№3(63)/2011 Серия филология


ХХ ғасырдың 1930-жылдарындағы көркемдік əдіс мəселелері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,77 Mb.
#82
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ХХ ғасырдың 1930-жылдарындағы көркемдік əдіс мəселелері 
Смағұлов Ж.Қ. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В статье рассматриваются научно-методологические вопросы становления в казахском литературове-
дении  метода  социалистического  реализма,  изложенные,  в  частности,  в  трудах  С.Муканова, 
М.Каратаева и других ученых-литературоведов. Дается оценка достижений и недочетов данного ме-
тода  в  казахском  литературоведении  в 1930 годах  ХХ  в.  Принципы  социалистичесгого  реализма  в 
марксистко-ленинской методологии проанализированы с точки зрения современности. 
In article scientifically-methodological questions of formation in the Kazakh literary criticism of a method of 
the socialist realism, stated, in particular, in S.Mukanova, M.Karatayev's works and other scientific literary 
critics are considered. Also the mark of achievements and method defects socialistic realism in the Kazakh 
literary criticism in 1930 of the XX-th century is given. Principles socialistic realism in marksistko-Lenin 
methodology analized with modern points of view. 
 
СОКП-ның 1925 жылғы «Партияның көркем өнер саласындағы саясаты туралы» Қаулысы алға 
қойған  «пролетариат  əдебиетінің  үстемдігін  орнату,  ұлтшылдық-буржуазияшылдық  элементтерді 
əшкерелеу»  секілді  кезектегі  міндеттері  орындалып  шыққан  соң, 1930-жылдардың  бас  кезінде 
маркстік-лениндік  идеологияны  басшылыққа  ала  отырып, «түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік 
əдебиет»  жасауға  қадам  жасалды.  Əдебиет  осы  жаңа  идеологиялық  талап-тілектеріне  сай  жанрлық 
тұрғыдан  дами  бастады.  Осыған  орай  ғылыми-сыни  жəне  əдеби-теориялық  ой-пікір  азды-көпті 
жинаған  тəжірибесін  пайдалана  отырып,  өркендеуге  тиіс  еді.  Бірақ 1920-жылдардың  екінші 
жартысында  сыншылдық  ой-пікір  ҚазАПП  басшылығы  тарапынан  болған  əдебиеттегі  жікшілдік 
мəселесімен айналысып кетті де, «тұрпайы социологизмнің» солақай көзқарасының ықпалынан шыға 
алмады.  Бұл  əдеби-теориялық  ой-пікірге  де  əсер  етіп,  ҚазАПП  ұсынған  «Д.Бедныйша  жазу  керек» 
деген  ұранға, «байлар  əдебиетін  басып  озу  керек»  деген  шақыруға  сай,  сол  кездегі  РАПП-тың 
позициясынан  туындаған  «жанды  адамды  көрсету», «Плеханов  ортодокциясы  үшін», «бөтен  əсер» 
сияқты  теориялық  теріс  қағидаларды  сөз  ете  бастады.  С.Мұқановтың  «Блокшылдықтан 
демьяншылдыққа» («Жаңа  əдебиет», 1931, № 2),  «Əдебиеттегі  семеновехшылдыққа  қарсы» 
(«Қазақстан большевигі», 1931, № 5), М.Қайыпназаровтың «Көркем əдебиеттің кезектегі міндеттері» 
(«Жаңа  əдебиет», 1931, № 1)  жəне  тағы  басқа  мақалаларда  орыс  əдебиеттануындағы  профессор 
В.Ф.Переверзевтің  бұл  идеяны  жоққа  шығарып,  көркем  образды  ғана  алған  концепциясын 
талқандауға  үн  қосу  байқалады.  Д.Бедныйша  жазуға  үндеу  арқылы  көркемдік  дамудың  заңды 
жолдарына  тежеу  салып,  əдебиетті  бір  ғана  таптың  мүддесіне  сай  тар  шеңберде  ғана  болуын  талап 
ету, ақын-жазушы таптық ортаның жемісі екенін дəлелдеу басым болды. Профессор В.Переверзевтің 
концепциясына қарсы дискуссияда нəтижесі де қабылданды: «Только тот критик и историк близок к 
марксизму,  который  не  отходит  от  точки  зрения  Плеханова»  деген  тұжырымынан  кейін  əдеби-
теориялық ой-пікір «Плеханов ортодоксиясы үшін» деген қағиданы түсіндіру мен теориялық тұрғыда 
негіздеуге  көшті.  С.Мұқановтың  «Пролетариат  көркем  шығарманың  əдістері  туралы» («Жаңа 
əдебиет», 1931, № 4,  5)  аталатын  мақаласы  Ғ.Тоғжановтың  «Əдебиет  жəне  сын  мəселелері» (1922) 
атты  еңбегіне  қарсы  жазылған.  Ғ.Тоғжановтың  «бізде  пролетариат  табы  жоқ,  ол  жоқ  болған  соң 

ХХ ғасырдың 1930-жылдарындағы көркемдік … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
39 
пролетариат  əдебиеті  де  жоқ.  Кедей-шаруа  мен  оқығандардан  шыққандар  пролетариат  əдебиетін 
жасай  алмақ  емес»  деген  пікірлеріне  карсы  тойтарыс  беру  басты  мақсат  ұсталғандықтан,  атақты 
Г.В.Плехановтың  сыншылық-эстетикалық  ой-көзқарасын  басшылыққа  алады.  Ол  əсіресе  сыншы 
Воронскийдің  «ақын-жазушылар  көркем  шығарманы  жазарда  ішкі  түйсікке  сүйенетіні»  туралы 
теориясына  негізделген  Ғ.Тоғжановтың  «ақын  сезгенін  сезген  күйінде  жазады,  сезіммен  жазады, 
ақылға  жорытпайды»  деген  тезисінің  қате  екенін  дəлелдеуі  барысында  анық  байқалады. «Сезгенін 
ақылға  төрелете,  өзінің  табының  тілегіне  үйлестіріп  жазбайтын  ақын  жоқ»  екенін  дəлелдеу  үшін 
Плехановтың идеологияға, оның ішінде көркем əдебиетке қойлатын бес түрлі заңдылығын ұсынады. 
Соның  негізінде  «Таптан  тысқары  ақын  жоқ.  Тап  ақыны  осы  Плеханов  айтқан  бес  заңмен 
байланысты. Ақынның ақындығы сыртқа шыққанда, бастапқы сезген күйінде емес, осы бес жағдайға 
сəйкестендіріліп  қорытылып  шығады»  деген  түйін  жасайды [1]. Маркстік  эстетиканы  дамыту 
жолында  біршама  үлес  қосқанмен  Г.Плехановтың  методологиялық  теорияларының  бір  жақтылығы, 
əсіресе Толстойдың суретшілдігі мен ойшылдығын бір-біріне метафизикалық тұрғыда қарама-қайсы 
қоюын,  Е.Онегин  туралы  «жүмысшы  адам  бұл  романның  ішкі  мазмұнын  мүлде  түсінбейді»  деген 
секілді пікірлерін, В.Г.Белинскийдің ғылыми мұрасы туралы біржақты көзқарасын маркстік-лениндік 
əдіснама  көп  ұзамай  қатты  сынап, «Плеханов  ортодоксиясы  үшін»  ұраны  заман  талабынан  шығып 
қалды.  Алайда  осы  ұранға  сай  жазылған  мақалалардағы  əдеби-теориялық  ой-пікірдің  ізденісін 
түбегейлі  қате  деп  табу  дұрыс  емес.  Заман  талабына  сай  үстемдік  құруға  қолдан  келгеннің  бəрін 
жасап  жатқан  маркстік-лениндік  əдіснаманың  қағида-қисындарына  икемделу  жолындағы 
ұмтылыстары  болатын.  Өйткені  бұқарашыл  ақын-жазушылар,  яғни  Алаш  арыстары, «ұлтшыл  жəне 
тап жауы» ретінде жойылғаннан кейін, ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірді дамытушы төңкерісшілер 
ғана  болды  да,  алға  ұстар  жалғыз-ақ  бағыт  қалды.  Ол — маркстік-лениндік  əдіснама  еді.  Мəдениет 
пен  өнер,  əдебиет  пен  ғылым  партиялық  басшылықтың,  кеңестік  идеология  мен  тап  саясатының 
құрсауына  түскен  кезде  басқа  барар  жол  да  қалмағанды  жəне  ол  төңкерісшілдердің  тапшылдық 
көзқарасына  сайма-сай  келді.  Бұл  белгілі  бағытта  ізденістер  сипатын  танытқанымен, 1930-
жылдардың  бас  кезіндегі  сыншылдық  жəне  əдеби-теориялық  ой-пікірдің  тұрпайы  социологизм 
ықпалында  қалуына  басты  себеп  болды  да,  қазақ  əдебиетін  теориялық  тұрғыда  зерттеудің  негізгі 
мəселелері  назардан  тыс  қалды.  Тұрпайы  социологизм  ықпалындағы  солақай  сыншылдыққа  сол 
кездегі  өлкелік  партия  комитетінің  саяси  басшылығының  да  əсері  аз  болмады.  Негізінен  тұрпайы 
социологизм — маркстік-лениндік  ілімнің  туын  көтеріп  шыққан  теория  еді.  Бірақ  кемшілігі 
тапшылдықты  тым  дөрекілендіріп  жіберді.  Мысалы,  тұрпайы  социологизмнің 1930-жылдардың 
басында қатты өріс алуына Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мəселелері туралы» атты хаты 
қатерлі  жол  атқарды.  Бұл  хат  бойынша  өлкелік  партия  комитеті  мен  марксизм-ленинизм 
институтының  «Сталин  жолдастың  хатына  байланысты  Қазақстандағы  күрес  міндеттері  туралы» 
Қаулысы жарияланды. Онда «алашордашылардың ықпалынан шыға алмай келе жатқан қазақ əдебиеті 
мен  сынының  мəселелеріне  ерекше  назар  аударылуы  қажеттігі»  атап  көрсетілді [2]. Профессор 
Т.Кəкішев: «Осы  қаулыда C.Сейфуллиннің  шығармашылығында  ескі  феодалдық  рушыл  қоғам 
дəріптеледі,  Ғ.Тоғжановтың  əдебиет  жайлы  еңбектерінде  маркстік  емес,  Плехановтың  ықпалына 
түсіп,  сорақы  қателіктер  жіберілді  деп  атап  көрсетті»  деп  жазады [3]. «Əдебиет  майданы» 
журналының 1932 жылғы  № 4  санында  шыққан 14 тармақтан  тұратын  іс-жоспарда  «ұлтшыл-
алашордашылардан»  қалған  əдебиеттің  зиянды  бетін  ашу,  пролетариат  ақын-жазушылардың 
шығармаларын  тексеру  ғана  емес,  сол  жылы  қай  қаламгердің  не  жазатындығын  көрсеткен 
міндеттемелер қабылдауын талап етті. Міне, əдеби сында əсіре тапшылдықты насихаттаған «тұрпайы 
социологизм»  дəуірлеп  тұрған, ғылыми-зерттеу  ісінде  орыс  əдебиеттану  ғылымындағы  В.Фриченің, 
П.Н.Сакулиннің  еңбектерінен  туындаған  социологиялық  жəне  формалды-социологиялық  əдіс 
белгілері  орын  алып  тұрған  кезде [4], сталиндік  түзетулерге  ұшыраған  маркстік-лениндік  əдіснама 
оларға қарсы күресе отырып, өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Ол бүкіл Кеңестер Одағына кіретін 
ұлт  республикаларының  əдебиеті  ендігі  жерде  «түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік»  болатынын 
анықтап берді де, оның əдеби дамудағы негізгі əдісі социалистік реализм болып табылатынын шұғыл 
түрде күн тəртібіне қойды, кеңестік идеология оны жан-жақты жəне батыл насихаттай бастады. 
Негізінен  бұл  əдісті  проф.  Х.Əдібаев  айтқандай, «социалистік  реализмнің  теориясы  мен 
практикасын біздің еліміздегі қоғамдық сана мен қоғамдық өмірдің өзі туғызды» [5]. Жаңа дəуірдегі 
əдебиеттің  көркемдік  əдісі  қандай  болуы  керек  деген  ой  жазушылар  мен  əдебиетшілерді 1920-
жылдардың бас кезінде-ақ толғандырған болатын. 1923 жылы В.Маяковский ендігі жерде негізгі əдіс 
«тенденциозный реализм» болуы керек дегенді ұсынған болса, 1924 жылы А.Толстой «монументалды 

Смағұлов Ж.Қ. 
40 
Вестник Карагандинского университета 
реализмнің» буржуазиялық эстетикаға қарсы тұратындығын дəлелдеуге ұмтылды. 1929 жылы РАПП-
шылдар  «пролетарлық  реализм»  деген  терминді  қолданды. 1931 жылы  И.В.Сталин  жоғарғы  партия 
мектебін  бітірушілер  алдында  сөйлеген  сөзінде  «социалистік  реализм»  деген  атауды  алғаш  рет 
қолданды  да,  кеңестік  идеология  ғылыми  тұрғыда  негіздеуге  көшті. «Халықтар  көсемі»  өзі 
басқаратын қоғамға қандай əдебиет қажет болатынын білді. Оған тек азусыз, құс таңдай, қызыл иек 
əдебиет  керек  еді.  Жазушылар  қаламында  қандай  ұлы  құдірет  жатқанын  сезді  де,  оларды  əрдайым 
ауыздықтап  ұстауға,  қажет  бола  қалса,  өз  жыршысына  айналдыруға  күш  салды» [5]. Өйткені 1920-
жылдардың  соңы  мен 1930-жылдардың  басында  Л.Троцкийдің  еңбектері  оқылудан,  пайдаланудан 
шығарылып тасталғанымен, «Литература и революция» еңбегіндегі жаңа замандағы əдебиет туралы 
идеялары  жойылып  та  кете  қоймаған  еді.  Оның  «творчество  Демьяна  Бедного  есть  пролетарская  и 
народная литература, т.е. литература, жизненно нужная пробужденному народу. Если это не «истин-
ная»  поэзия,  то  нечто  большее  ее»  деген  пікірі 1930-жылдардың  басында  «Демьянша  жазу» 
ұранының тууына негіз болды [6]. Ал Блокқа берген: «И все же «Двенадцать» не поэма революции. 
Это лебединая песня индивидуалистического искусства, которое приобщилось к революции. Конеч-
но, Блок не наш. Но он рванулся к нам. Рванувшись, надорвался», — деген бағасы блокшылдықтан 
бас  тартуды  туғызса,  орыс  əдебиетіндегі  футуризмді  сынаған  ойлары  «жанды  адамды  көрсету» 
қағидасының өріс алуына себепкер болды. Л.Троцкийдің «методы марксизма не методы искусства» 
деген  тезисін  əдеби-теориялық  ой-пікірден  біржола  жою  үшін  И.Сталин,  коммунистік  партия 
көркемөнер  мен  əдебиет  саласындағы  саясатын  нақтылап  алу  жолында  шешуші  бетбұрыс  жасауды 
ұйғарды. Соның негізінде 1932 жылы 29 сəуірде «Əдебиет, көркемөнер ұйымдарын қайта құру тура-
лы» Орталық партия Комитетінің Қаулысы дүниеге келді. Іле-шала (20 мамырда) И.М.Гронский пар-
тия  өкілі  ретінде  «социалистік  реализм  əдісі»  деген  терминдік  анықтаманы  жария  етті [7]. Қаулы 
шыққаннан бастап социалистік реализмді кеңес əдебиетінің негізгі əдісі ретінде теориялық негіздеу 
мен  насихаттау,  оның  принциптерін  анықтау,  əдебиеттің  партиялық,  таптық  болуы  керектігі  мен 
идеология құралы екендігін дəлелдеу науқаны басталды. 
Қазақ əдебиеттану ғылымы да социалистік реализм аталған осы «өлшемді эстетиканы» меңгеру 
жолындағы іс-шараларға жұмыла кірісті. Соңғы кезге дейін социалистік реализмді қазақ əдебиеттану 
ғылымында  «Қызыл  ат»  жəне  социалистік  реализм»  мақаласына  байланысты  алғаш  рет  сөз  еткен 
М.Қаратаев  деп  санап  келген  едік.  Мезгіл  жағынан  қарағанда,  соцреализмді  теориялық  тұрғыда 
негіздеуге  кіріскен  бүкілодақтық  науқанға  алғаш  үн  қосқан  С.Мұқанов  болды. 1933 жылдың 12 
қаңтарында  педогогикалық  институтта  «Социалды  реализм  жəне  төңкерісшілдік  романтизм»  деген 
тақырыпта  лекция  оқыса, 11 сəуірде  осы  лекцияның  негізіндегі  «Социалды  реализм  туралы» 
мақаласы жарияланды («Социалды Қазақстан», 1933, № 84). Бұл баяндама мен мақалада социалистік 
реализм туралы автор көзқарасы орталық басылымдардағы теориялық барлаулар ықпалында туындап 
жатса да, оның советтік əдебиеттің басты əдісі болатындығы мен партиялығы, таптығы, принциптері 
ұлттық  əдеби-теориялық  таным-тілікте  алғаш  рет  түсіндіріліп  берілді. «Мазмұны  социалистік,  түрі 
ұлттық» əдебиет жасау жолындағы азды-көпті табыстарды саралай келе, социалистік реализмнің өмір 
шындығын  революциялық  дамуда  бейнелеудегі  бұзылмас  заң  екенін  дəлелдеді.  Əсіресе  сол  кездегі 
идеология  майданындағы  таптық  күрестің  шиеленісуінің  əсері  мен  таптық  қоғамда  əдебиеттің  тек 
қана  таптық  болатынын  айрықша  көрсетіп, кейбір  ақын-жазушылардағы  осы  принциптен  ауытқуды 
сынады.  Ал  М.Қаратаев  мақаласының  жазылуына 1930 жылдардың  басындағы  əдеби  сында  ерекше 
«талқыланған» С.Сейфуллин шығармаларына орай ұйымдастырылған дискуссия себеп болды. Оның 
ішінде: «Мен  де  дискуссияға  араласып  кеттім. «Қызыл  ат»  жəне  социалистік  реализм»  деген  ұзақ 
мақала  жаздым.  Ол  «Лениншіл  жас»  газетінің 1933 жылғы  февраль-март  айларының 4–5 нөмірінде 
жарияланды», — деп  автор  өзі  жазғандай [8], «Қызыл  ат»  поэмасына  арналған  пікірталасқа 
байланысты жазылған болатын. 
ҚазАПП  сыншыларынан,  М.Қайыпназарұлының  баяндамалары  мен  мақалаларындағы  солақай 
сыншылдықтан көз ашпай келе жатқан Сəкен шығармашылығы «Қызыл ат» поэмасы жазылғанда да 
ерекше  талқыға  түсті.  Арнайы  ұйымдастырылған  пікірталаста  поэманың  колхоз  құрылысына 
жабылған жала екені, онда ауыл мен қаланы бір-біріне қарсы қоюшылық басым көрінетіні, қызыл ат 
деп  отырғаны  астармен  айтылған  кедей-шаруа  екені,  оның  өткен  күнін  артық  көріп,  сол  уақытын 
аңсайтыны  баса  айтылып,  саяси  айып  тағуға  дейін  барған  пікірлер  оңды-солды  айтылып  жатты. 
Осындай шақта жазылған М.Қаратаевтың мақаласы И.В.Сталиннің «Табыстан бас айналғанда» атты 
еңбегінің  жазылуымен  жəне  социалистік  реализм  əдісін  бүкілодақтық  деңгейде  теориялық 
негізделуімен тұспа-тұс келді. Сол себептен де автор бұл əдістің негізгі нысанасы социалистік өмір 

ХХ ғасырдың 1930-жылдарындағы көркемдік … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
41 
шындығын жырлау екенін ашып беру арқылы «Қызыл ат» поэмасын солақай сыншылдықтан сақтап 
қалды.  Міне,  С.Мұқановтың,  М.Қаратаевтың  осы  мақалаларынан  бастап  социалистік  реализмнің 
қазақ əдебиеттану ғылымындағы «алтын дəуірі» басталды. Əдеби сын мен əдеби-теориялық ой-пікір 
социалистік  реализмді  насихаттау,  үлгі-өнеге  ету  науқанына  белсене  кірісті.  Қ.Өтепұлының 
«Социалды  реализм» (Əдебиет  майданы, 1933, № 2),  З.Шашкиннің  «Əдебиет  жəне  социалды 
реализм» (Социалды Қазақстан, 1933, 18 ақпан), Ғ.Тоғжанұлының «Қазақ əдебиетіндегі сын туралы 
кейбір  өзгешеліктер» (Социалды  Қазақстан, 1933, № 195),  Ə.Қоңыратбаевтың  «Əдебиетіміздегі 
реализм туралы» (Əдебиет майданы,1934, № 5) т.б. мақалалардың жазылуын — соның айғағы деген 
дұрыс.  Оларда  маркстік-лениндік  əдіснаманың  əдебиеттің  таптығы,  халықтығы,  партиялығы 
принциптеріне  тереңдеп  бара  қоймағанымен,  осы  ұғымдардың  берік  орын  тебуіне  жолбасшылық 
сипат  танылды.  М.Қаратаевтың  жоғарыдағы  мақаласының  ізімен  қазақ  əдебиетіндегі  социалистік 
реализмді анықтау мен көркем шығарманың осы əдісте жазылуын қадағалау басты назарда ұсталды. 
«Біздің творчестволық тəжірибеде қолданатын көркем əдісіміз де, оны зерттейтін ғылыми еңбектерде 
қолданатын  принципіміз  де  айдан  анық.  Ол  маркстік-лениндік  дүниетанымға  сəйкес  социалистік 
революция дəуірінде туып қалыптасқан, көркем əдіс ретінде əдебиет процесінде əдеби жүзеге асқан 
социалистік  реализм  принципі»  екені  қағидаға  айнала  бастады [9]. Нəтижесінде  көркем  əдебиет 
партиялық істің бір бөлшегіне, саясат пен идеологияның сойыл соғар белсенді құралы болу қасиетіне 
ие  бола  бастады  да,  сын  мен  əдебиеттану  жаңа  эстетика  мен  теорияның  қасаң  қағидасының 
құрсауына  түсті. 1930 жылдардағы  ұлттық  əдеби-теориялық  ой-пікірдің  өсу,  кемелдену  жолындағы 
ізденістерінде  сəтті  қадамдар  жасауға  деген  талпынысын  əдеби  даму  процесіндегі  күрделі 
мəселелерге  араласуы  да  танытады.  Кеңестік  əдебиеттану  ғылымында  бүкілодақтық  деңгейде  сөз 
болған  натурализм,  формализм  туралы  айтысқа  тартынбай  баруы  оны  тағы  да  дəлелдей  түседі. 
М.Горький  «Правда»  газетіндегі  мақаласында  шығарманың  формалық  жəне  идеялық  тұтастығы 
туралы  ой-толғамын  ортаға  сала  келіп,  кеңінен  пікір  алысуға  шақырған  үндеуіне  қазақ  əдебиетші-
сыншылары  да  қызу  үн  қосты [10]. Қазақ  əдебиетіндегі  натурализм,  формализм  туралы  Қазақстан 
Жазушылар одағы ұйымдастырған пікірталас 1936 жылдың 2 сəуірінде басталып үш күнге созылды. 
Əдеби  айтыс  дəрежесінде  өткен  бұл  пікірталастағы  негізгі  ойлар  баспасөз  бетінде  жарық  көрді. 
«Социалды  Қазақстан»  газетінде  «Көркемөнердегі  формализмге  қарсы» (№ 64),  «Жазушылардың 
əдебиет  жөніндегі  айтысы» (№ 86,87)  деген  мақалаларға, «Қазақ  əдебиеті»  М.Əуезов,  С.Мұқанов, 
Р.Жаманқұловтың сөздері мен Ə.Тəжібаевтың «Адал сырым» мақаласына орын берді (1936, № 16). 
Негізінен  алғанда  орыс  əдебиеттану  ғылымындағы  формализм  мен  натурализм  туралы 
дискуссияның тууы социалистік реализмнің ендігі дамудағы негізгі əдіс болып танылуы жолындағы 
ұмтылысы  мен  өз  позициясын  анықтау  үшін  жүргізген  күресінен  туындады.  Орыс  əдебиетіндегі 
формалистер жəне тағы басқа да əдеби ағымдар өкілдері социалистік реализм алдағы көркемдік даму 
процесінде  символизм,  футуризм,  имажинизм,  конструктивизм,  формализм,  натурализмдердің  осы 
кезеңге  дейін  қол  жеткізген  табысын  негізге  ала  отырып,  кеңінен  пайдалануы  керек  деген  көзқарас 
туғызған болатын. Мысалы, К.Зелинский: «Я думаю, что последнее должно соединить стилевые чер-
ты  трех  основных  школ:  реализма,  символизма,  конструктивизма», — деп  жазды [11]. Формализм, 
натурализмге қарсы шабуылдың күшті болғаны соншалық, орыс формалистерінің ірі өкілдерінің бірі 
В.Шкловский: «Формалисты вместо того чтобы поднимать целину, пашут там, где было распахано», 
—  деген  мойындауға  дейін  барды [12]. Көркем  шығармада  адам  тұлғасын  сомдауға  селқос 
қараушылық,  антигуманизмге  ұрыну,  шындыққа  менсінбей  қарап,  таптық  күресті  толық  аша  алмау 
т.б. кемшіліктері ашылған формализм мен натурализм «были осуждены с позиций жизни и искусства, 
и  во  имя  жизни  и  искусства  как  явления  антихудожественные  и  антинародные» [13]. Дискуссия 
қорытындысы  жаңа  ізденістерге  шектеу  салып,  əдебиетті  социалистік  реализм  қағидаларының 
қалыбынан  шығармауды  жоспарлаған  партиялық  басшылық  пен  кеңестік  идеология  саясаты  жемісі 
болып шықты. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Мұқанов С. 16 томдық шығармалар жинағы. — 14-т. — Алматы: Жазушы, 1978. — 80-б. 
2.  Большевик Казахстана. — 1932. — № 1. — С. 89. 
3.  Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы. — Алматы: Санат, 1994. — 30-б. 
4.  Сакулин П.Н. Социологический метод в литературоведении. — М.: Мир, 1925; Фриче В. Социология искусства. — 
М.-Л.: ГИЗ, 1926. 

Смағұлов Ж.Қ. 
42 
Вестник Карагандинского университета 
5.  Социалистік реализм керек пе? // Қазақ əдебиеті. — 1991. — 25 қаңт.  
6.  Троцкий Л. Литература и революция. — М.: Политиздат, 1991. — С. 167. 
7.  Советское литературоведение за 50 лет. — Л.: Наука, 1968. — С. 210. 
8.  Қаратаев М. Əдебиет жəне эстетика. — Алматы: Жазушы, 1970. — 268-б. 
9.  Қаратаев М. Революция рухымен. — Алматы: Жазушы, 1978. — 85-б. 
10.  Горький М. О формализме // Правда. — 1936. — 9 апр. 
11.  Зелинский К. Поэзия как смысл. — М.: Федерация, 1929. — С. 223. 
12.  Литературная газета. — 1936. — 15 марта. 
13.  Советское литературоведение за 50 лет. — М.: МГУ, 1967. — С. 185. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 894.342 
Сын сапарында сомдалған сыншы 
Рахимбаева Б.О., Аметова А.Ж. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В статье показан вклад Турсынбека Какишева — одного из крупных ученых-литераторов Казахстана 
— в развитие научно-исследовательских и критико-эстетических мыслей и идей. Авторы анализируют 
творчество  профессора  Т.Какишева,  который  был  одним  из  первых  ученых,  изучивших  истоки 
национального  литературоведения,  а  также  период  в  истории  науки,  позволивший  вспомнить  имена 
авторов, в свое время незаслуженно забытых. 
The article Tursynbek Kakishev — one of scientific writers who has brought the huge contribution to 
development of national scientific research and kritiko-esthetic thoughts though it was against principles of 
stagnant time, but worked for the sake of the people, bearing a heavy burden of the Kazakh literary criticism 
and criticism. T.Kakishev was the professor who was at the beginnings of a science of national literary 
criticism and has considered the period which in the history on евроцентрическим to sights has been 
excluded. T.Kakishev as a result of versatile scientific researches, has included names of known people in a 
literary channel which for various reasons haven't been mentioned. 
 
Заман,  қоғам  заңдылықтары  кез  келген  адамды  өз  талабы  мен  идеологиясына  сай  белгілі  бір 
қалыпта болуға душар ететіні əлімсақтан белгілі ақиқат. Əсіресе ол қалып тоталитарлық жүйе билік 
жүргізген кезеңдегі ғұмыр кешкен ұрпақ өкілдеріне аса бір қиямет-қайым қиындық əкелгені даусыз. 
Алайда  «Заманға  жаман  күйлемек,  замана  оны  илемек»  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  заман  талқысына 
қарама-қарсы тұратын тұғырлы тұлғалардың да болатыны шындық [1]. Халқымыздың тарихында бұл 
сипаттағы дарындар бар, бірақ оны дəл қазір санамалап жату артық. Тек қана Алаш арыстарын атасақ 
та жеткілікті. Дəл солардай замана ырқы мен қыспағына бой ұсынбай, көмпістікке көндіргісі келген 
қалыпқа  сыймаған  қалыппен  бүгінде  сексен  төрт  жасқа  келіп  отырған тұлға — ұлттық  əдебиеттану 
ғылымындағы бар-жоғы үш қана ғылыми мектептің бірінің негізін қалаушы, атақты ғалым, жазушы, 
сыншы Тұрсынбек Кəкішев. 
Қазақ  əдебиеттануы  мен  сынының  ауыр  жүгін  көтерген,  халықтық  мүддеге  сай  өркен  жаюына 
еңбек еткен, кер замандағы кереғар қағидалардың таяғын жей жүрсе де ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
жəне  сыншылдық-эстетикалық  ой-пікірдің  дамуына  мол  үлес  қосқан  əдебиетші-ғалымдар  аз  емес. 
Алайда олардың барлығына бірдей ғылыми мектептің негізін қалау бақыты бұйыра бермеген. Атақты 
А.Байтұрсынов,  Б.Кенжебаевтен  соң  ерен  еңбегімен  бұл  абырой-атаққа  ие  болып  отырған  да 
Т.Кəкішев. 
Халықаралық  жоғарғы  мектептер  Ғылым  академиясының  Құрметті  академигі,  Еларалық 
қоғамдық  Ш.Айтматов  академиясының  академигі,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  С.Сейфуллин 
атындағы  сыйлықтың  иегері,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  қайраткері,  ұлттық 
əдебиеттану  ғылымында  ғылыми  мектептің  негізін  қалаушы,  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  жазушы,  сыншы  Т.Кəкішев 1927 жылы 15 тамыз  күні  Ақмола  облысы  Макин 
ауданындағы  Даниловка  руднигінде  алтын  өнеркəсібі  жұмысшысының  отбасында  дүниеге  келген. 

Сын сапарында сомдалған сыншы  
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
43 
1944–45  жылдары  Ақмола  қаласында  орта  мектепті  тəмамдап,  Қазақтың  С.М.Киров  атындағы 
мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетіне  түседі.  Оның  толық  курсын 1950 жылы 
тəмамдайды. Университетте оқып жүргенде қаламының желі барын танытқан жасты қазақтың атақты 
фельетонисі С.Төлешов (псевдонимы — С.Шынаров) төртінші курсты бітіргеннен кейін 1949 жылы 
«Лениншіл жас» газеті редакциясының жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушілігіне ұсынады. Оқуы 
мен  жұмысын  қосарлай  атқарған  Т.Кəкішұлы  университет  жолдамасымен  қазіргі  «Рауан» 
баспасының  жоғарғы  оқу  орындар  оқулықтары  редакциясының  аға  редакторы  болып  қызметке 
орналасады. 
1951  жылдың  күзінде  ҚКП  Орталық  Комитетінің  баспасөз  бөлімінің  ұйғаруымен  марксизм-
ленинизм  классиктерінің  шығармаларын  тəржімалайтын  аудармашылардың  екі  жылдық  курсына 
жіберіледі.  Бір  жыл  оқығаннан  кейін  ҚКП  Орталық  Комитетінің  жанындағы  Партия  тарихы 
институтына  кіші  ғылыми  қызметкерлікке  ауыстырылады.  Осы  институтта  Т.Кəкішев  көптеген 
архивтік  деректер  негізінде  қызықты  да  тартымды  мақалалар  жазып,  өзінің  негізгі  мамандығына 
ыңғайлана береді. 
1958 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының аспирантурасына 
түсіп,  оны  мерзімінен  бұрын 1960 жылы  «Қазақ  əдебиетінің  қалыптасу  дəуіріндегі  идеялық-
творчестволық  мəселелер (1917–1929 жж.)»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғап, 
институттың аға ғылыми қызметкері болады. 
Осы зерттеу еңбегін Т.Кəкішев 1962 жылы «Октябрь өркені» атты монографияға айналдырады. 
Бұл кітап жас ғалымның өткір де толымды ойларының молдылығына ғана емес, сонымен қатар қазақ 
əдебиеттану  ғылымында  тарихи-архивтік  деректерді  пайдалану,  сөйтіп  дəуір  шындығын  ашу  үшін 
ғылыми-ізденімпаздық  жолға  түсу  мəселелерін  күн  тəртібіне  қойды.  Сан-салалы  ғылыми 
ізденістердің  нəтижесінде  əдебиет  тарихында  өзіндік  орны  бар,  бірақ  əр  түрлі  себептермен 
айтылмаған,  ұмтылуға  жақын  қалған  есімдерді  уақыт  тозаңынан  тазартып,  əдеби  айналымға  əкеп 
қосты.  Мəселен,  Жиенғали  Тілепбергенов,  Елжас  Бекенов  сынды  дарындар  жайында  Т.Кəкішев 
арнайы мақала жазып қана қоймай, олардың еңбектерін жинау, жариялау ісімен шұғылданады. 1957 
жылы  Саттар  Ерубаевтың  мұраларын  түгелге  жақын  жинап,  жеке  кітап  етіп  шығарады.  Оны 
толықтырып 1979 жылы екінші, 1994 жылы үшінші рет жариялады. 1959 жылы Сабыр Шариповтің 
екі томдығын Қ.Жармағанбетовпен бірлесіп шығарса, С.Шариповтің 100 жылдығына бағыштап 1982 
жылы  екінші  рет  жариялады. 1960 жылдан  бастап  С.Сейфуллиннің  алты  томдығын  шығарысуға 
белсене қатысып, 4–6-томдарын құрастырады. 1969 жылы Жиенғали Тілепбергеновтің «Ізбасар» атты 
таңдамалы жинағын шығарса, Елжас Бекеновтің «Дала қоңырауына» алғы сөз жазды. 
Өз еңбегімен қатар өзгенің шығармаларын ескі газет-журналдардан тауып алып, оған қайтадан 
өмір  беру,  архив  ақтару  машығы  ғалымның  өзіне  ғана  емес,  ғылымға  да  олжа  салғанын  көреміз. 
Ғалым зерттеулері əменде практикалық қажеттілікпен астарласып жатады. 
Профессор Т.Кəкішев қазақ əдебиетінің тарихын жасау жолындағы ғылыми-əлеуметтік мəні зор 
іске белсене араласуда «Қазақ əдебиет тарихының» үшінші томының І-жəне ІІ-кітаптарына арнаулы 
тараулар  мен  бөлімдер  жазды.  Екінші  кітаптың  жауапты  редакторының  бірі  болды.  Е.Ысмайылов, 
М.Дүйсенов үшеуі бірігіп КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Дүниежүзілік əдебиет 
институты  шығарған  «Көп  ұлтты  совет  əдебиетінің»  алты  томдық  тарихының 1970 жылы  шыққан 
бірінші томына тарау жазды. 
Əл-Фараби атындағы Қазақ университетінің қазақ əдебиетінің тарихы мен сыны кафедрасының 
ұжымы  «Қазақ  əдебиетінің  қысқаша  тарихы»  атты  еңбекті  француз,  ағылшын,  корей  тілдеріне 
аударуға  ыңғайлап, «Санат»  баспасына  ұсынғанда  басылымның  жалпы  редакциясын  профессор 
Т.Кəкішев басқарды. 
Т.Кəкішев тек əдебиет тарихымен ғана емес, бүгінгі əдеби процеске де араласып, ара-тұра сын 
мақалалар жазып қояды. Оның мақалалары өзінің ойлылығымен, өткірлігімен көзге түседі. 
Республика əдебиетшілерінің шығарған жинақтарының, өткізген ғылыми конференцияларының 
бəріне түгелдей атсалысып келе жатқаны тағы бар. 
1967  жылы  Т.Кəкішевтің  көптен  бері  жазып,  жұртшылықтан  ризашылық  пейіл  көрген  кейбір 
ғылыми-зерттеу жəне сын мақалалары «Дəуір» суреттері» атты монографиялық этюд түрінде жарық 
көрді.  Дала  дауылпазы  С.Сейфуллин,  С.Мұқанов,  Б.Майлин,  С.Шарипов,  Ж.Тілепбергенов, 
Е.Бекенов,  С.Ерубаев  жайындағы  толымды  ойларын  уақыт  тезіне  салып,  жаңғырта  баяндауда.  Сол 
жылы «С.Сейфуллин» атты кітапшасы да жарық көрді. 

Рахимбаева Б.О., Аметова А.Ж. 
44 
Вестник Карагандинского университета 
1968  жылы  нақты  тарихи-архивтік  деректер  негізінде  жазылған  «Қызыл  сұңқар»  атты  тарихи-
əдеби  очеркі  басылып  шықты.  Оның  қазақ  əдебиеті  үшін  жаңалық  сипаты  бары  талай  мақала, 
рецензияларда орынды аталды. Автор осы еңбегін бүкіл одақтық оқушы қауымға ұсыну мақсатымен 
өңдей  де  толықтыра  өзгертіп,  Мəскеудегі  «Молодая  гвардия»  баспасының  «Тамаша  адамдардың 
өмірі»  сериясымен 1972 жылы  шығарды.  Ол  үлкен  əдеби  құбылыс  болды.  Өйткені  совет  еліндегі 
түркі  тілдес  халықтардың  өкіліне  арналған  бірінші  кітап  екенін  ескерер  болсақ,  онда  Т.Кəкішевтің 
«Сəкен  Сейфуллин»  атты  еңбегінің  мəн-маңызы  өзінен-өзі  айқындала  түсері  хақ.  Бұл  кітап 
Қазақстанда  халық  сүйіспеншілігіне  ие  болған  дарындар,  мемлекет-əлеумет  қайраткерлері,  ұлы 
ақындар, жазушылар жөнінде арнайы серия шығару қажеттігін анық аңғартты. «Жалын» баспасының 
«Өнегелі өмір» атты сериясының серкесі 1976 жылы шыққан «Сəкен Сейфуллин» болды. 
1968 жылдан бері Т.Кəкішев өзі оқып шыққан Қазақ университетінде аға оқытушы, одан кейін 
доцент,  қазір  профессор  болып  қызмет  атқаруда.  Əдебиет  тарихымен  ғана  шектеліп  қалмай,  қазақ 
əдебиеті  сыны  тарихының  жалпы  курсын,  Сəкеннің  жаңашылдығы  жəне  ХХ  ғасырдағы  қазақ 
əдебиетіндегі ізденістері жайында дəріс оқиды. 
Т.Кəкішевтің  ғалымдық-өнерпаздық  ерекшелігі — өзінің  зерттеу  еңбектерінде  аңызына  түрен 
түспеген тың салаларды нақты деректер негізінде індете зерттеуге құмарлығы. Міне, сондықтан оның 
қаламынан  туған  дүниелерге  ғылыми  қауым  да,  шəкірттер  əлемі  де,  əдебиетті  қызықтаушылар  да 
құлақ түріп отырады. 
Соның нақты бір дəлелі — «Қазақ əдебиеті сынының туу жəне қалыптасу жолдары» атты 1971 
жылы  қорғаған  докторлық  диссертациясы.  Ондаған  жыл  тірнектей  зерттеген  мехнатты  еңбегі  қазақ 
əдебиет  сынының  Октябрь  революциясына  дейін  туғандығын,  Ұлы  Отан  соғысына  дейін  жанрлық 
жағынан əбден қалыптасып, оңаша отау тіккендігін дəлелдеп беріп отыр. Оның алғашқы бөлімі 1971 
жылы  «Сын  сапары»  атты  монография  болып  жарияланды.  Екінші  бөлімі — «Оңаша  отау» 1982 
жылы басылды. Қазақ əдебиеті сыны саласындағы еңбегі қазір республика жоғары оқу орындарының 
негізгі оқу құралына айналып, оның алғашқы бағдарламасын 1982 жылы жасап, 1994 жылы 25 баспа 
табақ  көлемінде  оқулық  шығарылды.  Қазақ  совет  əдебиетінің 1920-жылдарын  түбегейлі  зерттеген, 
қазақ совет əдебиетінің негізін қалаған Сəкен Сейфуллиннің шығармашылық-əлеуметтік өмірбаянын 
жасаған профессор Т.Кəкішев қазақ əдебиеті сынының тарихы саласындағы еңбегі қазақ əдебиеттану 
ғылымына қосылған зор үлес болып, ғылыми мектеп жасап отыр. 
Қазақ  əдебиеттану  ғылымында  ұлы  төңкеріске  дейін  сын  болған  жоқ  деген  қағиданы  жоққа 
шығарып, қазақ əдебиет сынының тарихына зор үлес қосты. 
«Қазақ  əдебиеті  сынының  тарихы»  оқулығында  халықтың  сыншылдық-эстетикалық 
көзқарасынан бастау алып жатқан халық ауыз əдеби мұраларынан басталып, қазақтың тұңғыш газет-
журналдары — «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Айқап», «Қазақ» сынды баспа сөздердің сыни 
ой-пікірінің  тууына  игі  əсерін  жан-жақты  талдап,  зерттеумен  қатар,  əр  кезеңдегі  əдебиеттің 
партиялығы,  əдебиеттің  таптығы  тұрғысынан  баға  беру  жəне  əр  түрлі  əдеби  ағымдар  «тұрпайы 
социологизм», «бірыңғай  ағым  теориясы», «пролеткультшылдық»-тардың  арасындағы  айтыс-
тартыстар  мен  өрістес  келіп  жатқан  ой-пікірлердің  ақ-қарасын  айқындаумен  құнды.  Көркем 
табиғаттың  аясында  сұлулықпен  суарылып  өскен  қазақ  халқының  эстетикалық  талғамы  да  сол  өзін 
қоршаған  ортаның,  сұлулықтан  сомдаған  биік  талғамдарына  сай,  əлемдік  əдебиеттің  небір  озық 
үлгілерімен қатар тұра алатын тамаша ауыз əдебиетін жасады. «Қыз Жібек» жырындағы қыздардың 
сұлулығы, «Қобыланды  батыр»  жырындағы  Тайбуырыл  шабысының  суреттелуін  көркемдік 
сұрыптаудың жоғары көрінісі деген зерттеушінің пікіріне сөзсіз келісесіз. 
Т.Кəкішев  қазақтың  жазба  əдебиет  сынының  түп-төркінін  көне  замандағы  түрлі 
ескерткіштерден,  орта  ғасырлық  жазбалардан,  қазақ  хандығы  тұсындағы  би-шешендерден,  ақын-
жыраулардан,  қазақ  жерінен  шыққан  ғұламалардың  еңбектерінен  көреді.  Қорқыттың  қазақ  жерін 
аралап,  əр  өңірге  берген  бағаларына,  əл-Фарабидің  өнер  жайлы  пікірлеріне,  Жүсіп  Баласағұнның 
«Құтты  білігіндегі»  терең  ойларға,  Махмұд  Қашқаридың  «Диуани  лұғат  ат-Түркідегі»  қанатты 
сөздерге, Қожа Ахмет Йассауидің «Хикметіндегі» көркем толғаныстарға т.б. тоқталып, сыншылдық 
таным-білімнің  қайнар  көздері  ретінде  қарастырады.  Сонымен  қатар  ғылыми,  ағартушылық, 
эстетикалық  талғамның  қалыптасуында  орны  айрықша  үш  ғұламамыз — Ш.Уəлиханов, 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаевтың  еңбектерін  айрықша  атап  өтеді.  Соның  ішінде  ұлы  Абайдың 
сыншылдық  ойының  аса  ірі  құбылыс  екенін  дəлелдеп  көрсетеді.  Əдеби  сынның  дамуы  баспасөздің 
дамуымен  тікелей  байланыстылығын  жəне  жоғарыда  аталған  газет-журнал  беттеріндегі  əдеби  ой-
пікірлерді  саралап  көрсетеді.  Сыншылдық  ой-пікірлер,  əсіресе  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ» 

Сын сапарында сомдалған сыншы  
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
45 
газеттерінде  жандана  түскендігін  көреміз. 1971 жылы  жарық  көрген  «Сын  сапар»  еңбегінде  кейбір 
олқылықтарын толтырып «Қазақ əдебиеті сынының тарихында» (1994) əдеби пікірлерді талдауға көп 
көңіл 
бөлді. 
А.Байтұрсыновтың, 
М.Дулатовтың, 
Ə.Бөкейхановтың, 
Р.Мəрсековтің 
т.б. 
мақалаларының қазақ əдебиет сынының дамуындағы үлесін, биік белесін айқындап береді. Осы кезде 
басылып  шыққан  жаңа кітаптар  жайлы  пікір  білдірген  материалдар  баспасөз  бетінде  жиілей  түседі. 
Т.Кəкішев  оларды  құрылымдық,  мазмұндық,  мақсаттық  ерекшеліктеріне  қарай  дəйектеме  сын, 
жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық 
мақала, шолу, ғұмырнама баяндама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық-формалық түрлерге 
жіктейді [2; 118]. Сондай-ақ бұрындары «жабық» болып келген «Сарыарқа» газеті, «Абай» журналы 
сияқты басылымдарда шыққан сыни мақалаларға тоқталады. 
1917  жылы  Қазан  төңкерісі  қазақ  жерінде  де  көп  өзгерістер  əкелді.  Ұлы  дүрбелеңі  мол  жаңа 
замандағы  жаңа  талап  та  өз  дегенін  істей  бастады.  Қоғамдық  өмірдегі  бар  мəселе  таптық  тұрғыдан 
шешілген  тұстарда  əдебиет  майданында  сынға  партиялық  бағыт  басшылық  жасап,  əдеби  сын 
Компартияның  идеологиялық  құралына  айналып  кете  барды.  Міне,  осының  нəтижесінде  көркем 
əдебиеттің  құндылығын  тек  партия  мүддесіне  сай  келе  ме,  жоқ  па  деген  тұрғыда  бағалағандықтан, 
əдеби сында асыра сілтеулер орын алды. Бұл əсіресе кеңес өкіметі орныға түскен 1920–30-жылдарда 
ресмилік сипат алды. Бұл кезде сын əдебиеттің дамуына пайдасын тигізбек түгілі, кері əсерін тигізді. 
Бір жағынан, жер-жерлерде мектептер ашылып, жоғары оқу орындары, театрлар т.б. мəдени ошақтар 
ашылып, елді жаппай сауаттандыру жүріліп жатса, екінші жағынан — ұлттық сана-сезімнің оянуына 
құрсау  салынып,  халықты  идеологиялық  «жазалаудан»  өткізуді  міндет  етіп  қойды.  Міне,  осындай 
қарама-қайшылығы  мол  қилы  кезеңде  əдеби  сынның  жай-күйін  сараптауға  арналған  зерттеуші 
Т.Кəкішевтің  «Оңаша  отау»  еңбегі (1982) жарық  көрді.  Бұл  еңбек  нақты  шындықтарды  саралап 
көрсеткендіктен,  заман  талабына  сай  келмей,  ұзақ  жылдар  бойы  баспадан  шықпады.  Автор 
«идеологиялық талаптарға» сай келмейтін мəселелермен санасуға мəжбүр болды, соның салдарынан 
кейбір  пікірлерін  таптық  сипатқа  бұрмалады.  Бұл  еңбек  саясат  салқынына  ұрынып,  бірақ 
кемшіліктерге  бой  алдырғанмен  де, 1980-жылдардағы  қазақ  əдебиеттану  ғылымы  үшін 1920–30-
жылдардағы  əдеби-саяси  өмірдің  көп  шындығын  ашып  берді.  Ал,  автор  бұл  мəселеге 1994 жылы 
жарық көрген «Қазақ əдебиет сынының тарихында» қайта оралып, мүлде жаңаша көзқараспен жазды. 
Онда алғашқы кітапта айтуға мүмкіндік болмаған қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін алысып өткен 
алашшылдар  жайлы  шындықтар  ашылып, олардың  қазақ  əдеби  сынының тарихындағы  сыншылдық 
ой-пікірлердің маңызды орны, лайықты бағасын алды. 
Аумалы-төкпелі  заманда  тұсаулы  ғұмыр  кешкен  əдебиет  сыншыларының  қызметіндегі  артық-
кем  түсіп  жатқан  тұстарында  жасырмай  жайып  салды. Əсіресе  ақиық  ақын  Мағжанның  төңірегінде 
болған  əдеби  айтыс  туралы  жолдар  көп  шындыққа  көз  жеткізді. «Кер  заманның  кереғар  ойлары» 
кітабының  «Дарындар — сын  додасында»  атты  тарауында  қазақ  поэзия  əлемінің  қос  жұлдызы 
Мағжан мен Сəкен тағдырларын желіге ала отырып, оларға тағылған сындардың сырын ашады. 
Өзінің 
бір 
кездегі 
Мағжан 
туралы 
біржақты 
пікірлерін 
«Мағжаншылдар 
мен 
жанжалшылдардың»  құрбандығына  қалмау  үшін  «Пенделік  пиғылдық  əсерін  жоққа  шығармаймыз, 
бірақ  оның  шешуші  сипаты  қоғамдық-əлеуметтік  көркемдік  себептерге  байланысты  екенін 
ұмытпаған абзал» деп ескертеді [3]. «Мағжан — бірден жарқырап шыққан жұлдыз. Оның 1912 жылы 
алғашқы  жинағының  «Шолпан»  аталуының  символикалық  мəні  бар.  Мағжан  Шолпан  болуға 
ұмтылды,  ниет  қылды  жəне  болды  да,  Елі,  халқы  үміт  артты».  Мағжан  жайлы  «ақтаңдақтарды» 
көрген  ғалым  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығынан  емес,  Мағжан  туралы  шындықты  айтқан 
Ж.Аймауытов мақаласы мен өзге солақай сындардың өресін салыстыра отырып ашып береді. Мұндай 
мазмұндағы ізденістің жемісі мен жеңісі, əсіресе қайта құру, жариялылық кезеңдерінде кеңінен өріс 
алды.  Əдебиетші-ғалымның  бұрын  бұғауда  жатқан  жарқын  ойлары  жарыққа  шықты.  Осы  кезеңдегі 
қазақ зиялыларына арналған ойлы да, мазмұнды мақалалары мен зерттеу еңбектері шындыққа сусап 
отырған  оқырмандар  жүрегінің  жылуына  бөленді.  Т.Кəкішевтің  көптеген  публицистік  мақалалары, 
ірі-ірі  айтулы  еңбектері  «санадағы  жаралардан»  арылып,  арыстарымызды  қатарға  қосу,  кейінгі 
ұрпақтарға  танытуға  арналды.  Бұл  бағыттағы  айтулы  еңбектері  «Октябрь  өркені» (1962), «Дəуір 
суреттері» (1967), «Сəкен  Сейфуллин» (1976), «Сын  сапары» (1971), «Оңаша  отау» (1982) сияқты 
қазақ  əдебиет  сынының  туу  жəне  қалыптасу  жағдайларына  қатысты  қомақтылығымен  лайықты 
бағасын алды. 
Өзінің  алғашқы  ғылыми  сапарында  тың  да  соны  соқпаққа  түскен  ғалымның  қайта  құру 
кезеңінде,  əсіресе  өтпелі  дəуір  тұсында  азаматтық  əуені  айрықша  естілуде. 1988 жылы  «Қағидаға 

Рахимбаева Б.О., Аметова А.Ж. 
46 
Вестник Карагандинского университета 
айналған қателерді түзетейік» атты публицистикасы «Алаштың ақиқатын ашып айтайыққа» ұласып, 
1992  жылы  ұлттық  намысқа  шырақ  жағатын «Санадағы  жаралар»  атты  кітабы  жарыққа  шығып, ел-
жұрттың алғысын алды. Радио, теледидардан айтқан жалынды сөздерін, конференциялардағы ащы да 
өткір  ойларын  қалың  көпшіліктің  ынта  сала  тыңдайтынын  жоққа  шығармау  керек.  Əсіресе  қазақ 
тілінің тағдыры жайындағы күрестің бел ортасында жүргені Т.Кəкішевтің ғалымдық келбетін саналы 
азаматтығы мен табандылығы ажарлай түскені айдан анық. 
1990  жылы  қазақ  əдебиетінің  тарихы  мен  сыны  кафедрасы  құрылды.  Оны  алғашқы  күннен 
профессор  Т.Кəкішев  басқарды.  Аз  ғана  жыл  ішінде  сол  кафедра  жанынан  «Қазақ  фольклоры  жəне 
əдебиет тарихы» ғылыми тобы құрылып, оның құрамды бір бөлігі — «Қазақ диаспорасының рухани 
əлемі» шет елдегі қазақтардың фольклорлық, этнографиялық, музыкалық, материалдық байлықтарын 
зерттей  бастады.  Монғолия  мен  Ирандағы  қазақ  диаспораларына  барған  экспедицияларды  өзі 
басқарып, «Монғолия  қазақтары»  деген  жинақты  дүниежүзілік  қазақ  қауымдастығына  басып 
шығаруға  ұсынды.  Т.Кəкішевтің  саясатшылының  да  ғибраты  тағы  бар.  Ол  қай  елде,  қай  қалада 
болмасын  қазақ  халқына,  оның  қайраткерлеріне  қатысты  деректерді  іздестіретіндігі  «Ұштасқан  үш 
өзенмен» (1978), «Жол  үстінде 80 күн» (1983), «Жасампаз  өлке» (1989) кітаптарымен  көрінсе, 
Польша,  Қытай,  Иран,  Түркия,  Монғолия,  Франция  сапарлары  кезінде  қазақ  диаспорасының  жай-
күйімен байланысып жатады. «Жүргенге жөргем ілінетіні» Т.Кəкішев сапарлары анықтай түседі. 
Филология ғылымдарының докторы, Қазақ университетінің əдебиет кафедрасының профессоры 
Тұрсынбек Кəкішевтің қажырлы еңбегі 1979 жылы «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген ғылым қайраткері» 
атағы  берілуімен  атап  өтілді.  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарына  сіңірген  еңбектері  ескеріліп, 
Халықаралық  жоғары  мектептер  ғылым  академиясының  Құрметті  академигі  болып 1995 жылы 
бесінші  қазанда  сайланса,  Еларалық  Ш.Айтматов  академиясы 1996 жылы  төртінші  желтоқсанда 
толық мүшелікке қабылдады. 
Сөзімізді  түйіндей  келе,  зерттеуші  Т.Кəкішевтің  бүкіл  саналы  ғұмырын  сарп  еткен  ғылым 
жолындағы  қыруар  еңбектері  арқылы  қазақ  əдебиеттану  ғылымына  сіңірген  айрықша  еңбегін 
көреміз. Өзінің осынау баға жетпес еңбектерінің арқасында ғылым жолындағы дара тұлғалардың бірі 
болумен  қатар,  зерттеушінің  ұлы  азаматтығы,  болашақ  ұрпақ  үшін,  тарих  үшін  «ақтаңдақтар 
ақиқатын»  ашудағы  табанды  күрескерлігі,  шыншылдығы  үшін  халқының  қалаулы  азаматтарының 
бірі, білім-ғылым жолындағы беделді, биік тұлға ретінде көріне білді. 
«Ел,  халық  тағдыры  осындай  тар  жол,  тайғақ  кешулерге  тап  болып,  толқыған  тұстарда  оның 
жоғын  жоқтап,  күйін  күйттеген,  əділдік,  шындық  іздеп  шарқ  ұрған  шырғалаңға  түскен,  алда 
ағаларымыздың  аяулы  бейнелері  жұртшылық  жүрегінде...  Міне,  солардың  тағдыр-талайы  мен 
тарихын тірнектеп жүріп тірілткен, өнердегі ғана емес өмірдегі ерліктерін жарқырата жалғастырушы, 
ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, сыншы, əдебиетші Тұрсынбек Кəкішұлының өмір өткелдері де туған 
халқының тіршілік тынысымен тұтасып жатады» деген зерттеуші пікірімен үндесеміз [4]. 
Қай  заманда  да  елдің  ертеңін  ойлаған,  өз  кезінің  көкейкесті  мəселелері  толғандырған 
қайраткерлер  аз  емес.  Мұндай  тұлғалардың — заман  перзенттерінің  дүниеге  келуі,  əрекет  етуі — 
объективті тарихи-қоғамдық əрі əлеуметтік қажеттілік. Адамзаттың өрлеуі осы қажеттіліктің тарихи 
талаптарға  қаншалықты  жауап  беруіне,  осы  қажеттіліктің  ыңғайына  қарай  саналы  түрде  жасалған 
тарихи-қоғамдық  қамқорлыққа  тəуелді.  Ғылым  мен  мəдениеттің,  саясаттың,  шаруашылықтың  сан 
саласында игілікті еңбек сіңірген тұлғалардың өмірі мен творчествосы — соның мысалы. 
Өрлеу  атаулының  ең  басты  қажетті  факторы,  қозғаушы  һəм  қанаттандырушы  күші — ғылым 
екені  əлемге  айдай  аян  екені  ақиқат.  Қандай  да  болсын,  көркем  шығармаларды,  көркемдік 
құбылыстарды,  əдебиет  тарихының  бел-белестерін  таразылағанда,  зерттеушінің  қолындағы 
адастырмас компасы — эстетикалық талғамы. Осы компас — талғам арқылы ғана зейінді зерттеуші 
əдебиеттің  айнымас  асыл  қасиеті,  алғышарты — көркемдіктің  мəңгілік  Темірқазығына  тура  бағыт 
алады.  Ендеше,  эстетикалық  талғам — сыншының  білім-білігінің,  ол  аз  десеңіз,  интеллектуалдық 
болмысының  көрсеткіші.  Сондықтан  да  қандай  да  əдебиет  ғалымы  ең  алдымен  сыншы  болуы 
бұлжымайтын шарт. 
Басқа  да  қоғамдық  ғылымдар  секілді  қазақтың  ұлттық  əдебиеттану  ғылымының  да  бастан 
өткізген  туу,  даму,  қалыптасу  секілді  кезеңдерге  жəне  творчестволық  ізденістер  мен  іркілістерге, 
ғылыми проблемаларға толы тарихи жолы бар. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ əдебиеттану ғылымының 
туу,  өркендеу  жолын  қазақ  даласындағы  ұлттық  қоғамдық  ой-сананың  жан-жақты  өсуіне  орай 
сыншылдық-эстетикалық,  зерттеушілік  мəнге  ие  бола  бастау,  əдебиетке  байланысты  ұғымдардың 

Сын сапарында сомдалған сыншы  
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
47 
қалыптасу,  əдеби  мұраны  жариялау  мен  зерттеу  процестерін  кезеңдерге  бөле  отырып  тексерудің 
практикалық та, теориялық та мəні зор. 
Əдебиет  сыны  көркем  əдебиетпен  үзеңгілес  дүниеге  келеді.  Көркемдік  даму  мен  эстетикалық 
талап-талғамының өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара 
байланысты  болады.  Бұл  заңды  да.  Ал  енді  көркем  əдебиетпен  үзеңгілес  дүниеге  келген  сынның 
дəрежесі  қандай  болмақ  деген  мəселеге  келгенде,  екі  себепке,  атап  айтқанда,  субъективтік  жəне 
объективтік себептерге тоқтала кеткен жөн. Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дəрежесі көркем 
əдебиеттің  шыққан  биігімен  өлшенеді.  Сынның  кейде  социологиялық,  кейде  эстетикалық 
таңдауларға  ден  қоюының  өзі  де  əдебиеттің  қамтыған  өмір  шындығына  белгілі  дəрежеде  тəуелді 
болатын кезін естен шығармау қажет. 
Субъективтік  себепті  сөз  еткендер,  ең  алдымен,  сыншының  білім  деңгейі  мен  эстетикалық 
талғамының  мол-аздығын  еске  алуы  керек.  Қай  кез  болмасын,  əдебиеттің  өрлеу  кезінде  де,  оның 
кейде  көркемдік  жағынан  да,  қоғамдық  пікірді  ұйымдастыру  жағынан  да  биік  деңгейден  табылмай 
қалатын  шағында  да  сыншының  білім-парасаты  мен  эстетикалық  талғамы  санаттан  шығып  қалған 
емес. Мұның өзі сын дəрежесін аңғартуға қажетті субъективтік себеп. 
Екінші,  объективтік  себеп — көбіне  əдебиеттің  жалпы  дəрежесіне  тəуелді.  Егер  көркем 
шығармалар  өзінің  қоғамдық  мəні  жағынан  көркем  бейнелер  жасау  типтік  жағдайларды  көрініспен 
суреттеу,  тіл  байлығын  игеру,  оқушыны  ілгері  ұмтылдыратын  эстетикалық  идеяларды  белгілеу 
жағынан  биік  деңгейден  табылып  жатса,  онда  сынның  өресі  биік  болғаны.  Сыншы  əрқашан 
көркемдік  дамудың  кезеңді  асуларында  ойын  өрбітуге  қажетті  дəлелдерді  əдебиеттің  күнделікті 
шындығынан  ала  отырып,  келешекте  шығар  биіктерді  бағдарлайды,  əдебиеттің  өркендер  арнасын 
анықтайды, əдеби процеске белсене араласады. 
Ал,  халық  ғұмырын  қастерлеп,  оның  өткені  мен  өткеліне  өзгеше  қарап,  бүгіні  мен  болашағы 
үшін бел шешіп, белсене араласу, жанпидалыққа жақын тұру, қажет жерінде құрбандыққа да қол арта 
алатын азамат болу — екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтіні белгілі. 
Белгілі  ғалым,  профессор  Т.Кəкішев  қазақ  əдебиеті  сынының  туу,  қалыптасу  жолдарын  нақты 
дəуірлерге  бөле  отырып  зерттеу  барысында  сын  мен  əдебиеттану  ғылымының  сабақтаса,  бірін-бірі 
толықтыра  отырып  дамитынын  ескеріп, үлкен үш  кезеңге  жіктейді. Бірінші  кезең — қазақ  əдебиеті 
сынының туу дəуірі. Қазақ əдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші 
кезең — қазақ əдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу жəне əдебиеттану ғылымының туу дəуірі. 
Бұл процесс 1917–1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең — қазақ əдебиеті сынының өсіп-
өркендеу жəне əдебиеттану ғылымының қалыптасу дəуірі 1938–1985 жылдар аралығы [2; 3]. Осы үш 
кезеңнің  əдебиет  туралы  ұлттық  ғылымының  бастан  өткерген  тарихи  жолына  тікелей  қатысы  бар. 
Себебі  əдеби  сын  өзінің  туу  дəуірінен  бастап-ақ  ұлттық  əдебиеттің  тарихы  мен  əдеби  теориялық 
мəселелері  жайында  пікір  білдірмей  тұра  алмайды.  Қазақ  əдебиеттану  ғылымын,  ондағы  əдеби-
теориялық  ғылыми-зерттеушілік  ой-пікірдің  даму  процесін,  əдіснамалық  мəселелерін  ғылыми 
тұрғыда  жүйелі  тексерген  күрделі  ғылыми  зерттеу,  монографиялық  еңбек  болмағанмен,  бізде  бұл 
мəселені арнайы да, жанама түрде де сөз еткен мақалалар мен еңбектер біршама баршылық. Əдебиет 
туралы ұлттық ғылымның туу, даму жолдары мен тарихының көптеген мəселелерін, келешек зерттеу 
жұмыстарына  бағыт-бағдар  беретін  соны  көзқарастарды  қазақ  əдебиеті  сыны  тарихын  зерттеген 
еңбектерден көреміз. 
Қазақтың  ұлттық  əдебиеттану  ғылымының  қалыптасу  кезеңдерін  сөз  еткенде  ғалым 
Е.Ысмайылов: «Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  тарихына  көз  жіберсек,  оның  негізгі  екі  кезеңді 
бастан кешіргенін байқауға болады. Бірінші — үйрену, идеялық-творчестволық принциптерді игеру 
кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дəуірді қамтиды. Екіншісі — соғыстан 
кейінгі дəуір, яғни қалыптасу, даму дəуірі», деп екіге бөле отырып, алғашқы кезеңде «өмірдің талап-
тілектеріне  байланысты  дүниеге  келуіне»  əдеби  мұраны  игеру  процесі  мен  қазақ  əдебиетінің 
мектептер мен оқу орындарда жүргізіле бастауына сай, алғашқы оқулықтар мен хрестоматиялардың 
жазылуы  түрткі  болғанын  атап  көрсетеді [5]. Ал  академик  М.Əуезов  бұл  турасында: «Қазақ 
əдебиеттану  ғылымы  бүгінгі  жеткен  сатысымен,  түгелімен  Ұлы  Октябрь  революциясының  жемісі 
болды... Қазақ əдебиеті тарихы мен əдебиеттану жүйесі бізде орта мектептерде оқу құралын жасаудан 
туды» деп жазды [6]. 
Осы жоғарыда келтірілген пікірлерге қарасақ, ұлттық əдебиеттану ғылымының тарихын кеңестік 
дəуірден бастап зерттеу керек деген көзқарас негізінен дұрыс болғанмен, бұл ғылым саласының туу 
дəуіріне  дейінгі  тарихи  бастаулары  назардан  тыс  қалғаны  байқалады.  Тарихымыз  жаңаша 

Рахимбаева Б.О., Аметова А.Ж. 
48 
Вестник Карагандинского университета 
таразыланып жатқан қазіргі уақытта еуропоцентристік ой-пікір мен марксизм-ленинизм ілімінің жəне 
зерттеу жұмыстарына қате қаулы-қарарлармен үнемі бағыт-бағдар беріп отырған кеңестік идеология 
ықпалында  айтылып,  қағидаға  айнала  жаздаған  көзқарастарға  сыни  тұрғыда  жаңаша  қарау 
əдебиеттану ғылымының қалыптастыру тарихын зерттеу мəселелерімен тығыз байланысты. 
Қандай  да  болсын  ғылым  саласы  аяқ  астынан  туа  салып,  бірге  дамып  кетпейтіні  дəлелдеуді 
қажет  етпейтін  шындық.  Ендеше,  əдебиет  туралы  ғылым  да  өзінің  алғашқы  адымын  көркем 
шығарманың мəнін ұғып, рухани азық ретіндегі қоғамдық маңызын түсінуден басталатын қарапайым 
ой-пікірден,  бағалаушылық  сипаттағы  алғысөздер  мен  түсіндірмелерден,  халық  тарихынан  нəр 
алатын деректер мен мəліметтерден, ғұмырнамалық зерттеулерден басталатын қалыптасу процесінде 
қиын  да  ұзақ  жолды  бастан  кешіреді.  Бұл  пікір  қазақ  əдебиеттану  ғылымының  туу,  қалыптасу 
тарихын зерттеу барысында назар аударуды қажет ете отырып, тың бағыттарда жұмыстар жүргізуге 
жетелейді. 
Өзінің  қалыптасу  тарихын  жан-жақты  зерттей  алмай  тұрып,  бірде-бір  ғылымның  толық  мəнде 
қалыптасып,  алға  қарай  дамуы  мүмкін  еместігі  жалпыға  мəлім  жай.  Өйткені  ол  зерттеулер  сол 
ғылымның қол жеткізген жетістіктерін жақсылап меңгеруіне көмектесумен қатар, өткен жолындағы 
ізденістер мен іркілістерге баға  беріп, зерттеу əдіснамасының негізгі принциптерін ашады, одан əрі 
қарай  дамуына  ықпал  жасайды.  Бұл  айтылғандардың  қазақ  əдебиеттану  ғылымына  тікелей  қарым-
қатынасы  бар.  Егер  орыс  ғалымдары  өздерінің  əдебиеттану  ғылымының  туып,  қалыптасу  тарихын 
зерттеуде  айтарлықтай  табысқа  қол  жеткізген  болса,  кейбір  белорус,  мордва,  татар,  өзбек  секілді 
ұлттардың əдебиеттану ғылымы əдеби сын тарихын зерттеумен байланыстылықта қарастыра отырып, 
тың қадамдар жасады. 
Қазақ  əдебиеттану  ғылымын,  ондағы  əдеби-теориялық  ғылыми-зерттеушілік  ой-пікірдің  даму 
процесін,  əдіснамалық  мəселелерін  ғылыми  тұрғыда  жүйелі  тексерген  күрделі  ғылыми  зерттеу, 
монографиялық еңбек болмағанмен, бізде бұл мəселені арнайы да, жанама түрде сөз еткен мақалалар 
мен  еңбектер  баршылық.  Əдебиет  туралы  ұлттық  ғылымның  туу,  даму  жолдары  мен  тарихының 
көптеген мəселелерін, келешек зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беретін соны көзқарастарды қазақ 
əдебиеті сыны тарихын зерттеген еңбектерден көреміз. 
Əдебиеттану  ғылымының  тарихын  зерттеу  дегеніміз — көптеген  ғалым-əдебиетшілердің, 
сыншылардың  көркем  əдебиетті,  оның  тарихын  зерттеу  саласындағы  жүргізген  жұмыстарындағы 
көзқарастар  сəйкестігі  мен  қақтығысын,  əр  түрлі  бағыттар  мен  теориялардан  тұратын  əдіснамалық 
зерттеу əдістерінің ізденістері мен іркілістерін тексеру. Ал кез келген ғылым саласының туып-дамуы 
үшін тарихи алғы шарттар қажет. Себебі ғылым қоғамдық сананың формасы жəне білімдер жүйесінің 
жиынтығы  ретінде  адамзат  қоғамының  белгілі  бір  сатысында  нақты  практикалық  дəлелдеулерден 
өткен  ғылыми  зерттеулер  нəтижесінде  ғана  туу  дəуіріне  қадам  басады.  Бұны  қысқаша  түрде  тарих 
алдындағы кезең деп атаса да болады. Əдебиет туралы ғылым тек өзінің негізгі пəні көркем əдебиет 
ұлттық  сипатымен  толық  қалыптасқан  дəуірден  бастап  қана  көріне  бастауға  тиісті.  Осы  тарих 
алдындағы  кезеңді  əдебиеттану  ғылымының  арғы  бастаулары,  қайнар  көзі  санауымыз  керек. 
Еуропоцентристік  көзқараспен  жоққа  шығарылып  келген  осы  тарих  алдындағы  кезеңді  ұлттық 
əдебиеттану ғылымының бастауларын алғаш қарастырған профессор Т.Кəкішев болды. 
Əрине, бұл істе Т.Кəкішев жалғыз емес, артынан ерген, жолын қуған шəкірттері бар. Қазақ əдеби 
сынының  тарихи,  теориялық  мəселелері  түрлі  қырларынан  жан-жақты  зерттелінген  қызықты 
зерттеулер көріне бастады. Сөйтіп, қазақ əдебиеттану ғылымында Т.Кəкішевтің сынтанудағы салған 
үлкен арналы ғылыми мектебі өзінің жалғасын табуда. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Абай. — Алматы: Ел, 1993. — 204-б. 
2.  Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынның тарихы. І-б.: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 2003. — 188-б. 
3.  Кəкішев Т. Сəкен мен Мағжан. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — 345-б. 
4.  Смағұлов Ж. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — 424-б. 
5.  Ысмайылов Е. Əдебиет жайлы ойлар. — Алматы: Жазушы, 1968. — 306-б. 
6.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 233-б. 
 
 
 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
49 
ƏОЖ 821.512.122:82.1 «XVIII» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет