№3(63)/2011 Серия филология



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/12
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың көркемдік танымы 
Сейілхан А.Қ. 
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен 
В  статье  осуществлен  анализ  языковой  картины  мира  в  мировидении  казахского  народа.  В  основе 
концепции  автора  лежит  мысль  о  том,  что  каждый  этнос  характеризуется  своеобразием  восприятия 
мира, отображаемым в языке. 
This article is devoted to the linguistic world image in the outlook of the Kazakh people. Basic element of the 
human beings world outlook is the image of the world. The image of the world in every ethnic group has its 
own representation. It is closely related to the geographical, ethnographic, cultural-linguistic essence of every 
nation. 
 
Тіл таным негізінде түзілген əлем туралы біліммен, оның адам санасындағы көрінісімен тығыз 
байланысты.  Тіл  арқылы  көріністен  сана  қалыптасады.  Тіл  мен  сана  арасындағы  сабақтастықты 
ғалым  А.Байтұрсынұлы: «Сөз  өнері  адам  санасының  үш  негізіне  тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 
3) көңілге. Ақыл ісі — аңдау, яғни нəрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — 
меңзеу, яғни ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп 
ойлау; көңіл ісі — түю, талғау. Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін 
меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бəріне  жұмсай  білетін  адамы 
табылса,  тіл  шама-қадарынша  жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табылуы  қиын.  Ойын 
ойлаған  қалпында,  қиялын  меңзеген  түрінде,  көңілдің  түйгенін  түйген  күйінде  тілмен  айтып, 
басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек», — деп жазады [1]. 
Расында  да,  адамды  тілінен  тыс  сипаттау  мүмкін  емес.  Тілдің  мəні  мен  өзіндік  ерекшеліктері 
адам  жəне  оның  əлемге  құралы  ретінде  қызмет  етеді.  Адам  баласы  тілді  меңгермей  тұрып,  өз 
денгейінде ғаламмен танысады, сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсінеді, 
ғалам  туралы  ақпараттарды  санасына  жинақтайды,  құбылыстардың  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын  анықтайды,  ойша  таразылайды.  Уакыт  өткен  сайын  алдынғы  мəліметтер  жаңа 

Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
29 
ақпараттар  жүйесімен  толығып,  санада  ғаламдық  бейненің  қалыптасуына  түрткі  болады.  Осы 
құбылыстың  адам  тіліндегі  бейнесі  туралы  ойлар  неміс  ғалымы  Л.Вейсгербер  еңбектерінде 
қарастырылған.  Автор  ғаламның  тілдік  бейнесі  халықтың  ғаламды  танып-түйсіну  тəсілі  жəне  болмыс 
туралы білімнің кодталу жолы арқылы түзіледі деп көрсетеді. 
Адам дүниетанымының басты элементі — ғалам бейнесі. Онда адамның дүниені тануының негізгі 
көріністері жинақталған. «Ғаламның  тілдік  бейнесі»  күрделі  ұғымдық  құрылым  болғандықтан,  оның 
болмысын  əр  зерттеуші  өзіндік  баға  береді.  Бұл  жерде  «Дүниенің  суреті»  адам  санасында 
эволюциялық жолмен дамып, шыңдалып келе жатқан тілдік категория екенін ескереміз. «Ғаламның 
тілдік  бейнесінің»  шығу  тарихы  ежелгі  философтар  еңбектерінен  бастау  алады.  Тіл  жəне  ойлаудың 
өзара қатынасы қарастырылған кезде сөздер, олардың мағыналары адам тілінде бөлек түсінік, өзіндік 
танымдық  əлем  құрайды.  Дерексіз,  деректі  ұғымдар  бірлесіп  келіп,  индивид  тіліндегі  қоршаған 
ортаға,  өз  ұлтына  деген  көзқарасын  білдіреді.  Сигналдық  жүйе  адамға  əсер  еткенде  қоршаған 
ортаның,  оның  заттары  жəне  құбылыстарының  ең  елеулі  белгілері  сақталып,  дерексізденіп  мағына 
құрылымының  ерекше  бөлігіне  айналып  бекиді.  Мағыналар  ірілі-ұсақты  жүйешелерден  тұратын 
өзіндік  қойма  іспетті  əлем  түзеді,  бұның  шығар  бастауы — қоршаған  əлем.  Бұл ой турасында тілші 
А.Ислам: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі жəне ол адам санасында көрініс табады. 
Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл — ойдың бейнелеу қызметінің нəтижесін 
бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл — жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат 
бірдей  болса,  таным  қызметі  де,  оның  механизмдері  де  ортақ  құбылыс  екені  де  мəлім.  Қандай  да  тіл 
өзіндік  тілдік  құрылымы  жəне  тілдік  үлгілері  жағынан  əр  түрлі  болғанымен,  тілдік  болмысты  түсінуге 
келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады», — деп көрсеткен [2]. 
Орыс  тіл  білімінде  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  мəселесі  кешенді  зерттеліп  келеді.  Əсіресе 
Ю.Н.Караулов,  В.А.Маслова,  Ю.Д.Апресян,  Н.В.Уфимцева,  В.И.Постовалова,  Е.С.Кубрякова, 
Г.В.Колшанский,  С.А.Васильева,  Н.И.Сукаленко,  Г.А.Грутян  сынды  ғалымдардың  еңбектерінде 
кеңінен  қарастырылуда.  Осы  ретте  ғалым  Г.В.Колшанский  ғаламның  тілдік  бейнесіне  мынадай 
анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, əр түрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мəдени 
жəне  басқа  да  факторлар  ықпалымен  біртұтас  обьективті  əлем  шеңберінде  жүзеге  асқан  танымдық 
қызметінің  көрінісі», — деп  сипатталады [3].
 
Қоршаған  орта,  шындық  болмыс — адамның  əлемді 
тануы, яғни таным — тіл — ойлау — ғаламның тілдік бейнесі. 
Тілші-ғалым  В.А.Маслова  ғаламның  тілдік  бейнесі  туралы  мынадай  теориялық  тұжырымға 
тоқталған: «Термин  «языковая  картина  мира» — это  не  более  чем  метафора,  ибо  в  реальности 
специфические  особенности  национального  языка,  в  которых  зафиксирован  уникальный 
общественно-исторический  опыт  определенной  национальной  общности  людей,  создают  для 
носителей  этого  языка  не  какую-то  иную,  неповторимую  картину  мира,  отличную  от  объективно 
существующей,  а  лишь  специфическую  окраску  этого  мира,  обусловленную  национальной 
значимостью  предметов,  явлений,  процессов,  избирательным  отношением  к  ним,  которое 
порождается спецификой деятельности, образа жизни и национальной культуры данного народа» [4]. 
Ғаламның  тілдік  бейнесі  əр  тілде  түрліше  көрініс  табады.  Себебі  индивид  сол  тілдің 
семантикалық  базасында  тілді  меңгереді.  Осы  кезде  тілдегі  мəдени  құндылықтар  сөздердің  мəні 
арқылы  ұлттық  мінез  бен  ұлттық  менталитетті  қалыптастырады  десек,  тілші-ғалым  Г.Смағұлова 
айтылған жайт турасында: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз 
ұлтының  бүкіл  бітім-болмысы,  өмірлік  тəжірибесін,  дəстүрлерін  меңгеру,  сіңіру  арқылы  ол  да  аз 
тарапынан  ұжымдық  мəдениетке  үлесін  қосады.  Осындай  ерекшеліктер  арқылы  тұлға  ретінде  ұлт 
өкілі боп сақталады», — деп көрсеткен [5]. 
Адам  қашанда  əлемді  танып,  ондағы  өз  орнын  айқындауға  талаптанады.  Ғалам  бейнесінің  адам 
өмірімен  біртұтастығын  тілші  О.Жұбаева: «Ғаламның  тілдік  бейнесі  негізінен  субъективті  сипатта, 
себебі  онда  нақты  бір  адамның  көзқарасы,  дүниетанымы  көрінеді.  Ол  атадан  балаға  берілетін 
категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданылып отырады. Адам өзіне 
дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномəдени қауымдастықтың өмір тəжірибелерін де 
қабылдайды», — деп тұжырымдаған [6]. 
Əр  халықтың  тарихи,  жағрафиялық,  мəдени  жəне  басқа  да  факторлар  ықпалымен  біртұтас 
объективті  əлем  шеңберінде  жүзеге  асқан  танымдық  қызметінің  көрінісі  қазақтың  дəстүрлі 
мəдениетінің  кепілі  деуге  болады.  Халқымыз  көркемдік  танымның  негізін  дүниедегі  сұлулық  пен 
əсемдіктен таныған. Осы ойымызды ғалым Ш.Əлібеков былайша толықтырады: «Қазақ халқының өнер 

Сейілхан А.Қ. 
30 
Вестник Карагандинского университета 
тарихында  эстетика  ғылымы  туа  қойды  демесек  те,  сұлулық  пен  өнер  жайлы  пайымдаулардың 
болғаны хақ» [7]. 
Қазақтың көркемдік əлемі туралы ғалым К.Қазыханова: «Наиболее наглядно эстетическая оценка 
действительности  проступает  в  художественном  творчестве  народа, в  его  представлении  о  прекрас-
ном. Из всех эстетических категорий наибольшее развитие в художественном творчестве казахов по-
лучила категория прекрасного. Прекрасными в представлении казахов того периода были все краси-
вые, изящные объекты как природы, так и общества», — деп көрсетеді [8]. 
Автор халықтың  эстетикалық  талғамы  көркемдік  қол  өнерінде  сақталып,  табиғатпен  үндес  деп 
бағалаған. 
Асылында,  өмірді  əсемдік  арқылы  танудың  бір  жолы — асыл  сөздің  астарында.  Сөз  арқылы 
адамзат  дүниені  танып,  рухани  лəззатқа  бөленеді,  яғни  тіл — сұлулық  сезімін  адам  бойына 
дарытатын қасиетімен де бағалы деуге болады. Осы ой жайында ғалым В. фон Гумбольдт«... язык усили-
вает наши впечатления от красоты в природе, еще и не зависимо от этих впечатлений воздействуя со 
своей стороны одной лишь мелодией речи на нашу душевную настроенность», — деп көрсетеді [9]. 
Əлемдік  өркениет  кеңістігіндегі  жаһандану  үрдісіне  сай  тіл  біліміндегі  зерттеулер  бағытының 
кешенді де интеграциялық сипаты тіл мен мəдениет сабақтастығының мəнін кешенді түрде анықтап 
отыр.  Оның  нақты  көрінісін — «ғаламның  тілдік  бейнесінен»  танимыз.  Əр  тілдегі  ғалам  бейнесі 
адамның  əлемге  көзқарасымен  байланыста  қалыптасса,  екіншіден,  мəдениеті  орныққан  əр  тілдегі 
əлем моделіне қоғамдағы ұлттық «əлем бейнесі» жалғасады деуге болады. 
Кез  келген  ұлт  өзінің  əлемге  деген  көзқарасын,  дүниетанымын,  өзіндік  «əлем  бейнесін»  тілдің 
қызметі арқылы  қалыптастырып, өз  əлемін  өмір  сүру  дағдысы, дүниетанымы, мінез-құлқына  сай  өз 
ерекшелігімен  «əлем  картинасын»  өзгеше  қалыптастырады.  Осы  ретте  қазақтың  кең  даласы — 
мəдениет  пен  тіл  бірлігі,  əдет-ғұрып,  салт-сана  тұтастығының  негізі  десек,  соның  бір  белесі — 
қазақтың көшпелі мəдениетінен көрінеді. 
Тiл бiлiмiнде қазақ этносының таным-парасатын‚ дүниетанымы мен мəдениетiн тiл арқылы тану 
—  ең  маңызды  мəселелердiң  бiрi. «Əрбір  этноста  мəдениет  элементінің  сыртқы  көрінісі  мен  «ішкі» 
мазмұнында  ерекшелік  бар.  Мағынасына  байланысты  барлық  мəдени  құбылыстар  өзіндік 
екіжақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар [10;7]. 
Халық  өміріндегі  əсемдіктің  барша  көріністерін  қазақтың  көш  салтанатынан  көреміз. 
Көшпенділер  (қазақ)  өмірінің  əсемдік  əлемі  табиғатпен  біте  қайнасқан.  Ал,  табиғат  пен  адам 
арасындағы  қатынас  ғасырлар  бойы  көшпенді  халықтың  мəдениетіне  арқау  болып,  олардың  өмір 
салты  мен  ұлттық  ерекшелігін  танытып  келеді.  Қазақ  халқының  көшіп-қонудағы  ел  тіршілігінің 
қарбалас  сəті  мен  оның  қызығы  туралы  шетел  саяхатшыларының  жазба  естеліктерінде  сақталған. 
Мəселен,  поляк  саяхатшысы  Б.Залесский «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде көш əсемдігін өте қызықты 
деректермен  келтірген: «Жабырқау  жатқанына  қарамай,  осынау  өлкенің  өз  сұлулығы  бар.  Құдай  өзі 
жаратқан əр түкпірге əр түрлі əдемілікті еншілеп беруді əсте ұмытпайды. Еуропалық тіршілікті еске 
салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тəлкегі қуалап Батыстан келген адамды осынау сұлулықтың 
өзі-ақ  тəнті  етер  еді...  Бұл  бір  ғажап  көрініс:  олар  көш  кезінде  жасана  киінеді,  ең  əдемі  киімдер, 
əсіресе байлардың алтын зерлі шапандарын осы кезде көруге болады. Дала кемесі — түйеге мінген 
қазақтардың  ырғаң-ырғаң  жүрісін  теңіздің  кемені  шайқауына  балауға  болады.  Үйдің  ең  қымбатты 
қазынасы  салынған  дүние-мүліктер  түгелдей  түйеге  артылады.  Кедей-кепшіктің  малдарды  айдаған 
үндері,  иттердің  бір-бірімен  таласып  ырылдасқандары — бəрі-бəрі  қосылып,  көш  думанын  арттыра 
түседі» [11, 12; 27]. Қисса-дастандарда көшпеліктің сипаты: 
Көш сəулетін қараса, 
Сексен түйе қомдаған, 
Сексен түйе үстінде, 
Алтынды жағдан орнаған, 
Асфаһани кілем бар 
Жібектен гүлін торлаған... — 
деп жырланады. 
Тіларалық  көпір  ретінде  қызмет  еткенде  ғана,  тілдегі  ғалам  бейнесі  мен  қоршаған  ортадағы 
заттар  мен  құбылыстар  бейнесі  бір-бірімен  байланыста,  адам  арқылы,  оның  ішінде  тіл  арқылы 
айқындық  дəрежесіне  түседі.  Осыдан  ғаламның  тілдік  бейнесінің  өзіндік  тарихи-қоғамдық 
тəжірибесін, ұлттық құндылықтардың мəдени-этникалық болмысын, рухани құндылықтардың орнын 
байқауға болады. 

Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
31 
Осы ретте көш бойындағы əдемі құбылысты көш жүктерін артқан жануарлардың əбзелдерінен де көреміз. 
Көш  түйесін  сəндеуді  тілімізде  «комдау»  деп  атайды.  Қом — түйенің  өркешінен  төмен  қарай 
жайылатын майлы қыртыс (КТТС). Көш түйесін қомдау — казақ тұрмысындағы əсем көріністердің 
бірі. Қомның өзіне түрлі-түсті тоқылған кілемдерді пайдаланған. 
Табиғатпен жарасым тапқан қазақ халқының көшпелік өмірі туралы этнограф-ғалым Ө.Жəнібек 
«Уақыт  керуені»  еңбегінде: «Маусымдық  жайылымдарға  көшіп-қону  қожалық  етудің  дала 
жағдайындағы  тиімді  түрі  болған.  Жолдың  қиындығына  қарамастан,  жазғы  көш  малшы  қауым 
өмірінің ең бір қызғылықты кезеңі болған. Мал шүйгін шөпке семіріп, қоңданатын да, жұрт марқаға 
тойынып,  қымыз  бен  сүт  ішіп,  ашық  аспан  астында,  кəусар  ауада  бірнеше  ай  қамсыз-мұңсыз  өмір 
сүруге  мүмкіндік  алатын.  Жазғы  жайлау — құда  түсіп,  қыз  ұзату,  əн-жыр  əуелеп  төгілетін  ойын-
сауық  маусымы  болған.  Сондықтан  да  саржаздың  сəн-салтанатты  көші  əн-жырға  қосылып, 
тұрмыстық-салттық дастандарда майын тамыза жырланған», — деп жазады [10; 35]. 
Көш  əсемдігін  арттыратын,  халқымыздың  əсемдіктегі  танымын  əшкерелей  түсетін  тағы  бір 
бұйым бар. Ол «көш сырмақ» деп аталады, яғни көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сəндік 
үшін  жабылатын  сырмақ. «Көш  сырмақтар  көлемі 3–4 метрдей  көлемде  көштің  сəнін  арттыру 
мақсатымен  арнайы  жасалып,  əдемілігі  жағынан  кілемнен  кем  түспеген.  Оны  күнделікті  төсеніш 
ретінде  пайдаланбаған,  тек  қажетті  жағдайда  ғана  төрге  «бір  салар»  бұйым  ретінде  қолданған» 
[12; 18]. 
Қазақ  этносының  ғаламның  тілдік  бейнесіндегі  əсемдікке  ұмтылған  танымдық  болмысын  көш 
дəстүріндегі  бірқатар  салттардан  тануға  болады.  Бұл  құбылыс  қыз  ұзату  салтымен  байланысты. 
Қыздың  жасау-жабдығын  артқан  көшті  ата-бабаларымыз  «қыз  көші»  деп  атаған.  Қыз  ауылынан  бір 
көш жер шыққанан кейін атаулы көш «келіншек көші» деп аталған. Келіншек көшінің келе жатқанын 
білетін  жолдағы  ауыл  қыз-келіншектері,  жастары  оны  тоқтатып  «түйемұрындық»  кəдесін  алып, 
батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады. 
Халық танымында қазақтың қыз ұзатудан басқа жаңа туған нəрестеге ат қою салтында да өзіндік 
ырымдар  мен  əдет-ғұрыптардың  сақталғанын  байқаймыз.  Сол  есімдердің  бірі  көш  салтымен 
байланысқан,  ұлттық  мазмұны  бар  адам  есімдері.  Жаңа  қонысқа  жеткенге  дейін  көш  бойы  дүниеге 
келген балаға атам қазақ Көшежан, Көшер, Көшбасар, Көшбике, Көшімбек, Көшім, Көшімбай сынды 
есімдерді қойған. 
Ғаламның  тілдік  бейнесі — əмбебап  бірлік  ретінде,  тілдік  тұлғаға  тəн  барлық  қасиеттердің 
айқын суреті ретінде, тілдік тұлға ретінде өмір сүретін категория. Бұған субъектінің қоршаған ортаға 
деген бағалаушылық позициясы да енеді, ол өз кезегінде қоршаған орта, ұлттық салт-дəстүрлер, əдет-
ғұрыптар  т.б.  тілдік  тұлғада  бағаланған  түрге  еніп  бейнеленеді.  Ол  адам  тіліндегі  ойлаудың, 
танымның,  рухани  болмыс-бітімінің,  мəдениеттік  құндылықтары  барлық  деңгей  мен  дəрежесін 
көрсетеді.
 
Қорыта  келгенде,  ғалам  бейнесі  адам  санасында  тұтас  күйінде  қайталанып  өмір  сүреді.  Оны 
жүзеге  асыратын,  объективтендіретін  форма  да — тіл.  Ол  арқылы  адам  баласының  тілі  «адам — 
əлем» қатынасының нəтижесінде жалпы адамзат атаулыға ортақ əлемдік бейне, яғни «тіл — ойлау» 
бірлігінің көрінісімен сипатталады. Яғни ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. 
Əлемнің  тілдік  бейнесі  арқылы  ғасырлар  бойында  өзіндік  дүниетанымымен  дараланған  қазақ 
халқының ғажап болмысының талай сыры əлі де індете зерттеуді қажет етеді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Байтұрсынұлы  А.  Ақ  жол:  өлеңдер  мен  тəржімелер,  публицистикалық  мақалалар  жəне  əдеби  зерттеу / Құраст. 
Р.Нұрғалиев. — Алматы: Жалын, 1991. — 343-б. 
2.  Ислам А. Ұлттық мəдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Филол. ғыл. д-ры ... дис. автореф. — Алматы, 2004. — 
13-б. 
3.  Колшанский В.Г. Объективная КМ в познании и языке. — М., 1990. — С. 31. 
4.  Маслова В.А. Лингвокультурология. — М.: Академия, 2001. — С. 66. 
5.  Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері. — Алматы: Ғылым, 1998. — С. 145. 
6.  Жұбаева  О.Қ.  Кемеңгерұлының  тілтанымдық  мұрасы  мен  лингвистикалық  тұжырымдамалары:  Филол.  ғыл.  канд. ... 
дис. автореф. — Алматы, 2004. — 13-б. 
7.  Əлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы: Филол. ғыл. канд. дис. — Алматы, 1992. — 8-б. 
8.  Казыханова Б.Р. Эстетическая культура казахского народа. — Алма-Ата: Казахстан, 1973. — С. 63. 

Сейілхан А.Қ. 
32 
Вестник Карагандинского университета 
9.  Гумбольдт В. Язык и философия культуры. — М., 1985. — С. 81. 
10.  Жəнібек Ө. Уақыт керуені. — Алматы: Жазушы, 1992. — 192 б. 
11.  Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат. — Алматы: Өнер,1991. — 132 б. 
12.  Əлімжанова  А.  Қазақ  тіліндегі  əйел  қолөнеріне  байланысты  халықтық  лексиканың  этнолингвистикалық  сипаты: 
Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 2008. — 30 б. 

Серия «Филология». № 3(63)/2011 
33 
ƏДЕБИЕТТАНУ  ЖƏНЕ  ФОЛЬКЛОРТАНУ   
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ  И  ФОЛЬКЛОРИСТИКА 
ƏОЖ 82–95:821.512.122 
1940–50-жылдары əдеби мұраны игерудегі ізденістер 
Жұмагелдин Ж.Ш. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Автор  рассматривает  вопрос  о  влиянии  тоталитарной  традиции  на  казахскую  литературу 1940–50-х 
годов с современных исследовательских позиций и научных подходов. Анализируется вклад научно-
практической  конференции,  проводимой  Институтом  языка  и  литературы 15–19 июня 1959 г.  в 
г. Алма-Ате,  в  литературоведческую  науку  по  проблеме  освоения  литературного  наследия.  В  статье 
поднимается вопрос актуальности проблем, обсуждаемых на научных конференциях. 
The article is devoted to the question of influence of totalitarian tradition on the Kazakh literature of 1940–
50th years from modern research positions and scientific approaches in which have found reflection modern 
scientific researches. The rule of scientific-practical conference in literature science, which be sent by the In-
stitute of language and literature for 15–19 June 1959 year about problem of comparing of literature reach. 
The decribing actuality of problems, which have asked on scientific conference is the aim of this article. 
 
1940–50-жылдары  қазақ  əдебиеттану  ғылымы  маркстік-лениндік  əдіснама  қағидалары  мен 
кеңестік идеология қыспағында болса да, əдебиетіміздің тарихын, теориясын, фольклорын зерттеуде, 
əдеби көркем сынын қалыптастыруда жетістіктерге жетті. 
Əдеби  мұраны  ғылыми  тұрғыда  игерудегі  ғылыми-зерттеушілік  ой-пікір  ХХ  ғасыр  басынан 
бастап əдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, əдеби сынды тудыруда ғылымдық жəне эстетикалық 
биіктіктерге ұмтылды. 20-жылдары əдеби мұра керек пе, жоқ па деген мəселеде пролеткультшылдық 
нигилизмге қарсы күресе отырып, əдеби мұраны игеруде «бірыңғай ағым теориясының» оң бағытын 
пайдаланып,  оны  жинау,  жариялау,  ғылыми  тұрғыда  бағалау,  дəуір  талабына  сай  пайдалану, 
творчестволық  үйрену  секілді  өзекті  проблемаларды  шешіп  алды.  Ал 30-жылдары  «тұрпайы 
социологизм»  теориясының  ықпалындағы  қателіктерге  ұшырай  отырса  да,  қазақ  əдебиетінің  сан 
ғасырлық  даму  жолын  тарихи  тұрғыдан  тану,  зерттеу  жəне  дəуірге  бөлу  секілді  келелі  мəселелерге 
батыл  бара  білді.  Сонымен  қатар  осы  уақыт  аралығы  қазақ  əдебиеттану  ғылымы  үшін  ғылыми-
зерттеу əдіснамасын меңгеру, идеялық, шығармашылық принциптерді игеру кезеңі де болды. Ұлттық 
əдебиеттану ғылымының туу дəуіріне тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар 
мен  орны  толмас  қателіктерге  толы  кезең  еді.  Халық  ағарту  ісінің  жолға  қойылуы,  мəдениет 
орындарының  ашылуы,  баспасөздің  өркен  жаюы,  зерттеу  институттарының  ашылуы  т.б.  əдеби-
мəдени  іс-шаралар  əдеби  мұраны  игеруге  қолайлы  жағдай  туғызғанымен,  қызыл  империяның 
құрылғаннан  бастап  қолға  алған  қанды  қырғыны,  ұлт  саясатының  бұрмалануы,  жеке  басқа 
табынушылық, маркстік-лениндік əдіснаманың тапшылдық, партиялылық қағидалары кері əсер етті. 
Атап  айтқанда, «ұлтшылдық-алашшылдарға»  қарсы  күрес  қазақ  əдебиеттануының  ізашарларын, 37-
жыл  зұлматы  тəжірибесі  қалыптасып  қалған  əдебиетші-ғалым  мамандарды,  бүкіл  ұлт  зиялыларын 
түгелге  жуық  жазықсыз  жазалап,  қуғын-сүргінге  ұшыратты,  ғылыми  жұмыспен  еркін  шұғылдануға 
мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, орны толмас құрбандықтарға бара отырса 
да қазақ əдебиеттану ғылымы соғысқа дейінгі 1900–40-жылдар аралығында туу дəуірін аяқтады. 
Кеңестік  идеология  мен  маркстік-лениндік  əдіснама  қағидалары  құрсауына  ұшыраған  қазақ 
əдебиеттануы 40-жылдары  бұрынғы  ізденістерін  жалғастыра  отырып,  біршама  жетістікке  қол 
жеткізді.  Қазақ  əдебиет  тарихын  дəуірлеуде,  жеке  ақын-жазушылар  шығармашылығын 

Жұмагелдин Ж.Ш. 
34 
Вестник Карагандинского университета 
монографиялық  тұрғыда  зерттеуде  əдебиет  теориясының  мəселелерінде  көңіл  аударарлық  соны 
қадамдар  жасады.  Бірақ  партиялық  қаулы-қарарлар  ұлттық  мүддеге  сай  бағыт  алған  ғылыми-
зерттеушілік  ой-пікірге  тағы  да  тоқтау  салды,  көрнекті  əдебиетші-ғалымдарды  қуғынға  ұшыратты. 
50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен 
бұрмалаушылықтарды  түзете  бастағанымен,  қазақ  əдебиеттануының  ұлттық  мақсат-мүддеге  сай 
ізденістер  жасауына  еш  мүмкіндік  бермеді.  Маркстік-лениндік  əдіснаманың  əдебиеттің  таптығы, 
халықтығы,  партиялығы  қағидалары,  оның  «тұрпайы  социологизмді»  ұтымды  пайдаланып  отырған 
саясаты, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады. Əйтсе 
де кеңестік дəуірдегі əдебиетті тексерудегі зерттеулер мен монографиялардың көбеюі, қазақ əдебиеті 
тарихының  көп  томдығының  шығуы,  əдебиет  теориясы  мен  əдебиет  сынының  зерттеу  нысанасына 
алынуы,  төңкерістен  бұрынғы  əдебиет  тарихының  ежелгі  дəуірден  бері  зерттеле  бастауы,  тағы  да 
басқа өзекті де көкейкесті мəселелерді шешіп алуы, қазақ əдебиеттануының қалыптасу дəуірінде қол 
жеткізген  табыстары  болды [1; 45]. Ұлт  əдебиеті  тарихындағы  «ақтаңдақтарды»  жоюға  дейінгі 
жетістікке жетуі қалыптасу дəуірі үшін аз табыс емес еді. Біз мұны маркстік-лениндік əдіснама мен 
тоқырау заманындағы идеологиялық қатал бақылауда болғандығын ескере отырып айтып отырмыз. 
Əдеби мұра, оның ішінде халық ауыз əдебиеті туралы əр түрлі пікірлер мен көзқарастарды бір 
арнаға салу 1924 жылғы қазақ білімпаздары бірінші съезінің күн тəртібіндегі өзекті мəселелердің бірі 
болған  еді.  Съезде 1917–1924 жылдар  аралығында  халық  шығармашылығының  үлгілерін  жинау, 
жариялау жұмыстары қорытындылана келе, оның алдағы уақыттағы қызметіне бағыт-бағдар берілді. 
«Халық  ауыз  əдебиетін  қалай,  қайтып  жəне  кімдер  жинау  керек?»  деген  мəселелермен  қоса,  жаңа 
дəуірдегі  қазақ  фольклорының  да  шығармаларын  жинау,  оларды  басып  шығару,  жеке  халық 
ақындарының  өлеңдер  жинағын  шығару  сияқты  проблемалық  мəселелер  терең  сөз  болды.  Съезге 
жиналғандардың  «бірыңғай  ағым  теориясы»  мен  «тұрпайы  социологизм»  бағытындағы  көзқарасты 
жақтаушылар болып екіге бөлінуі əдеби мұра туралы айтыс-тартысты ерекше күшейте түсті. Мəдени 
мұраға ғылыми тұрғыдан қарау бұрмаланып, қазақтың халық ауыз əдебиетінің үлгілерін жинауды бір 
жүйеге  салу  туралы  шешім  тұжырымдалмай  қалды.  Алайда  съездің  əдеби  мұра  жөніндегі 
көзқарастағы  бір  қателікке,  яғни  «халық  ауыз  əдебиеті  құриды,  жаңа  дəуірде  оның  дамуына  ешбір 
мүмкіндік жоқ» деген пікірге қатты тойтарыс берілді. 
Съезде  сөйлеген  Х.Досмұхамедов,  Н.Төреқұлов,  тағы  басқалар  сөздерінде
 
ауыз  əдебиеті 
үлгілерін  жинау  ісімен  қатар,  оны  ғылыми  тұрғыдан  талдау,  жариялау,  тексеру  жайы  да  əңгіме 
болды.  Халық  шығармаларын  жинаушыларға  арналған  үлгі-нұсқа  кітаптар  жазу,  жаппай 
жинаушылыққа  тежеу  қоймай,  осы  игі  іспен  арнаулы  маман  адамдар  шұғылдануы,  қоғамдық  жəне 
мəдениет  ұйымдары  жетекшілік, қамқорлық  көрсету  қажеттігі  терең əңгімеленіп, қазақ  əдебиеттану 
ғылымының  тууына  себепші  болған  үлкен  бір  міндет  анықталды.  Ол  фольклорлық  мұраны  жинау, 
жариялау,  кітап  етіп  шығаруды  жүйелі  арнаға  салу  арқылы  əдебиеттану  ғылымында  халық 
творчествосын  əдеби-теориялық  ғылыми  тексеру,  зерттеу  жұмысын  жүргізу  үшін  база  жасап  беру 
міндеті еді. 
Əдеби-мəдени  мұраны  жинау,  жариялау  үлкен  білімділікті,  ғылыми  дəлдікті,  қажымас 
еңбекшілікті талап ететінін ескерсек, халық əдебиеті үлгілерінің бай қорын жасау жұмысы ғылыми-
эстетикалық  қажеттілікке  айналды.  Осының  нəтижесінде  əдеби  мұра  туралы  ғылыми-зерттеушілік 
көзқараспен  пікір  айту  мəнді  арнаға  бағыт  алды.  Əдеби-тарихи  сипаттағы  ой-пікір  ұштала  түсіп, 
ұлттық  əдебиеттің  тарихын  зерттеу  проблемасы  дəуір  талабы  алға  тартқан  көркемдік  міндеттермен 
іштей бірлік табуға ұмтылды. Жаңа мəн, өзгеше сипат алып дами бастады. 
1920-жылдардың  аяғы — 30-жылдардың  басында  халық  əдебиетін  жинау,  жариялау,  зерттеу 
мақсатындағы С.Сейфулиннің, С.Мұқановтың, А.Байтасовтың, Ə.Тəжібаевтың, Ж.Т.Тілепбергеновтің 
т.б  ғалымдардың  мақалалары  жарық  көрді.  Осы  кезендегі  жинаушылық  сипаттың  басым  болуына 
байланысты  бұл  мақалалар  халықтың  ескі  əдебиет  мұраларын  халықтың  игілігіне  жарату,  рухани 
байлығына  айналдыру  міндеттерін  көтере  отырып,  ол  үшін  көп  болып  кірісуге  шақырды.  Дəуір 
талабына  сай  үн  қосып,  əдеби  мұраны  шығаруға  атсалысқан  бірталай  үлгілерді  жариялаған, 
мақалалар  жазған  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытовтардың  көзқарастары  идеологиялық 
күрес барысында дұрыс сараланбай айтыс-тартыс туғызды. «Ұлтшылдардың мақалаларында əрқашан 
«бірыңғай  ағым  теориясының»  жүйесі  жатады»  деген  қате  пікірлердің  орын  алуы  нигилистік 
көзқарасты  шамадан  тыс  күшейтіп  жіберді.  С.Мұқановтың 1927 жылы  «Менің  қорытынды  пікірім» 
атты мақаласына сол кездегі ұлтшылдыққа қарсы күрес лейтмотиві арқау болып, Абай творчествосы 
жəне  халық  əдебиеті  туралы  да  өзінің  бұрынғы  айтқан  пікірлеріне  қарама-қайшы  шықты. 

1940–50-жылдары əдеби мұраны игерудегі … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
35 
Фольклорлық  шығармаларға  нигилистік  пікірде  қарап, «кімнен  үлгі  аламыз»  деген  мəселеде 
«ұлтшылдар»  жинап-насихаттап  отырғандықтан, «халық  əдебиеті  бізге  жат,  одан  үлгі  алар  ештеңе 
жоқ»
 
деп  тарихи  сабақтастық  пен  дəстүрлікті  жоққа  шығарады.  Нигилистік  көзқарастың  өрістеуіне 
тек  қана  пролеткультшылдық  пен  əсіре  солақайшылдық  əсер  етіп  қойған  жоқ.  Сонымен  қатар 
«ұлтшыл»деп танылған ақын-жазушылардың əдеби-мұраны игеруде жүргізген жұмыстары қатты əсер 
етті. 
Жаңа  дəуірдің  əдебиетін  тудыру  мəселесі, оның  идеялық-творчестволық  бағыты  қандай  болуға 
тиіс, ол қандай көркемдік əдіспен өркендеуі керек деген проблемалар 1920-жылдардың орта шеніңде 
анық бой көрсетті. Оның сөз болуы, бір жағынан, фольклорлық мұраға да қатысты болды. 
«Кімнен  үлгі  аламыз?»  деген  кезеңдік  сауалға  жауап  беру  барысында  дəстүр  мен 
жаңашылдықтың  тарихи  сабақтастығы  кең  сөз  болды.  Оларда  ғылыми-зерттеушілік  сипат  жетпей 
жатқанымен,  мəдени  мұра  туралы  лениндік  қағиданың  ықпалында  айтылғанымен,  фольклорлық 
үлгілер  мен  атақты  ақын-жыраулардың  классикалық  мұрасын  əділ  бағалау,  одан  үлгі  алу,  үйрену 
жолын насихаттау саласында бірталай ізденістер болды. 
Сөзіміз  дəлелді  болуы  үшін  белгілі  қоғам  жəне  ұлт  қайраткері,  сыншы,  əдебиетші 
С.Сəдуақасовтың «Əдебиет туралы» мақаласындағы əдеби мұраға деген көзқарасына тоқтала кетелік. 
Автор нигилистік бағытты сынай отырып: «Ескіден қалған мұраға біз ие боламыз ба, жоқ болмаймыз 
ба?  Бұл — үлкен  негізгі  мəселенің  бірі.  Біздің  көбіміз  (мен  біз  дегенде  коммунист  сыншыларды 
айтамын) бұл мəселеге əлі үстірт қарап жүрміз», — деп «қазақ əдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын дəуірге 
жеткен  жоқ»  деген  пікірге  қарсы  шығады.  Бұл  жөнінде  Қ.Кемеңгеров: «Ауызша  айтылып  жүрген 
халық  əдебиеті  көшпелі  шаруаның,  рулық  қоғамның  айнасы  болды.  Ұзақ  заманның  ішінде  халық 
əдебиеті кемеліне жетті», — деп білген болатын. С.Сəдуақасов осы ойды жалғастыра отырып: «Қазақ 
əдебиеті өткенінен де, қазіргі халінен де үлгі-тəжірибе ала алады, өзінен-өзі үлгі алатын дəуірге əбден 
жетті. Тегінде өзінен-өзі үлгі ала алмайтын əдебиет болуға тиіс емес. Өткенді ұмытып, өткеннің бəрін 
мансұқ  қылып  тастағанда,  жаңа  қайдан  өспекші?  Сондықтан  біз  ескі  мұрадан  жерімейміз.  Ескі 
мұраның жарайтынын аламыз, жарамайтыны қалады», — деп кең орын теуіп келе жатқан маркстік-
лениндік методологияның талаптарына сай ғылыми жаңаша тұжырым білдірді. 
Қазақ  совет  əдебиетінің  бет-бағдары  туралы  толымды  пікір  айта  бастаған  сын  мақалалар  мен 
əдеби  мұраны  игеру,  зерттеуге  байланысты  əдебиет  тарихын  жазу  проблемасын  көтере  бастаған 
ғылыми  сипаттағы  осы  мақалалардың  əдеби-теориялық  жəне  əдеби-тарихилық  талдаулар  жасауға 
ұмтылуынан қазақ əдебиеттану ғылымының туу кезеңі жалғаса түскенін байқаймыз. 
Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  даму  кезеңінде  жəне  əдеби  мұраны  игеру  мəселесінде 1959 
жылдың 15–19 маусымында Қазақстан Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институты өткізген 
ғылыми-теориялық конференцияның алар орны ерекше. 
Конференция  С.Бəйішевтің  кіріспе  сөзімен  ашылып,  негізгі  баяндамаларды  Е.Ысмайылов, 
М.Базарбаев,  Н.Смирнова,  Қ.Жұмалиев,  Ы.Дүйсенбаев,  М.Сильченко,  Б.Кенжебаев  жасады. 
Қосымша  баяндамаларды  М.Дүйсенов,  М.Қаратаев,  С.Сейітов,  Т.Сыдықов,  С.Талжанов, 
Х.Сүйіншəлиев,  З.Ахметов,  Ə.Дербісалин,  Н.Қарашевалар  сөз  алса,  жарыссөзде  бірнеше  баяндама 
тыңдалды. 
Қазақ  əдебиеті  сынының  проблемалық  мəселелерін  əдеби  мұраны  игеру,  зерттеу  арналарымен 
тығыз бірлікте алуымыздың өзіндік себептері де бар. Сын тұтас əдебиеттануда мақсат-міндетіне сай 
қордаланған  жəне  шешімін  табуды  қажет  ететін  мəселелерден  тысқары  қала  алмайды.  Əдеби 
өркендеудің  бел-белестеріндегі  көркемдік  дамудағы  дəстүр  жəне  жаңашылдық,  тарихи  сабақтастық 
тұрғысынан  айқындап  алмайынша,  сөз  өнерінің  табиғатына  тəн  үрдісті  екшеуде  қиындықтардың 
тууы  да  заңды.  Сондықтан  да  əдеби  мұра  мəселесіне  арналған  конференцияда  əдебиет  тарихында 
айрықша аталатын ақындар шығармашылығына баяндамашылардың баса назар аударуы еш таңданыс 
туғызбайды. Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев баяндамаларының өзегі ХVІІІ-
ХІХ жəне ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының мəселелері болды. 
Қ.Жұмалиев 1950–51-жылдар  басындағы  қаулы-қарарлар  зардабын  дұрыс  түсіндіріп,  оның 
негізгі себептеріне үңіледі. «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы əдебиет өкілдерінің Махамбеттен басқа бірде-
бірі  жеке  тексерілмейді.  Олардың  творчествосындағы  заңды  байланыстар  айтылмайды.  Басқалары 
сөз арасында аталады да, əдебиет тарихы деп тек бір ғана ақынды ұсынады» [2; 93]. Ал Ы.Дүйсенбаев 
ХІХ ғасыр əдебиетінің тарихына шолу жасай отырып, «көрнекті мəдениет қайраткерлерінің, егер ол 
шын мəнінде сондай болса, реакцияшыл екенсің деп тарихтан шығарып тастауға болмайды, ол ақын 
өзінің  тиісті  бағасын  алып,  белгілі  бір  көлемде  зерттелуге  тиіс»  деген  назар  аударалық  пікір 

Жұмагелдин Ж.Ш. 
36 
Вестник Карагандинского университета 
айтқанымен [2; 113], Шортанбай, Дулат, Мұрат, Кердері Əбубəкір сынды ақындар мұрасын бағалауға 
саяси өлшеммен қарауымыз керек дей отырып, пікір қайшылығына ұрынған. 
Конференцияда  Б.Кенжебаев  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  тақырыптық,  жанрлық 
бағыт-бағдарын айқындауды басты мақсат еткен. Əсіресе «қазақтың ХХ ғасыр басындағы демократ 
ақын,  жазушылары  өздерінің  революциядан  бұрынғы  шығармаларын  сыншыл-реализм  əдісімен 
жазды;  реалдық  өмірді,  халық  өмірін  көрсете  білді»  деген  пікірі  аталған  дəуір  əдебиетін  зерттеудің 
ғылыми  проблемасын  көтеруімен  құнды  болды [2; 141]. Қосымша  баяндамалар  жасаушылар  да 
əдебиет  тарихының  түйінді  жайттеріне  қатысты  мəселелерді  талқыға  салды.  Бұл  ретте 
С.Талжановтың «Шортанбай Қанайұлы», Х.Сүйіншəлиевтің «Дулат ақын мұрасынан», З.Ахметовтың 
«Ш.Бөкеевтің  творчествосын  зерттеу  туралы»  атты  баяндамалары  сол  кездегі  даулы  мəселелерді 
көтеруімен  жəне  оған  қатысты  пікір  алысуға  қозғау  салды.  Бұл  əдеби  сында  осы  күрделі  мəселе 
туралы қордаланып қалған, яғни кешелері сын өзі жоққа шығарған көптеген жеке  ақын-жазушылар 
туралы  жаңаша  сипатта  пікір  білдіруге  қадам  жасауға  əкелді.  С.Талжанов  Шортанбай 
шығармашылығын талдауға ақын өмір сүрген заман ағымы тұрғысынан  үңіледі. Патшаның отарлау 
саясатының  қазақтың  əлеуметтік  өміріне  тигізген  зардабын  ашық  айтып,  халық  мүддесін  көздеген 
ақындар  наразылығын  Шортанбай  мұрасы  арқылы  ашуда  байыпты  ой-пікір  түйеді.  Ғалым 
Шортанбайдың  шығармашылық  тұлғасын  ашуға  объективтілікпен  бара  білген.  Ақын  шеберлігіне, 
дүниетанымына  ақиқат  биігінен  үңілуі  де  соны  айқындайды.  Патшаның  отарлау  саясатына 
қарсылығын  ашық  айтып,  оның  мұрасын  əділ  бағалау  керектігіне  назар  аударады.  Мұндай  батыл 
ізденіс  Х.Сүйіншəлиевтің  Дулат  шығармашылығына  қатысты  баяндамасына  тəн.  Бірақ  ол 
конференцияға  қатысушылар  тарапынан  қолдау  таппай,  сынға  ұшырады.  Əсіресе  Дулат  ақын 
реализмін,  əлеуметтік  сарынын  байыптаулардағы  пікірлері  бүгінгі  ғылыми-зерттеушілік  бағыттағы 
ізденістермен үндесіп жатқанын ашық айту қажет. 
Өз кезегінде З.Ахметов Шəңгерей Бөкеев шығармашылығына талдау жасап, ақынның көркемдік 
ізденісін, сөз өнеріне тəн ерекшелікті терең ашып көрсетеді. Ақын поэзиясындағы қайшылықты айта 
отырып,  оның  поэзиясының  көркемдік  сипатын  теориялық  негізде  саралайды. «Шəңгерей  сыршыл 
лириканы,  суреттеу  бейнелеу  тəсілін  дамыта  түсті»  деген  байламы  ақынның  шығармашылық 
даралығын  байыптауымен  құнды [2; 213]. Міне,  əдеби  мұраны  ғылыми  негізді  игеру,  зерттеу 
мəселесінде  конференцияда  көтерілген  осындай  батыл  пікірлер  əдебиеттану  ғылымында,  жалпы 
ғылыми-зерттеушілік, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірде қолдау таба бермеді. Мысалы, жарыссөзде 
сөз  алған  М.Хасенов  «Дулаттың  шығармаларын  тереңінен  зерттеуге  Х.Сүйіншəлиевтің  өрісі 
жетпеген.  Сондықтан  мақтаймын  деп  жамандап  алды», — деп  Х.Сүйіншəлиевтің  Дулат  ақынның 
халықтық  мүддені  көздеуші  деген  пікірін  терістейді [2; 267]. Басқа  ғалымдарды  айтпағанда, 
қорытынды  сөз  сөйлеген  М.Əуезов  «Шортанбай,  Мұрат,  Дулаттардың  бəрі  бірдей  «анау  ақауы», 
«мынау кемшіні», ол — пұл міні бола тұрса да «жақсы ақын» дейтін болсақ, тағы да бірыңғай ағын-
арнасына түсеміз. Ал, бұған бізге тарих та, партия да бірде-бір рұқсат етпейді. Солары шексіз дұрыс, 
ол біздің ғылымның ырысы», — деп сол кездегі саяси-идеологиялық талаптың тар шеңберінен шыға 
алмады [2; 355]. Алайда бұл сол кезеңдегі саясаттың ызғарының бір сипатынан еді. 
Қазіргі əдебиеттану ғылымында аталған конференция жетістіктер мен кемшіліктер жаңаша сара-
ланып жатқан «жаңғыру» кезіндегі бұл үлкен əңгіме біраз ілгері басу болды. Оны ұйымдастырған, əрі 
оған  белсене  қатысқан  əдебиетшілер  қауымы  шындықты  орнатуға  атсалысты»  деген  тұрғыдан 
бағалануда. 
Шындығына  келсек, «конференцияның  маркстік-лениндік  əдіснаманы,  оның  əдебиеттің 
таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларын ғылыми жұмыстарда түпкілікті орнықтыру мүддесін 
ұстағаны  тарихи  шындық.  Сондықтан  оған  баға  берген  уақытта  егемендік  алғанға  дейінгі  қазақ 
əдебиеттануының ұлттық мүддеге тамыр тарта алмаған, өткендегі мұраны тарихи ақиқат тұрғысынан 
бағалай алмаған кемшіліктерінің барлығы осы конференциядан басталғанына көңіл аудару қажет деп 
ойлаймыз»  деген  зерттеуші  пікірінің  де  қисыны  жоқ  емес [3]. Бұдан  қазіргі  қазақ  əдебиеттану 
ғылымында  осы  конференцияның  сол  кездегі  ғылыми  маңызы  туралы  нақты  бір  тұжырым 
жасалмағанын аңғарамыз. 
Құрылтайда  қазақ  əдебиетінің  негізгі  проблемаларына  арналғандықтан  да  əдеби  сынның 
мəселелері  де  назардан  тыс  қалуы  мүмкін  емес  еді.  Мəселен,  Е.Ысмайыловтың  «СОКП  ХХІ  съезі 
қарарларына байланысты қазақ əдебиеттану ғылымының негізгі міндеттері» баяндамасының «Сынды 
өрістетейік»  атты  екінші  тарауы  негізінен  сол  кезеңдегі  əдеби  сынның  жай-күйі  мен  проблемалық 
мəселелеріне арналған. 

1940–50-жылдары əдеби мұраны игерудегі … 
Серия «Филология». № 3(63)/2011 
37 
Ғалым «əдебиеттану ғылымында бүгінгі тақырыпқа бет бұру дегеніміз, ең алдымен, қазіргі кеңес 
əдебиетінің  күнделікті  творчестволық,  теориялық  мəселелерімен  нақты  шұғылдану,  əдебиет  сынын 
үнемі дамытып отыру болып табылатынын» орынды атап өтеді. 
Сыншы  сол  тұстағы  ғылыми-зерттеушілік  ой-пікірде  кеңінен  сөз  бола  бермеген  тың  мəселені 
көтерген. Ол — сынның əдебиеттанудың негізгі саласы екенін байыптауы еді. Сол себепті де ғалым 
əдебиетші,  сыншылардың  əдеби  сынға  биік  талап  деңгейінен  қарау  қажеттігін  күн  тəртібіне  өткір 
қояды. 
«Əдеби сын, — деп жазады ғалым, — əдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Сынсыз, пікір та-
ласынсыз өмірде жалпы даму жоқ. Сондай-ақ əдебиеттану ғылымы да сын жоқ жерде өрістей алмай-
ды» [1; 43]. 
Қазақ  əдеби  сынын  дəуір  талабына  сай  дамытуға  нақты  талаптар  тұрғысынан  келген  ғалым 
əдеби мұраға қатысты даулы мəселелер мен қазақ кеңес əдебиетінің теориялық арналарына байланы-
сты  іркілістерді  де  бүкпесіз  ортаға  салды. «Біздің  əдебиетші-ғалымдар,  əсіресе  орта  буындағы 
əдебиетшілер, əдебиеттің тарихтық, теориялық мəні бар даулы мəселелеріне көп жоламайды», — деп 
сол  тұстағы  ғылыми  ізденістегі  басты  олқылықты  дұрыс  көрсетеді. «Бүгінгі  əдебиеттің  барлық 
жаңалықтарын, табыстары мен кемшіліктерін жан-жақты зерттеп, өзінің əділ білімді сындарын жазып 
отыру — біздің əдебиеттану ғылымының абыройлы міндеті» деп білген ғалым мақсаты эстетикалық 
сипаты мен теориялық тұрғыдан терең талдаулар жасайтын сынды сапалық деңгейге көтеру болды. 
Білікті сыншының принципті талаптары əдеби сынның өресінің биіктеуі мен өскелең тенденциясын 
танытуға септігі тигені анық. 
Сөз  өнеріндегі  дəстүр  мен  жаңашылдық  туралы  баяндама  жасаған  М.Базарбаев  көзқарасы 
əдебиеттанудағы  қордаланған  өзекті  мəселелерді  талқыға  салуымен  назар  аудартып  қана  қоймай, 
əдеби сынды тың арналарға бастауымен ерекшеленеді [4]. 
Қазақ  поэзиясының  көркемдік  даму  деңгейін,  ақындық  шеберлік  қырларын  байыптаған  ғалым 
көркем  бейне,  бейнелеу  құралы,  əдебиеттің  реалистік  сипатын  дəстүр  мен  жаңашылдық  аясында 
қарастырған.  Бұл  ретте  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,  Ə.Тəжібаев,  А.Тоқмағамбетов, 
Ғ.Орманов,  Ж.Саин,  Қ.Аманжолов,  Д.Əбілев,  Ə.Сəрсенбаев,  Қ.Бекхожин,  Ғ.Қайырбеков, 
Ж.Молдағалиев,  С.Мəуленов,  Е.Ибрагим  сынды  ақындардың  стильдік  ерекшеліктері  мен  ақындық 
ізденістеріне  де  тоқталып,  қазақ  кеңес  поэзиясының  өсу  жолына  шолу  жасаған.  Сондай-ақ  аталған 
ақындарының  поэмаларына  талдау  жасалып,  ақындық  шеберлікті  көркемдік  тұрғыдан  дамытудың 
теориялық мəселелері кең ауқымда қарастырылған. Бұл əдеби сынның бірыңғай кемшілік іздеу сипа-
тынан  арылып,  ғылыми  жəне  əдеби-теориялық  негіздегі  талдау  жасай  отырып,  баға  беру  жолына 
нақты қадам жасай бастағанын байқатады. 
Сонымен  қатар  қазақ  кеңес  əдебиетінің  көркемдік  деңгейі,  шығармашылық  ізденіс  аясы 
маркстік-лениндік  əдіснама  талаптарына  сай  қарастырылуынан  социалистік  реализм  əдісінің 
теориялық  тұрғыдан  негізделуі  еш  таңданыс  туғызбасы  түсінікті.  Конференция  баяндамаларында 
қазақ кеңес əдебиетінің негізгі мəселелеріне баса назар аударылғандықтан, əдеби сынның келелі про-
блемалары  жеткілікті  деңгейде  қарастырылмағанын  байқаймыз.  Е.Ысмайылов,  М.Қаратаев, 
М.Базарбаев,  М.Дүйсенов,  И.Смирновалардың  сынға  қатысты  жанама  пікірлері  болмаса,  қосымша 
жəне  жарыссөздегі  баяндамалар,  негізінен,  əдебиет  тарихына,  яғни  əдеби,  фольклорлық  мұра,  оны 
игеру,  зерттеу  төңірегінде  өрбіді.  Əрине,  мұның  өзі  түсінікті  де.  Себебі  əдебиет  тарихына  қатысты 
дəстүр  мен  жаңашылдық,  тарихи  сабақтастық,  көркемдік  əдіс  арналарына  байланысты  бір  шешімге 
келмейінше, бұл бағыттағы сыншылдық-эстетикалық ізденіс аясын бағамдау қиындықтар тудыраты-
ны  мəлім.  Осындай  олқы  тұстарына  қарамастан,  конференцияның  əдебиеттанудағы  маңызын  мына 
мəселелерден  айқын  аңғарамыз:  фольклорлық  мұра,  төңкеріске  дейінгі  əдебиет  тарихын  дəуірлерге 
бөле  отырып,  басты  проблемаларын  шешіп  алудағы  батыл  қадамдарын  айтпағанда,  қазақ  əдебиетін 
теориялық  тұрғыдан  зерттеуге  көбірек  назар  аудару,  көркемдік  əдіс,  дəстүр  мен  жаңашылдық, 
жанрлық  даму  жəне  қалыптасу  жолдары,  стиль  мен  көркемдік  шеберлік  мəселелеріне  сай  тексеру, 
əдебиеттің  социалистік  мазмұны  мен  ұлттық  сипатын,  идеялық-шығармалық  жəне  социалистік 
реализмнің  принциптеріне  сай  өсу  жолын  жаңа  талапта  қарастыру  мəселелері  сол  кезеңнің 
əдебиеттануы мен сын тұрғысынан алғанда аз да болса ілгерілеу болғаны сөзсіз. 
Қорыта  келгенде, 1950-жылдардың  соңында  қазақ  əдеби  сыны  «жылымық»  кезеңінің  бар 
мүмкіндігін  тиімді  пайдалана  отырып,  жеке  басқа  табынудан  туындаған  басты  кемшіліктер  мен 
негізгі олқылықтардан арылуға бет алды. 

Жұмагелдин Ж.Ш. 
38 
Вестник Карагандинского университета 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Смағұлов Ж.Қ. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. — Алматы, 1999. — 137 б. 
2.  Əдеби  мұра  жəне  оны  зерттеу:  Қазақ  əдебиетінің  негізгі  проблемаларына  арнал.  ғыл.-теор.  конф.  материалдары / 
Алматы, 1959, 15–19 маусым. — Алматы, 1961. —  376 б. 
3.  40–50 жəне 60-жылдардағы қазақ əдебиеті. — 2-кіт. — Алматы, 1998. — 219-б. 
4.  Дəрімбетов Б. Тазару. Əдеби сын. — Алматы: Жазушы,1991. — 69-б. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 82–95:821.512.122 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал