шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. 

 9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық 

экономикалық одақтың кеден заңнамасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының 

талаптарына сəйкес қосылған құн салығын жəне акциздерді төлеу шарттарын қамтиды.

10.  Мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  Қазақстан  Республикасының  бейрезидентімен  жасалған 

жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын 

ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі. 

11. Шарт қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда 

шарттың қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу жəне 

тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сəйкес болуға тиiс.

12. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы 

шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу 

шарт тарының мазмұнын жəне (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiс-

тердi Заңның 45-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

13. Объектіні салу мəселелеріне қатысты Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы ресми қатынастың 

жазбаша түрде ғана күші болады.

14. Бас мердігер Тапсырыс берушіге аталған шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік 

шарттарының көшірмелерін береді.

15. Мердігер қосалқы мердігер ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) 

2/3 бөлігінен аспайтын көлемде ғана шарт жасаса алады жəне Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз 

шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер 

арасындағы шарттың талаптарын өзгертпейді. 

16. Учаскеде қосалқы мердігерлер бар болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отырады. 

17. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-

сметалық құжаттаманы береді (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс құрылысты «дайын тапсыру» 

шартымен өткізілген кезде бұл талап осы шартта ескерілуге тиіс). 

18. Мердігер негізгі лауазымдарға біліктілік туралы мəліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жал-

дайды.  Бұл  тұлғаларды  басқалармен  алмастырған  кезде  Мердігер  мұндай  алмастыруға  Тапсырыс 

берушінің келісімін алады. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі біліктілік туралы мəліметтерде тізбеленген 

қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуға тиіс. 

19.  Егер  Тапсырыс  беруші  себептерін  көрсете  отырып,  Мердігерден  Мердігердің  немесе  қосалқы 

мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны Объектідегі жұмыстарды орындаудан шеттетуді сұрайтын 

болса, Мердігер бұл тұлғаны 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен шығаруға міндетті, одан кейін осы шарт 

бойынша жұмыстарды орындаумен бұл тұлғаның ешқандай байланысы болмауға тиіс. 

20.  Мердігер  Тапсырыс  берушінің  мүлкіне,  меншігіне  шығын  немесе  залал  келтірумен  жəне  өз 

қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты жəне шартты 

орындау ағымында жəне салдарынан туындайтын барлық тəуекел үшін жауапты болады.

21. Тапсырыс беруші тəуекелдің ерекше түрлері үшін, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, 

азаматтық соғыс, бүлік, тəртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тəуекелі 

үшін жауапты болады. Мердігер тапқан жəне конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты 

жəне жарылғыш заттармен улануы жəне егер осы табылғандар жұмыстарды орындауға тікелей əсер ететін 

болса, Тапсырыс берушінің тəуекелі болып табылады. 

22.  Мердігер  ақауларды  жою  кезеңін  қоса  алғанда,  жұмыстар  басталған  күннен  жұмыстар  толық 

аяқталғанға дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің атына сақтандыру өтемін қамтамасыз етеді. 

Сақтандыру объектілері жəне сомасы ________________________ _______________________________

___________________________________ (жабдықтар беруді сақтандыру, адамдарды жəне т.б. сақтандыру)

23. Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын бекіту үшін Тапсырыс берушіге жұмыстар 

басталатын Күнге дейін ұсынуға тиіс. 

24. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс беруші Мердігер қамтамасыз 

ететін сақтандыруды жүргізуіне жəне бұл шығыстарды шарттың құнынан ұстап қалуына болады. 

25. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарына ешқандай өзгеріс жасай алмайды. 

26. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтауға тиіс. 

27.  Тараптардың  əрқайсысы  өздерінің  бірлескен  іс-қимылының  немесе  кемшіліктерінің  нəтижелері 

болып табылған шығындар, шығыстар жəне шығындар бойынша қуынымдар, адамдардың денсаулығына 

келтірілген залал мен олардың өлімі үшін жауапты болады жəне екінші тарапқа оларды өтейді.

28. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауапты болады. 

29. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні салуға бөлінген Учаскені толық пайдалануға рұқсат етеді. 

Егер Учаске берілетін күнге құрылысқа берілген Учаскенің бір бөлігі берілмеген болса жəне осы себеппен 

жұмыстардың орындалуы кідірсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы 

Учаскені беру кідіртілген мерзімге ұзартады. 

30.  Тапсырыс  беруші  немесе  оның  уəкілетті  тұлғасы,  сондай-ақ  жобалау-сметалық  құжаттаманы 

əзірлеушілер Учаскеге немесе шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез 

келген басқа орынға əрқашан кіре алады. 

31. Тапсырыс беруші мен Мердігер шарт бойынша немесе оған байланысты өздерінің арасында ту-

ындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық 

күш-жігерін салуға тиіс. 

32. Егер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осындай бейресми келіссөздер басталғаннан кейін 21 

(жиырма бір) күн ішінде шарт бойынша дауды бейбіт жолмен шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы 

мəселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес шешілуін талап ете алады. 

33. Егер Мердігер шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі 

өз мін деттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-сметалық құжаттамаға сəйкес жұмысты 

соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыс-

тарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады. 

34. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға 

сəйкестендіру) жəне тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жаз-

баша немесе əрекетімен жауап бермесе, Тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің 

талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге 

жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқаша ықпал ету əдістерін қолдану құқығынан бас тартпа-

стан, осы жұмысты өз күшімен орындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда өзгерістер туралы тиісті бұйрық 

шығарылады, оның негізінде Мердігерге төленуге тиіс сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер 

үшін мəжбүрлі шығындарын өтеуді қоса алғанда, көрсетілген Ақауларды түзету құны шегеріледі. Егер 

Мердігерге төленуге тиіс сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс 

берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті. 

35.  Мердігер_____________________  мерзім  ішінде  Тапсырыс  берушіге  Объектіні  салу  бойынша 

жұмыстарды  орындау  тəртібі  мен  мерзімі,  сондай-ақ  Тапсырыс  беруші  тарапынан  өзінің  конкурстық 

өтініміне сəйкес төлемдерді жүргізу кестесі баяндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады. 

36. Егер форс-мажор мəн-жайлары орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау 

үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау процесінде қосымша еңбек 

шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда, Тапсырыс беруші жұмыстарды 

орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рəсімге сəйкес Тапсырыс 

берушіні жазбаша хабардар етеді. 

37. Мердігер білімін жəне қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап жəне 

бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, əдістер, техника, дəйектілік жəне жұмыстардың орындалу 

сапасы, сондай-ақ шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты болады жəне 

бақылауды жүзеге асырады. 

38. Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігер(лер)дің, Қосалқы 

мердігер(лер)дің  қызметкерлері  мен  сенім  білдірілген  тұлғаларының,  сондай-ақ  Мердігермен  шарт 

негізінде шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да тұлғалардың іс-əрекеті мен 

кемшіліктері үшін жауапты болады.

39. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексе-

руден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың Ақауын 

түзетеді жəне (немесе) конструкцияны алмастырады. 

40. Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, 

Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді. 

41. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі 

ішінде жоюға міндетті. 

42. Ақы төлеу нысаны________________________________ (аудару, қолма-қол есеп айырысу жəне т.б.) 

43. Төлемдердің түрлері мен мерзімі_________________________ (төлемдердің қалай жүргізілетінін 

жəне төлеу мерзімін көрсету керек: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы) 

44. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________ (шот-фактура немесе орындалған 

жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.) 

45. Тапсырыс беруші Мердігерге ___ сомасында аванстық төлем (алдын ала төлем) жүргізуі мүмкін. 

Мердігер төленген авансты осы шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, 

жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдаланады. 

46.  Тапсырыс  беруші  аванстық  төлемдерді  жүзеге  асырған  жағдайда,  ай  сайынғы  төлемдер____

орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып 

түзетіледі. Төлем мерзімі____. 

47. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда 

бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен əрбір күн үшін тиесілі ____ сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде 

кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен бірге 

жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуге тиіс болған күннен бастап есептеледі жəне 

соңғы төлем жүргізілген күнмен аяқталады. 

48. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтық мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы 

төлеуге алып келеді: 

1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың 

орындалуын  кідіртеді.  Бұл  жағдайда  Тапсырыс  беруші  осы  шарт  бойынша  жұмыстардың  орындалу 

мерзімін ұзартуға міндетті;

2) Тапсырыс беруші Мердігерге шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға 

нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақаулар анықталмаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды 

тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады; 

3) аванстық төлем кешіктірілсе; 

4)  Объектіде  бірнеше  мердігерлер  болса,  Тапсырыс  берушінің  басқа  мердігерлер  үшін  жасаған 

жұмыстар кестесі осы шарт бойынша Мердігердің жұмыстарды орындау мерзіміне келеңсіз əсер етсе. 

Өтемақылар сомасы Мердігермен келісіледі. 

49. Ақшалай өтемақы Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жəне кемшіліктер мен Ақаулар 

тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.

50.  Мердігер  Тапсырыс  берушіге  шарт  бойынша  жеткізілетін  материалдар  мен  жабдықтардың 

техникалық ерекшеліктер мен жобалау-сметалық құжаттамаға сəйкес келетініне, жұмыс оның сапасын 

жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз 

орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сəйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген 

жəне рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер беретін кепілдіктерге, Мердігер (Қосалқы 

мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз 

техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның жол берілетін 

тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе Ақауды түзету кірмейді. Тапсырыс берушінің талап 

етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшеліктерге жəне/немесе 

жобалау-сметалық құжаттамаға сəйкестігін куəландыратын құжаттарды береді.

Мердігер Тапсырыс берушіге ____ жыл мерзімге пайдалануға кепілдік береді.

51.  Егер  екінші  тарап  шарттың  талаптарын  шартта  көзделген  қағидатты  талаптардан  айыратын-

дай едəуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер шартты шартта көрсетілген 

мерзімге дейін бұза алады. 

52. Шарттың талаптарын едəуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектелмейді: 

1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші шартты 

бұза алады; 

2)  Мердігер  Тапсырыс  берушінің  тоқтатуға  рұқсатын  алмай __________ дейінгі  мерзімге  жұмысты 

тоқтата тұрса; 

3)  Мердігер  Тапсырыс  беруші  белгілеген  негізді  уақыт  кезеңі  ішінде  Тапсырыс  беруші  көрсеткен 

Ақауларды жоймаса; 

4)  Тапсырыс  беруші  Мердігерге  жұмыстар  барысын  кідіртуге  нұсқама  берсе  жəне  мұндай 

нұсқама_______________ күн ішінде күшін жоймаса; 

5)  не  Тапсырыс  беруші,  не  Мердігер  оның  қайта  ұйымдастырылуын  немесе  бірлесуін  қоспағанда, 

банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса; 

6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома 

расталған күннен кейінгі ______ күн ішінде төлемесе; 

7) Мердігер жобалау құжаттамасында жəне шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу 

қағидаларын, нұсқаулықтарын жəне ережелерін ескермейтін болса. 

53.  Егер  шарт  Мердігердің  шартты  едəуір  бұзуы  себебінен  бұзылса,  Тапсырыс  берушінің  жаңа 

Мердігерді таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Тапсырыс беруші Мердігерге іс жүзінде 

орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің шартты бұзуға байланысты 

шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге 

төленуге жататын борышты құрайды. 

54. Тапсырыс беруші Мердігерге оның бұдан əрі шартты орындауының орынсыздығына байланысты 

тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сəйкес кез келген уақытта 

шартты бұза алады, хабарламада шартты бұзу себебі, шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, 

сондай-ақ шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетіледі. 

55.  Мұндай  жағдайларда  Тапсырыс  беруші  орындалған  барлық  жұмыстардың,  сатып  алынған 

жабдықтардың құнын, Объектіден машиналар мен механизмдерді шығаруға шығыстарды жəне Объектіні 

консервациялау құнын төлейді. 

56. Шарт жоғарыда тізбеленген мəн-жайларға байланысты күшін жойған кезде, Мердігер шарт бұзылған 

күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. 

57.  Мына  фактілердің  бірі  анықталған  жағдайда  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  кез  келген 

кезеңде бұзылады: 

1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы; 

2) сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жəрдем көрсетсе; 

Егер  шарт  бұзылса,  Мердігер  дереу  жұмысты  тоқтатып,  Объектіні  консервациялауды  жəне  оны 

Тапсырыс берушіге белгіленген тəртіппен тапсыруды қамтамасыз етеді. 

58. Егер шарт Мердігердің шарт талаптарын едəуір бұзуы себебінен бұзылатын болса, Объектідегі 

барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары 

Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады жəне шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар 

шешілгенге дейін оның иелігінде болады.

59. Егер дүлей апат, ұрыс қимылдары немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмай-

тын  қандай  бір  басқа  форс-мажорлық  оқиға  шарттың  орындалуын  бұзса,  Тапсырыс  беруші  шарттың 

тоқтатыла  тұруын  куəландырады.  Мердігер  тоқтата  тұру  туралы  хабарлама  алғаннан  кейін  аса  қысқа 

мерзімде  Объектіні  консервациялауды  қамтамасыз  етеді  жəне  жұмысты  тоқтатады.  Тапсырыс  беруші 

Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін жəне Объектіні 

консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді. 

60.  Мердігер  орындалған  жұмыстарды  жəне  жұмыстарға  байланысты  барлық  материалдарды, 

жабдықтарды, ресурстарды жəне өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлыққа 

жəне өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды 

қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, 

сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті жəне оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану 

түрлерінен жəне жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын жəне жылжымалы жəне жылжы-

майтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектелмей) басқа да себептерден қорғауды 

қамтамасыз етеді. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс 

берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды. 

61. Жоғарыда айтылған себептер бойынша жұмыстар толық аяқталғанға жəне қабылданғанға дейін 

Мердігер жұмыстарына қандай да бір нұқсан тигені немесе олардың зақымданғаны үшін Тапсырыс беруші 

жауапты болмайды жəне Мердігер қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды 

жəне өзге де жоғары айтылғандар нəтижесінде өзге де ақауларды қосымша өтеусіз жүзеге асырады. 

62. Мердігер жеткізетін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды жеткізуді, 

тасымалдауды, түсіруді жəне сақтауды ұйымдастыру үшін Мердігер жауапты болады. Жеткізу Мердігердің 

атына ғана жүзеге асырылады. Жеткізумен, өңдеумен, сақтаумен жəне көлік құралдарының тұрып қалуына 

ақы төлеумен байланысты шығыстар үшін Тапсырыс беруші ешбір жағдайда жауапты болмайды. Ешбір 

жағдайда жеткізу Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді. 

63. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, 

төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. 

Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын түсіруді жəне сақтауды кідіртетін болса, жəне егер 

мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші 

Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы 

мүмкін (бірақ мұны жасауға міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын 

Мердігерді  жұмыстардың  басталған  күнін  жəне  орнын  көрсете  отырып,  мұндай  жұмыстардың  жүзеге 

асырылуы  туралы  хабардар  етуге  міндетті.  Егер  мұндай  түсіруді  немесе  сақтауды  Тапсырыс  беруші 

жүзеге асыратын жағдайда, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл 

тəуекелді Мердігер көтереді.

64. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп 

қабылдайды жəне тексереді. Құрылыс алаңында түсіруді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау 

қабылдап алу туралы Мердігер дайындайтын жазбаша құжатпен куəландырылуға тиіс. Мұндай материал-

дар мен жабдықтарға қолданылатын кез келген кемшілік немесе зақымдану қабылдап алу туралы жазбаша 

құжатта нақты белгіленуге тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер 

осындай  материалдар  мен  жабдықтардың  өңделуі  мен  сақталуы  үшін  жəне  жоғарыда  көрсетілгендер 

жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауапты болады. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан 

кейін  қалатын  материалдардың  немесе  жабдықтардың  кез  келген  артық  саны  Тапсырыс  берушіге 

қайтарылуға тиіс. 

65. Егер шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын жеткізу көзделген болса, 

Мердігер оларды жеткізу үшін қажет болуы мүмкін мерзімдер туралы Тапсырыс берушіні алдын ала ха-

бардар етеді. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделеді. 

66. Егер шартқа сəйкес Тапсырыс беруші осы шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді 

көлемде  электр  энергиясымен  жəне  сумен  қамтамасыз  ететін  болса,  Мердігер  қосуды  орындау  үшін 

жəне су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. 

Осы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз 

болып табылады. 

67. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын жоюға 

жəне Учаскені жедел түрде тəртіпке келтіруге міндетті. 

68. Егер Мердігер Учаскені осы шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, шығыстарды 

Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты Тапсырыс беруші орындауы мүмкін. 

69. Мердігер шартта баяндалған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны ту-

ралы Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей шартқа 

сəйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (жұмыс комиссиясы) тағайындайды. 

70. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі. 

71. Жұмыс комиссиясы Актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады. 

72.  Жұмыс  комиссиясы  кемшіліктердің  тізбесін  жасайды  жəне  оларды  жою  мерзімін  көрсетеді. 

Кемшіліктерді  жою  күні  шарттың  аяқталған  күні  болып  саналады.  Барлық  кемшіліктерді  жою  фактісі 

Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

73.  Форс-мажор  жағдайларды  қоспағанда,  Өнім  берушінің  тарапынан  шарт  бойынша  Жұмыстарды 

орындау не орындалған Жұмыстар бойынша кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны 

не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына нұқсан 

келтірмей,  тұрақсыздық  айыбын  (айыппұл,  өсімпұл)  өнім  беруші  міндеттемені  орындамаған  жағдайда 

мерзімі өткен əрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен əрбір күн үшін тиісінше 

орындамаған міндеттеменің 0,1 %-ы мөлшерінде өндіріп алады.

74. Осы шарттың күшіне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн 

шартта айқындалады).

75. Мердігер осы шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін күнтізбелік 

(күн санын көрсету керек) күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Бұл  ретте,  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  жұмыстарды  орындаудың  ең  аз  мерзімі 

кемінде күнтізбелік он бес күн.

76. Өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге сəйкес жергілікті қамтуды (ол бар болса) қамтамасыз 

етуге міндеттенеді*.

*Ескертпе: осы норма мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік кəсіпорындар, дауыс беретін акцияларының 

(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар 

өткізген кезде қолданылады.

77.  Тапсырыс  беруші  осы  шарт  бойынша  орындалған  көлем  үшін  осы  шартта  айтылған  соманы 

төлеуге міндеттенеді. 

78.  Мердігер  орындаған  жұмыстардың  сомасынан  ай  сайын  (немесе  басқа  кезеңді  көрсету  керек) 

Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар құнының 5 %-ын ұстап қалады, бұл Мердігерге барлық жұмыстар 

орындалғаннан жəне кемшіліктер мен ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін төленеді (бұдан əрі – түпкілікті 

ақы төлеу). 

79. Осы шарт бойынша Мердігерге түпкілікті төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы шарт бойынша 

міндеттемелерді  жəне  Ақауларды  түзету  жөніндегі  өзінің  барлық  міндеттемелерін  толық  орындаған 

жағдайда жүргізеді.

80. Осы шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тəртіппен келіскен өзге де айыппұл санк-

циялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін. 

81. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде жəне шарттарда шарттың орын-

далуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз ету енгізу конкурстық құжаттамада 

көзделсе). 

82.  Осы  шарт  Тапсырыс  беруші  оны  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  аумақтық 

қазынашылық  органында  тіркегеннен  кейін  (мемлекеттік  органдар  мен  мекемелер  үшін)  жəне  Өнім 

беруші Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 

енгізгеннен кейін күшіне енеді. 

83. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері: 

Тапсырыс беруші Өнім беруші 

_____________________________  

 

________________________



 (толық атауы) 

 

  (толық атауы) 



_____________________________  

 

________________________ 



_____________________________  

 

________________________ 



 (мекенжайы) 

 

  (мекенжайы) 



_____________________________  

 

________________________ 



 (телефоны, факсы) 

 

  (телефоны, факсы) 



_____________________________  

 

_____________________ 



(Т.А.Ə.) 

 

   (Т.А.Ə.) 



_____________________________  

 

________________________ 



 (қолы)    

 

 



(қолы) 

________ж. «__»__________  

 

_________ж. «___» _______



М.О. 

 

   М.О. 



Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): ________

__________________________________________________________________________________________

Осы  Жұмыстарды  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  үлгілік  шарт  Тапсырыс  берушінің  жұмыстарды 

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындай-

тын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік са-

тып алу қорытындылары негізінде өзінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті 

жобасын əзірлейді. Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан 

Республикасының,  оның  ішінде  мемлекеттік  сатып  алу  жөніндегі  заңнамасына,  Тапсырыс  берушінің 

конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне жəне Конкурс қорытындылары 

туралы хаттамаға сəйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс 

беруші толтыруға тиіс.

Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет