№3(63)/2011 Серия филология


Қоғамның əр түрлі типтерінің салыстырмалы əлеуметтік-лингвистикалық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,77 Mb.
#82
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қоғамның əр түрлі типтерінің салыстырмалы əлеуметтік-лингвистикалық сипаттамасы 
Р/с
№ 
 Қоғам 
Түрі 
Белгілері 
Индустриалдыққа 
дейін 
Индустриалды 
Постиндустриалды 
 
1 2 




Негізгі өкілдері 
Ауғанстан, 
Ангола, 
Никарагуа 
Ұлыбритания, 
Германия, 
Италия, Франция 
 
АҚШ,  Жапония  (осы  қоғам 
түріне жақындаған елдер) 

Негізгі белгілер 
Қол еңбегі 
Технология 
механизмдерін 
кең 
түрде қолдану 
Өндірісті 
автоматтандыру, 
қоғамды компьютеризациялау
 

Тұрғындардың  еңбек 
етуі 
Ауыл  шаруашылығы 
шамамен 75 % 
Ауыл 
шаруашы-
лығы шамамен 10 % 
Ауыл  шаруашылығы 3 

дейін,  өндіріс  шамамен 33 %, 
қызмет  көрсету  шамамен 
66 % 
 

Білім  беру  саласын-
дағы саясат 
Сауатсыздықпен күрес  Мамандарды 
дайындау  
 
Үздіксіз білім беру 

Адамға талап: 
а) психолингвистика-
лық сипаттама 
 
 
 
ə) тілді  игеру  дең-
гейі 
 
 
Мəжбүрлік;  толық  ба-
ғыну;  күн  көру  үшін 
еңбек ету 
 
 
 
Билингв.:  рецептивті- 
репродуктивті  түсіну-
өндіру 
 
Орындаушылық,  ту-
ралық;  билікке  бағы-
на  білу;  өмір  бойғы 
бір  текті  еңбекке 
мойынсұну 
 
Билингв.: продуктив-
ті  (тек  түсініп  қана 
қоймай  өндіру,  шет 
тілдегі  толыққанды 
Шығармашылық; 
өзгеріске 
жылдам əсер ету; белсенділік; 
коммуникабельдік;  жан-жақ-
ты даму 
 
 
Амбилингв.  кем  дегенде  екі 
тілді  қызмет  саласының  бар-
лық саласында тең түрде жақ-
сы пайдаланады жəне бір тіл-

Мəдениет контексіндегі тілдік құбылыстар 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
15 
1 2 



 
 
 
 
 
 
 
 
б) тілдердің 
когни-
тивті  түрдегі  өмір-
шеңдік əдісі 
 
 
в) тілдердің (Я1/ 
Я2)  өмір  əдісінің 
формасы  қоғамдас-
тықтағы өмір сүруі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нативизация  процесін 
ішкі жəне сыртқы фак-
торлар  бойынша  енгі-
зу процесі 
 
мағыналы  сөздерді 
айту)  координация-
ланған 
(билингвте 
əрбір  екі  тіл  жекеше 
өмір  сүреді,  ана  тілі-
нің 
басымдылығы-
мен) 
 
 
 
 
 
 
Нативизация  проце-
сін дамыту — қоғам-
дастық  өз  ана  тіліне 
қосымша  басқа  бір 
тілді қабылдайды не-
месе  оны  модифи-
цирлейді 
 
ден  екінші  тілге  тез  ауыса 
алады 
 
 
 
 
 
 
Координацияланғанның 
ба-
сымдылығы;  квазиараласуы-
ның  болуымен  сипатталады 
(екі тіл бір жүйеге қосылады) 
 
Нативизация күшейту 

Билингвтардың  қо-
ғамдастықтағы саны 
Қоғам түрінің өзгеру шамасы бойынша артып отырады 
 
Көріп  отырғандай,  лингвистика  рөлі  тілді  білу  постиндустриалды  қоғамда  алғашқы  мəнге  ие 
бола  бастады,  себебі  тіл  мəдени-логикалық,  когнитивті-коммуникативті  негізгі  əлеуметтік  қызмет 
атқарады, оны əлемнің тілдік картасында көрсетеді. Ол туралы сол заманғы ғылыми-мəдени идеяны 
ұлықтай  отырып,  Шығыстың  ойшыл,  энциклопедисті  əл-Фараби (870–950) өзінің  ғылымды 
классификациялауында  тілді  зерттеуді  тұрмысты  танудың  алғашқы  алғышарты  екенін  көрсете 
отырып,  атап  өтті. «Фарабидің  ғылымдар  саласын  топтастыру  əдісінің  өзінде  терең  мағына  жатыр. 
Алдымен,  ол  кісінің  тіл  іліміне  аса  зор  мағына  беретінін  көреміз.  Ол  əрбір  атау  сөздерді,  термин 
түсініктерді түрлі ғылымның кілті деп қарайды». 
Адамдар  арасында  тіл  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  бола  отырып, «қоғам  тірі  тұрғанда  тіл 
де  тірі  тұрады»  жəне  онымен  қатар  өзгеріп  отырады.  Алайда  «жүйедегі  сияқты  тілдегі  өзгеріс, 
Г.Гийом  айтқандай,  өте  ақырын  жүреді,  олар  тілде  дайындалып  отырады...  жəне  жүйені  жылжыта 
алады,  себебі  жүйеде  барлығы  да  өзара  байланысты  жəне  өзара  шарттасқан».  Тілдік  жүйенің 
деңгейлерінің  əр  түрлігін  есепке  алып  отыратын  көптеген  лингвистикалық  зерттеулер  көрсетіп 
отырғандай,  экстралингвистикалық  факторлардың  əсерін  өте  аз  көлемде  қабылдайтын  немесе 
қабылдамайтын  тілдің  грамматикалық  жəне  фонетикалық  құрылымы  болып  табылады.  Сыртқы 
əсерді неғұрлым жылдам қабылдайтын ол лингвистикалық деңгей болып саналады. 
Фразеология тілдің тура немесе жанама қатысын көрсететін лексикалық деңгей болып табылады. 
Алайда осы «ара қатыстықтың» көрінуі болмысты ұйымдастырудың диалектикалығын есепке алуды 
талап  етеді — оппозициялар  мен  объект  сипатының  өзара  толықтыруларын, тілдегі  үйлескен  тілдік 
құбылыстарды  анықтау  барысындағы  түсініксіздікті  көрсетеді  т.б.  Тілдің  ұлттық-мəдени  ақпараты, 
М.Р.Сабитова айтқандай, фразалық тіркесте «əдетте тіл таңбаларында ашық формалды көрсеткіштері 
болмайды  жəне  имплицитті  ішкі  формамен  жəне  біріккен  актуалды  мəн  мазмұны  мен  ассоциация 
заңы негізінде анықталады» [4]. 
Болмыстың  қандай  да болмасын  саласы, соның ішінде тіл де бірліктегі əр түрлілік сипаттарын 
көрсетеді,  оның  ішінде  ұлттық  жəне  жалпы  қоғамдық  бастаманы  лингвистикалық  жəне 
экстралингвистикалық əр векторлы процесі ретінде көрсетеді. 
Адамзатқа  тəн  организмнің  жалпы  физиологиялық  қасиеттері  барлық  тілдерге  тəн  «тіл — 
сөйлем»  дихотомиясын  құрылымдық  ұйымдастыруға  талпынысында  экономия  принципі, 
когеренттігі, динамикалық ынтымақтастығының көрінуі негізінде көрінеді. 
Р.Якобсон  айтқандай, «бір  тілдік  кодтан  екінші  бір  тілдік  кодқа  ауысу  тек  тілдер  изоморфты 
болғандықтан  ғана  ауысуы  мүмкін:  оның  құрылымы  негізінде  бір  принциптер  жатыр».  Сонымен 
қатар басқа тілге ауысу барысында адамдар өзіне жатық болып қалған синтаксистік құрылымдарды 

Жұмақанова Л.Т., Мұхамеджанова Ш.Т. 
16 
Вестник Карагандинского университета 
жəне  жіктеу  əдістерін  қолданады,  оның  сөйлеу  тілі  өз  ана  тіліне  тəн  артикуляциялық  қозғалыс 
аппаратынан босамайды. 
Фонетика  мен  грамматикада  ұлттық-мəдени  сипаттың  көрінуін  де  байқауға  болады,  егер  басқа 
тілден  енген  басқа  тілден  алу  барысында  тілдің  номинативтік  тілдік  бірліктері  морфология  мен 
синтаксис жəне сөздің айтылуы алынбай қалатын кірме сөздерге қарайтын болсақ: industries de haute 
technologie — жоғары технологияға негізделген салалар, économie nationale — ұлттық экономика, la 
Poste, France Télécom — Қазақтелеком, groupe parlementaire — парламенттік фракция, urne éléctorale 
— сайлау урнасы. 
Барлық  осы  кірме  сөздер  əр  түрлі  ұлттардың  əр  түрлі  жəне  үдемелі  қарым-қатынастарына 
байланысты. Жəне бұл процестер тілдің лексикалық фонын байыта отырып, тілде өз ізін қалдырады. 
Тілдің  өзіндік  ұлттық  ерекшеліктері  табиғи  жəне  жасанды  билингвизм  сияқты  құбылыстардан 
көрінеді. Атап айтатын болсақ, тарихи-мəдени жəне мəдени (немесе əлеуметтік) нормаларын құрады, 
ол қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарын реттеп отырады. Əлеуметтік нормалар социум мүшелерінің 
мінез-құлқына жəне тəрбиесіне əсер етеді, олардың коммуникативтік нормаларын анықтайды. Тілдік 
құбылыс ретіндегі коммуникативтік нормалар социумның нормативтік жүйесінің бір бөлшегі болады, 
«ол  тура  сондай  ерекшеліктермен  көрінеді  жəне  тура  сондай  қоғамдық  санкция  түрінде  болады». 
А.Е.Карлинский  поляк  лингвисті  Клеменсевичтің  мəдениет  туралы  мына  талқылауын  былай 
көрсетеді: «1. Мəдениет дегеніміз — ол қатеден алшақ болу. 2. Қате дегеніміз — ол нормадан ауытқу. 
3.  Норма  дегеніміз — ол  қателіктер  үшін  қоғамдық  мəжбүрлеуге  деген  санкция. 4. Тілге  қатысты 
санкция дегеніміз — қоғамдық позицияның күлкісі» [5]. 
Коммуникативтік  нормада  үш  норма  құрушы  белгіні  көрсетуге  болады:  тілдік  норма–
функционалдық  норма–узус,  яғни  тілдік  құбылыстар–«тілдік  жүйе»–тіл  қатысы  шегінде 
қарастырылады. 
Тіл  (жазбаша,  ауызша)  тілдік  жүйенің  тілдік  ұжымның  қабылданған  əлеуметтік  шегіндегі 
манифестациясы болып табылады. 
Қарым-қатынас  ретіндегі  тілдік  əлеуетті  іске  асыру  барысында  ұжымның  жекелеген 
адамдарының  коммуникативтік  норманы  бұзуын  жиі  байқауға  болады.  Бұл  жерде  əрбір  жекелеген 
жағдайда оның бұзылуын анықтауға болады, оның бұзылу нормасы: тілдік жүйе немесе тіл. Осындай 
ерекшеліктердің  тиімді  практикалық  əдісін  Е.М.Верещагин  ұсынады.  Ол  бұзу  жағдайы  сонда,  егер, 
мысалы, «шын  жүректен  сүйемін»  деген  дұрыс  грамматикалық  айтылым  тұрғанда  «сүйемін  шын 
жүректен» деп айту. Осылай айтуға болады, бірақ ешқашан олай айтылмайтын жағдайда тілдік норма 
бұзылған болып саналады. Мысалы, «бірдей емес бес саусақ» деп жалпыша айтқанда айтуға болады, 
алайда олай еш уақытта айтылмайды дұрыс айтылымы «бес саусақ бірдей емес». 
Тілдерді  салыстырмалы  сараптау  барысында  олардың  тілдік  ұжымының  коммуникативтік 
нормасын  есепке  алу  керек.  Бұл  жерде  бір  тілдің  бірліктерін  жəне  ережесін  сөйлеу  барысында 
пайдалану  коммуникативтік  норманың  бұзылуына  əкеліп  соғады  жəне  алғашқы  тіл  мүшелерінің 
тиісті теріс реакциясын туғызады. 
Бейқам  индивидті  сипаттау  барысында  қазақша-французша  билингв  өз  тіліне  сүйене  отырып 
«pierre coeur l’̉homme» (қазақ  тілінде  «тас  жүрек  адам»)  дейді,  алайда  функционалды  нормада  олай 
деп  айтылмайды,  сонымен  қатар  узуста  бұндай  жағдайда  бұлай  деп  айтылмайды.  Оның  есесіне 
«l’home du coeur de pierre» айтылымда  функционалды  норма  мен  узус  бұзылған  (осылай  айтуға 
болады. Алайда аталған жағдайда олай деп айтпайды). Əдетте «coeur de marbre», «сoeur de roche». 
Аударма проблемалары дегеніміз гуманитарлық ғылымдардың жалпы өтпелі проблемасы болып 
табылады.  Ғылым  тілі  мен  ауызекі  тілдің  логикалық  сарапшысы,  маманы,  американдық  философ, 
логик  У.Ван  Орман  Куайн (1908 ж.т.)  өзінің  «Сөз  жəне  объект»  деген  кітабында  аударманың 
принципиалды  түрдегі  «екі  ұштылығы»  тезисін  ұсынды»,  əсіресе  кейбір  шекті  жағдайларда  екі  ел 
тіпті  соңғы  қатынастарға  дейінгі  ешқандай  да  қарым-қатынаста  болған  емес («радикалды  аударма» 
жағдайы)». Бұл дегеніміз «бір елдегі болмысты түсіну туралы сөз тура осы контексте болса да, басқа 
бір тілдік универсиумі мен əрекеті контекстіне енгізілуі керек жəне ол ауытқусыз болмайтындығын 
көрсетеді,  айтылғанды  модернизациялау  проблемасын»,  У.Куайн  көрсеткендей,  референциалды  екі 
ұштылық проблемасын көрсетеді». 
Мысалы, француз фразеологизмі «tête carrée» (сөзбе-сөз: тікелей текше бас) «парасатты, қисық, 
топас»  дегенді  білдіреді,  осы  мағыналардың  біреуін  таңдауды  контекст,  қарым-қатынас  жасау 
жағдайы мен экстралингвистикалық фактор шешеді. 

Мəдениет контексіндегі тілдік құбылыстар 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
17 
Тіл  мен  мəдениет  қатысының  басқа  да  мысалдарын,  тілдің  ішіндегі  жасырын  немесе  сыртқы 
тілдік өзгерістердің əр түрін, себептерін көрсетуге болады. Алайда В.И.Вернадскийдің айтуын негізге 
алатын  болсақ, «зерттеліп  жатқан  құбылыстардың  ешқайсысы  да,  ешқандай  ғылыми-эмпирикалық 
факт  жəне  ешқандай  ғылыми-эмпирикалық  жалпылау  да  толығымен  еш  қалдықсыз  жеткізілмейді, 
яғни  зерттеу  пəнінде  қайткенде  де  рационалистикалық  қалдық  қалып  отырады».  Біз  аталған 
хабарлауымыз бойынша ғылыми зерттеулеріміздің кейбір аспектілерін ғана көрсеттік. 
Бұл ойы О.О.Сүлейменовтің «Глиняная книга» поэтикалық формасында былай көрсетілген: 
 
Несправедлив единый бог! 
Глаз мал, 
Но он вмещает целый мир, шакал! 
И слуху дал вместилище такое, 
Что помещает 
Дальний звон металла 
и скрежет 
дум индийского столпа. 
 
О бог единый, слух и глаз 
возьми, 
но дай мне пасть, … 
Увы, 
слова огромны, 
да не огромен рот. 
Но хуже 
(это чаще!), 
когда — наоборот [6; 50]. 
 
Мəдениет  пен  тілдің  дамуы — күрделі  процесс,  ол  əр  түрлі  сыртқы  жəне  ішкі  факторлардың 
əсері  арқылы  жүреді.  Олардың  ешқайсысы  да  басқалардың  алдында  басымды  болмайды.  Кейде  бір 
фактор маңызды болса, кейбір жағдайларда басқасы басым болады. Тіл мен мəдениеттің өзара əсері 
туралы  айтатын  болсақ,  оңтайлы  жағдайды  шешу  талап  етіледі  жəне  барлық  факторлардың  толық 
талданған сараптамасы талап етіледі. 
Қорыта  келе,  біз  О.О.Сүлейменовтің  «Азиатских  костров»  өлеңінен  бір  жол  келтіруді  жөн 
көрдік: 
 
Мы помним то, 
Равняющее всех, 
его в людской истории немало... [6; 50]. 
 
Біздің  ойымызша, «сол»  арқылы  біз  біздің  адами  тіліміздің  космоуникалды,  адами,  өз  əр 
түрлілігінде бірегей екендігін «есте сақтаймыз». 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  www.google.kz — Р. 3. 
2.  Карлинский А.Е. Межъязыковая идентификация и интерференция. Вып. 3. — Алма-Ата, 1974. — С. 95. 
3.  Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. География мирового хозяйства. — М.: ВЛАДОС, 1997. — С. 108. 
4.  Машанов А. Əль-Фараби. — Алматы: Жазушы, 1970. — С. 253. 
5.  Стрелкина Л.М., Становая Л.А. История французского языка. — М.: ВШ, 2001. — С. 84. 
6.  Сулейменов О. Трансформация огня. Стихи. Глиняная книга. — Алма-Ата: Жалын, 1985. — 240 с. 

Түйте Е.Е. 
18 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 811.512.122:81'22'373 
Психикалық жай-күйлердің іс-əрекет пен қалыпқа қатыстылығы 
Түйте Е.Е. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В  статье  рассматривается  взаимосвязь  таких  сложных  явлений,  как  мышление,  ум  и  язык  человека. 
Доказывается,  что  психические  состояния  человека  занимают  особое  место  в  познании,  что  слово-
употребления  являются  результатом  действий,  вызванных  определенным  положением,  в  результате 
чего формируется коммуникация. На языковом материале показаны проявления психических состоя-
ний человека, причины их появления, а также отношение психических состояний к действию и к речи. 
Автор делает выводы о том, что психические состояния играют важную роль в познании. 
Since intellection, consciousness and language are considered to be the most complicated phenomena in 
society and nature, person’s system of thinking, ability to talk are processes that are of great importance. In 
this connection, it’s known that psychic states are of great concern in getting to know a human being, and in 
the result of actions caused from certain state of human being there emerges word usage, and that 
communication is being formed as well. The article deals with the representation of human being’s psychic 
states, reasons of its emergence, namely relation of states to action and state. 
 
Адамды  антропологиялық-лингвистикалық  концепт  тұрғысынан  қарастырғанда,  ол — тілдің 
орталық тұлғасы. Э.Бенвенистше айтар болсақ, «человек в языке» деген ұғыммен синонимдес [1]. Бұл 
бағыттың  негізін  қалаушылар  қатарына  В.Гумбольдт,  Э.Бенвенист,  В.В.Виноградов,  Ю.С.Степанов, 
Г.А.Золотова  жəне  тағы  басқалар  жатады.  Сол  себептен  тілдегі  өмір  сүретін  жəне  функционалдық-
мағыналық  тұрғыдан  аясы  қарама-қарсы  екі  ұғымды,  атап  айтқанда,  адам  іс-əрекеті  мен  оның  жай-
күйін анықтап алған дұрыс. 
Іс-əрекет    бұл  белгілі  бір  заттың  немесе  құбылыстың  қимылы,  қозғалысы.  Іс-əрекетке 
сөйлесімді  де  жатқызуымызға  болады.  Сөйлеу  үдерісінде  басты  орын  алатын — сөз  бен  сөздің 
байланысы,  грамматикалық  формалар  мен  мағыналар,  сөздің  тіркесі,  сөзжасам. «Сөйлеу  əрекетіне 
қажетті ең бірінші фактор — сыртқы дүниенің адам санасына əсер етуі, сол əсердің нəтижесінде мида 
ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы» [2]. Яғни «сөйлеу — əрекет. Ол адамдардың бір-біріне тіл 
арқылы  ықпал,  əсер  етуін,  əрекетке  итеруін  жүзеге  асырады.  Сөйлеу  арқылы  қарым-қатынас 
қалыптасады.  Олай  дейтініміз  сөйлеу  жеке  адамның  əрекеті  емес,  бұл — əр  сөйлеушінің  артында 
тұрған əлеуметтік топтардың, қоғамның белсенділігін, қозғалысын көрсететін əрекет түрі» [3], сонда 
сөйлеу  əрекетінде  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  түсіп,  белгілі  бір  жай-күйді  туғызуға 
себепкер  де  болады. «Аталған  іс-əрекеттің  ең  алғашқы  жəне  бүгінге  дейінгі  тұжырымдамасы 
С.Л.Рубинштейн,  А.Н.Леонтьев,  А.В.Брушлинский,  В.В.Давыдов,  Г.А.Суворова,  Б.Ф.Ломов,  тағы 
басқа  ғалымдар  зерттеулерінің  негізінде  қалануда.  Субъект  өз  іс-əрекеттерінде,  өзінің 
шығармашылық  дербестілігі  актілерінде  тек  көрініп  жəне  білініп  қоймайды,  ол  сонда  жасалады  əрі 
айқындалады.  Сондықтан  жасаған  нəрсесі  арқылы  оның  не  екенін  анықтауға  болады,  оның  іс-
əрекетінің бағытымен оның өзін айқындауға жəне қалыптастыруға болады. Сонымен бірге адамның 
психикасы мен жай-күйі іс-əрекетте (еңбек, оқу, танымдық, ойын жəне т.б. түрлерінде) көрініп қана 
қоймайды,  қалыптасады  да.  Мұнан  əрі  іс-əрекеттік  мəселелердің  өңделуі,  алдымен,  Б.Ф.Ломов 
дамытқан  қарым-қатынас  принципінің  əдіснамасы  негізінде  жалғастырылады.  Бұл  принцип 
субъектінің  субъектімен  өзара  қатынастарының  шынайлылығын  (əрине,  əр  кезде  субъект-объектілі 
əрекеттестікпенен байланыста) жалпылайды. 
Біздің көзқарасымыз бойынша, көрсетілген мəселені өңдеудегі перспективті бағыттардың бірі — 
субъектінің  практикалық,  теориялық  жəне  т.б.  іс-əрекеті  ішінде  психикалық  іс-əрекеттің  орны  мен 
рөлін  терең  де  нақты  ашудан  тұрады.  Осы  жерде  «іс-əрекет»  түсінігі  екі  жағдайда  қолданылады. 
Сондықтан бұл өзара байланысты, бірақ əр түрлі екі мағына беретінін ескеру қажет: 1) субъектінің іс-
əрекеті  жəне 2) ағзаның  іс-əрекеті.  Екінші  мағына  қажет  те  емес  сияқты,  бірақ,  шын  мəнінде, 
«психикалық іс-əрекет» түсінігін анықтау үшін ол өте маңызды: бұл, ең алдымен, дененің, адамның 
дүниемен  үздіксіз  өзара  əрекеті  барысында  туындайтын  жəне  қалыптасатын  ағзаның  (мидың) 
бейнелеу іс-əрекеті. Ми — психикалық, бейнелік іс-əрекеттің мүшесі, адам — оның субъектісі екені 
белгілі, сондықтан кез келген психикалық іс-əрекет практикалық, теориялық жəне т.б. іс-əрекеттердің 
негізінде  жəне  құрамында  жүзеге  асады.  Мысалы,  түс  көру  типіндегі  психикалық  іс-əрекет:  адам 

Психикалық жай-күйлердің іс-əрекет … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
19 
саналы  субъект  түрінде  ең  аз  мөлшерде  ендірілген,  біржола  қатыспайды  (ұйқыда),  сондықтан 
практикалық, теориялық іс-əрекетті жүргізе алмайды, бірақ оның психикалық іс-əрекеті өте белсенді 
жүре  алады» [4]. Мəселен,  адам  түсінде  жаман  бір  нəрсе  көрсе,  өңінде  одан  қорқуы,  қауіптенуі 
мүмкін немесе, керісінше, жақсы нəрсе көрсе, қуануы мүмкін. Халқымыз əрқашан да көрген түсті тек 
жақсылыққа жорып отырған. 
Жай-күй  —  бұл  адамның  белгілі  бір  жағдайлардағы  əсері,  физиологиялық  тұрғыдан  адам 
жанының  сезімі  немесе  көңіл-күйі.  Белгілі  бір  адамның  жай-күйі  сол  күйге  сəйкес  əрекетпен  қатар 
жүріп  отырады.  Мəселен,  адам  ашуланғанда  бір  нəрсені  сындыруы,  я  болмаса  лақтыруы  мүмкін. 
Немесе  қуанған  жағдайда  бір  шаруаны  тез  тындырып  тастауы,  қатты  қайғырғанда  өз  шашын  өзі 
жұлуы, бетін тырнауы сияқты іс-əрекеттер көрсетуі мүмкін. 
Жай-күй  адамның  физиологиялық  жағдайы  болғандықтан,  ешбір  қатысымдық  тұлғалардың 
қызметінсіз-ақ  жүзеге  аса  береді.  Алайда  бұл  тікелей  ойдың,  я  болмаса,  белгілі  бір  оқиғалардың 
санадағы  жаңғыруы  арқылы  да  көріне  береді.  Мəселен,  адам  болашағын  ойлап  қорқуы  мүмкін,  не 
болмаса, өткендегі жасаған қылықтары үшін ұялуы мүмкін т.б. 
Аристотельдің категория жүйесінде іс-əрекет бұл — «іске асыру» болса, ал жай-күй — «белгілі 
бір  жағдайда  болу»  болып  табылады [5]. Осы  тұрғыдан  келгенде  ғалым  С.Қ.Бердібаева  былай  деп 
тұжырымдайды: «Психикалық  процестер  алғашында  нақты  бір  іс-əрекеттің  процессуалды 
компоненттері,  содан  кейін  ішкі,  теориялық  іс-əрекеттің  формалары  ретінде  құрылады.  Іс-əрекет 
психологиясын зерттеуден кейін біртіндеп жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттеуге өтеміз» 
[6]. Сонда біз «жай-күй» мен «іс-əрекет» ұғымдарын төмендегідей етіп көрсетуімізге болады: 
1)  жай-күй — іс-əрекет  (белгілі  бір  жай-күйде  болып,  белгілі  бір  іс-əрекетке  бағытталу). 
Мысалы: 
Ноян ұнатпай, қабағын шытынып, шыңдап отырған күрегін жерге ашулана лақтырып жіберді 
(С.Жүнісов). Бұл жерде ашуланудың салдарынан Ноянның күректі лақтырып жіберуінен белгілі бір 
жай-күйдің  іс-əрекетке  итермелеуін  байқаймыз.  Немесе:  Көрмегеніне  бір-ақ  жыл  шамасы  өткен 
Əзімханның енді алғаш келген сəтте жүрегі лүпілдеп соғып, көз алдында сəулелі сұлу жарды көріп 
қалғандай болған. Əлденеден екені белгісіз, бұрын бұл жайдан бір ауыз сөз естімесе де, қазіргі халде 
Əзімханның  жүрегін  соқтырған  белгісіз  сезім  Қарагөзге  де  сол  секөнтте  білінгендей.  Əзімхан 
апасына амандасып, енді Қарагөзге қарап: 
– Есен-саумысың, қалқам? — дегенде, ұялып қараған Қарагөздің жүзінде ыстық қан ойнады. 
Бұл күнге дейін жүріс көрмеген бала жүзі өмірінде алғаш рет əлдеқандай көмескі түс сияқты 
оймен қызарып, төменшіктеп қысылғандай болды. 
Екі жас үнсіз белгі беріскендей. Екі көңіл бір-біріне ұялып бұғып тұрып, ым қақты (М.Əуезов). 
Бұл  жердегі  екі  жастың  бір-бірінен  ұялуы  (ұялуына  себеп  ғашықтық,  ұнату  сезімі)  екеуінің  сөйлей 
алмай ымдасуына (иек қағып жауап беру əрекетіне) əкеп соқтырып тұр; 
2) іс-əрекет — жай-күй (белгілі бір іс-əрекет үстінде (немесе одан кейін) соған сай белгілі бір 
жай- күйде болу). Мысалы: 
– Сүйегім аман секілді, бірақ күллі денем қаусап қалғандай, бұл не? Маған не болып еді? — деп 
едім,  ол: «Ештеңе  де  болған  жоқ,  жай  бір  бұзық  балалармен  түнде  қағысып  қалыпсың,  олар  сені 
біраз көкпар етіпті», — деді. 
Түндегі  көрген  сұмдықтарым  есіме  түскен  сайын  жаным  ыршып,  кеудемді  ыза  керней 
бастайды  (Ə.Əбішев).  Бұл  жердегі  жағдаят  бірінші  (іс-əрекет)  жігіттің  таяқ  жеуі,  екінші  (жай-күй) 
соған ашуланып, намыстануы, өткен əрекеттерін есіне түсіру арқылы кеудесін ыза кернеу. Бұл жерде, 
керісінше, қуануы мүмкін емес, себебі жай-күй істелген əрекетке тəуелді. Немесе:  
–  Менмін  Мəди,  мен  мен! — деп  Келдек  екілене  айғай  салды.  Ол  ақсаңдай  басып,  сойылын 
сүйреткен күйі алға шықты. 
– Мұнда Мəди екеу еді ғой, сен қайсысың? 
–  Мен  нағыз  Мəди,  мен, — деп  Келдек  екілене  айғайлап  Мəдиге  қарай  жүре  бастады.  Ойы 
қолындағы ақ табан қара сойылды қайқайып тұрып бір сілтемек. 
–  Нық  Мəди  сен  болсаң,  үкімің  əлдеқашан  айтылған,  енді  иманыңды  айта  бер, — деп  Мəди 
алтыатарын  суырып  алып  еді,  жаңа  батырсып  тұрған  Келдектің  екі  тізесі  бірдей  селкілдеп, 
арқасын  аяз  қысқандай  тісі-тісіне  тиместен  сақылдап  кетті.  Не  ілгері,  не  кейін  кетуге  хал  жоқ, 
қолындағы сойылы кескіленген кесірткенің құйрығындай оршиды. 
– Мен... мен... Мə-ди емеспін, ағатай. 

Түйте Е.Е. 
20 
Вестник Карагандинского университета 
–  Өтірік  айтасың,  нақұрыс, — деп  Мəди  алтыатарын  кезей  түсіп  еді,  Келдек  ыршып  барып 
шалқасынан түсті. 
– Ол-ла-һи, м-ен... Мəди емеспін (Ə.Əбішев). Бұл мысалдағы Мəдидің алтыатарын суырып алуы 
нəтижесінде Келдектің бойын қорқыныш биледі. Осы жердегі Мəдидің əрекеті (алтыатарын суырып 
алуы)  Келдектің  əрекетінен  (сойылын  сүйретуінен)  басымырақ  болып,  қорқыныш  жай-күйінің 
тууына  себеп  болып  тұр.  Керісінше,  Келдектің  өтірік  сөйлеуі  Мəдидің  ашу-ызасын  туғызып  тұр. 
Осыдан екі түрлі «əрекет — жай-күйді» байқауға болады, яғни өтірік сөйлеу — ашу-ыза, алтыатарын 
суырып алуы — қорқыныш жай-күйлерін туғызып отыр; 
3)  жай-күй — жай-күй  (белгілі  бір  жай-күйден  екінші  бір  жай-күйге  өту).  Мысалы: 
...Қарашұбардың көзі қойды көрген аш қасқырдың көзіне ұқсап кеткен екен, ол атының басын бұрса 
да,  ашу  бетін  қайтара  алмай,  бұрыла  бере,  қара  сойылын  қолына  алып  Мəдидің  өзіне  тұра 
ұмтылды. 
Бір  мылтықтың  дауысы  мың  қазақты  қалтыратқан  заман  ғой,  Мəди  алтыатардың  бір  оғын 
аспанға  гүрс  еткізіп  еді,  Қарашұбар  қалт  тұра  қалды.  Шарасынан  шыға  қашқысы  келгендей 
адырайған көзі Мəдидің қолындағы алтыатарда, түк басқан беті жыбыр-жыбыр етіп, зор денесі 
безгек  болғандай  бебеу  қағып  тұр.  Əлденені  айтқысы  келеді,  айта  алмаған  аузын  арандай  ашып, 
қолын ербеңдете береді (Ə.Əбішев). Мұнда, бірінші, Қарашұбардың ашулануы (жай-күй), екіншіден, 
қорқуы (жай-күй). Қарашұбардың бір жай-күйден екінші бір жай-күйге өтуіне себеп болып тұрған — 
оның  əлсіздігі.  Егер  де  оның  қолында  қара  сойыл  емес,  мылтық  болғанда  жағдай  басқаша  болуы 
(ашуынан қайтпас та еді) да мүмкін еді. Немесе: Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да ыза болды 
(М.Əуезов). Мұнда, бірінші, — Жұмабай шын мəнінде баладан қорықты, екінші — кейіннен өзінен 
жасы кіші болғаннан ұялды, үшінші — өткенді ойлап ұяттан ашуланды; 
4) іс-əрекет — іс-əрекет (психикалық жай-күйлерге қатысты емес). 
Кейде  адам  белгілі  бір  жай-күйге  шектен  тыс  қатты  берілгенде  (қуанғанда,  ашуланғанда, 
қорыққанда т.с.с.) іс-əрекетінен (сөйлеуінен, жүрісінен т.с.с) жаңылысып қалуы мүмкін. Мысалы: 
1) қатты қуанғанда: Бұл жайды ойлаған сайын балалық өзімшілігі қатты ырза болды. Абайдың 
іші  ала  қызып,  біртүрлі  қуана  серпіліп,  тез-тез  құлаш  сермегісі  келгендей.  Əлдеқандай  өріс 
іздегендей. 
Енді асығып жүріп келеді. Күн қазір ымырт бопты, оны да жаңа байқапты. Екі көше адасып, 
пəтерінен асып кетіпті. Мұны да жаңа білді. Қайта жүрді (М.Əуезов); 
2)  қатты  ашуланғанда:  Қайтып  оралсам,  ол  бұлқан-талқан  ашуланып  жүр  екен.  Ұрысқанда 
үстіңгі ерні желді күнгі түндіктей желп-желп етеді. 
–  Сен  бала  несің! — деді  қалшылдап.  Ашу  тығылғанда  аузына  одан  басқа  сөз  түспей  қалса 
керек. 
– Мен немін? Адаммын. 
– Адамды көрсетемін мен саған! Сен бүйте берсең, көрдің бе, анау оттыққа тығып жіберемін! 
— деді төне түсіп (Д.Исабеков). Осы сөйлемдегі қарым-қатынас барысындағы ашулы адамның «Сен 
бала несің?» деген адамға қатысты сұрауы қате. Дұрысы адамға қатысты болғаннан кейін «Сен бала 
кімсің?» немесе «Сен өзі қандай баласың?» деген сұраулы сөйлемдер болады. Мұндай жаңылысулар 
— қатты ашуланған адамдардың сөйлеу əрекетінен жиі байқалатын құбылыс; 
3)  қарым-қатынас  барысында  (өмірдегі  адамдар  болмасын,  кейіпкерлер  болмасын)  байқалатын 
бір  ерекше  құбылыс  адамдар  қатты  қорыққан  жағдайда  сенімнен  айырылады  немесе  не  айтып,  не 
қойғанын  білмеуі  де  мүмкін.  Мəселен:  Осыған  жеткенде,  жаман  шошыған  Далбай  мен  Дүйсен 
Базаралыға  жалынып  безек  қақты.  Базаралы  Əбділерге  көз  қысып,  əлі  ұрғызбай  тұрған-ды. 
Аналардың жалынған сөзін біраз естіп алды да, енді екеуіне төніп отырып: 
 Неғылсам рауа екі ит!! Ə-ə! Өлтірсем қолымнан кім алады!? 
 Жаздық, жаңылдық, əкетай! 
 Кеше гөр, ағатай!.. 
 Келесің бе енді бұл ауылға, аласың ба ешкі-лақты?.. 
 Жоқ, жоқ, оңбай кетейін! 
 Кəпір боп өтейін келсем! 
 Ал осы көргеніңді ұлыққа барып шағым етесің бе, жоқ па? 
 Етпейік, айтпайық!.. 
 Көрдік, білдік демейік, тек жанымызды қалдыр, оңбайық айтсақ! 

Психикалық жай-күйлердің іс-əрекет … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
21 
 Сабатсам ғой, өлетіндеріңді білесің. Ал босатсам шағым айтпасқа серт бересіңдер ме? Ант 
ішіп, уəде қыласың ба екеуің? 
  Ойбай,  керек  десең  кеудеме  құран  ұрайын, — деп  Дүйсен  қандай  сертке  болса  да əзір  екенін 
айтты. Далбай да соның сөзін айтып жалынып жатыр. 
Базаралы асықпай көзін қысып отыр. 
 Егер бұл жерде ант ішіп, онда барып шағым етіп, ертең осы араға ұлықтың кəрін əкелсеңдер 
неғылайын? 
 Жүзі қара болайық! 
– Оңбай кетейік. 
– Онда екеуіңді бүрсігүні түнде үйлерінде бауыздап өлтірейін бе?! 
– Үйтіп ит болсақ, өлтіре бер! 
 Ендеше қазір кеуделеріңе құран ұрып сөз беріңдер, бересіңдер ме?! 
 Берейік, ойбай! 
  Дегеніңді  қылайық!  (М.Əуезов).  Мұндағы  Далбай  мен  Дүйсеннің  кеудеге  құран  ұрып,  серт 
беруі,  олардың  жалыныш  сөздерінің  шығуы  екінші  (Базаралы)  адамның  қорқытуы  нəтижесінде 
жүзеге  асып  тұр.  Мұндай  құбылыстар  бүгінгі  күнделікті  тұрмыста  та  жиі  қолданылады: «құран 
атсын,  нан  атсын», «нан  ұстайын», «оллаһи-биллəһи»  т.б.  сөздерді  айту.  Қатты  қорыққан  адамның 
сөздері көбіне көнгіштік сипатқа ие. 
Іс-əрекет  пен  жай-күйдің  мағыналық  жан-жақтылығының  қарама-қарсы  қойылуы  тілде 
А.М.Пешковский,  Н.С.Авилова,  А.В.Бондарко,  Т.Б.Алисова,  Ю.Д.Апресян,  Дж.  Лайонза,  Д.Губора, 
М.А.Шелякина,  тағы  басқа  орыс  жəне  шетел  ғалымдарының  зерттеу  тақырыбы  болған  əрекет/күй 
етістіктерінің оппозициясында анағұрлым барабар жүзеге асырылады. 
Іс-əрекет пен жай-күй етістіктерінің айырмасы мағыналық, функционалдық жəне грамматикалық 
түрлілігімен ерекшеленеді. 
Іс-əрекет  етістіктерінің  басты  саналы  құрылымы  күрделі  мағыналық  құрылыммен,  яғни 
белсенділік семасымен, айқындалады. 
Белсенділік — бұл  етістікті  лексема,  немесе  оның  белгілі  актанттарының  өзара  байланысы 
немесе  өзара  іс-əрекеті  барысындағы  пайда  болатын  семантикалық  компонент.  Бұл  категорияның 
негізінде  белсенді  немесе  белсенді  емес  бастаудың  (активные  и  неактивные)  қарама-қарсылығы 
жатыр. 
Іс-əрекет етістіктері белгілі бір нысанға бағытталып (онда айтарлықтай өзгерістер болатын, яғни 
семантикалық  тұрғыдан  бұл  күнделікті  жоспардағы  етістіктер)  субъектінің  іс-əрекетін  білдіреді. 
Мысалы: қала тұрғызу, үй сылау, мектепке бару, сабақ оқу т.б. 
Белсенді  іс-əрекет  етістіктері  нысанға  бағытталғандықтан  жəне  оны  өзіне  толық 
бағындырғандықтан, біз мұны «нысанды етістіктер» деп те атауымызға болады. Əрекет етістіктерін 
нысандық  етістіктер  ретінде  жіктеуге  болады;  қағида  бойынша  нысандар  жансыз  зат  есімдермен 
анықталады (жанды зат есімдер нысанның қызметінде анағұрлым сирек кездеседі). 
Акционалды  етістіктерге  қарағанда  жай-күй  етістіктері  қарапайым  мағыналық  құрылыммен 
сипатталады. Олар субъект өрісінен шықпайтын, субстанцияларға имманентті тəн болып есептелетін 
белгілер мен қасиеттерді атайды. Бұл — субъектілік етістіктер, өйткені олар субъектіде тұйықталған, 
жанды  да,  жансыз  да  зат  есімдермен  айқындала  алынатын  қасиеттерді  білдіреді  (акционалды  емес 
етістіктер сияқты жай-күй етістіктері де субъекті позициясында таңбаланған). 
Ал жай-күй етістіктері (психикалық) субъектінің «өзіне» тікелей бағытталған. Олар ешқандай да 
нысанға қатысты болмайды жəне тура толықтауыш қызметін атқармайды. 
Жай-күйлердің пайда болуына белгілі бір қажет немесе қажет емес жағдайлар себепкер болады. 
Мысалы,  қажетті  жағдайларға  субъектінің  өмір  сүріп  отырған  қоғамындағы  барлық  мүмкіндігін 
қанағаттандыратын  қуану,  мақтан  тұту  т.б.  жатса,  ал  басқа  кездерде  жағдай  субъектінің  сезіміне 
қажет емес деп танылады: ашулану, қайғыру т.б. 
«Қоғам  мен  табиғаттағы  ең  күрделі  құбылыс  адамзаттың  ой-санасы  мен  тілі  болғандықтан, 
адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше мəні бар үдерістер» [7]. Осы тұрғыдан 
келгенде,  адамның  белгілі  бір  жай-күйіне  оның  сөйлеу  іс-əрекеті  барысындағы  қылығы  сай  болып 
отыруы тиіс. Бұл — тілдегі əдеби нормалылықты сақтаудың көрінісі. Мысалы, адамның таң қалғанда 
«көтек»,  ашуланғанда  «əкеңнің  аузына  с...», «қақбас»  т.б.  деген  сөздерді  айтуы,  не  ыңғайсыз 
қимылдар көрсетуі тілдегі əдеби нормалылықты, тепе-теңдікті бұзу болып табылады. Мұндай қимыл-
əрекет тек ауызекі сөйлеу тіліне ғана тəн құбылыстар. 

Түйте Е.Е. 
22 
Вестник Карагандинского университета 
Л.В.Шерба  іс-əрекетті  білдіретін  предикаттың  (етістік  арқылы  беріледі),  жай-күйдің  (жай-күй 
категориясын білдіретін сөздер), сапаның үш түрін атап көрсетеді. 
Етістік  жəне  есім  сөзден  болған  предикат  арасындағы  негізгі  айырмашылық  олардың  уақытқа 
деген қатысынан келіп туындайды. 
Белгіні  өзектендіретін  шектеулі  мүмкіндікке  ие  болуы  адъективтенген  жəне  субъективтелінген 
(заттанған)  предикаттардың  маңызды  сипаты  болып  табылады.  Белгілі  заттардың  жай-күйін 
білдіретін  эпизодтық  сипат — етістіктің  негізгі  қызметі  болып  табылады.  Жай-күй  де,  іс-əрекет 
тəрізді,  белгілі  бір  сəтте  болып  отырады  да,  түрлі  уақытта  пайда  болған  жай-күй  алдыңғысына 
ұқсамайды.  Сол  себепті  жай-күй  нысананы  түзейтін  параметр  қызметін  атқара  алмайды.  Ал  жай-
күйдің қалпы оның жай-күйіне қарағанда нысананың (объектінің) сапалы сипатын қалыптастырады. 
Сөйтіп,  жүзеге  асу  кезеңіне  қатысты  жай-күй  мен  қалып  предикаттарының  арасындағы 
айырмашылығы көрініс табады. Осы кезде сын есімнің толық формасы (орыс тілінде) уақыттан тыс 
белгіні білдірсе, қысқартылған форма белгілі уақытта пайда болған, болып жатқан сапалы жай-күйді 
білдіреді. Əрине, бұл мəселе орыс тіліне қатысты. 
Аристотельдің  айтуынша,  кез  келген  қалыптың  тұрақты  жəне  пайда  болған  сияқты  екі  түрі 
болады.  Тұрақты  қалып  атауына  сай  ұзақ  мерзімді  болып,  көбіне  өзгермейді.  Оларға  адамның 
темпераменттік қасиетіне негізделген білімін жəне жақсы іс-əрекеттерін жатқызуға болады. Мысалы: 
Манадан  бері  шам  жақпай,  енжарланып  жатқан  Ақбілек  дереу  атып  тұрып  шам  жағып, 
жерге қойды да, қағазды жеп қоятындай қадала қарады... 
Бұл  хатты  анау-мынау  əйел  оқыса,  қуанғанынан  секіріп  түсер  еді.  Ақбілек  мырс  етіп  күліп 
жіберді  (Ж.Аймауытов).  Мұндағы  Ақбілектің  қуанғаннан  секірмеуі  оның  мінезінің  тұйықтығын, 
салмақтылығын,  тек  оның  мырс  етіп  күліп  жіберуі  туа  біткен  қалпын  білдіреді.  Немесе  керісінше 
болуы да мүмкін. Мысалы: 
Ашу қысқан кезде өзін ұстай алмау қылидың ауруы еді, сол ауруы қозып кетті ме қалай: 
–  Ойбай-ай,  ойбай-ай,  мына  күшіктің  сөзін-ай! — деп  шапыраш  көзін  шақырайта  түсіп 
тыпырлап еді, Келдектің күткені осындай бір қырсықты кез екен, іздегені табылғандай шаттана 
күліп,  сотқарлана  қимылдап,  қылидың  сақалынан  ұстай  алды  (Ə.Əбішев).  Мұндағы  қыли  шалдың 
ашу  қысқан  кездегі  өзін-өзі  ұстай  алмауы  оның  белгілі  бір  іс-əрекетке  байланысты  жай-күйін  емес, 
өзінің туа біткен (тез ашуланғыш) қалпын білдіреді. Осыған  қарап отырсақ, қалып  жай-күйдің мəні 
болып табылады, алайда жай-күйге қалып міндетті емес [8]. 
Қазіргі кезде адамның басынан кешетін, яғни «адамның өмірінде болатын», физиологиялық жай-
күйлер қызығушылық тудырады. Мəселен, қызыл, көк түстерге қатысты мынаны айтуға болады, адам 
ұялғанда «қызарады», ашуланғанда «көгеріп кетті» дейміз. Бұл жерде ұяттан қызарып кеткен адамды 
біз «қызыл жүзді», «қызыл бетті», ашуланған адамды «көк бетті» деп айтпаймыз. Жəне айта кететін 
бір  жайт,  бұл  мəселе  қызыл  шырайлы,  көк  бет  адам  деген  тұрақты  тіркестерге  де  қатысты  емес. 
Себебі жоғарыда айтылған қалыптар адамның бойында уақытша болады. 
Сөйтіп,  жай-күй  дегеніміз — өзгеретін  сапа,  уақытша  болып,  тез  жоғалып  кететін  қалып. 
Мəселеге қатысты Аристотель тағы былай дейді: 
1. Жанның (душа) жай-күйі материядағы негізге ие болады (logoi enyloy) [5; 374]. Əйтпесе «жан-
тəнсіз ештеңе де сезбейді» [5; 373]. Мəселен, «ашуды» біз «қанның қайнауы» ретінде түсінеміз. Бұл 
жерде ғалымның айтайын дегені — кез келген форма белгілі бір материяда болуы керек. Мысалы: 
– Менде мал ашуы мен жан ашуы қабат бар, əттең, сіз Мəдисіз, басқа біреу болсаңыз, мен сізді 
былай  көздеп  атар  едім, — деген  жігіт  сөзі  Мəдиді  мүлдем  қайнатып  жіберді.  Қаны  қайнаған  ол 
Келбетті өзінің сыртына қарай серпіп жіберді де: 
– Мал ашуы, жан ашуы дейсің бе? Онда мен саған Қаракесектің бар байталын жинап берейін, 
Келбетті  маған  таста  да,  жүре  бер,  ез  неме!  Қане  ез  емей  ер  болсаң,  ат  жылдам.  Неге 
қалтырайсың?  Ат..!  (Ə.Əбішев).  Мұндағы  «қаны  қайнау»  тіркесі  тура  мағынасында  емес,  ауыс 
мағынада қатты ашуды берудің (жеткізудің) бірден-бір құралы болып саналады. 
2.  Қарама-қайшы  жай-күйлер  бір-бірімен  ауысып  отырады.  Мəселен,  сау  адам  ауырып  қалады 
немесе, керісінше, ауру сауығады жəне т.б. 
Осыдан  келіп  шығатын  қорытынды:  физикалық  сезінулер  психикалық  жай-күйлер  негізінде 
болады (Аристотельдің айтуынша, «Санада бұрын сезілмеген еш нəрсе сақталмайды»). 
Жай-күй мағыналы предикат мынадай белгілерге ие болады: 
Бірінші  белгі:  Жай-күйдің  нақты  орны,  уақыты  болады.  Мəселен,  Ол  күні  бойы  көңілді  жүрді. 
Мұнда адамның көңіл-күйі бір күн бойы көтеріңкі болды дегенді аңғарамыз. 

Психикалық жай-күйлердің іс-əрекет … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
23 
Екінші белгі: Жай-күй белгілі межеге ие болады. 
Үшінші белгі: Жай-күй бір мезетте болып, бір уақытта «тұрады», бір уақытқа «созылады». 
Төртінші  белгі:  Жай-күй  нысаны  (субъектісі) «пассив»  бола  отырып  «ырықсыз»  субъектіні 
білдіреді. 
Бесінші белгі: Жай-күй предикаттары қалып субъектілеріне бағытталған. 
Алтыншы белгі: Жай-күй белгілі уақытқа ие болып, бірыңғай жай-күйлер тобын түзе алмайды. 
Жетінші: Белгілі кезеңде болуы жəне уақыт межесінде нақты іске асуы қалып предикаттары мен 
жай-күй предикаттарының басты айырмашылығы болып табылады [9]. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. — М.: Едиториал УРСС, 2003. — С. 50. 
2.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. — 50-б. 
3.  Ерназарова  З.  Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі. — Алматы:  Қазақ  мемлекеттік  заң 
академиясы баспасы, 2001. — 20-б. 
4.  Психология: адамзат ақыл-ойының қазынасы: 10 т.— 2 т. — Алматы: Таймас, 2005. — 310-б. 
5.  Аристотель. Сочинения. — М.: Мысль, 1984. — 830 с. 
6.  Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2004. — 37-б. 
7.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. — Алматы: Print-S, 2005. — 72-б. 
8.  Попова З.Д., Стернин И.А. Очерки по когнитивной лингвистике. — Воронеж: Изд. Воронеж. ун-та, 2001. — С. 72. 
9.  Лазариди М.И. Функционально-семантические поля психических состояний в современном русском языке. — Бишкек: 
Изд. Кыргызско-Российского славянского ун-та, 2002. — С. 17. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 811.512.1:81’342
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет