№3(75)/2014 Серия история. Философия


Тарихи үрдістегі табиғилық жəне əлеуметтілік



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата15.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#9295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Тарихи үрдістегі табиғилық жəне əлеуметтілік 
Мақалада қоғам мен табиғаттың өзара əрекет ету тарихының маңызды аспектісі қазіргі таңдағы тарих 
ғылымындағы басым бағыттардың бірі — тарихи аспектідегі табиғилық жəне əлеуметтілікті зерттеу 
қарастырылған. Автормен экологиялық дағдарыспен туындаған, адамзат болашағына төнген қауіптің 
қазіргі  тарихи  білімге  өзінің  ізін  қалдырғаны,  оның  тарихшылардың  қоғам  мен  қоршаған  табиғи 
ортаның  өзара  байланысы  мəселесіне  барынша  қызығушылығын  шарттастырғаны  атап  көрсетілді. 
Қазақстандағы  қоршаған  ортаның  жағдайы,  экологиялық  мəселелерді  шешуге  факторлық  көзқарас, 
өткен жылдардың экологиялық тəжірибесін зерттеу сияқты мəселелер жан-жақты талданды. 
 
T.A.Alimbayev 
Natural and social in historical process 
The article covers important aspects of the history — interaction of society and nature, one of the perspective 
directions in the contemporary science of history — the study of the natural and social in historical aspect. 
The author draws attention to the threat of future mankind, which is due to the ecological crisis and left a 
mark on contemporary historical attainment that conditioned by the considerable interest of historians about 
problem of interrelation between society and natural environment. The article is devoted to the analysis of 
such problems as the state of the environment in Kazakhstan, the factorial approach of ecological problem-
solving, the study of ecological experience of previous years. 
 
References 
1  Society and nature. Historical stages and forms of interaction, Moscow, 1981, 344 p. 
2  Chizhevsky A.L. Physical Factors of the Historical Process, Moscow, 1991, 72 p. 
3  Drobizhev V.Z., Kovalchenko I.D., Muravev A.V. Istoricheskaia Geografiia SSSR, Moscow, 1991, 320p. 
4  Toynbee A.J. A Study of History: Abridgement of Volumes / Translated by E.D.Jarkov, 2-nd edition, Moscow, 2002, 640 c. 
5  Gumilev L.N. Searching for an Imaginary Kingdom: The Legend of the Kingdom of Prester John, Moscow, 2002, 432 p. 
6  Jaspers K. Reason and Existence / Translated from the germ. 2-nd edition, Moscow, p. 19. 
7  Bloch M. Apologie pour l'histoire ou Métier d'historien / The Historian's Craft, Moscow, 1986, 254 p. 
8  State Archives of Dzhambul Region, f. 7, op. 2, d. 538, l. 35. 
9  Central Governmental Archive of the Republic of Kazakhstan, f. 1655, op. 3, d. 2978, l. 183. 
10  Kazakhstanskaya Pravda, 1997, 27 July. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Б.К.Адамбек 
22 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 94 (100) «1919–1943» 
Б.К.Адамбек  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: adambek @ mail.ru) 
Большевиктер басқарған Коминтерн жəне оның халықаралық  
аренадағы саясаты (1919–1943 жж.) 
Мақалада 1917 жылы  Қазан  төңкерісінен  кейін  Ресейде  саяси  билікке  келген  большевиктердің III 
Коммунистік  Интернационалды  құрып,  оны  сол  кездегі  халықаралық  аренадағы  «дүниежүзілік 
революция  штабына»  айналдыру  жолындағы  əр  түрлі  əрекеттері  кең  түрде  баяндалды.  Осыған 
байланысты Коминтерннің көптеген елдерде коммунистік партияларды, жұмысшы жəне ұлт-азаттық 
қозғалыстарды  қолдау  арқылы,  сол  мемлекеттерге  социалистік  революцияны  экспорттау  саясаты, 
тыңнан  кірістірілген  көптеген  құжаттар  мен  деректерге  сүйеніп,  тарихи  объективизм  негізінде  жан-
жақты көрсетілді. 
Кілт сөздер: революция, интернационализм, большевик, көтеріліс, КСРО, халықаралық арена, кеңес, 
жұмысшы, коммунистік, насихат. 
 
1919 жылдың 4 науырызында Мəскеуде өткен коммунистік жəне солшыл социалистік партиялар 
мен  топтардың  халықаралық  конференциясы III Интернационалдың  құрылуы  туралы  ресми  түрде 
жариялады [1]. Коммунистік  Интернационал  деп  аталған  Халықаралық  ұйымның  пайда  болуы, 
халықаралық жұмысшы қозғалысында жаңа тарихи кезең бастады. Шын мəнінде Коминтерн тарихы 
халықаралық жұмысшылар қозғалысының алғашқы кезеңінен басталды. Жаңа халықаралық ұйым бір 
кезде К.Маркс жəне Ф.Энгельс құрған жұмысшылардың халықаралық ұйымы — Коммунистер Одағы 
I Интернационал жəне II Интернационалдың мұрагері ретінде құрылды. 
Жаңа ұйымның құрылу себептері де болды. 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда 
II  Интернационал  басшыларымен  В.Ленин  басқарған  большевиктер  партиясының  араларында 
тактикалық  жəне  стратегиялық  мəселелер  бойынша  келіспеушіліктер  өзара  дау-дамайға  апарды. 
Большевиктер «II Интернационал  көсемдерін»  пролетарлық  интернационализм  принципінен  бас 
тартып, оппортунистік жолға түсті» деп айыптады. Ал, II Интернационал басшылары большевиктерді 
«халықаралық социал-демократияның экстремистік бағыты» деп ашықтан-ашық сынға алды. 
Бірақ, 1917 жылғы  Қазан  төңкерісінен  кейін  Ресейде  билікке  келіп,  Кеңес  мемлекетін  құрған 
большевиктер енді өздерін халықаралық революциялық қозғалысты басқаратын күш ретінде көрсете 
бастады.  Сондықтан  Коммунистік  Интернационал  большевиктердің  платформасында  құрылды,  ол 
туралы  большевиктер  партиясының  көсемі,  Кеңес  үкіметінің  басшысы  В.Ленин: «Большевизм  шын 
мəнінде пролетарлық жəне коммунистік қозғалысқа сүйенген, революциялық жаңа дəуірдің басталу 
тəжрибесін  қолданып, III Интернационалдың  идеялық  жəне  тактикалық  негіздерін  қалады», — деп 
көрсетті [2]. 
Əрине, 1917 ж.  Қазан  төңкерісінің  жеңісі  жəне  Ресей  территориясында  бірінші  социалистік 
мемлекеттің пайда болуы, халықаралық революциялық қозғалыстың қарқынды дамуына əкеп соқты 
жəне  осы  үрдісіне  большевиктердің  ықпалының  күшеюіне  толық  жағдай  жасады.  Осы  кезеңдегі 
халықаралық  жұмысшы  жəне  көптеген  елдердегі  ұлт-азаттық  қозғалыстар  коммунистік  идеяларды 
қабылдаған  партиялар  мен  одақтардың  пайда  болуына  зор  ықпал  жасады. 1918 жылы  Германия, 
Австрия,  Венгрия,  Польша,  Нидерланды  жəне  Финляндияда  Коммунистік  партиялар  құрылды 
[3;569].  Большевиктердің  революциялық-интернационалдық  позициясын  осы  кезенде  Болгар 
жұмысшы  социал-демократиялық  (тесняктар),  Аргентина  Интернационалдық  Социалистік,  Швеция 
солшыл-демократиялық,  Грекия  жұмысшы  партиялары  жəне  т.б.  қолдап  шықты [3,570]. 1918–
1919 жж.  Чехословакия,  Румыния,  Италия,  Франция,  Ұлыбритания,  Дания,  Швейцария,  АҚШ, 
Канада,  Бразилия,  Қытай,  Корея,  Австралия,  Оңтүстік  Африка  Одағында  коммунистік  топтар 
қалыптасты [4; 174]. 
Осыған  байланысты, 1918–1919 жж.  бірқатар  елдерде  революциялық  жəне  ұлт-азаттық 
қозғалыстар  өрши  түсті.  Олардың  ішінде  ресей  большевиктерінің  түрткілеумен  басталып,  сəтсіз 
аяқталған Финляндия, Венгрия жəне Германиядағы революциялар, Кеңестік Ресейді қолдап, Англия, 
Чехословакия жəне Францияда болып өткен саяси стачкаларды атауға болады. Сонымен қатар Қытай, 

Большевиктер басқарған Коминтерн ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
23 
Үндістан, Корея, Үндіқытай, Түркия, Иран, Египет жəне т.б. мемлекеттерде ұлт-азаттық қозғалыс кең 
етек алды [4; 175]. 
Аталып  отырған  жағдайды  пайдаланып,  В.И.Ленин  өзінің  «Американ  жұмысшыларына  хат», 
«Пролетарлық  революция  жəне  ренегат  Каутский», «Еуропа  жəне  Америка  жұмысшыларына  хат» 
деген  еңбектерінде  халықаралық  жұмысшы  жəне  революциялық  қозғалысты  басқаратын  жаңа III 
Интернационал құру туралы ұсыныстар жасады. 
Халықаралық  аренада  жəне  жалпы  халықаралық  революциялық  қозғалыста  большевиктердің 
ықпалының  күшейіп  бара  жатқанын  байқаған  оншыл  социал-демократияның  лидерлері II 
Интернационалдың жұмысын қайта жандандыруға талпыныс жасады. 1919 ж. 3–10 ақпанында Бернде 
(Швейцария)  олар  ірі  халықаралық  конференция  өткізді,  оның  жұмысына 26 елдің  делегаттары 
қатысты, бірақ кейбір мемлекеттердің социалистері оған келмей қалды. Конференцияда «демократия 
жəне  диктатура»  деген  баяндама  жасаған III Интернационалдың  басшыларының  бірі,  швед  социал-
демократиясының  өкілі  К.Брантинг: «Ресейдегі  Қазан  төңкерісін  демократия  принципіне 
жатпағандықтан  осы,  елдегі  пролетариат  диктатурасын  жою  керек», — деп  тұжырым  жасады.  Осы 
позицияны  Гендерсон,  Каутский,  Вандервель  де  жəне  тағы  басқа  социал-демократияның  көсемдері 
қолдап  шықты [4; 175]. Берн  конференциясы II Интернационалды  қайта  қалпына  келтіру  туралы 
шешім  қабылдады,  осыдан  кейін  сол  жылы  өткен  Люцерн  жəне 1920 жылы  өткен  Женева 
конференциясында II Интернационал басшылары социализмді орнату, жұмысшылар мүддесін қорғау, 
жалпы билік үшін күрес тек бейбіт түрде ғана жүргізілуі керек деген тактикалық жəне стратегиялық 
шешімдерін қабылдады [5; 28]. 
Бірақ  демократиялық  принциптерге  сүйенген II Интернационалдың  бұл  шешімдерін  төңкеріс 
арқылы  Ресей  сияқты  алпауыт  мемлекетте  билікке  келген  большевиктер  қабылдаудан  бас  тартып 
Ф.Энгельстің  мұрагерлерін  «пролетарлық  интернационализмнен  бас  тарқан  революциялық 
қозғалыстағы  оппортунистер»  деп  көрсетіп,  өздерінің  жаңа  халықаралық  ұйым  құру  жұмыстарын 
қарқынды жүргізе бастады [6]. 
Большевиктердің  бұл  қадамдары  олардың II Интернационалмен  саяси-идеологиялық 
қатынастарын  тоқтатуға  бағытталған  жол  болды.  К.Маркс  пен  Ф.Энгельстен  кейін  халықаралық 
революциялық қозғалыстың көсемі болғысы келген В.Ленин жəне оған қосылған оның сыбайластары 
енді өздерінің Интернационалын құратын саясатқа көшті. 
1919  ж.  қантар  айында  В.Лениннің  ұсынысымен 8 коммунистік  партиялардың  жəне  оларды 
қолдаған  топтардың  отырысы  болып,  онда  жаңа  Интернационал  құру  мəселесі  көтерілді.  Аталған 
отырысқа  қатысушылар,  дүниежүзілік  революция  қарқынды  дамып  келе  жатқанына  байланысты 
революциялық пролетарлық партиялардың халықаралық конгресін шақыру туралы үндеу қабылдады. 
Конгресті шақыруға Герман коммунистік партиясының өкілі Г.Эберлейн қарсы шықты, ол өз сөзінде 
1919 ж.  қантар  айында  қаза  тапқан  Роза  Люксембургтың  осыдан  бұрын  айтқан  позициясымен 
таныстырды.  Онда  Р.Люксембург  большевиктерді  сынай  отырып: «Интернационалды  шақыру  əлі 
ерте екенін, ал ол шақырылған жағдайда бұл ұйым большевиктердің қолшоқпарына айналуы мүмкін, 
өйткені большевиктердің əскериленген құрылымы көпшіліктің белсенділігін жəне ішкі демократияны 
дамытпайды деп көрсеткен болатын [7]. 
Осыған  қарамастан,  В.Ленин  басқарған  большевиктер  жəне  оларды  жақтаушылар 1919 ж. 
2 наурызында  халықаралық  конференция  өткізіп,  оның  жұмысының  барысында 4 наурызда 
III Интернационалдың  құрылғаны  туралы  жариялады [8; 302]. Құрылтай  Конгресі  деп  даурығып 
бүкіл  əлемге  жариялаған  жиналыс,  Р.Люксембургтың  айтқанындай,  болып  шықты,  мысалы,  барлық 
қатысқан 34 делегаттың — 30 Мəскеуде  кеңестік  Ресейде  тұрып  сыртқы  істер  халық  комис-
сариатында  жұмыс  істеп  жүргендер,  екеуі  кездейсоқ  қонақтар,  тек  екеуінде  ғана  мандат  болып 
шықты [7; 151]. Əрине,  мұндай  делегаттар  Ресей  большевиктерін  оның  көсемі  В.Ленинді  ерекше 
мадақтап,  олар  ұсынған  буржуазиялық  демократия  жəне  пролетарлық  интернационализм  туралы 
шешімдерді  «Интернационал»  əнұранын  айтып  тұрып  қабылдады [4; 
177]. Сонымен  қатар 
«оппортунистік», «реформистік»  жəне  «социал-шовинистік» II Интернационалға  қарсы  белсенді 
күрес  жүргізу  керектігі  ерекше  көрсетілді.  Осылай  жаңа  құрылған III Коммунистік  Интернационал 
халықаралық  аренада  тек  Ресей  большевиктерінің  саясатын  жүргізетін  ұйым  екенін  ең  басынан 
байқатты. Сол мақсатта Конгресте құрылған Коминтерннің Атқару Комитетін белгілі большевиктер: 
Г.Зиновьев (төраға), Н.Бухарин, М.Литвинов жəне т.б. басқаратын болды. 
Коминтерннің II Конгресі 1920 ж. 19 шілдесінен 9 тамызына  дейін  Мəскеуде  өтті.  Бұл  кезде 
кеңес-поляк  соғысы  жүріп  жатқан  еді,  Қызыл  Армия  Варшаваға  шабуыл  бастап,  Кеңестік  Ресей 

Б.К.Адамбек 
24 
Вестник Карагандинского университета 
басшылықтарының  (В.Ленин  мен  Л.Троцкийдың) «Польшаны  кеңестендіру  арқылы  Германияға 
революциялық импульс беру керек» деген саяси мақсаттарын орындауға талпынысы еді [9; 101]. Бұл 
большевиктердің  «жаңа  əлемдік  тəртіп»  құру  жоспары  болатын.  Осындай  жағдайда II Конгреске 
қатысушылар (35 елден 200 делегат)  дəл  осы  кезеңде  «дүниежүзілік  революцияның»  объективтік 
ахуалы  қалыптасты»  деп  пайымдады,  осыған  байланысты,  Коминтерн  халықаралық  пролетарлық 
қозғалыстың  штабы  болып,  əр  елде  филиалы  бар  əлемдік  коммунистік  партияға  айналу  керек  деп 
есептеді.  Өздерін  жеңімпаздар  ретінде  сезіне  бастаған  Ленин  мен  Троцкий  енді  Коммунистік 
Интернационалға кіретін партиялар міндетті түрде 21 пунктен тұратын шартты орындау керек деген 
ұсыныс жасады, осыған орай осы ұсыныс бойынша əр түрлі көзқарастар пайда болды. 
Бірақ  большевиктер  көсемдерінің  жəне  конгреске  қатысушылардың  құрып  қойған  жоспарлары 
іске  аспай  қалды.  Отанын  қорғаған  поляк  əскерлері  Варшава  түбінде  Қызыл  Армияны  талқандап, 
оның 100 мыңнан  астам  адамын  тұтқынға  алды [8; 312]. Осыған  байланысты  Кеңестік  Ресей  мен 
Коминтерн  басшыларының  Польшаны  кеңестендіру  арқылы  жалпыеуропалық  революцияны 
ұйымдастыру жоспарлары іске аспай қалды. 
Соған  қарамастан,  большевиктердің  «саяси  ауруына»  айналған  «дүниежүзілік  революция» 
концепциясы  күн  тəртібінен  алынып  тасталмай,  бұл  мақсатқа  жету  үшін  Кеңестік  Ресей  көсемдері 
көптеген  елдердегі  өздерінің  саяси-идеологиялық  жұмысын  əр  бағытта  жүргізе  берді.  Шетелдегі 
коммунистік  партиялармен  қатынастарды  дамыту  үшін,  большевиктер  басқарған  Коминтерннің I 
жəне II Конгрестерінің  шешімдері  бойынша:  Скандинавия,  Орталық  Еуропа,  Балқан  түбегі  мен 
Голландия  да  өзінің  көмекші  бюроларын  құрды.  Біраз  уақыттан  кейін  бірқатар  мемлекеттердегі 
коммунистік  партиялар  Коминтерннің  секциялары  деп  есептелетін  болды,  ал  Коминтерннің  өзі 
«жалынды революциялық штаб жаңа жағдайда марксизм-ленинизмді меңгеру жəне дамыту орталығы 
коммунизм идеяларын еңбекшілерге насихаттау ұйымы, интернационализм мектебіне айналды» [10]. 
Большевиктер  көсемдерінің  пайымдауынша,  енді  Коминтерн  алдағы  уақытта  дүниежүзілік 
революция штабы ретінде өзінің қызметін атқаратын болды. 
Кейбір  қазіргі  уақыттағы  тарихшылар  (Д.Волкогонов  жəне  т.б.  дүниежүзілік  коммунистік 
қозғалыс  сол  кездегі  фанатик-революционерлердің  қиялынан  пайда  болған,  онша  маңызды  емес 
құбылыс  деп  көрсетеді.  Бірақ  мұндай  көзқараспен  келісуге  болмайды,  өйткені 1917 ж.  Қазан 
төңкерісінен  кейін,  əлемнің  көптеген  аймақтарында  ауқымды  революциялық  қозғалыс  басталғаны 
тарихи  шындық  екеніне  күмəндануға  болмайды.  Осы  айтқанымыздың  көптеген  дəлелінің  бірі 
ретінде, 1919 ж.  Франция  премьер-министрі  Ж.Клемансоның  АҚШ  президенті  В.Вильсонға  жазған 
хатынан көруге болады. Ол: «Бүкіл Еуропа революция рухымен қамтылған. Жұмысшылар арасында 
соғысқа  дейін  болған  жағдайға  қарсы  шексіз  наразылық  байқалады.  Еуропаның  бір  шетінен  екінші 
шетіне  дейін  буқара  халықты  қазіргі  құрылым  жəне  оның  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  уклады 
қанағаттандырмайды» деп ашық көрсеткен [11; 462]. 
Революциялық  қозғалыс  бүкіл  Еуропаға  əсер  етіп  жатқан  кезде  Коминтерн  жəне  кейбір 
коммунистік  партиялардың  басшыларында  солшыл-авантюритстік  көзқарастар  байқала  бастады. 
Мысалы, 1919 ж.  тамыз  айында  Л.Троцкий  РКП  (б)  Орталық  комитетіне  жазған  хатында  өзінің 
жоспарын ұсынады, ол бойынша Еуропада соғыс жүргізе алмайтын Қызыл Армияны Ауғанстан мен 
Ұндістанға  қарсы  жіберіп  Шығыстағы  революциялық  қозғалысты  жандандыруға  болады  деген 
тұжырым жасалады [11; 463]. Бұл ұсыныстарды əлі де «дүниежүзілік революцияға» сенген В.Ленин 
қолдап  шығып,  болашақта  еуропалық  оқиғаларға  қайтадан  қайтып  келеміз  деп  өз  маңындағы 
большевиктерге түсіндіруге тырысты. 
Большевиктер  көсемдерінің  осындай  позициясына  байланысты,  енді  Коминтерн  өз  алдына 
шетелде  əр  түрлі  саяси  диверсия  ұйымдастырып,  бүкіл  əлемде  большевиктердің  билігін  орнататын 
саясат  жүргізе  бастады.  Осыған  байланысты  Кеңес  мемлекеті  шетел  коммунистік  партияларына 
қаржылай  қомақты  көмек  көрсетуге  көшті,  сонымен  қатар  шетелдегі  жұмысқа  кеңестік  арнайы 
органдар  белсене  қатыса  бастады.  Орасан  зор  қаржыны,  əдебиетті,  агенттерді  жəне  т.б. 
мүмкіншіліктерді  пайдаланып,  большевиктер  Коминтернді  толық  бағындырып,  оны  шетел 
мемлекеттерінің ішкі жағдайына кірістіріп, олардағы əлеуметтік толқұларды қолдауға жұмсады. Дəл 
осы  кезеңде  телеграф  арқылы  Сталинге  хабарласқан  Ленин  «Коминтерндегі  жағдай  тамаша, 
Зиновьев,  Бухарин  жəне  мен  Италиядағы  революцияны  тез  қолдауымыз  керек.  Ал,  менің  өзімнің 
ойым  бойынша,  ол  үшін  Венгрияны,  ал  мүмкіншілік  болса,  Чехия  мен  Румынияны  тез  арада 
кеңестендіру керек» деген [11; 469]. 

Большевиктер басқарған Коминтерн ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
25 
Бірақ  Коминтерннің III Конгресінде (1921 ж.  маусым-шілде)  Ленин  солшылардың  позициясын 
қатты  сынға  алды,  оның  көзқарасының  өзгеруіне  себептер  де  болды,  өйткені  осы  кезде  Кеңес 
мемлекеті  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшіп,  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  мəселесін 
шешуге  кіріскен  уақыт  еді,  ал  мұндай  жағдай  дамыған  Батыс  елдерінен  техникалық  көмек  алуға 
мүмкіншілік тұғызатын болды. 
Осыған  қарамастан,  кейбір  Еуропа  мемлекеттерінде  таптық  күрестің  шиеленісуіне  байланысты 
Коминтерннің  Президиумы  Германияда  қарулы  көтеріліске  дайындала  бастады.  Мұның  өзі 
большевиктер  мен  Коминтерннің  екіжүзді  саясатын  байқатады.  Біріншіден, 1922 
ж.  Генуя 
конференциясынан  кейін  Кеңес  мемлекеті  Германиямен  өте  тығыз  байланыстар  орнатты,  əсіресе 
əскери  байланыстар  жаңа  деңгейге  көтерілді,  мысалы,  Кеңес  мемлекеті  немістерге  құпия  түрде 
ұшқыштар, танкистер дайындай бастады жəне Германияға көп мөлшерде шикізат жіберіп тұрды, ал 
енді  өз  кезегінде  Кеңес  Одағы  несие  жəне  техника  мен  құралдар  алып  тұрды [9; 141]. Осыған 
қарамастан,  Германияда  көтеріліс  ұйымдастыру  үшін  Кеңес  мемлекеті  Коминтерн  арқылы  неміс 
коммунистеріне  əскери  кеңесшілер  жəне  қару-жарақ  жібере  бастады.  Мысалы,  Германияға  құпия 
түрде  белгілі  қайраткерлер  К.Радек,  Г.Пятаков  басқарған  арнайы  топ  жіберілді,  олар  басталар 
революцияға  саяси  жəне  əскери  басшылық  жүргізетін  болды.  Бірақ  дайындалған  жоспар,  əр  түрлі 
көрсетілген көмек керекті нəтижеге жеткізбеді, 1923 жылдың қараша айында Германияда басталған 
көтеріліс  сəтсіз  аяқталды [12]. Неміс  жұмысшыларының  көтерілісі  жəне  оның  жеңілуі  туралы 
мəселелер 1924 ж. қантар айында РКП (б) жəне Коминтерннің мəжілістерінде арнайы қаралды, оның 
шешімдері  бойынша  Германиядағы  пролетарлық  революцияның  жауы  ретінде  социал-демократия 
жəне  «социал-фашизм  деп  жарияланды.  Сонымен  қатар  коминтерншілердің  түрткілеумен 
ұйымдастырылған  Болгариядағы,  Польшадағы  жəне  Эстониядағы  революциялық  қозғалыстар  сəтсіз 
аяқталды. 
Кейбір мемлекеттердегі жұмысшылар көтерілісіне тікелей көмек көрсетуімен қатар, Коминтерн 
басқа  елдерде  коммунистік  партиялардың  санын  көбейту  жəне  əр  түрлі  өзінің  ықпалында  болатын 
халықаралық  ұйымдарды  құру  жұмысын  белсенді  жүргізді.  Осылардың  ішінде  КИМ  (жастардың 
Коммунистік  Интернационалы),  Профинтерн  (Кəсіподақтар  Интернационалы),  Межрабпом 
(Халықаралық жұмысшылар көмегі), МОПР (Халықаралық революция күрескерлеріне көмек көрсету 
ұйымы)  жəне  т.б.  атауға  болады [13]. Барлық  осы  аталған  халықаралық  ұйымдарды  жəне  олардың 
көптеген бөлімшелерін кеңес үкіметі қаржыландырып отырды. 
20-шы  жылдардың  басында  Коминтерн  Ресейдегі  большевиктердің  империялық  пиғылдарын 
жəне  іс-əрекеттерін  ашық  қолдап  шықты,  оны  Теріскей  Кавказ  жеріндегі  оқиғалардан  байқауға 
болады.  Осында  өздерінің  тəуелсіздіктерін  жариялаған  жəне  бұл  оқиғаны  Еуропа  мойындаған 
Армения,  Əзербайжан  жəне  Грузияға  Кеңестік  Ресейдің  басшылары  ашықтан  ашық  қоқан-лоққы 
саясат  жүргізіп,  неше  түрлі  арандатушылық  ұйымдастыра  бастады.  Осындай  саясатты  жүргізуде 
И.Сталин,  С.Киров  сияқты  большевиктер  партиясының  белгілі  қайраткерлері  жəне  Коминтерннің 
саяси  эмиссарлары  ерекше  белсенділік  көрсетті.  Жас  Кавказ  мемлекеттеріндегі  ұлттық  үкіметтерге: 
«Еңбекшілер  ерекше  қарсы  болып,  бізден  көмек  сұрады»  деген  негізі  жоқ  сылтаумен  Ресей 
басшылары 1920 ж.  сəуір  айында  Қызыл  Армияны  жіберіп  мусаватистер  үкіметін  құлатып, 
Əзербайжанда Кеңес өкіметін орнатты [14]. Тура осындай жолмен қараша айында дашнактар билігі 
жойылып,  Кеңес  өкіметі  Арменияда  орнады [15]. Ал 1921 жылдың  мамыр  айында  Қызыл  Армия 
тəуелсіз Грузияға басып кіріп, осындағы ұлттық үкіметті құлатып, осы елді кеңестендіруге жол ашты. 
Сөйтіп,  Коминтерн  көсемдері  қолдаған  большевиктердің  агрессиялық  саясатының  нəтижесінде: 
армян,  грузин  жəне  əзербайжан  халықтарының  тəуелсіздіктері  жойылды.  Большевиктер  мен 
Коминтерн көсемдерінің «революцияны экспорттау» саясаты осылай Кавказ аймағында нəтиже берді 
[16]. 
Бұл саясат өзінің жалғасын барон Унгерннің əскерлері басып алған Монғолияда іске асырылды. 
1921 ж. маусым айында осы елдің еңбекшілерінің сұрауы бойынша Қызыл Армия Монғолияға жорық 
жасап, ақгвардияшылар отрядтарын талқандап билікке Сухэ-Батор басқарған адамдарды отырғызды, 
енді  осы  уақыттан  кейін  Монғолия  Кеңес  мемлекетіне  бағынышты  социализм  құрып  жатқан  елге 
айналды [17]. 
Осы кезден бастап Коминтерн жəне КСРО басшыларының назары Шығысқа бұрылды, 1922 ж. 
қаңтарында  Мəскеуде  Қиыр  Шығыс  еңбекшілерінің  съезі  өтті,  оған  Қытай,  Монғолия,  Корея, 
Жапония,  Үндістан,  Индонезия  жəне  тағы  басқа  елдерден 100 астам  делегат  қатысты,  съезд  өзінің 

Б.К.Адамбек 
26 
Вестник Карагандинского университета 
шешімдерінде  Азия  құрлығындағы  революциялық  қозғалысты  дамыту  керектігін  нақты  көрсетті 
[7; 273]. 
1922  жылы  өзінің II съезінде  Қытай  коммунистік  партиясы  Коминтернге  кіру  туралы  шешім 
қабылдады [18]. Осы  кезден  бастап  Коминтерн  халықаралық  революциялық  қозғалысты  дамыту 
жолында Қытайға ерекше мəн берді. КСРО жəне Коминтерн басшыларының келісімдері бойынша 20-
шы  жж.  орта  кезінен  Қытайдағы  бірнеше  саяси  күштерге  көмек  көрсетіле  бастады.  Мысалы, 
Коминтерн  кеңесшілері  мен  əскери  нұсқаушылары  Пекиндегі  КСРО  елшілігінде  жəне  бірқатар 
провинцияларда жұмыс істеді, бұл коммунистерге көрсетілген көмек еді. Сонымен қатар Қытайдағы 
екінші билік Гоминьдан армиясында коминтерншілер Əскери Кеңес жəне Бас Штаб құрды, ал қару-
жарақты  КСРО  Владивосток  арқылы  жіберіп  тұрды [5; 470]. Осы  кезде  Қытайда  КСРО-ның  белгілі 
қайраткерлері жұмыс атқарды, оның ішінде əскери кеңесшілердің басшысы В.Блюхер, Коминтерннің 
Қытайдағы  өкілі  Г.Войтинский,  Гоминьдандағы  бас  кеңесші  М.Бородин  жəне  т.б.  Дəл  осы  уақытта 
КСРО  əскери  кеңесшісі  М.Фрунзе  құпия  түрде  Пекиндегі  саяси  билікті,  əскери  төңкеріс  арқылы 
ауыстыру  туралы  жоспар  дайындап  қояды [19]. Бірақ  КСРО  басшылығының  кеңес-қытай 
қатынастарындағы  екі  жүзді  саясаты 1927 жылы  халықаралық  жанжалға  апарып  соқты,  өйткені 
КСРО елшілігін басып алған қытай полициясы 3 мыңнан астам құпия құжаттарды тəркілеп, олардың 
ішінде Кеңес мемлекеті мен Коминтерннің «Қытайды кеңестендіру» туралы жоспарын тауып алады 
[20; 234].  Осы  жылдың 11 желтоқсанында  кеңес  дипломаттары  мен  Коминтерн  резиденттерінің 
нұсқауымен  ұйымдастырылған  Кантондағы  жəне  т.б.  қалалардағы  ірі  жұмысшылар  көтерілістері 
жеңіліспен  аяқталды.  Осының  барлығы  кеңес-қытай  дипломатиялық  қатынастарының  үзілуіне  əкеп 
соқты,  ең  соңында 1929 жылы  Солтүстік  Маньчжурияда  кеңес-қытай  əскерлерінің  арасындағы 
қарулы қақтығысқа апарды. Қытайға жəне басқа елдердегі сəтсіздіктеріне сараптама жасап, өзінің VI 
конгресінде (1928 ж.) Коминтерн «солшыл-төңкерісшіл» нұсқаулардан бас тарту керек екенін нақты 
көрсетті. 30-жж. Қытайға қарсы Жапонияның агрессиясы басталған жағдайда КСРО жəне Коминтерн 
басшылары  Қытаймен  қарым-қатынасты  түзетіп,  осы  мемлекетке,  əсіресе  қытай  коммунистеріне 
белгілі көмек көрсете бастады. Мысалы, 1939–1940-жылдары жапондықтарға қарсы соғысып жатқан 
Қытайда 3600 астам  КСРО  кеңесшілері  жұмыс  атқарды,  олардың  жартысына  жуығы  Коминтерн 
жіберген əр түрлі мамандар болды [20; 327]. 
1935  ж.  шілде-тамыз  айларында  Коммунистік  Интернационалдың VII Конгресі  өтті,  ол  өзінің 
бағдарламалық  шешімдерінде  көптеген  коммунистік  партиялардың  халықаралық  революциялық 
қозғалысты  белсенді  жүргізу,  Кеңес  Одағын  қолдап  қорғау,  жұмысшылардың  ынтымақтастығын 
нығайту  жəне  антифашистік  күресті  халықаралық  деңгейде  жүргізу  туралы  ұсыныстарын  нақты 
көрсетіп берді. 
Осындай  бағдарламаға  байланысты  Кеңес  Одағы  мен  Коминтерн 1936–1939-жылдары 
Испанияда  болған  азамат  соғысының  оқиғаларына  белсенді  қатысты.  Осы  мемлекеттегі  құрамында 
коммунистер  бар  Республикалық  үкіметке  Кеңес  Одағы  интернационалдық  көмек  көрсетті,  əрине, 
мұндағы басты мақсат осы елде билікке коммунистерді отырғызу болды. 1936–1939-жылдары КСРО 
Республикалық  Испанияға 648 əскери  ұшақ, 347 танкі, 60 бронеавтомобиль, 1186 зеңбірек, 20648 
пулемет, 497813 винтовка  жəне  т.б  қару-жарақ  жеткізді [21]. Испан  халқының  генерал  Франкоға 
қарсы  күресін  қолдап, 54 мемлекеттен  келген  интернационалдық  бригадалар  азамат  соғысына 
қатысты.  Олардың  ішінде  Коминтерннің  Атқару  Комитеті  жіберген  бірқатар  коммунистік 
партиялардың  белгілі  өкілдері  болды,  атап  айтсақ:  ИКП-дан — Витторио  Видали,  Джузеппе 
Витторио, Джанкарло Пайетта; ФКП — Франсуа Бийу, Анри Жанен; Австриядан — Манфед Штерн; 
БКП — Рубен  Авраамов,  Райко  Дамяново;  Венгриядан — Янош  Гал,  Матэ  Залка;  Германиядан — 
Ганс  Баймир,  Артур  Беккер;  Польшадан — Густав  Рейхер;  Югославиядан — Благое  Парович  жəне 
т.б.  Сонымен  қатар  əр  түрлі  уақытта  Испанияда  коммунистік  партиялардың  басшылары  да  болды, 
олардың  ішінде  Морис  Торез,  Жак  Дюкло,  Гарри  Поллит,  Уильям  Галлахер,  Тим  Бак,  Вальтер 
Ульбрихт, Ян Шверма т.б. [22]. Осыған қарамастан Испаниядағы азамат соғыс республикалықтардың 
жеңілісімен аяқталып, бұл елде генерал Франконың диктатурасы орнатылды. 
Басқа  елдерге  «революцияны  экспорттау»  саясатын  Коминтерн  КСРО  басшылығымен  бірігіп 
Екінші  дүниежүзілік  соғысы  басталған  жағдайда  да  жалғастыра  берді.  Кеңес  Одағының 1939–
1940 жж. Финляндияға  қарсы  агрессиялық  соғысы  кезінде  осы  елдегі  билікке  Коминтерннің белгілі 
қайраткері  О.Куусинен  басқарған  коммунистерді  əкелу  əрекеті  жасалды.  Сонымен  қатар 
коминтерншілер 1939 ж. Польшаның шығыс аймақтарын, Бессарабияны, Латвия, Литва, Эстонияны 
Қызыл  Армия  оккупациялаған  кезде  ерекше  белсенділік  көрсетті. 1940 ж.  Коминтерннің  Атқару 

Большевиктер басқарған Коминтерн ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
27 
Комитеті  арнайы  үндеу  қабылдап  басқа  елдердегі  жұмысшылар  жəне  революциялық  қозғалысты 
кеңейту,  халықаралық  троцкизмге  қарсы  күресін  жүргізу,  антифашистік,  антигитлерлік 
мемлекеттерге қарсы күресті жоғарғы деңгейге жеткізу туралы ашық жариялады [23]. 
Большевиктердің нұсқауымен жұмыс істейтін Коминтерн 30–40 жж. басында Қытай, Үндістан, 
басқа  да  Азия  халықтарының  ұлт-азаттық  қозғалыстарына  көп  мəн  берді,  аталған  елдерде 
Коминтерннің  агенттері,  резиденттері,  көптеген  құпия  ұйымдары  жұмыс  атқарды.  Отаршылдыққа 
қарсы  жүргізетін  күрестің  өзінің  себептері  де  болды,  өйткені  осындай  көмек  арқылы  КСРО  жəне 
Коминтерн  басшылары  көптеген  отарлары  бар  мемлекеттерді,  əсіресе  Ұлыбританияны  əлсіреткісі 
келді жəне отаршылдық жағдайында тұрып жатқан халықтарға Кеңес Одағын олардың қамқоршысы 
ретінде көрсетуге тырысты. 
Бірақ  дүниежүзілік  революциялық  қозғалыстың  штабы  деп  көрсетілсе  де,  Коминтерн  көбінесе 
КСРО  большевиктерінің  басқаруымен  жəне  нұсқауымен  жұмыс  істеді.  Сталин  Коминтерншілерді 
«лавочкаға  жиналған  адамдар»  деп  кемітіп  айтатын  болды,  ал  бұл  халықаралық  ұйымда 
большевиктер өздерінің диктаторлық саясатын күнделікті əдеттеріне айналдырды. 30-шы жылдардың 
екінші  жартысында  Коминтерннің  бірқатар  мүшелері  репрессияға  ұшырады,  ал  Чехословакия, 
Болгария,  Польша  Коммунистік  партиялары  большевиктердің  ұсынысымен  таратылды.  Осыған 
байланысты  соғыс  жағдайында  Еуропадағы  Қарсыласу  қозғалысын  белсенді  басқарып  жүрген 
француз, итальян, югослав компартияларының басшылары большевиктердің озбыр саясатына наразы 
бола бастады. 
Сонымен  қатар  Коминтерннің  жұмысында  көптеген  қиыншылықтар  да  болды,  мысалы,  кейбір 
коммунистік  партиялар  агрессор  мемлекеттерде,  кейбіреулері  агрессияға  ұшыраған  елдерде,  ал 
кейбір  компартиялар  отарларда  қызмет  атқарды,  сондықтан  бұлардың  жұмысын  жүргізуге  жаңа 
көзқараста  əр  түрлі  əдістеме  қолдануы  керек  болды.  Міне,  осындай  жағдай  КСРО  мен  Коминтерн 
басшыларының  арасында  кикілжің  тұғыза  бастады.  КСРО  басшылары  Коминтерн  шын  мəнінде 
«дүниежүзілік революция штабы» бола алмады, сондықтан оның жұмысын тоқтатуға да болады деп 
айта  бастады.  Сталин  жəне  басқа  қайраткерлердің  Коминтернге  деген  көзқарастарының  өзгерілуіне 
бірнеше  себептер  əсер  етті,  біріншіден,  Батыс  мемлекеттері  Коминтернді  Мəскеудің  қолшоқпары, 
оның саясатын халықаралық аренада бұлжытпай орындайтын орган деп көрсететін болды, екіншіден, 
Коминтернді  тарату  арқылы  КСРО  басшылары  батыстан  басталатын  екінші  майданды  тездеткісі 
келді,  үшіншіден, 1943 жылда  Отан  соғысында  КСРО-ға  ынғайлы  түбегейлі  бетбұрыс  байқалды, 
сондықтан  Сталин  жəне  оның  қасындағы  қайраткерлер  енді  ақылдасып,  көптеген  халықаралық 
мəселелерді бірге шешетін орган керек емес деген тұжырым жасай бастады. Тағы бір айтып кететін 
жай — Қызыл Армияның шабуылдары майданда сəтті болған сайын КСРО көсемдері алдағы уақытта 
Еуропада орнататын жаңа тəртіпті Коминтернсіз де іске асыруға болады дегенге сене бастады. 
Осы  жəне  тағы  басқа  жағдайларға  байланысты  жəне  соғыс  кезінде  кезекті  Конгресті  өткізуге 
мүмкіншіліктері  болмаған  соң 1943 ж.  көктемінде  Коммунистік  Интернационалдың  Атқарушы 
Комитеті өзінің секцияларына Коминтернді тарату туралы ұсыныс жасады. Бұл құжатқа Коммунистік 
Интернационалдың  Атқарушы  Комитетінің  Президиум  мүшелері:  Г.Димитров,  А.Жданов, 
В.Комаров,  О.Куусинен,  Д.Мануильский,  В.Пик,  М.Торез,  П.Тольятти  жəне  тағы  басқалары  қол 
қойды. 1943 ж. 8 маусымында Атқару Комитеті Президиумының соңғы отырысында III Коммунистік 
Интернационалды  тарату  туралы  шешім  қабылданды.  Осыған  орай,  оның  секциясы  ретінде  жұмыс 
істеген Коммунистік Жастар Интернационалы да өзінің жұмысын тоқтатты. Аталған шешім бойынша 
Коммунистік  Интернационалдың  жəне  оның  секциялары  шығарып  тұрған  газет  жəне  журналдар 
жабылды.  Осылай,  ширек  ғасырға  жақын  уақытта  халықаралық  аренада  белсенді  жұмыс  атқарған 
ұйым өз қызметін аяқтады [24]. 
В.Ленин жəне т.б. большевиктер көсемдері құрған III Коммунистік Интернационал (Коминтерн) 
XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  белгілі  халықаралық  ұйым  ретінде  көптеген  жұмыстар  атқарды. 
Сондықтан  оның  тарихтағы  рөліне  тоқталғанда,  біз  мынандай  басты  факторларды  атап  кетуіміз 
керек.  Кеңестік  Ресей  большевиктері  құрған  Коминтерн  халықаралық  аренада  солардың  саясатын 
жүргізген  белгілі  ұйым  болды. XX ғасырдың 20–30-шы  жылдары  Коминтерн  өзінің  конгрестерінің 
шешімдері  бойынша  көптеген  елдерде  коммунистік  ұйымдар  мен  партиялар  құрып,  сол 
мемлекеттерде  жұмысшы  жəне  коммунистік  қозғалыстарды  ұйымдастырушысы  ретінде  көрінді. 
Коминтерншілер  саяси  насихат  жұмысымен  қатар,  бірқатар  елдерде  большевиктердің  дүниежүзілік 
революция  концепциясына  сүйеніп,  жұмысшылар  көтерілістерін  жəне  революцияларды 
ұйымдастыруымен  болды.  Коминтерн  КСРО  басшылығының  тапсыруымен  көптеген  мемлекеттерде 

Б.К.Адамбек 
28 
Вестник Карагандинского университета 
таптық  күресті  қоздырып,  оларда  социалистік  идеологияны  таратты,  осындай  жұмыстың  негізінде 
капиталистік  мемлекеттердегі  еңбекшілерді  заңды  үкіметтеріне  қарсы  айдап  салумен  болды.  Шын 
мəнінде,  Коминтерн  осындай  əрекеттерімен  сол  кездегі  халықаралық  аренада  революцияны 
экспорттау саясатын белсенді жүргізді, оның ішінде үгіт-насихат жұмысы, социалистік идеологияны 
тарату,  кейбір  жағдайларда  арандатушылық  əрекеттері  де  орын  алды.  Сонымен  қатар  Коминтерн 
мектебінен  өткен бірқатар  қайраткерлер  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  пайда  болған  бірқатар 
социалистік мемлекеттерді басқарып, КСРО басшыларының бағытында саясат жүргізді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Советская историческая энциклопедия / Гл. ред. Е.М.Жуков. — М.: Сов. энцикл., 1965. — Т. 2–7. — 768 с. 
2  Ленин В.И. Пролетарская революция и ренегат Каутский: ПСС. — Т. 37. — С. 304. 
3  Большая Советская Энциклопедия: В 30 т. / Отв. ред. А.М.Прохоров. — 3-е изд. — М.: Сов. энцикл., 1973. — Т. 12. 
— 623 с. 
4  Всемирная история: В 10 т. / Отв. ред. И.И.Минц. — М.: Изд-во соц.-экон. лит., 1961. — Т. 8. — 643 с. 
5  Новейшая  история  зарубежных  стран. XX век:  Учеб.  пособие / Под.  ред.  А.М.Родригеса:  В 2 ч. — М.:  ВЛАДОС, 
1998. — Ч. 1. (1900–1945). — 360 с. 
6  Фирсов Ф.И. Коминтерн — школа пролетарского интернационализма // Новая и новейшая история. — 1982. — № 2. 
— С. 32. 
7  Верт Н. История Советского государства. 1990–1991 / Пер. с фр. — 2-изд. — М.: Прогресс-Академия, 1995. — 544 с. 
8  Новейшая отечественная история. XX век: Учебник / Под ред. Э.М.Щагина. В 2 кн. — Кн. 1. — М.: ВЛАДОС, 2004. 
— 447 с. 
9  Адамбеков  Б.К. XX ғасырдағы  Ресей  империясы,  Кеңес  мемлекеті  жəне  ТМД  тарихы:  Оқу  құралы. — Қарағанды: 
ҚарМУ баспасы, 2005. — 344 б. 
10  50 лет Великой Октябрьской социалистической революции: Постановление Пленума ЦК КПСС. Тезисы ЦК КПСС. 
— М.: Политиздат, 1967. — С. 59. 
11  Новейшая история Отечества. XX век: Учебник для вузов: В 2 т. / Под ред. А.С.Киселева. — М.: ВЛАДОС, 1998. — 
496 с. 
12  Советская Историческая Энциклопедия / Гл. ред. Е.М.Жуков. — М.: Сов. энцикл., 1963. — Т. 4. — 318 с. 
13  Соколов А.К. Курс советской истории. 1917–1940: Учеб. пособие для вузов. — М.: Высш. шк., 1999. — С. 120. 
14  Берхин И.Б. История СССР. Советский период: Учеб. пособие для вузов. — М.: Высш. шк., 1987. — С. 147. 
15  Адамбек Б.К. Кеңес Одағының құрылуы мен күйреуінің тарихи сабақтары // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Тарих. 
Философия сер. — 2013. — № 2. — 4-б. 
16  Карр Э. История Советской России. — Кн. 1. — Т. 1–2: Большевистская революция. 1917–1923. / Пер. с англ. — М.: 
Прогресс, 1990. — С. 278. 
17  История СССР в доументах и иллюстрациях (1917–1971): Хрестоматия / Сост. В.И.Виноградов. — М.: Просвещение, 
1981. — С. 100. 
18  Григорьев  А.М.  Политика  Коминтерна  в  отношении  Коммунистической  партии  Китая — пролетарский 
интернационализм в действии // Новая и новейшая история. — 1982. — № 2. — С. 27. 
19  Зуев М.Н. История России: Учебник для вузов. — 2-е изд. — М.: Приор-издат, 2005. — С. 486. 
20  История внешней политики СССР (1917–1985 гг.): В 2-т. — Т. 1. — М.: Наука, 1986. — 534 с. 
21  История Второй мировой войны (1939–1945): В 2 т. — Т. 1. — M.: Наука, 1973. — С. 54. 
22  Мещеряков М.Т. Коммунистическая партия Испании и Коминтерн // Новая и новейшая история. — 1991. — № 3. — 
С. 20. 
23  Всемирная история: В 10 т. — Т. 10 / Отв. ред. Е.М.Жуков. — М.: Мысль, 1965. — С. 584. 
24  Новейшая история Отечества. XX век: Учебник для вузов: В 2 т. / Под ред. А.С.Киселева. — М.: ВЛАДОС, 1998. — 
С. 188. 
 
 

Большевиктер басқарған Коминтерн ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
29 
Б.К.Адамбек
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет