№3(63)/2011 Серия филология


Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,77 Mb.
#82
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған  
айтыс ақыны Сүйінбай Аронұлы 
Каренов Р.С. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В статье отмечается, что на развитие и расцвет отечественной поэзии XIX в. особое влияние оказала 
творческая  деятельность  Сюинбая  Аронулы.  Показывается,  что  художественные  особенности  его 
творчества  глубоко  национальны  и  самобытны.  Особое  внимание  уделяется  айтысам  выдающегося 
акына — философским,  дидактическим  размышлениям,  богатым  образами,  насыщенным 
национальными  красками,  отличающимся  высокой  художественностью.  Подчеркивается,  что 
произведениям  акына  свойственны  глубокое  эмоциональное  воздействие,  острота  и  меткость  слова, 
сила темперамента исполнителя. 
It is noticed that on development and blossoming of domestic poetry of a XIX-th century special influence 
was rendered by creative activity of Sjuinbaja Aronuly. It is shown that art features of its creativity it is deep 
национальны and are original. The special attention is given айтысам outstanding акына — to the 
philosophical, didactic reflections, rich in the images, sated with the national paints, different by high artistry. 
It is underlined that products акына differ deep emotional influence, a sharpness and accuracy, force of 
temperament. 
 
Кіріспе 
Сүйінбай  Аронұлы  заманында  асқан  айтыскер  болып  танылған  дара  дарын.  Ол  қырғызда — 
Қатаған, Арыстанбекпен; қазақта — Тезек төре, Қаңтарбай, Кескенкекіл, Күнбала, Уəзипа, Тəтті қыз, 
Жантаймен айтысқан. Өкініші, бұл айтыстардың біразы сақталмаған. 
Сүйінбайдың  Қарғамен,  Тезек  төремен,  Қаңтарбаймен,  Кескенкекілмен,  Күнбаламен, 
Уəзипамен,  Қатағанмен  айтысы  сақталып  жеткен  бүгінге.  Сол  айтыстың  қай-қайсысында  да 
Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады: байды мінеп, кедейді қорғайды; ел арасындағы 
бірлікті  жырлайды;  əділдікті  жəне  батырлықты  дəріптейді.  Бұл  айтыстар — Сүйінбай  Аронұлының 
сөзге ұтымды, мін тағуға шебер, логикасы басым, шешен екеніне куə. 
Сүйінбай айтыстарының XIX ғасыр ақындары айтыстарының ішінде бір төбе жоғары тұруы — 
бұл оның айтыстарының мəнділігі мен тіл өткірлігіне тіреледі. 
Сүйінбайдың балалық шағын — Қарға 
ауызынан баяндатқан айтыс. 
Бірде он екі жасар Сүйінбай Майтөбе жайлауының бауырындағы Керегетаста қозы бағып зарлап 
өлең айтып отырғанда жартасқа бір қонып, бір ұшып, біріне-бірі кезек бермей шуылдасқан қарғаны 
көреді. Содан өзін қарғамен айтыстырады [1; 107–109]: 
 
Сүйінбай: 
Ассалаумағалайкум, қара қарға! 
Ұялап, ұя сапсың биік жарға. 
Шуылдап, ертелі-кеш бас қатырдың, 
Арыз тыңдар еліңде биің бар ма?! 
 
Қаңқылдап, екеу ара дес бермейсің, 
Еншіге бөліспеген үйің бар ма?! 
Қой бағып, ешкі қуып қалжыраған, 
Бір жұтым, 
Мен сорлыға суың бар ма? 
 
Қарға: 
Уағаликумассалам, Сүйінбайым, 
Белгілі біз пақырға сенің жайың. 

Каренов Р.С . 
50 
Вестник Карагандинского университета 
Бір жұтым суды бізден сұрасаңыз, 
Аллаға мың шүкірлік мен қылайын. 
Сүйінбай, жастайыңнан қозы бақтың, 
Жазуына кім қарсы жазған қақтың?! 
Шыбын талап, маса жеп, байғұс бала, 
Абиырыңды жапырақпен əрең жаптың! 
Сені жеген жауызға біз қас болып, 
Тор салып, қақпан құрып, талай қақтым. 
 
Мен-дағы сен секілді сорлы жанмын, 
Баяны, тұрағы жоқ жүрген аңмын. 
Сүйкімсіз түрімізге ісіміз сай, 
Ісіне жаратқанның мен де таңмын. 
 
Егерде арыз тыңдар биім болса, 
Ақ сарайдай іші кең үйім болса, 
Бала-шағам шаттанып жүрмес пе еді, 
Су берер саған, достым, 
күйім болса. 
Əрі қарай қарға олардың да ішінен жуан шыққанын; шəу қарға, қара қарға, құзғын қарға деген 
үш руға бөлінгенін; сөйтіп, үшеу ара соғысқанын; бірліктен айырылғанын баяндайды: 
Қарға: 
Қарға деген ел едік қарқылдаған, 
Қар жауып, боран соқса, жалпылдаған. 
Ауызбірлік бізде де болушы еді, 
Үлкен айтса, бас изеп мақұлдаған. 
Біздің де ішімізден жуан шықты, 
Бөлінген ру басы Дуан шықты. 
Шəу қарға, қара қарға, құзғын қарға, 
Деп атап таңба басты Дуан мықты. 
 
Руға бөлінген соң үшеу ара, 
Мықтылар жеке шықты бізден дара. 
Сойыл соқ, садақпен ат, қылышпен шап, — 
Деп айтты əмір беріп біздің қара. 
 
Қан ақты, үшеу ара соғысқан соң, 
Ай мен Күн аспандағы тоғысқан соң. 
Береке, бірлік деген бізден кетті, 
Ағайынды үш мықты қағысқан соң. 
Жарлының біз секілді соры қайнап, 
Құл болдық, берекесіз қолды байлап. 
Аллаға жатсақ, тұрсақ жалбарындық, 
Жəрдем бер, жаратқан қақ болып айғақ. 
Десек те жаратушы тыңдамады, 
Жоқтық көрген ғарыпты сыйламады. 
Сүйінбай, мені көрші, жаным жара, 
Үміт жоқ, жүрек шіркін пара-пара. 
Екеу ара сөзге де қонақ бермей, 
Қаламыз шаңқылдасып күнде өз ара. 
 
Біздің елде би де көп, биік те көп, 
Бос жүрген, қансыраған киік те көп. 
Ашынып кеттім білем, ей Сүйінбай! 
Қайыршы, жетім-жесір күйікті көп. 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
51 
Сорлымын, соның бірі — мені қара, 
Өзім сау тұрғаныммен, ішім жара. 
Жазуы жаратқанның солай шығар, 
Ісіне құдіреттің бар ма шара?! 
 
Сүйінбай қарғаға бүйтіп берекесіз шулағанша, бірігіп егін сал, басыңды қос, əділ жəне турашыл 
бол дейді: 
 
Сүйінбай: 
Естідім хал-жайыңды, қарға жаным, 
Есіркер менің-дағы бар ма халім?! 
Ел ішінде көп екен құзғын-құмай, 
Қан сорғыш, тілі майда өңшең залым. 
 
Күн көру осы күні оңай емес, 
Теңдік-ау біз пақырға болар елес. 
Қазанның, қайда барсаң, құлағы төрт, 
Егін сап, бірлік құр деп берем кеңес. 
 
Бауырым, содан басқа лажым жоқ, 
Болады тым құрыса, тамағың тоқ. 
Арманшыл Асан қайғы данаға да, 
Атылған екен дейді бір тажал оқ. 
 
Қайда барсаң — бір өлім, ойласаңыз, 
Шариғатта «теңдік бар», тыңдасаңыз. 
Өлең деген қаруды барымта ғып, 
Жиын-тойда көппенен сыйласамыз. 
 
Бой жеткен ханшаға өлең айтып, 
Керегенің көгінен сырласамыз. 
Дүние өсіп тұрған бір бəйтерек, 
Кетеді шыңға құлап ырғасаңыз. 
 
Қарғажан, мен айтайын сөздің шартын, 
Əн айтып, күй тыңдайды менің халқым. 
Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ, 
Шындықты айт, өлсең сақтап беттің арын. 
 
 
Қарғажан, саған қояр біздің тілек, 
Өлмек емес мəңгілік адал жүрек. 
Дүниеге күліп келсең, күлдіріп өт, 
Соны сенен сұрайды достың ерек. 
 
Қарғажан, қозым кетті шыңға таман, 
Қайырып түгендейін есен-аман. 
Жоғалып я біреуі, яки өлсе, 
Орнайды басымызға ақыр заман. 
 
Қарғажан, қош болып тұр есен-аман, 
Аман-саулық біліп тұр, келсе шамаң. 
Немесе, мақшар күні кездесерміз, 
Күн туып көрісетін болса заман. 
 

Каренов Р.С . 
52 
Вестник Карагандинского университета 
Айтыс  өнеріндегі  осы  алғашқы  адымынан-ақ  Сүйінбайдың  ақындық  беті  танылады.  Жас  ақын 
өмірден  философиялық  ойлар  түйіп,  қоғамның  əлеуметтік  мəселелерін  (кедейшілік,  ауыр  тұрмыс, 
ауызбіршіліктің жоқтығы) көтереді. 
Осылайша  Сүйінбай 12 жасында  өмір  шындығын  батыл  да  бейнелі  тілмен  айта  алған  болса, 
кемел  шағында  ол  өткір,  көреген,  ақпа  ақын  болғаны  айдан  анық.  Өткірлік,  көрегендік,  ақпалық 
қасиеттер — тек дүлдүл шешенге тəн қасиеттер. 
Сүйінбайдың Қаңтарбаймен сайысқа түсуі 
Сүйінбай Аронұлының бір күрделі айтысы — ол Қаңтарбаймен сайысқа түскені [1; 117]. 
Əлеуметтік  қайшылыққа,  өмір  жайлы  толғанысқа  толы  бұл  айтыстың  жөні  бөлек.  Екі  ақын  да 
бар  мүмкіндігінше  толғанады;  іштей  түлеп,  шиыршық  атып,  бір-біріне  қарсы  тұрады.  Мүлт  кетер, 
кідіріп  қалар,  сөзден  тосылар  ұрымтал  жерді  аңдиды.  Айтыс  өте  бір  шиеленіскен  қызық  жағдайда 
өтеді. 
Албан жəне Дулат руларының көптігін айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай Екей руы 
аз болса да, оның Сұраншыдай батыры бар екенін, талай жауды тойтарғанын мадақтайды. Ол Албан 
мен Дулатқа да қорған болғанын айтады: 
 
Қаңтарбай: 
Міне, отыр Сыпатайым он бір батпан, 
Дұшпанның ерегіссе көңілі қайтқан. 
Болғанмен өзім кедей, ел-жұртым бай, 
Жауарбай сексен нарға көген артқан. 
 
Кетпей ме ашуланса елім қаптап, 
Кетеді қаптаған соң жерге таптап, 
Қасқа аттың төбеліндей кедей едің, 
Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап. 
 
Сүйінбай: 
Сұраншым отыр, міне, судай тасып, 
Сарыкемерді жау келіп шапқанында, 
Сыпатай босып кеткен шөлге қашып. 
«Мың қарғаға — бір кесек» болған кезде, 
Сұраншы майдан қылған араласып, 
Батырдың ызғарына шыдай алмай, 
Далбаңдап Орман қашқан таудан асып. 
 
Сарыкемерге атойлап, 
Қоқандар келіп шапқанда, 
Дұшпаннан кек ала алмай, 
Сені құдай атқанда, 
Үйіңде тыныш жатқанда, 
Қырбасыңның қыздарын 
Қызыл нарға мінгізіп, 
Жаулар алып қашқанда 
Сұраншы батыр айырып, 
Ерлігін сонда білгізген. 
Сондағы қорқақ сен едің, 
Жауға шапқан мен едім. 
Албан, Дулат жиылып, 
Сұраншының алдына 
Жылап, еңіреп кеп едің... 
 
Бұл айтыста Сүйінбай өзінің ақындық өнерін асырып, Қаңтарбайды жеңіп кетеді. 
 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
53 
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесіп, дидарласуы 
Сүйінбай  шығармаларының  ішінде  өзінің  мəнділігімен  ерекше  көзге  түсетіні — оның  Тезек 
төремен кездесіп, дидарласуы. Мұның өзі əлеуметтік мəні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, 
елдегі  қоғамдық  екі  тап  өкілінің  саяси  тартысы  деуге  тұрарлық  шығарма.  Себебі  айтыста  екі  ақын 
жарысқа  түспейді.  Мұнда  бір-бірінен  жыр  өнерін  асыру  мақсаты  қойылмайды.  Ашықтан-ашық 
қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, 
Тезек  төре  өз  табының  туын  ұстап,  тіл  безейді.  Қоғамдық  екі  таптың  өкілі  белдесіп,  саяси  сайысқа 
түседі [2; 579]. 
Бұл  жерде  «Тезек  төре  кім  еді?  деген  сұрақ  жөнді  сияқты.  Тезек  төре  Нұралыұлы 1821 жылы 
туып, 1879 жылы 58 жасында қайтыс болған. Ол өмірінің соңына дейін Жетісу облысы, Қапал уезі, 
Алтынемел  болысында  тұрған.  Ресей  патшасының  Жетісу  жерін  отарлау  саясатына  белсене 
араласқан. Сол үшін 1850 жылы «За усердие» деген жазуы бар мойынға іліп жүретін алтын медаль 
алған, 1858 жылы  қазақ  арасында  қатаң  тəртіп  орнатуға  көмектескені  үшін  генерал-губернатор 
Гасфорд оған поручик əскери атағын береді жəне күмістелген семсер, алтын портупея ұсынады. 1859 
жылы капитан деген əскери шенге ие болады, 1861 жылы Қырғызстандағы Бішкекті жəне Тоқмақты 
орыс  əскерінің  басып  алуына  көмектескені  үшін  Тезек  төреге  полковник  шені  беріледі. 1864 жылы 
Алатау  округінің  генерал-майоры  Г.А.Колпаковский  оған  «За  храбрость»  деген  жазуы  бар  алтын 
қылыш береді. 
Тезек  төре 1847–1867 жылдары 20 жыл  бойы  үздіксіз  аға  сұлтан  болған.  Сол  аралықта  ол 
жергілікті  қазақтарға  шектен  шыққан  зорлық-зомбылықтар  көрсеткен,  барымта  алған,  ру  тартысын 
үдеткен,  ұлтараздықтарын  қоздырған.  Сөйтіп,  патшаның  шығыстағы  сақшысы  атанған.  Міне, 
осындай патша үкіметі қолдаған қатыгез аға сұлтанға қарсы келген Сүйінбай еді. 
Көнекөз  қарттардың  айтуына  қарағанда,  Сүйінбай  Тезек  төренің  алдына,  онымен  айтысқанға 
дейін, бірнеше рет əділдік іздеп барады. Бірақ Тезек төре Сүйінбайдың сөзін емес, зорлық жасаушы 
мықтылардың сөзін сөйлейді. Соған байланысты Сүйінбай Тезектің əділеттен тайғаны туралы ойын 
өлеңмен  айтқанда,  Тезек  төре  де  оған  өлеңмен  жауап  қайтарады.  Өлеңмен  қайтарған  жауабында  да 
Тезек  зорлық  жасап,  Сүйінбайға  есе  бермей  қояды.  Ақын  Тезектің  зорлығына  төзе  алмай,  оны 
сүріндірудің,  реті  келсе,  жығудың  жолын  іздейді.  Ақыры,  оңтайлы  жағдай  да  туады.  Тезектің 
ұрыларынан əбден запы болған елдің жігіттерімен тілдесіп, ойласқан ақын сəтті кезеңді іштей күтіп 
едəуір  уақыт  жүріп  қалады.  Бір  күні  таң  ала  көбеңнен  Сүйінбай  жатқан  үйге  уəделі  жігіттерден 
хабаршы  келеді.  Хабаршы  Тезек  төренің  түнгі  жортуылға  шыққан  екі  баукеспе  ұрысының  бірінің 
басы  жарылып, екіншісінің  қолы  сынып  келгеніне  көп  болмағанын, төренің үйіне  жаңадан  кіргенін 
айтады. Тезек төре мен оның екі ұрысы бас қосып тұрған сəтінде, үйге Сүйінбай ақын кіріп келеді. 
Сыртта, үй сыртында ақынға тілеулес бірлі-жарым ел азаматтары тұрады [3]. 
Жұмсақ құс мамықтың үстінде төңкеріліп жатқан Тезек төре Сүйінбайға былай дейді [1; 110–116]: 
 
Мен едім Абылайдың хан Тезегі, 
Жылқының ұстатпайды сұр көжегі. 
Ордаға құл мен құтан басып кірген, 
Құдайдың бұ да болса бір кезегі. 
Арғы атам Əділ төре Абылайдан, 
Үш жүздің баласына даңқын жайған. 
Тінтушідей ордаға кіріп келдің, 
Сұраймын аты-жөнің, келдің қайдан?! 
Қараша хан Əділге бұрын барған, 
Бергін деп бір балаңды қолқа салған. 
Баламды аяқ асты қыласың деп, 
Хан Əділ Қарашаға бермей қалған. 
 
Қараша тағы барған қайта айналып, 
Хансыз ел күн көре ме естен танып. 
Беріпті Ұлы жүзге сонан мені, 
Досымның кете ме деп көңілі қалып. 
 

Каренов Р.С . 
54 
Вестник Карагандинского университета 
Орта жүз Ұлы жүзден төмен екен, 
Атаммен сертке тамақ жеген екен. 
Кімде-кім ұлықсатсыз басып кірсе, 
Ат-шапан айып болсын деген екен. 
 
Осындай хан атамның жарлығы бар, 
Есіктің сол себепті тарлығы бар. 
Айыпқа ат-шапанды кесті деген, 
Əкемнің əуел бастан салығы бар. 
 
Жылкелді, бұған кісен салмаймысың, 
Бапау, сен ат-шапанын алмаймысың?! 
Артына таңып тастап екі қолын, 
Алып барып зынданға салмаймысың. 
 
Төрт қазық аяғына қақпаймысың, 
Денесін отқа ертеп жақпаймысың! 
Абылай жазалыны қайтушы еді, 
Жазасын бұл жазғанның таппаймысың?! 
 
Осы жерде Сүйінбай Тезектің жүрегіне сөзден найза қадап: 
Келіп едім, хан Тезек, көрейін деп, 
Сəлемін пайғамбардың берейін деп. 
Аттандырған екі ұрың қолға түсіп, 
Хан тақсыр, отырмысың өлейін деп. 
 
Ассалаумағалейкүм, Тезек төре! 
Елден жылқы қоймаған кезеп төре. 
Телі менен тентекті тыят десе, 
Өзің ұрлық қыласың, əттегене! 
 
Хан Тезек, төремін деп дүрілдейсің, 
Қожаны ақ сəлделі пірім дейсің. 
Үйіңе Жылкелді мен Бапау келсе, 
Болғандай əжің қабыл күлімдейсің. 
 
Хан Тезек, қарамысың, төремісің, 
Жемесең ұрлық етін өлемісің?! 
Жетім мен жесірлердің ақысын жеп, 
Барғанда ақыретке беремісің?! 
 
Албан, Дулат, Шапырашты ел емес пе, 
Ел деген шалқып жатқан көл емес пе?! 
Көл толқыса көбігін кетер басып, 
Бетіндегі көбігі төре емес пе?! 
Төре сайтан болғанда, көп періште, 
Бір сайтанды қаққан да пері емес пе?! — 
 
деп, антыққан төренің тасыған көңілін сілтідей тындырады. Ақын Тезек төренің елді əділет жолында 
билеумен  шұғылданбай,  ұрлық-зорлықпен  айналысып,  азып  кеткенін  бетіне  басады.  Басбұзар 
тентектер  мен  ұры-қарыларды  тию  орнына  оларға  өзі  қосыла  тонап,  ел  берекесін  кетіріп,  халық 
қайғысын көбейтіп жатқанына наразылық білдіреді. 
Жеңілерін білген Тезек Сүйінбайға менің сарай ақыным болсаң етті деп тілек қояды: 
 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
55 
Тұсында Абылайдың Бұқар жырау, 
Хан Əділдің кезінде Түбек тұр-ау! 
«Əр заманның бар,— дейді,— сұрқылтайы», 
Сұрқылтайым менің де екен мынау. 
 
Атадан емес еді жолым өзге, 
Болмады тоқтамасқа мына сөзге. 
Үні өткір, өзі де бір зар жақ екен, 
Жасырмай барлық шынды айтты көзге. 
 
Сүйінбай тегін емес, қызыр көрген, 
Қол жайып, жаман болмас бата берген 
Жылкелді, бір қой əкеп, бата сұра, 
Құтпанын ап қалалық осыменен. 
 
Сүйінбай ханның қара басын мақтайтын жағымпаз, жалтақ жыршы бола алмайтынын, халықтың 
қамын ойлайтын бұқарашыл екенін айтады. Онда «менің əйелімді, қыздарымды мақтап өлең айт», — 
дейді Тезек төре: 
Жамандап келдің-дағы, даттап болдың, 
Жақсылығын кейінге сақтап қойдың. 
Қатыным мынау менің, қарақтарым, 
Аз ғана қыздарымды мақтап қойғын. 
 
Сонда Сүйінбай оған бетің бар, жүзің бар демей: 
Тақсыр-ау, сіздің қызда жаман бар ма, 
Жаманды жаман дейтін заман бар ма? 
Бағасы бес тиындық біреуі жоқ, 
Болған соң ханның қызы амал бар ма?! 
 
Хан Тезек, кейкі сары ханымыңыз, 
Сүйінбай екенімді таныдыңыз. 
Долданып тап бермегін қылышыңа, 
Жасырмай айтып берсек анығын біз. 
 
Ері еді Дəнекердің Жарылқамыс, 
Қазаққа солай деген кетті дабыс. 
Бақайын өз қойшыңның өзің талап, 
Мақта деп тірі отырсың, етпей намыс. 
 
Ол күнде жақын еді біздің ауыл, 
Қиянат момындарға салдың дауыл. 
Мақтайтын Дəнекердің, қай жері бар, 
Жайдақтап əркім мінген бұл бір жауыр. 
Хан Тезек, осы күнде асуыңды-ай, 
Суындай Сусамырдың тасуыңды-ай! 
Қатының басы жалпақ, мұрны кейкі, 
Жатуға мен де бірге шошырмын-ай! — 
 
деп, Тезек төренің қыздарын да, Дəнекер деген əйелін де оңдырмай суреттеп шығады. 
Ел  сүйетін  даңқты  ақыннан  Тезек  төре  кешірім  сұрайды.  Тек  мынау  өлеңіңді  елге  жайып 
жіберме  деп  өтінеді.  Төренің  жігіттері  бір  ат  əкеп,  көлденең  тартады.  Сонда  Сүйінбай  атқа  қарап 
тұрып былай өлеңдетіпті: 
 
Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын, 
Мен бірақ көргенімді жасырмаймын. 

Каренов Р.С . 
56 
Вестник Карагандинского университета 
Шын дертім ұстап кетсе айнымалы, 
Басымнан ұшқан құсты асырмаймын! 
Төресің жер мен көктей елмен араң, 
Ел жаңа елу жылда, жүз жыл қазан, 
Атың да, шапаның да бəрі өзіңе, 
Келгенше екі айналып тұрғын аман! 
 
Жетісу жұртын бір шыбықпен айдаған қаһарлы да қатал, XIX ғасырдағы Ұлы жүз елі, Албан мен 
Суан  тайпасының  аға  сұлтаны  Тезек  төре  найзағайдың  отындай  жарқылдаған  Сүйінбайдың  сөзіне 
амалсыз  тоқтапты.  Өйткені  ақынның  жалғыз  емес  екенін,  оның  артында  қара  ормандай  халық 
тұрғанын жақсы білсе керек. 
Бұл жерде тағы бір ескерте кететін жай, Тезек төре мен Сүйінбайдың сөз сайысын айтыс деуден 
гөрі, қақтығысу деп атаған орынды. Шындығында Тезекте үлкен ақындық талант жоқ. Алайда ол өзін 
«ақынмын»  деп  санағаны  сөзсіз.  Тезек  төренің  ұйқасы  бар,  нəрі  жоқ,  ырғағы  бар,  ойы  жоқ  нашар 
өлеңіне Сүйінбай тасқынды жырларымен жауап бергенін байқаймыз. 
Қорыта  айтқанда,  Сүйінбайдың  Тезек  төремен  қақтығысуы  оның  ақындығының  халықтық 
сипатын мейлінше анық көрсетеді. 
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы – тынысы кең, өрелі айтыс 
Айтыс  өнерінде  Сүйінбайдың  атын  шырқау  биікке  көтерген  Қатағанмен  сайысы [1; 125–133]. 
Өйткені Сүйінбай қазақ халқына қандай танымал болса, Қатаған да қырғыз еліне мəшһүр ақын екен. 
Екеуі  екі  елдің  тілі,  тілегі,  мұрат-мақсатындай  болған.  Қай  ел  өзінің  атақ-абыройын  төмендеткісі 
келеді.  Қазақтар  Сүйінбай  мықты  ақын  десе,  қырғыздар  Қатағанды  кем  соқты  демеген.  Қатағанды 
жоғары бағалаған ел-жұрты оны «Арыстан, Арыстанбай» деп атаған [4; 310]. 
Сүйінбай  мен  Қатағанның  айтысы  тартыс-таласы  мол,  қақтығысқа  толы  жағдайда  өтеді.  Осы 
айтыс туралы көптеген зерттеу еңбектерінің авторы Сұлтанғали Садырбайұлы өзінің «Өлең — сөздің 
жарық  жұлдызы»  атты  мақаласында  былай  жазады: «Асылы,  бұл  айтыстың  өтілу  тарихын  əркім 
əрқалай баяндайды. Мəселен, Жамбыл Сүйінбай мен Қатаған Орман ханның анасына арналған аста 
айтысыпты  десе;  Жамбылдың  шəкірті  Өмірзақ  Қарғабаев  аталған  екі  ақынның  бұл  айтысы 
қырғыздың шоң манабы Алыбайдың асында айтылған деп түсіндіреді. 
«Мен  Қырғыз  Ғылым  академиясы  Тіл  жəне  əдебиет  институтының  қолжазбалар  қорында 
Сүйінбай мен Қатағанның айтысына қатысты бірнеше нұсқасын қарадым. Соның бірі бұл айтыстың 
тарихын  былай  деп  баяндайды: 1847 жылы,  томаға  тұйық,  хандық  қозғалыстың  кейбір  басшылары 
Шу  өзенінің  жағасындағы  қырғыз  еліне  жəбір  көрсетеді,  бірнеше  ауылдар  зардап  шегеді,  кісі  өлімі 
болады, ақыры өздері де жазаға ұшырайды. 
Осы  бір  трагедиядан  соң,  бір  жыл  өтеді:  енді  екі  елдің  арасында  өкпе-наз  қалмасын,  достық, 
туысқандық  салтымызды  сақтап,  Ыстықкөлдің  жағасына  жиналалық,  ат  жарыстырып, 
ақындарымызды айтыстырып, тамашалап тарасалық деген екі жақтан ұсыныс болады. Осыған орай, 
1848 жылы жазда, уағдалы жерде, қазақ-қырғыз елінің беделді уəкілдері бас қосқан үлкен ас болады. 
Асқа  қатынасушылар: «Бұдан  былай  екі  елдің  бауырластық  бесігіне  ешкімнің  қолы  тимесін»  деген 
тоқтамға келеді. 
Астың  төртінші  күнінде  екі  елдің  көрнекті  адамдары  Орман  ханның  жүз  кісілік  шатырына 
жиналады. Мəслихатты Қара Бəйтік басқарады. 
– Қазақ халқының игі жақсылары! Құмырсқадай қаптаған мына отырған қырғыз-қазаққа алыстан 
келген ақының сəлем берсін», — дейді [5]. 
Сүйінбай өлеңмен амандасып, көпшілікке, халыққа былай сəлем береді: 
 
Ассалаумағалайкүм, сəлем бердік, 
Мүбəрəк жүздеріңді жаңа көрдік. 
Атақты ас, жиыныңды құттықтауға 
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік. 
Жүйріктер жеткізбейді қою шаңға, 
Қосылар қырағылар қашқан аңға. 
Хан Жантай, Қара Бəйтік, Əтекеңе, 
Келіп ем сəлемдесе Орман ханға. 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
57 
Атаңыз ер-ақ еді, батыр Жантай, 
Түлкідей қиядағы қызыл алтай. 
Толықсыған сендерге кездесем деп, 
Думанды осы тойды күттік алты ай!.. 
 
Сүйінбай  осылай  деп  тоқтағанда,  Бəйтіктің  тасасында  отырған  қағлез,  қайыстай  қара  жігіт 
қарғып тұрып, қолына домбырасын алып айғай салады. 
Бұл — қырғыздың ақыны Қатаған еді. Ол (қырғыз мақамымен): 
 
Сүйінбай, тоқтат сөзіңді, 
Ояйын ба көзіңді! 
Ақынмын деп ойлайсың, 
Мен тұрғанда өзіңді. 
Қисық ағаш кездесті, 
Бір құрайын тезімді. 
Сыртыңнан іздеп жүруші ем, 
Келтірді құдай кезіңді. 
Барың болса қарышта, 
Барар жерің сезілді. 
Қатағанды байқамай, 
Түстің бе, бəлем, қолыма! 
Сояйын мес қып теріңді. 
Тырнағыма іліндің, 
Күтірлетіп шайнайын, 
Қыбырлаған жеріңді. 
Көрмеймісің, Сүйінбай, 
Қазып қойған көріңді!? 
Ажал айдап келген соң, 
Саған өлім тегін-ді. 
Келіп қапсың байқамай, 
Өлетұғын жеріңді. 
Шалғың келіп отыр ма, 
Қаражалым, қызғышым, 
Хан Орман, Бəйтік бегімді?! 
Тентіреп жүріп қаңғырып, 
Былғама шалқар көлімді. 
Менің атым Қатаған, 
Қоңырбайдың асында 
Бес жүз жылқы матаған. 
Сүйінбай ақын тəуір деп, 
Мұның несін атаған. 
Аяғыңды тарта бас, 
Қырсықты жерің таянған. 
Қатағанға, Сүйінбай, 
Ұрындың келіп қайтадан. 
Қырғыздан шыққан жүйрікпін, 
Құс мойынды, қоян жон, 
Тұлпардан туған жатаған. 
Өз мініңді айтқызып, 
Бай-мырзаңды құса ғып, 
Өлтірерсің қападан. 
Сүйінбай, сенен жеңілсем, 
Қатаған болмай қатайын, 
Көкшешектен жатайын. 
Тышқанды көрген бидайық, 

Каренов Р.С . 
58 
Вестник Карагандинского университета 
Табанға салып таптайын. 
Сары жайлы сабазбын, 
Қос өкпеңнен атайын. 
Жетім құрыш қылышпен 
Маңдайыңды қақ жарып, 
Қаныңды судай шашайын. 
Хандар соққан құрышпын, 
Тастан неге қайтайын?! 
Байлығымды айтайын, 
Көптігімді айтайын, 
Ор ауыз қара бурадай, 
Шала сөйлеп жатпаймын. 
Былай барсаң Тінəлім, 
Қанаты күміс қомағым. 
Сес көрсетіп сынайын. 
Бұғы менен Саяқты 
Артық қылып нəсілін 
Жаратқан жоқ па құдайым! 
Сары ойменен топталып, 
Тауешкідей текесіп, 
Саяғыма шығайын: 
Былай барсаң Саяғым, 
Тұлпар аттай жайладым, 
Сүйінбайдың үстінен, 
Саяғым аман тұрғанда, 
Алар ма еді таяғын. 
Талай ақын қаңғырып, 
Қолға түскен құл болып, 
Құшақтаған аяғын. 
Тексіз бір жүрген пендесің, 
Бұрынғы мен соңғыда, 
Оңалып еді қаяғың?! 
Қалай келді шабысым, 
Сүйінбай батыр аңласын. 
Қыр желкеңнен шабайын, 
Саңлақпын деп айтып ең, 
Қимылдашы, қарайын!.. 
 
Қатағанның екпінінен жасқанған Сүйінбай қазақтың жақсыларына жалтақтап қарай береді. Сол 
кезде шешен Бөлтірік батыр Тезек төреге: «Ей, төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай 
өлең  таппай,  сөз  таппай  отыр  дейсің  бе,  булығып  отыр.  Сүйінжан,  шығар  даусыңды»  дегенде, — 
Сүйінбай сілкініп шығады [6]: 
 
Қашырма, төрем, қаныңды! 
Кіргізейін жаныңды. 
Қатағаннан жеңілсем, 
Талап алғын малымды. 
Іздегенім осы еді, 
Өз-өзінен қағынып, 
Қатаған сөзден жаңылды, 
Қызып тұрған темірге, 
Өзі келіп қарылды. 
Жетім құрыш қылышпын, 
Алтыннан соққан сабымды. 
Наркескенге жолықтың, 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
59 
Шашармын судай қаныңды! 
Қабағын шытса Сүйінбай, 
Тарту қылып тартарсың, 
Қойныңдағы жарыңды. 
Айдап келіп берерсің, 
Алдыңдағы малыңды, 
Малың түгіл барыңды. 
Аққу құстай ұшайын, 
Аяғыңды тосайын. 
Баймын деп айттың, Қатаған, 
Бұл сөзіңді ұстайын. 
Байлығың сенің қайда бар, 
Талқан-көже ішкенің. 
Тас ошағың жұртта қап, 
Орынсыз бекер іспегін. 
Жаздай егін айдайсың, 
Жалғыз бұзау байлайсың. 
Күшіңді білмей, Қатаған, 
Менімен қалай ойнайсың?! 
Сүйінбай-сынды ақынды 
Жеңемін деп ойлайсың. 
Қырғименен ойнаған, 
Ажалы жеткен торғайсың. 
Ақ құстайын ұшайын, 
Аяғыңды тұсайын. 
Көппін деп айттың, Қатаған, 
Сөзіңнен осы ұстайын. 
Тас тұяқты тұлпармын, 
Қырқалап тауға асқанда, 
Жолыңды кесіп-қырқармын. 
Былай барсам Албаным, 
Албанымды қозғасам, 
Саған түсер салмағым. 
Көбік сөзді көп айтып, 
Ақымақ туған, Қатаған, 
Əркімге тиді салдарың. 
Онан былай Суаным, 
Аз да болса жуаным. 
Халықтың атын былғама, 
Бүтін дүние жүзінде, 
Шөгіп жатқан мұнармын. 
Онан да əрі барайын, 
Алды-артыма қарайын. 
Осындай жиын-тойларда, 
Көтерілген талайым. 
Тұяғы қызған тұлпардың 
Көре алмассың маңайын, — 
 
деп, Сүйінбай асқақтап кетеді. 
Осы  айтыста  ұлы  ақын  күллі  қазақ  халқын  біртұтас  алып  қарайды,  бөлшектемейді.  Сүйінбай 
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзді бір анадан, бір атадан тараған біртұтас ұлт, қалыптасқан халық деп 
санайды. Ол өз сөзінде Алатауды, Сарыарқаны, Еділ-Жайықты жайлаған елдердің өздеріне тəн жақсы 
қасиеттерін атап-атап айтады. Мысалы: 
 

Каренов Р.С . 
60 
Вестник Карагандинского университета 
Іле өзенін жерлеген, 
Сыр суындай өрлеген, 
Дұшпанға намыс бермеген, 
Бақ дəулеті кернеген, 
Он екі ата Жалайыр, 
Аршынға қолын сермеген, 
Маңына дұшпан келмеген. 
Тұлпар аттар сол елде, 
Ақ ордаға бағылып, 
Дорбадан тұрып жем жеген. 
Алтынды шашақ найзалы, 
Батыр десең сол елде, 
Найзамен шаншып ет жеген. 
Ажалдан бұрын өледі, 
Ыңғайына көнбеген. 
Сұлу деген сол жерде, 
Ерлерін сыйлап, қадірлеп, 
Ашпаған бетін пернеден... 
Батырлары жасанып, 
Аттары кетпес кермеден. 
Онан бері Ыстым бар 
Алатаудай күштім бар. 
Батырлық, байлық, сол елде... 
Онан бері Ошақты, 
Атамыз қойған осы атты. 
Батырлар десең онда көп, 
Жасаған жауға қос атты. 
Шапқыншы жауды олжалап, 
Талай жерін босатты. 
Онымен жалғас, қатарлас 
Шапырашты елім бар, 
Асқар таудай белім бар. 
Шапырашты еліме, 
Байтақ жұрттан сенім бар. 
Сұраншы, Саурық аттанса, 
Сыртқы жауға өлім бар. 
Қарасайлап аттансам, 
Дұшпанға қазған көрім бар. 
Онымен жалғас Жанысым, 
Жанысымды қозғасам, 
Жанып кетер қамысың. 
Қалың елге белгілі, 
Сүйінбай деген дабысым. 
Қалай екен шабысым?! 
Есің болса, байқап көр 
Сезімнің қайда барысын. 
Батыр деген бізде көп, 
Жібермес жауға намысын. 
Былай барсаң Ботбайым, 
Ботбайымды қозғасам, 
Кетерсің жанып оттайын. 
Қос өкпеңнен қадалдым, 
Садаққа салған оқтайын. 
Етім қызып келгенде, 
Сабыр ғып неге тоқтайын! 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
61 
Меніменен егессең, 
Ұрармын жерге доптайын! 
 
Былай барсаң, Шымырым, 
Шымырымды қозғасам, 
Шығып кетер шыбының. 
Кең жаратқан елімді, 
Кесегінен кертейін. 
Аспанға шығып шарықтап, 
Қанатымды серпейін. 
Жанып тұрған жалынмын, 
Сүйегіңді ертейін. 
Таусылмайды айтқанмен, 
Жалпақ жатқан Ұлы жүз. 
 
Қай  тайпаны,  қай  атаны  ауызға  салса  да  данышпан  ақын  сөздің  сырлысын,  суреттің  сұлуын 
табады. Асқақтата айтады: 
 
Былай барсам Найманым, 
Құлашты кең жайғаным. 
Аш көзіңді тайсалмай, 
Ажалы жеткен қарғасың, 
Бүркітпенен ойнадың, 
Түлкілікті қоймадың, 
Сүйінбай-сынды ақынды 
Жеңемін деп ойладың. 
 
Онан əрі Арғыным!.. 
Арғын деген сансыз ел, 
Мекен еткен қоныс қып, 
Дүниенің жарымын. 
Жерге кіріп кетерсің 
Олардың бассаң тамырын. 
 
Сүйінбай онымен де тоқтамайды. Ол енді Арқа асып, Жайық жағасына жетеді: 
Бүркіттей түгі түксиіп, 
Ел орнап, қыдыр жайлаған, 
Мыңдап бие байлаған, 
Мыңдап түйе айдаған. 
Қарсы келген дұшпанын 
Қоралы қойдай айдаған... 
Кіші жүзге жетейін. 
Елімнің қандай екенін, 
Түсінген шығар көкейің. 
Өлерің ақыр өлген соң, 
Құлақты салып тыңдап тұр, 
Төбеңнен тесіп өтейін! 
Төніп шатқан көк тұман, 
Кіші жүздің баласы. 
Айналасы көк теңіз, 
Соған барып қосылған. 
Еділ-Жайық екі су, 
Сырдарияның саласы. 
Ноғайлы, Тама былайғы, 
Арасында сол жердің 

Каренов Р.С . 
62 
Вестник Карагандинского университета 
Кіші жүздің баласы. 
Сұлтан-Сиық, Бақ-Сиық, 
Хан қызы екен анасы. 
Бəрі батыр баласы, 
Қаннан кеуіп көрген жоқ 
Найзасының сағасы. 
Он екі ата Байұлы, 
Жеті аталы Жеті ру, 
Əлім менен Шөмекей, 
Халқымның еді жағасы. 
 
Сүйінбай  Орта  жүзге  кіретін  Қыпшақ  пен  Қоңыраттарды  қазақтардың  көне  дəуірдегі  ержүрек 
елдері деп суреттейді: 
 
Онан əрі барғанда, 
Қазақты жинап алғанда, 
Тоқсан екі ұлы бар, 
Қыпшағымды айтайын, 
Тоқсан баулы Қоңыратты, 
Əңгіме ғып қозғасам, 
Жүре алмассың жалғанда. 
Күнің қандай болады, 
Ноғайлыға барғанда? 
Ноғайлыға қосымша, 
Тағы бар жалғас Тамасы. 
Ақылың болса Қатаған, 
Осыны байқап қарашы! 
 
Сөйтіп,  Сүйінбай  таудан  аққан  асау  өзендей  тасқындап,  өз  елінің  өсіп-өнген  көптігін,  ел 
қамқоры болған адамдарын, батырларын марапаттайды. Ол қазақтар мен қырғыздардың арасындағы 
достықты, туысқандықты ардақтайды əрі құрметтейді. 
Айтысты басқарып отырған Қара Бəйтік орнынан тұрып: 
– Сүйінбай ботам! Сен ақынның жолбарысы, адамның бұлбұлы екенсің, айтыста сен жеңдің! — 
дейді ақыры. 
«Екі  елдің  бас  қосқан  үлкен  айтысында  жеңгенің  үшін,  саған  басыңа  алты  қанат  ақ  орда, 
Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған Мейіз деген асқан сұлу қыз, мойнында қарғысы бар екі тазы, бір 
бүркіт жəне алтын бесік сыйлаймын», — деп жұрт көзінше бəйгенің қорытындысын жариялайды [7]. 
Сүйінбай Аронұлының Қатағанмен айтысы — жалпақ елге тым көп тараған өлең. Бұл айтысты 
Жамбылдан  басқа  Кенен,  Үмбетəлі,  Өтеп,  Өмірзақ,  Арғынбай,  Қарабек,  Мақыш,  Шүкітай  секілді 
Жетісу ақындары жатқа айтқан. 
Осы  ақындардың  айтуынша,  Сүйінбайдың  атын  алыс  қиырға  танытқан  сүйекпен  бітіп,  ана 
сүтімен дарыған қайсарлығы. «Жаным — арымның садағасы» дейтін қыран мінез тектілігі. Ақын тас 
астынан  тепкілеп  шығатын  маржан  бұлақтай  мөлдіремесе,  əрине,  ақын  емес.  Сүйінбайда  мұндай 
қасиет баршылық. Сондықтан да ол Қатағанды алдынан көлденең өткізген жоқ. 
Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы туралы бірер сөз 
Сүйінбай Қатағанмен айтысқаннан кейін бірер жылдан соң қырғыздың ақыны Арыстанбекпен де 
сайысқа түскен. 
Бұл айтыс Жетіөгіздегі (Қырғызстан) Боранбай манаптың əкесіне берген асында өткен. Бұл аста 
да дəстүрлі ат жарыс, балуан күрес, найзамен сайыс, жамбы ату өтіп, ақындар да өз кезегін күткен. 
Тезек  төре  бұл  асқа  Сүйінбайды  қолқалап  арнайы  алып  барады.  Бұл  асқа  сонымен  бірге  Сыпатай 
батыр, Бөлтірік шешен де шақырылады. 
Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы қырғызша талай рет жарияланды. Қазақ тілінде бұл айтыс 
тек 2001 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінің бетінде жарық көрді [8; 6, 7]. 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
63 
Алғысөзін  жазып,  айтысты  «Қазақ  əдебиеті»  газетінің  редакциясына  ұсынған  Бақтияр 
Əбілдаұлы. 
Сүйінбайдың Кескенкекілмен арнайы кездесіп, айтысуы 
Сүйінбайдың  бізге  жеткен  сегіз  айтысының  үшеуі  ақын  қыздармен  қақтығысуы  болып  келеді. 
Атап  айтсақ,  Кескенкекіл,  Уəзипа,  Күнбаламен  болған  айтыстары.  Кескенкекіл — Төлеміс  руынан 
шыққан ақын қыз. Онымен Сүйінбай арнайы кездесіп, өнер жарысына түскен [1; 118–120]: 
 
Сүйінбай: 
Кескенжал, кекіліңді неге кестің, 
Кестің де кекіліңді желдей естің. 
Қылығың құдай сүйер бар ма сенің, 
Теңгеге басың бұлдап, ардан кештің. 
Кескенкекіл: 
Шөбі соны болады елдің шеті, 
Жігіттің ойнап-күлмек ғанибеті. 
Рас-ақ, не десең де, о дей бергін, 
Тұрпанның қызыққаным мол дəулеті. 
Сүйінбай: 
Кескенжал, біздің сөзді тыңда да көр, 
Жанның бəрін жалмайды сұм қара жер. 
Мал үшін əлдекімге кете берсең, 
Шерлі боп, қазірден-ақ зар жылай бер. 
Кескенкекіл: 
Сүйінбай, тілің тəтті, сөзің ащы, 
Отырсың жарға қамап сорлы басты. 
Шын айттың, шындығы осы өмірімнің, 
Қайтейін, көкірек толы, көзім жасты. 
 
Сен маған өкпелеме, а Сүйінбай, 
Еріксіз кетіп барам мен Шыбылға-ай! 
Күдеріңді кетті деп үзіп жүрме, 
Келіп-кетіп жүре гөр біздің үйге-ай! 
Сүйінбай: 
Сен едің жарық жұлдыз, таң нұрындай, 
Айша батып барасың көз алдымда-ай, 
Қарақшыдай қаңқиған қу үйіңнің 
Түңлігін сен кеткен соң ұрайынба-ай! 
 
Білмейді қыз қадырын кей антұрған, 
Байлық десе бас ұрып базарлатқан. 
Бір басының бағасын саудаға сап, 
Опасыз дəулет үшін бай деп сатқан. 
 
Сүйінбай ақын қыздармен қақтығысуында оларды сырласуға, ішкі мұң-зарын шертуге, достыққа 
үндейді.  Сөйтіп,  қалың  малдың  құрбаны  болып,  еріксіз  кетіп  бара  жатқан  бейшара  қыздарға  қатты 
аяныш білдіреді. Олардың көңілін сəл де болса көтеруге, қайғы-қасіретін ұмыттыруға тырысады. 
Сүйінбайдың Күнбала қыздан жеңілуі 
Сүйінбай ақын Күнбала қызбен айтысып жеңілгенін кейін өмір бойы өзі айтып жүріпті [1; 121]. 
Сүйінбай: 
Тұманда адасушы ем із болмаса, 
Асқан асың татымас тұз болмаса. 
Ауылдағы көп қызды кім санапты, 
Ұзатылар алысқа сіз болмаса. 

Каренов Р.С . 
64 
Вестник Карагандинского университета 
Күнбала: 
Кедейім-ай!.. 
Кедей демей шіркінді не дейін-ай?! 
Сыбыс бермей сыртымнан кеп қалыпсыз, 
Ақын аға, мұныңды не дейін-ай?! 
 
Атақты  ақын  бертінде  талантты  шəкірті  Жамбылға  өзінің  Күнбаладан  жеңілгендігін  ұқтырып, 
жаттатып айтқызатын болыпты. Біз бұдан Сүйінбайдың ақындықты аса жоғары бағалап, үлкен өнер 
тұтқанын байқаймыз. 
Сүйінбайдың сын-сықақ өлеңдері мен арнаулары 
Сүйінбай  Аронұлының  шығармаларының  көпшілігіне,  əсіресе  арнау  өлеңдеріне  тəн  қасиет — 
сын-сықақ, ащы сарказм. Ақынның бұл саладағы  туындылары поэзиямыздың «арнау» жанрын жан-
жақты  жетілдіреді. Оның жауынгерлік идеялылығын  зорайтады. Сыншыл, сыршыл  бетін айқындап, 
өткір  реалистік  поэзияның  дамығандығын  танытады.  Поэзияның  қоғамдық,  əлеуметтік, 
бұқарашылдық  маңызын  жоғары  көтеріп,  өткір  сыншылдық,  нағыз  халықтық  қасиеттерін 
тереңдетеді.  Сүйінбайдың  əрбір  арнау  өлеңдері — өзінің  осы  бір  өжет,  өткір  қасиеттерімен  мəнді, 
дəуірлік  шынайы  шығармалар.  Ақынның  бұл  саладағы  өлеңдерінде  қазақтың  əлеуметтік  қоғам 
өкілдері  бірінен  соң  бірі  топ-тобымен  бой  көрсетеді.  Əсіресе  пейілсіз  сараң,  адамгершілігі  төмен 
жандар тізбектеліп, көз алдыңнан топ-тобымен өтіп жатады. 
Сүйінбайдың  арнау  өлеңдерінде  төрелерге,  байларға  арналған  теңеулері  осылардың 
зорлықшылдық  кескінін  дəл  танытады.  Ұрыларға  да  ақын  өзіне  лайықты  теңеу  табады.  Қадалған 
жерінен қан сорған Тезек сұлтан; кісімсіген өркөкірек Сөк пен Солтан төрелер; Байқоңырдың сараң 
бəйбішелері;  əділетсіз  Ноғайбай  би;  алып  сатар  сараң  Жайнақ;  бойы  биік,  ойы  аласа  дəу  Батырбек; 
Қоңыраттың билері; ұзын өңеш Əбілез төре; жаман саудагер Қайназар; Албан даукестері; Кененбай 
ұры;  айдаһар  мінезді  Тайбағар;  əлеміш  киімді  Елемес  бақсы;  арамза  қажылар  (Ысқақ,  Ыспан, 
Сарыбас);  басқалардың  да  жұғымсыз  мінездері  топталып,  олардың  шындық  бейнелері  жасалады. 
Əсіресе сұлтан-төрелер мен датқа-байларды өлтіре сынап, жыртқыштарға теңейді. 
Сүйінбай қалың бұқараның есесін бермей, еңсесін езіп жүрген ел билеушілерінің əділетсіздігін, 
надандығы  мен  жауыздығын  олармен  бетпе-бет  жүздесе  отырып  əшкерелейді.  Мысалы, «Момын 
малын зұлымға алып беріп...» атты шығармасында [1; 64,65]: 
 
Ноғайбай, сөз төркінін ұғынарсыз, 
Байсүгір Қараталдан түғиянсыз. 
Ыстанбек, төремін деп мақтанбаңыз, 
Бұл арсыздың ішінде сіз де барсыз. 
 
Қаратал өмірінде жалшымаған, 
Қарашолақ өгізін қамшылаған. 
Қаршыға қартайғанда қаз алады, 
Олжаңды қарға тапқан салшы маған. 
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп, 
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп. 
Алдыңа бір жауапкер Екей келсе, 
Түйе басы тоғызды салар кесіп. 
 
Ала бұқа көзденген Атамқұл бай, 
Жұртыңа жақсы болсаң боласың жай. 
Құлан аян, мал-жанды айдап жедің, 
Тəңір алдына барғанда оңарсың ба-ай! — 
 
деп  ақын  Жетісу  өлкесінің  мықты  шонжарларын  өлеңімен  өртей  шарпиды.  Нарбота,  Атамқұл, 
Ноғайбай,  Ыстанбек  жəне  басқа  ірі  байлар  мен  билердің  қалың  тобына  жалғыз  тиісіп,  үндерін 
шығармай есеңгіретіп тастайды. 
Бірде жиналған жұрттың алдында Тілеуберді болысқа («Тілеубердіге» атты өлеңі [1; 70]): 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
65 
Желбуаз жігіт екен жыртаңдаған, 
Бұл заманның болысы күй таңдаған. 
Көп ішінде көлбеңдеп көрінем деп, 
Көрінгенге соқтығып тыртаңдаған, — 
 
деп оның жаман қасиеттерін басқа ұрып сынағандай көз алдында айтып береді. 
Тамаша  сатирикалық  туынды  ретінде  ақынның  «Датқаларға»  деген  толғауын [1; 28,29] атауға 
болады: 
 
Заманында датқалар, 
Ұрты кеуіп мақтанар. 
Пайда тапса дау-шардан, 
Шоқтығына дақ салар. 
Екі ауылды егер ғып, 
Қолтығына шоқ салар. 
Басындағы дəулетін 
Бір күн болмай ақтарар. 
Елге жақпас қылығы 
Бұл заманның ұлығы, 
Параменен мал жиып, 
Бойынан асқан былығы. 
Оязға қайтсем жағам деп, 
Үзілер болды жұлыны. 
Өз елін өзі қарақтап, 
Ебі келсе тамақтап. 
Көр ақтарған қорқаудай, 
Датқалар жүр жалақтап… 
Қайран қазақ қор болды-ау, 
Құр бекерге далақтап. 
 
Осы  келтірілген  тармақтардағы  Сүйінбайдың  датқа  ұлықтарын  Абайдың  болыстарынан  айыру 
қиын. Типтендіруі жағынан бірінен — бірі кем түспейді. 
Ақын Қайназарға арналған өлеңінде («Сүліктен жаман...»деген шығармасы [1; 75] саудагерлерге 
тəн жағымсыз іс-əрекетті былай суреттейді: 
 
Қара ағашың толып тұр. 
Ақ терегің солып тұр, 
Сауда жасап Қайназар, 
Осы күні болып тұр. 
Төңірегіндегі казақты, 
Сүліктен жаман сорып тұр. 
Бастауда тыныш жатасың, 
Шидей болған ағашты 
Екі сомнан сатасың. 
Бүйте берсең патшағар, 
Күнəға əбден батарсың. 
Кəрі тисе халқыңның, 
Томпайып жерде жатарсың. 
 
Сонымен  қатар  пысықтығымен  алдына  мал  салған  жаңа  байлардың  дүниеқоңыз  мінездерін 
бетіне  басады.  Олардың  пайда  табудан  басқа  ойлары  құрып,  адамгершіліктен  жұрдай  болғандарын 
мысқылдайды.  Жайнақ  сияқты  бұрын  еш  нəрсесі  жоқ  адамның  қулықпен  байып  алғаннан  кейін, 
кісімсіп кеткенін атап айтады («Жайнаққа» арналған туындысы [1; 66]): 
 
Сен өзің Қараталдың Жайнағы едің, 

Каренов Р.С . 
66 
Вестник Карагандинского университета 
Жасыңда жалғыз бұзау байлап едің. 
Сүтімен жалғыз сиыр ауқат етіп, 
Егінді қос өгізбен айдап едің. 
 
Көргенде алдыңдағы жақсыларды, 
Болсам деп, сен де сондай ойлап едің. 
Құдайым тілеуіңді бергеннен соң, 
Бұлттан шыққан күндей боп жайнап едің. 
 
Жиырма жастан отызға өрлегенде, 
Қырғыз бен қазақ жерін жайлап едің. 
Отыздан қырыққа қадам басқаныңда, 
Жұтсаң да Алатауды тоймап едің. 
 
Сен едің аты шыққан сараң Жайнақ, 
Қораңда Сүйінбай тұр көзі жайнап. 
Болмайды тіпті кедей бұл ақының, 
Қалмаса Жайнақ өліп сорым қайнап. 
 
Адам  мінезін  жасауда  Сүйінбай  өзі  тұстас  көркем  сөз  шеберлерімен  бəсекеге  түскендей. 
Мысалы, «Зар жылатып момынды...» деген ақынның керемет толғауы [1; 24–26] Махамбеттің «Хан 
емессің, қасқырсың...» жəне «Мен едім» сияқты жалынды өлеңдеріне пара-пар өжеттік пен өткірлікке 
толы шығарма: 
 
Хан емессің, қиықсың, 
Қалың елді айдап жеп, 
Теріңе зорға сыйыпсың, 
Ұры, қары, залымның 
Жаныңа бəрін жиыпсың. 
Жанға жауап бермейтін, 
Дүлей-мылқау сияқты, 
Қиял мінез тұйықсың. 
Дүниені жұтса тоймайтын, 
Түпсіз жатқан ұйықсың. 
Қадырың жоқ халыққа, 
Аққан судай сұйықсың. 
Судан да сусын қанады, 
Оппа балшық сықылды, 
Жұтқыш ылай былықсың! 
Бұл заманда хан болдың, 
Елге жүріп əкімің. 
Өзің бір жеке заң болдың, 
«Айтқаным менің болсын» деп. 
Масаттанып паң болдың. 
Өнерің — ұрлық-зорлықпен 
Бұқараға сор болдың. 
Ұлықсатсыз жан кірмес, 
Есігің елге тар болдың. 
Айдап жеді тұқымың 
Бар қазақтың баласын. 
Үйіңе келген кісіні 
Жағадан келіп аласың. 
Ұлықсатсыз кіргеннің 
Тоғыз кесіп мойнына, 
Одан да олжа табасың. 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
67 
Ақысы үшін нашардың, 
Тартып жүрме жазасын. 
Мойныңа түскен айыптан, 
Төрем-ау, қайтып танасың?!... 
 
Сүйінбайдың  ойынша,  сұлтан-төрелердің  жиған  малы,  басындағы  дəулеті  адал  еңбектің  жемісі 
емес, ұрлық-зорлықтың нəтижесі. Əрбір төре өзіне қызмет ететін барымташы ұры ұстайды. Олар түн 
жортып  басқаның  малына  тиеді.  Дауды  қоздырады.  Ал  төрелер  оны  арашалайды,  ақтайды. 
Сондықтан ақын төре мен ұрының бірінен-бірін бөлмейді. Екеуін де бұқара халыққа жат, тек біріне-
бірі қызмет ететін зұлымдық өкілдері деп бағалайды: 
Зар жылатып момынның 
Өрістен малын аласың. 
Сол момынның біреуі, 
Екей деген ел едім, 
Сүйінбай деген мен едім, 
Əкем Арон тұқымы, 
Малға кедей жан едім. 
Көжеқатық, қой сұрап, 
Дүйсен деген біреуге, 
Кеше күндіз кеп едім. 
Келсем Дүйсен еңіреп, 
Үстінде отыр төбенің. 
«Сұлтанның көп ұрысы, 
Үйірімен он бір қысырақ, 
Айдап кетті», — дегені. 
Естіген соң ізімен, 
Артынан қуа кеп едім. 
Момынның малын жемегін. 
Ағайын малы — өз малым, 
Неге іздейсің демегін! 
Сүйінбай үстемдер тобын езілген қалың елге қарама-қарсы бейнелейді. Кедей-кепшіктер мұңын 
жырлайды.  Хан-сұлтандар,  төре-датқалар  халық  мұңымен  санасуы  керек  деп  ой  түйеді.  Қара 
халықтың қаһарын жоғары бағалап, оларға қарсы тұрар еш күштің жоқ екенін көрсетеді: 
Ашулансаң, хан сұлтан, 
Өлтірерсің Сүйінді. 
Сүйінбай ақын өлген соң, 
Көрерсің, төре, қиынды. 
Каһарланса қалың ел 
Шығармай ма миыңды?! 
Бет-аузыңды қан қылып, 
Бермей ме сүйтіп сыйыңды! 
Сүйінбайдың өзінің ата-тегін мақтан ететін кейбір төресымақтар атына айтылатын мысқылдары 
да өткір (мысалы, «Алмасайға» арналған шумақтары [1; 93]): 
 
Əкең жақсы кісі еді жамбас жеген, 
Жақсы адамнан жаман ұл болмас деген. 
Шешеңнен бір кінəрат болмаса игі, 
«Аладан құла туса оңбас» деген. 
 
Үстем  тап  өкілінен,  барымташы,  зорлықшыл,  қарау,  қарақшылардан  зəбір-жапа  көргендер 
«төрелік  айт»  деп  Сүйінбайға  жиі  барып  тұрған.  Осы  туралы  ел  аузында  мынандай  бір  əңгіме 
сақталып қалыпты. 
Ертеде Жетісуда Тайторы мен Бəйтелі деген ағайынды елдер бір жайлауда аралас отырады екен. 
Бірде Тайторы жағы Бəйтелі ауылының бір топ құлынды биесін барымталап кетеді. Онымен тұрмай, 
Бəзіл деген жігітке «кедейсің» деп сүйген қызы Салиханы бермей қояды. 

Каренов Р.С . 
68 
Вестник Карагандинского университета 
Барымта дауын шешу үшін барған Бəйтелінің адамдарын Тайторы жағы маңайлатпайды. «Енді 
не  істейміз?» деп  сасқанда, бір  қария: «Сүйінбайға  барыңдар,  бұл  дауды  тек  сол  ғана  шешеді»  деп, 
ақыл береді. Сүйінбай олардың бес-алты белді кісісін ертіп алып, Тайторының биі Қоспанға барады. 
«Жылқысын қайтар» дейді. Қоспан көнбейді. Сонда Сүйінбай («Көздің жасы» деген өлеңі [1; 71,72]): 
Ей, Қоспаным, Қоспаным, 
Тіреуі ме едің аспанның?! 
Бірге туған ағаңды, 
Ағаң емес жағаңды, 
Аш қасқырдай ұлытып, 
Діңкесін əбден құрытып, 
Жұртыңа неге тастадың?! 
 
Ей, Салиха, Салиха, 
Мыңғырған байдың малы үшін 
Құрбан болып барасың. 
Күйек сақал шалыңа 
Күйініп күнде қарарсың. 
Бəзілдей теңнен айрылып, 
Көзіңе жасты аларсың. 
 
Сүйінбай айтқан сөзден тайып па еді, 
Кедейлік Бəзіл жасқа айып па еді?! 
Қыздарын қалың малға матап беріп, 
Атаң сенің, Тайторы байып па еді? 
 
Ей, 
Тайторы — Қоспаным, 
Қара ниет адамсың. 
Мейрімі жоқ надансың. 
Салиханы жылатып, 
Бəзілге неге қоспадың?! 
Барымталап жылқы алып, 
Бұ да сенің асқаның 
Арғы атаңды мен айтсам, 
Қошқар менен Текесің. 
«Ұрлық түбі — қорлық» деп, 
Бұл қылығыңды қоймасаң, 
Түбіңе өзің жетесің. 
Қол-аяғың бұғауда, 
Қап шекпенді жамылып, 
Итжеккенге кетесің, — 
деген  екен.  Осы  сөзді  есіткен  Қоспан  би  Сүйінбайдан  беті  қайтып,  ат-шапан  айыбын  тартып, 
жылқысын  қайтарып  бергізіпті.  Мұндай  кесімді  сөздерді  Сүйінбай  кезінде  көп  айтқан.  Оның  бір 
қатары осы күнге дейін ел арасында айтылып келеді. 
Ақын өз аймағының жуандарын ғана емес, көрші қырғыз халқының шонжарларын да оңдырмай 
сынайды. Оған «Үмбетəліге» деген жыры [1; 30–32] толық дəлел бола алады: 
 
Хан ордасын басыпсың. 
Атаңды сенің өлтірген, 
Бұғы елін шауып-асыпсың. 
Қыз-қатынын тұтқын қып, 
Ісіп-кеуіп, тасыпсың. 
Үмбетəлі, Шарғынның, 
Бұғы бопты ермегі. 
Мүліктерін жинап ап, 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
69 
Малын шауып елдегі, 
«Нəсіп» болды сендерге, 
Орман атаң өлгені. 
Байталының құны деп, 
Сексен жылқы алыпты, 
Дүрыс па еді сол жері?! 
Бір кезекте хан Орман, 
«Бұқара елім сенсің» деп, 
Қойдай айдап қырғызды, 
Алдына сап жеп еді. 
Айдаһардай араны, 
Көрінбей көзге жегені. 
Ақыры оның дау болып, 
Ағайыны жау болып, 
Дүниеден Орман жөнелді. 
 
«Мың асқанға — бір тосқан», 
Осындай өлім кез келді. 
Əділет жоқ сенде де, 
Ниетің жаман өзгерді. 
Қойға қасқыр шапқандай, 
Үмбетəлі, Шарғынның 
Жаулағаны өз елі. 
Есіткен жандар мұныңды, 
Адамшылық демеді. 
Хан — құдайдың ұлы емес, 
Құдайға да «құл» керек, 
Халықтың жоқ па керегі?! — 
 
деген  жыр  жолдарынан  Үмбетəлінің  де,  оның  əкесі  Орманның  да  қырғыз  халқының  арасында  ру 
араздығын тудырғаны көрінеді. Сол арқылы елді езіп, пайда тауып отырған зорлығы суреттеледі. 
Тарих  деректері  бойынша,  Орман  хан  өте  қатыгез  адам  болған.  Оның  жаз-жайлауынан,  қыс-
қыстауынан дар ағашы алынбаған. Айыпты деп тапқан адамдарын дарға аса берген. Үмбетəлі де əкесі 
сияқты тежеусіз зорлықшы болады. Ол сүйікті əйелінің өзін бір тапсырманы екі рет айтқызғаны үшін 
атып тастайды. Үмбетəлінің бетімен кеткені соншалық, ол өзіне сəлем берген кісіге айқаймен жауап 
қайтарады  екен.  Сəлем  беруші  адам  оның  қатты  айқайынан  шошығанынан,  атынан  құлап  түсетін 
болса  керек.  Егерде  сəлем  беруші  атынан  құлап  түспесе,  Үмбетəлі  оны  азаптайтын  болған.  Аты 
өзімен аттас Үмбетəлі деп аталғаны үшін ғана ол жазықсыз бір жас баланың басын қылышпен шауып 
түсірген. Өзінің қызы ел арасынан шыққан бір қарапайым жігітке көңілі ауып, оған кестелі орамалын 
бергені  үшін,  тағы  бір  сойқанды  іс  жасайды.  Жігіттің  ауылын  түгелдей  шауып  алады,  жігіттің  өзін 
тірідей отқа жағып жібереді. Орман хан асқан зорлығы, озбырлығы үшін Бұғы адамдарының қолынан 
өлім табады. Үмбетəлі əкесінің өлімі үшін Бұғылардың ауылын түгел шауып алады, бір де бір үйді 
сау қалдырмайды [4; 78,79]. 
Сүйінбайдың  толғауында  мұндай  зорлық  істен  Орман  хан,  ақыры,  абыройсыз  өлім  тапқаны, 
Үмбетəлінің өзі де, бұл бетінен қайтпаса, оңбайтыны ашық айтылады: 
 
Қанқұмарлық ісіңмен 
Кетірдің өзің құныңды. 
Көргенімді айтамын, 
Кесе алмайсың тілімді. 
Шын жақсыда тарлық жоқ, 
Əділ сөзге зорлық жоқ. 
Халық сүймесе сөзіңді, 
Тиянақ жоқ, байлау жоқ. 
Іздеп келген сорлылар 

Каренов Р.С . 
70 
Вестник Карагандинского университета 
Дұрыс жауап ала алмай, 
Есігіңе бара алмай, 
Сөйлесіп мейірі қана алмай, 
Болдың ғой елге қызыл шоқ! 
Бектің мұндай болғаны, 
Жұлқынып ұрған жын болар. 
Шоқ өшпей тағы тұра ма, 
Ол-дағы сөніп күл болар. 
Дүниеге тұтқа мен деме, 
О да бір күн тұл болар! 
Айыбымды айтты десеңіз, 
Құртарсың мендей қазақты. 
Əйтсе-дағы соңынан, 
Жау үстіне жау шығып, 
Тартып жүрме азапты. 
 
Қылышынан  қан  сорғалаған  осындай  ханның  масқарасын  шығарып,  өті  жарылып,  өкпесі 
қабынғандай күйге түсіру тек Сүйінбайдың ақындығы мен азаматтығының ғана күші жететін қиын іс еді. 
Сүйінбайдың  осы  өлеңінен  кейін,  Үмбетəлі  ақыннан  кешірім  сұрайды.  Оған  сый-сияпат 
көрсетуге тырысады. Бірақ ақын ханның сый-сияпатын қабылдамайды. Қырғыз бен қазақтың қалың 
еліне арқа сүйеп, ханның өзіне сес білдіреді. 
Түйін 
Қорыта келе айтармыз, Сүйінбайдың туындылары — өзінің мəнімен де, көркемдігімен де елеулі 
шығармалар.  Ақынға  тəн  сыншылдық  пен  шыншылдық  оның  өлеңдерінде  айқын.  Мəселен, 
«Жұмыққа» атты өлеңінен мына бір тамаша шумақтарды оқып көрелік: 
 
Сүйінбай — Алатаудай, атым дардай, 
Жатқанымда боламын шөккен нардай. 
Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай, 
Көктемдегі жер тартып кеткен қардай. 
Ақылымды қараңғы басып қалған, 
Сау күнімде құдайым еске салмай. 
Ауру билеп бойымнан əлім кетті-ау, 
Бауырсаққа иленген кескен нандай. 
 
Бұл келтірілген үзінділердегі өз есімін Алатауға теңеуі болсын; халі бітіп, тұруға зар боп жатқан 
кезін  шөккен  нарға  салыстыруы  болсын;  өзінің  дариядай  талантын  жерге  сіңіп  кеткен  көктемгі  қар 
суына балауы болсын; өз бойындағы əлсіздікті бауырсаққа илеген нанға салыстыруы болсын — бəрі 
орынды. Бұл теңеулер ақын тілінің суреттілігіне куə бола алады [2; 578]. 
Сүйінбай  Аронұлы — халқымыздың  поэтикасына  жетік  шебер  тілді  ақын.  Ол — қынаптағы 
қылыш,  аспаннан  түскен  жасын,  соғып  тұрған  құйын,  ескен  қызыл  жел,  жүйріктей  жалын  тараған, 
күніне шауып жараған, айтысқанды шаңына көмген жүйрік. Сүйінбай — айтысқанның басынан өлең 
асырып, миын шайқаған жырдың боранды ақпаны, қияқты сұңқары. Кемеңгер ақынның жырларынан 
оның алмастай өткірлігі де, тайпалған жорғалығы да, қанатты тұлпарлығы да, даңғыл жыраулығы да 
айқын көрінеді. 
Көзінің тірісінде Сүйінбайды қазақ, қырғыз бірдей қошаметтеп, құрметтеген. Оның жырын халық 
арман сөзі деп қабылдаған. Сүйінбай шөбересі — фольклорист С.Садырбаев берген бір құжат дерегіне 
қарағанда,  ақын  қазасы  халық  қабырғасына  қатты  батқан.  Ақын  қайтыс  болғанда  өлеңмен  дауыс 
салынып, мынадай жоқтау-жыр айтылған (Сүйінбайдың қызы Бағыжанның «Жоқтауы» [1; 52–53]): 
 
Жиырма екі жасқа келгенде, 
Сүйінбай ақын атандың. 
Ақсақалдан бата алдың. 
Жиырма төртке шыққанда, 

Халқымыздың əдеби өмірінде елеулі із қалдырған ... 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
71 
Хан Тезекпен айқасып, 
Сүйінбай ақын атандың. 
Қырғыз-қазақ еліне, 
Даңқың шықты дүркіреп. 
Алдыңнан ақын шықпады, 
Жүрегі сырттан шəйіліп. 
Бетке келген ақынды, 
Келтірмей сөзге тастаушы ең, 
Ақ алмастай жапырып. 
Орманның барып асына, 
Дауыс айтып Орманға, 
Бар ақынмен қағысып, 
 
Намысын айтып арыстың, 
Ащы сөзге барыстың. 
Қазақ, қырғыз тойында, 
Қатағанмен қағыстың. 
Арыстандай ақырып, 
Ел аруағын шақырып, 
Қатағанға, жан əкем, 
Сүліктей боп жабыстың. 
Сөзді судай сапырып, 
Қырғыз, қазақ манабы, 
Бастарын иіп өзіңе, 
Разы болып сөзіңе, 
Сол бір топта көріндің 
Қырғыз-қазақ көзіне. 
 
Сөйтіп, ауыл-елі,  ет-жақын  туыстарының  жоқтауымен  Сүйінбайдың  екінші  өмірі  басталды  деп 
айтуға болады. 
Сүйінбайдың  ақындық  мектебінен  тəлім  алып,  тəрбие  көрген,  импровизаторлық  өнердің  қыр-
сырына  қанығып,  оның  этикалық-эстетикалық  мəн-маңызын  нəзік  түсінген  тұтас  бір  ақындар 
шоғырының өзі алыстан көз тартады. 
Мақыш,  Бармақ,  Бақтыбай,  Арғынбай,  Майкөт,  Шүкітай,  Үмбетəлі,  Нұрила,  Кенен,  Лəтипа, 
Саяділ, Орынбай, Жақсыбайлар Сүйінбай мектебінің тұтас тұлға-тұрқын құрастырса, оның мəртебелі 
басында  бүтін  бір  ғасырлық  өмір  кешкен  шежіре  шешен,  кемеңгер  Жамбыл  отырды.  Жамбыл 
соншалық ұзын өмірінде əрбір атқан таңмен Сүйінбай рухына мінəжат етіп, ол менің пірім еді дегенді 
жалпыға жария қылды: 
Менің пірім — Сүйінбай, 
Сөз сөйлемен сиынбай! 
Сырлы сұлу сөздері – 
Маған тартқан сыйындай. 
Сүйінбай деп сөйлесем, 
Сөз келеді бұрқырап, 
Қара дауыл құйындай. 
 
Əдетте  Сүйінбай  ақын  жөнінде  айтқанда  оның  ұлы  шəкірті — Жамбылдың  осы  сөзін  еске 
аламыз. 
Сүйінбай  Аронұлының  көзін  көрген  замандастары,  ұлағатын  ұққан  шəкірт-інілері  оның 
алмастың  жүзіндей  өткір  де  өршіл,  арынды  да  ақылды,  бұлақ  суындай  мөлдір  ақпа-төкпе  өлең, 
толғау,  жырларына  тəнті  болысқан.  Соның  бір  айдай  айғағы,  Жалайыр  елінің  атақты  ақыны 
Бақтыбайдың  Сүйінбайды  «өлеңнің  ұлы  дария  мұхитысыз»  деп  бағалауына  біз  де  ден  қойып, 
Сүйінбай — жырдың пырағы дейміз. 

Каренов Р.С . 
72 
Вестник Карагандинского университета 
Бір  дəуірдің  көзі,  іргелі  бір  ақындық  мектептің  көшбасшысы  Сүйінбай  Аронұлының  ғажап 
ақындық  жəне  азаматтық  бейнесі  теңіз  бетінде  жүзіп  жүрген  таудың  суретіндей  тарихта  мəңгілік 
сақталатынына күмəн жоқ! 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Аронұлы С. Ақиық. Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар. — Алматы: Жазушы, 1976. — 140-б. 
2.  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 928-б. 
3.  Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек: Зерттеу. — Алматы: Жазушы, 1992. — 76-б. 
4.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары. — Алматы: Ғылым, 1988. — 352-б. 
5.  Садырбайұлы С. Өлең сөздің жарық жұлдызы // Жұлдыз. — 2008. — № 12. — 268, 269-б. 
6.  Жолдасбек М. Аңыздар арасында: Кинохикаят // Жұлдыз. — 1996. — № 2. — 19-б. 
7.  Садырбаев С. Алтын діңгек // Егемен Қазақстан. — 2005. — 10 қырк. — 4-б. 
8.  Əбілдаұлы Б. Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы // Қазақ əдебиеті. — 2001. — 5 қазан. — 6,7-б. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 821.512.122:82-1 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет