11. Бақылап бөлшектеу (жинау)
65. Бақылап бөлшектеуді (жинауды) әскери өкілдіктің қатысуымен ұйымның комиссиясы жүргізеді.
66. Бақылап бөлшектеу (жинау) цехтардағы блоктарда (тораптарда) немесе арнайы сұрыпталуы жоқ қоймаларда,
сондай-ақ төзімділікке (ресурс) бұйымға сынақ жүргізгеннен кейін жүргізіледі.
67. Бақылап бөлшектеулерді (жинауларды) орындау кезінде әскери өкілдік:
1) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың сапасы мен дұрыстығын;
2) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың талаптарына қатаң сәйкестікте тетіктерді дайындау және
блоктарды (тораптарды) жинау мүмкіндігін;
3) дайындалған тетіктердің, блоктардың (тораптар) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың та-
лаптарына сәйкес келуін;
4) жинау, құрастыру және бақылау операцияларының қолданыстағы жинау технологияларының талаптарына
сәйкестігін және оны орындау жүйелілігін;
5) сызба бойынша дайындалған блоктардың (тораптардың) жиналмалылығын;
6) технологиялық үдерісте көзделген барлық құралдардың, жарақтар мен құрал-саймандардың жинауға
жарамдылығын, сондай-ақ олардың толықтығын;
7) нормалардың, ТШ және жекелеген жұмыс түрлерін орындауға арналған нұсқаулықтардың сақталуын;
8) операциялық бақылаудың жеткілікті болуын және жұмыс орнының техникалық жарақталуын;
9) өткен бақыланатын бөлшектеулердің (жинаулардың) нәтижелері бойынша конструкция мен технологияны
жақсарту жөніндегі ұсыныстарды орындауын;
10) өндіріске өзгерістер енгізу және оларды технологиялық және конструкторлық құжаттамаға толық енгізуін;
11) бұйымның ұзақ жасалуынан кейінгі тетіктер мен тораптардың жай-күйін (тозуын) тексереді.
68. Бақылап бөлшектеу (жинау) ұйымның басшысы бекіткен және әскери өкілдіктің бастығымен келісілген
ұйымның жылдық кестесі бойынша, сондай-ақ өндірістік қажеттілік жағдайда ұйым және Әскери өкілдіктің басшы-
лары арасында келісілген жекелеген шешім бойынша жүргізіледі.
69. Бақылап бөлшектеу (жинау) нәтижелері бойынша акт жасалады, онда:
1) конструкторлық құжаттаманың сапасы жөніндегі, блокты (торапты) жинау сапасы жөніндегі, тетіктерді дайындау
сапасы жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар, технологиялық үдеріс жөніндегі, жарақ, құралдар, құрал-саймандар
және жұмыс орны жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар, сапаны бақылау әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөніндегі
ескертулер; бақыланатын бөлшектеу (жинау) нәтижелері жөніндегі қорытындылар;
2) орындаушыларды және жұмысты орындау мерізімдерін көрсете отырып, әр ескерту жөніндегі іс-шаралар
қамтылады.
70. Тексеру үдерісінде бөлшектеу (жинау) рұқсатсыз жалғастырыла алмайтын мәселелер бойынша комиссия
қабылдаған барлық шешімдер жедел орындалады.
Бөлшектеу (жинау) барысына орындалу мерзімі ықпал етпейтін шешімдер актіде белгіленген мерзімде орын-
далады.
Бақылап бөлшектеулердің (жинаулардың) нәтижелері жөніндегі шешімдер мен актілердің орындалуын
бақылауды әскери өкілдікті қатыстыра отырып, ұйымның ТББ жүзеге асырады.
12. Конструкторлық құжаттаманың орындалуын бақылау
71. Әскери өкілдік қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес өнімді әзірлеудің және сериялық өндірудің барлық
сатысында конструкторлық құжаттаманың орындалуын жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
72. Мерзімі тапсырыс берушімен келісілген өнімді сынау, дайындау және тәжірибелік үлгіні (партия) тәжірибелік
пайдалану нәтижелері бойынша түзетілген жұмыс конструкторлық құжаттамасының толық жиынтығын ұйым тексеру
үшін және кейіннен өнімді сериялық өндіру үшін бекітуге тапсырыс берушіге көрсетеді.
73. Сынақ нәтижелері бойынша жұмыс конструкторлық құжаттаманы түзету және тәжірибелік үлгіні толық
пысықтау тәртібі НТҚ талаптарына сәйкес келуі тиіс.
74. Әскери өкілдік ұйымда құжаттамаға өзгерістерді уақтылы енгізу жөніндегі жұмыстың жүргізілуін бақылайды.
Конструкторлық құжаттаманы өзгерту әскери өкілдік бастығымен келісілген өзгеріске хабарлама түрінде ресімделеді.
Конструкторлық құжаттаманың өзгерістерін қарау және келісу кезінде өзгеріс енгізу қажеттігін растайтын
типтік сынаулар нәтижелерін ескере отырып, олардың негіздемесі, сондай-ақ енгізілетін өзгерістердің негізгі
бұйымның жұмысына ықпалы (бұйымның құрамдас бөлігіне өзгерістер жүргізу кезінде) тексеріледі. Сонымен
қатар конструкторлық құжаттамаға өнімді дайындау, қабылдап алу, пайдалану және жөндеу кезінде анықталған
кемшіліктерді жою жөніндегі өзгерістердің уақтылы енгізілуін, сондай-ақ осы өзгерістердің өндіріске енгізілуін
бақылау қажет.
75. Әскери өкілдік осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген конструктивтік
өзгерістердің есебін жүргізеді және ұйымның хабарламаларды орындауын және таратуын бақылайды, сондай-ақ
техникалық шарттарды қолдану мерзімінің есебін жүргізеді.
Әскери өкілдікте конструкторлық құжаттаманың есептік жиынтығы болуы міндетті (әскери өкілдіктің жұмысына
қажетті көлемде) және өнімнің бақыланатын бұйымдарын қабылдап алуды және техникалық тексеруді тек әскери
өкілдіктің конструкторлық құжаттамасының есепке алу жиынтығы бойынша жүргізуге міндетті.
13. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын бақылау
76. Әскери өкілдік тапсырыс беруші бекіткен (келіскен) ТТ бойынша ұйым жүргізетін ҒЗЖ бақылайды.
77. Әскери өкілдік оларды жүргізудің барлық кезеңдерінде ҒЗЖ орындалуын ұдайы бақылауды жүзеге асы-
рады. Бақыланатын кезеңдер:
1) зерттеу бағытын таңдау;
2) теоретикалық және экспериментальді зеттеу;
3) зеттеу нәтижелерін қорытындылау және бағалау, ҒЗЖ жөніндегі есептілік ғылыми-техникалық құжаттамасын
шығару болып табылады.
78. ҒЗЖ бақылау барысында әскери өкілдік міндетті түрде:
тапсырыс берушінің барынша қанағаттануына қол жеткізе отырып, ұйыммен бірге ҒЗЖ-ге ТТ-ны қарауға және
келісуге, сондай-ақ ұйым құрамдас бөліктерін орындауға және осы тақырып бойынша зерттеуге беретін ТТ-ны
қарауға және келісуге қатысады;
ұйымның қойылған міндеттерді шешу әдістерін таңдау және кезеңдер мен жұмыстарды толық орындаудан
алған нәтижелерді талқылау жөніндегі техникалық кеңестерге және ғылыми-техникалық кеңестердің жұмысына
(бұдан әрі – ҒТК) қатысады;
ҒЗЖ кезеңдерін қабылдау үдерісінде анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-шараларды келіседі және
олардың орындалуын бақылайды;
тапсырыс берушінің ҒЗЖ кезеңдерін толық қабылдау актісін қарауға ұсыныс дайындайды.
79. Әскери өкілдік келісілген жоспар-кестеге сәйкес ҒЗЖ есептілік материалдарының ТТ-ға сәйкестігін қарайды
және ол бойынша қорытынды жасайды, онда орындалған жұмыстың көлемі, зерттеудің толықтығы мен сапасы,
жұмыс нәтижелерінің практикалық құндылығы, ҒЗЖ тапсырыс берушінің комиссияларына ұсыну және комиссияның
жұмысына қатысу мүмкіндігі бағаланады.
80. Ұйым ТТ талаптарын орындамаған жағдайда ҒЗЖ жөніндегі есептілік материалдарын қабылдап алудан бас
тартылады, қабылдап алу тоқтатылады, тапсырыс берушіге тиісті хабарлама жолданады, ал қабылдап алу тап-
сырыс берушіден қабылданған шешім туралы жазбаша түрде растау алғаннан кейін жаңартылады. Кемшіліктерді
жою жөніндегі іс-шараларды тапсырыс беруші бекіткен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен
кейін қабылдап алуға қайтадан ұсыныла алады.
14. Тәжірибелік-конструктролық жұмыстардың орындалуын бақылау
81. Тапсырыс беруші үшін ТКЖ-ны жасалған шарттар бойынша тікелей ұйым жүргізеді.
Өнімге арналған ТТ-ны және олардың құрамдас бөліктерін тапсырыс беруші әзірлейді және ұйым әскери
өкілдікке жолдайды.
82. Өнімді әзірлеуге бекітілген ТТ-ға сәйкес әскери өкілдік белгіленген тәртіппен ұйым жасаған осы жұмысты атқару
жөніндегі шығын құрамы есебінің жобасын қарайды, оны келіседі және тапсырыс берушіге жіберілуін бақылайды.
83. Ұйым ТКЖ-ға арналған шарттың жобасын алған кезде (қосымша келісім) әскери өкілдік оның қаралу ба-
рысын бақылайды.
84. Өнімнің тәжірибелік үлгісінің жекелеген құрамдас бөліктерін (жүйесі, кешен) ТКЖ-ға арналған ТТ талап-
тарын ескеруге тиісті тапсырыс берушінің және ТКЖ бас орындаушы ұйымның ТТ жөніндегі қосалқы мердігер
ұйымы әзірлейді.
85. Әскери өкілдік оны қолданыстағы НҚА мен НТҚ талаптарына сәйкес жүргізудің барлық кезеңдерінде ТКЖ-
ның орындалуын ұдайы бақылауды жүзеге асырады.
ТКЖ-ның бақыланатын кезеңдері:
1) эскиздік жобаны әзірлеу;
2) техникалық жобаны әзірлеу;
3) тәжірибелік үлгіні әзірлеуге арналған жұмыс конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
4) тәжірибелік үлгіні дайындау және алдын ала сынаулар жүргізу;
5) тәжірибелік үлгінің негізгі сынауларын жүргізу;
6) жұмыс конструкторлық құжаттаманы түзету және негізгі сынаулардың нәтижелері бойынша тәжірибелік үлгіні
толық пысықтау болып табылады.
86. Шарттың ережелерінде ТКЖ бір немесе бірнеше кезеңдері болмаған кезде оларда көзделген жұмыстар
әзірлеудің келесі кезеңдерінде орындалуы қажет.
87. Ұйым аванжобаны (техникалық ұсыныс) орындаған жағдайда әскери өкілдік:
1) аванжоба материалдарының (техникалық ұсыныс) ТТ-ға сәйкес келуін қарайды;
2) аванжобаны (техникалық ұсыныс) қарау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
3) аванжобаны (техникалық ұсыныс) қарау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және келісуге қатысады.
15. Эскиздік жобаның орындалуын бақылау
88. Эскиздік жоба кезеңінде әскери өкілдік:
1) тапсырыс берушінің аванжоба (техникалық ұсыныс) бойынша қорытындысында жазылған ұсыныстардың іске
асырылуын, сондай-ақ бірлескен шешімдерде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
2) ТКЖ орындауға арналған бірлескен жұмыс жоспарын келіседі;
3) эскиздік конструкторлық құжаттаманы келіседі және ол бойынша қорытынды береді;
4) эскиздік жобаны әзірлеудің, макеттерді жасаудың және зертханалық зерттеулер жүргізудің барысы мен
мерзімін бақылайды;
5) олардың қазіргі заманғы ғылыми-техникалық деңгейге сәйкес келуіне арналған негізгі техникалық шешімді
(құрастырма, жиынтықтама, схема, конструкция және с.с) бағалайды;
6) экспериментальды жұмыстардың есебіне және нәтижелеріне талдау жүргізеді;
7) құрастыру, сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы жөніндегі басшылық құжаттарды, конструкторлық
құжаттардың тізбесін, құрамдас бөліктерге бөлу схемасын, шектеу тізбесін және.т.б. келіседі;
8) құрамдас бөліктерді орындаушыларға берілетін техникалық тапсырмаларды келіседі;
9) электрлі-радио бұйымдарды қолданудың дұрыстығын, оларды пайдалану режимін бақылайды;
10) шағындау, стандарттау және бірегейлендіру жөніндегі әзірлеменің берілген деңгейін қамтамасыз етуді
бақылайды;
11) эскиздік жобаны әзірлеуге арналған іс жүзіндегі шығынды бақылайды;
12) жоба материалдары бойынша қорытындыны дайындау үшін жобалаудың барысы мен нәтижелері туралы
деректерді қорытындылайды;
13) оның ТТ және басқа да НТҚ талаптарына сәйкес келу және тапсырыс беруші комиссиясының ұсыну мүмкіндігін
бағалаумен эскиздік жоба бойынша қорытынды жасайды.
89. Қорытындыда қамтылған мәселелердің көлемі өнімді әзірлеуге және оны өндіріске қоюға арналған стан-
дарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
90. Техникалық жоба кезеңінде әскери өкілдік:
1) эскиздік жобаны қабылдап алудың нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды;
2) оқу-жаттықтыру құралдарының, стандартты емес жөндеу-техникалық жабдықтар мен жөндеу құжаттамасының
тізбесін келіседі;
3) стандарттаудың және бірегейлендірудің, өзара алмастырудың қағидаттарын пайдалануды ескере отырып,
құрастыру әдістері мен тәсілдерінің дұрыстығын бақылайды;
4) құрастыру жөніндегі басшылық нұсқаулар талаптарының орындалуын тексереді;
5) бұйымды жобалаудың барысын, конструкторлық құжаттаманың сапасын, техникалық құралдардың макеттерін
әзірлеуді бақылайды;
6) конструкторлық және схемалық кемшіліктерді анықтайды және оларды жою жөнінде шараларды қабылдайды;
7) тапсырыс беруші бекіткен, келісілген шектеу тізбелеріне сәйкес электрлі-радио бұйымдар мен материалдар-
ды қолдануды және оларды пайдалану режимін тексереді;
8) сынау бағдарламасы мен әдістемесін, пайдалану құжаттамасының тізбесін және жоспар-анықтамалығын
келіседі;
9) жобаны сараптауға, макеттерге зертханалық сынау жүргізуге қатысады;
10) техникалық жоба құжаттамасының әзірленуін, келісілуін және қорытынды берілуін бақылайды;
11) техникалық жобаны әзірлеуге арналған іс жүзіндегі шығынды тексереді;
12) жобаның материалдары бойынша қорытынды дайындау үшін жобалау барысы және нәтижелері туралы
деректерді қорытындылайды;
13) оның ТТ мен басқа да НТҚ талаптарына сәйкес келу және комиссияға ұсыну мүмкіндігін бағалаумен
техникалық жоба бойынша қорытынды жасайды.
91. Қорытындыда қамтылатын мәселелердің өзектілігі мен толықтығы өнімді әзірлеуге және өндіріске қоюға
арналған стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Әскери өкілдік техникалық жобаны қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
16. Тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасын әзірлеуді бақылау
92. Тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңінде әскери өкілдік:
1) техникалық жобаны қабылдап алудың нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды;
2) оқу-жаттықтыру құралдарының, стандартты емес жөндеу-технологиялық жабдықтардың және жөндеу
құжаттамасының тізбесін келіседі;
3) ТТ және қолданыстағы нормативтік-конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес конструкторлық
құжаттаманың сапасын бағалайды;
4) тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасын келіседі;
5) конструкторлық құжаттамаға сараптама жүргізуге қатысады;
6) конструкторлық құжаттаманың тәжірибелік өндіріске берілуін бақылайды;
7) тәжірибелік үлгіні және оның құрамдас бөліктерін дайындау, жинау және реттеу кестесін келіседі;
8) пайдалану жағдайында бұйымдарға қызмет көрсетуге қажетті аспаптар мен жабдықтардың тізбесін келіседі;
9) электрлі-радио бұйымдардың, жұмыс режимдерінің картасын келіседі, олардың жұмыс режимдері туралы
ақпараттың жеткілікті болуына талдау жасайды;
10) құрамдас бөліктерге (аспаптар, блоктар, құрылғылар) арналған сынау бағдарламасы мен әдістемесін
келіседі және оларды сынауға қатысады;
11) сынау үдерісінде анықталған тәжірибелік үлгінің құрамдас бөлігіндегі және құжаттамадағы кемшіліктердің
жойылуын бақылайды.
17. Тәжірибелік үлгіні жасауды және алдын ала сынау жүргізуді бақылау
93. Тәжірибелік үлгіні жасау және алдын ала сынау жүргізу кезеңінде әскери өкілдік:
1) тәжірибелік үлгіні сызбалар, нұсқаулықтар, қабылданған технологиялар талаптарына қатаң сәйкестікте жа-
сау және ретке келтіру барысын, сондай-ақ жасау және ретке келтіру нәтижелері бойынша құжаттаманы түзетуді
бақылайды және осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәжірибелік үлгілердің әзірлеу және
дайындау жағдайының есебі журналында есепке алады;
2) сараптама комиссияларына (метрология, стандарттау және эргономика бойынша) қатысады;
3) сараптама комиссиясының шешімін келіседі және олардың іске асырылуын бақылайды және осы Нұсқаулықтың
13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлескен шешімдердің есебі журналында есепке алады;
4) жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды бастапқы бақылаудың объективті болуын, сондай-ақ
бастапқы бақылау жүргізу кезінде қажетті басшылық құжаттардың (нұсқаулықтар, сынау және тексеру әдістемелері,
техникалық шарттар) және бақылау-өлшеу техникасының болуын қадағалайды;
5) ұйымның бақылау-өлшеу және сынау техникасын тексеру жөніндегі метрологиялық қызметтің іс-қимылын
бақылайды;
6) нақты пайдалану жағдайларына барынша жақын шарттарда жұмысқа қабілеттілігін қажетті тексерулер мен
сынауларды енгізуге қол жеткізе отырып, тәжірибелік үлгіні сынау әдістемесінің бағдарламасын қарауға және
келісуге қатысады;
7) алдын ала сынау жүргізу үшін қажетті құжаттаманың, бақылау-өлшеу техникасының тізбесін келіседі;
8) тәжірибелік үлгіге техникалық тексеру жүргізеді;
9) мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін және шетелдік техникалық барлауға қарсы іс-қимылды
қамтамасыз ету жөніндегі НҚА талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
10) сынаулар кезінде туындайтын істен шығулар мен бұзылулардың есебін бақылайды;
11) алдын ала сынаулар барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлеу
мен келісуге қатысады және олардың толық көлемде және қойылған мерзімдерде орындалуына қол жеткізеді;
12) тәжірибелік үлгіні сынау нәтижелері бойынша конструкторлық жұмыс құжаттаманы түзетуді бақылайды және
оны өзгертуге арналған хабарламаны келіседі;
13) комиссия актісінде және алдын ала сынаулар нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген
кемшіліктерді жойғаннан кейін конструкторлық құжаттаманы келіседі және оған қорытынды береді;
14) ұйымдардағы-қосалқы мердігерлердегі әскери өкілдікке құрамдас бөліктердің, сынаулар үдерісінде
анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарынан тиісті үзінді көшірмелердің уақтылы жөнелтілуін
қадағалайды және олардың жойылуын бақылайды.
18. Тәжірибелік үлгіге соңғы сынаулар жүргізілуін бақылау
94. Соңғы сынақтарды дайындау және жүргізу кезеңінде әскери өкілдік:
1) соңғы сынақтардың бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуге және келісуге қатысады, тәжірибелік үлгіні
сынаққа қоюдың жоспар-кестесін келіседі;
2) ұйымның іс жүзіндегі шығындар құрамын келіседі, келісу хаттамасын жасайды және оны тапсырыс берушіге
келісуге ұсынады;
3) сынауды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің келісілген бағдарламасына сәйкес сынауға
қажетті құжаттаманың, жабдықтардың және мүліктің уақтылы жеткізілуін бақылайды және осы Нұсқаулықтың
14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімді сынау журналында есепке алады;
4) ӘӨ-мен келісілген және тапсырыс беруші бекіткен материалдық-техникалық қабылдау бағдарламасында
белгіленген тәртіппен тәжірибелік үлгіні материалдық-техникалық қабылдауды жүргізеді;
5) тәжірибелік үлгі мен конструкторлық құжаттаманың соңғы сынау жүргізуге әзірлігі туралы және ұйымның
тапсырыс беруші қабылдаған барлық бірлескен шешімдері мен іс-шараларды орындауы туралы қорытынды
береді, тәжірибелік үлгі мен конструкторлық құжаттаманың сынақ жүргізуге әзірлігі туралы хабарламаны растайды;
6) соңғы сынауларды жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
7) мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін және шетелдік техникалық барлауға қарсы іс-қимылды
қамтамасыз ету жөніндегі НҚА талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) сынаулар үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге
қатысады және оның толық көлемде және қойылған мерзімдерде орындалуына қол жеткізеді;
9) ұйымдардағы-қосалқы мердігерлердегі әскери өкілдікке құрамдас бөліктердің, сынаулар үдерісінде анықталған
кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарынан тиісті үзінді-көшірмелердің уақтылы жөнелтілуін қадағалайды
және олардың жойылуын бақылайды.
10) соңғы сынауларды жүргізуге арналған іс жүзіндегі шығындардың құрамын келіседі.
19. Конструкторлық жұмыс құжаттамасын түзету және соңғы сынаулардың нәтижелері бойынша
тәжірибелік үлгіні толық пысықтау
95. Әскери өкілдік:
1) тәжірибелік үлгінің және конструкторлық құжаттаманың толық пысықталуын бақылайды;
2) ТКЖ-ны стандарттаудың және бірегейлендірудің жалпы деңгейін айқындау жөніндегі сараптамаға қатысады;
3) тапсырыс берушіге (ведомствоаралық комиссияға) ұсыну үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасының
әзірлігі туралы қорытынды береді;
4) тәжірибелік үлгіні толық пысықтауға және конструкторлық құжаттаманы түзетуге арналған қосымша келісімнің
қосалқы мердігермен келісілуін бақылайды;
5) тиісті литерді беру үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасының әзірлігін тексеру жөніндегі тапсырыс беруші
комиссиясының (ведомствоаралық комиссия) жұмысына қатысады және шартты белгі қоя отырып, тапсырыс
берушінің ескертулерін іске асыруды бақылайды.
96. Бұйымды сериялық шығару үшін конструкторлық құжаттаманы беру кезінде әскери өкілдік:
1) конструкторлық құжаттама телнұсқаларының жай-күйін тексереді және ондағы кемшіліктерді жояды;
2) конструкторлық құжаттама телнұсқаларын сериялық бұйымдарды басты әзірлеушіге беру жөніндегі
комиссияның жұмысына қатысады;
3) конструкторлық құжаттама телнұсқаларының сериялық бұйымды әзірлеушілерге уақтылы жөнелтілуін
бақылайды;
4) конструкторлық құжаттаманың өзгерістерін қарайды және келіседі;
5) жаңадан әзірленген (жаңартылған) бұйымдарды шығару үшін өндірісті игеру дайындығын ұйымдастыру
жөнінде жүргізілетін іс-шараларға қатысады.
20. Әскери өкілдіктің өнімді стандарттауды және бірегейлендіруді бақылау жөніндегі жұмысы
97. Стандарттау және бірегейлендіру жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдіктің
негізгі міндеттері:
1) жасалатын өнімді стандарттау мен бірегейлендірудің берілген деңгейінің қамтамасыз етілуін бақылау;
2) өнімді стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларының әзірленуін және іске асырылуын бақылау;
3) өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылау;
4) өнімге арналған стандарттар мен ТТ жобаларын келісу болып табылады және осы Нұсқаулықтың
15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конструкторлық құжаттамаға өзгерістер енгізу журналында есепке алады.
98. Жасалатын өнімді стандарттау мен бірегейлендірудің берілген деңгейін қамтамасыз етуді бақылау кезінде
әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:
1) өнімді жасау (жаңғырту) жөніндегі ТКЖ-ны орындау кезінде конструкторлық құжаттаманың стандарттау мен
бірегейлендіру жөніндегі талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізудің жоспар-кестесінің жобаларына ұйымның
ұсыныстарын қарауды және келісуді;
2) ұйымдар жүргізетін өнімді жасау (жаңғырту) жөніндегі ТКЖ орындау кезінде стандарттау мен бірегейлендіру
жөніндегі талаптарға сәйкес келуіне конструкторлық құжаттаманың сараптамасына қатысу, сондай-ақ осы
сараптамалардың нәтижелері бойынша ұсыныстардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
3) өнімді әзірлеуде стандартталған және бірегейлендірілген бөлшектерді, тораптарды және талап етілетін
сападағы жиынтықтаушы бұйымды қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
4) жасалатын өнімді стандарттау және бірегейлендіру деңгейінің ТТ-да берілген талаптарға сәйкес келуін
бақылауды жүзеге асыру.
99. Өнімді стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларының әзірленуін және іске асырылуын бақылау кезінде
әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:
1) тапсырыс берушіге өнімге арналған қолданыстағы ТТ-ны қайта қарау (өзгерту) және жаңадан әзірлеу жөніндегі
ұсыныс-өтінімдерді дайындау және ұсыну;
2) негізгі стандарттауды дамыту бағыттарының, өнімдердің жылдық стандарттау жоспарлары жобаларына,
сондай-ақ өнімді кешенді стандарттау бағдарламаларына ұйымның ұсыныстарын қарау;
3) осы мәселелер бойынша тапсырыс берушінің ұсыныс-өтінімдерін қарауға, ұйымдастыруға қатысу;
4) есеп беру жылына арналған өнімді стандарттау жоспарларының жобаларын және ерекше кезеңге
толықтыруларды әзірлеу талап етілетін стандарттардың тізбелерін әзірлеуді бақылау;
5) ұйымның өнімді стандарттау жоспарларында және өнімді кешенді стандарттау бағдарламаларында көзделген
жұмыстардың орындалуын бақылау.
100. Өнімге арналған стандарттарды келісу кезінде әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:
1) өнімге арналған стандарттарды келісуге (өзгертуге) ТТ жобаларын қарау және келісу;
2) тапсырыс берушінің кеңестерінде өнімге арналған стандарттардың жобаларын қарауға қатысу;
3) тапсырыс берушімен келісуге жататын стандарттардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды
қарау және беру;
4) ұйымға бекітілген, тапсырыс берушімен келісілген стандарттардың уақтылы тексерілуін және қайта қаралуын
(өзгерту) бақылау.
101. Өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылау кезінде әскери өкілдік мыналарды
жүзеге асырады:
1) арнайы мемлекеттік мұқтаждар үшін өнім бұйымдарын жеткізетін ұйымдарда стандарттардың енгізілуін және
сақталуын мемлекеттік қадағалауды (ведомстволық бақылауды) енгізу қажеттігі жөніндегі ұсыныс-өтінімдерді дай-
ындау және оны тапсырыс берушіге ұсыну;
2) өнімді өндіру үшін ұйым жеткізетін шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдер мен жиынтықтаушы
бұйымдардың стандарттары мен техникалық шарттарының талаптарына сәйкес келмеу жағдайы туралы
мәліметтерді дайындау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының аумақтық органдарына жолдау;
3) ұйымда оны әзірлеу және өндіру сатысындағы өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын
бақылау;
4) өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын қадағалау және ведомстволық бақылау жөніндегі
комиссиялардың жұмыстарына қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |