№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Литература 
1 Карим М. О писателе Ч. Айтматове // Литературная газета. – 1978. – №5. 
2 Айтматов Ч. Ода величию духа / Ч. Айтматов, Д. Икэда. – М., 1994. – 272 с. 
3 Айтматов Ч. Белый пароход. – Алматы:  Атамура, 2004. – С. 133. 
4  Адракова  А.Г.  Урок  русской  литературы  в  7  классе  на  тему:  «Реальное  и 
мифологическое  в  повести  Ч.  Айтматова  «Белый  пароход»,  2014-02-03,  СКО  г. 
Петропавловск,  КГУ  «Средняя  школа-комплекс  национального  возрождения  №17». 
– С. 6. 
5 Словарь иностранных слов. – М.: Русский язык, 1990. – С. 518. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
82
ЖАНӘБІЛ Нұрай, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің 8 сынып оқушысы, 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТУРЕМУРАТОВА Гульдана Бекжигитовна, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің мұғалімі, 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АЛАШ 
 
 
 
Кіріспе. 
Зерттеу 
жұмысының 
сипаты. 
Зерттеу 
жұмысы 
орыс 
отаршылдығына  қарсы  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  татар,  башқұрт  деп  бөлектемей,  түрік 
тілді  халықтардың  бірлігі  жолындағы  жанқиярлық  күрестерде  шыңдалған  жүз 
жылда  бір-ақ  рет  дүниеге  келетін  қазақтың  бір  туар  ұлы  Мұстафа  Шоқайұлының 
өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасау болып табылады. 
Зерттеу  жұмысының  өзектілігі. Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздікке қол 
жеткізуі  тарихымыздағы  «ақтаңдақтардан»  арылуымызға  және  ұлттық  рухани 
құндылықтардың  қайта  жаңғыруына  жол  ашты.  Ұлттық  рухани  құндылықтар  төл 
тарихымыздың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Осыған  байланысты  Елбасымыз 
Н.Ә.  Назарбаев:  «Біздің  мақсатымыз,  ғылымды  жаңадан  жасап,  оны  еш  нәрсеге 
жарамай  қалған,  ескірген  идеялардан  тазартуға  тиіспіз.  Әсіресе,  мұны  қоғамдық 
ғылымдар саласына қолдануымыз керек», - деп атап көрсеткен. 
М.  Шоқай  ұлттың  өз  «Менін»  сақтап  қалуында  және  ел  мен  ұлттың 
болашақтағы  дамуы  сол  ел  мен  ұлттың  тарихын  қалай  жазуға  тікелей  байланысты 
екендігіне  назар  аударып,  большевиктік  «зерттеуші»  көздеген  мақсаттарын  күні 
бұрын  белгілеп  алады  да,  соған  жету  үшін  оқиғалар  құрастырады.  Тіпті  мақсаты 
қажет  етіп  жатса,  оқиғаларды  ойдан  шығарады.  Мақсатқа  қайшы  келетін  бұлақ 
көздеріне  жуымайды.  Мұңдай  тарихшылар  өзін  бейтарап  ұстаудың  орнына 
оқиғаларға  партиялық  тұрғыдан  талдау  жасайды.  Кеңес  тепкісіндегі  халықтардың 
ұлттық  қозғалыстары  туралы  жазып  жүрген  большевик  тарихшылар  осы  екінші 
түрге жатады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
83
Большевиктер  жалпы  ғылымда  бейтараптықты  мойындамайды.  Ғылым  олар 
үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық 
мақсаттары  үшін  пайдалануға  тырысады.  Өйткені  олар  тарих  өткен  өмірден 
мағлұмат  беретін  ғылым  ғана  емес,  келешекке  сабақ  беруге  қызмет  ететін  ғылым 
екенін де жақсы біледі. 
Міне,  сол  себепті  бүгінгі  күн  талабы  осы  мәселеге  құлдық  психологиядан 
арылған жаңа көзқараспен қарауды, жаңаша бағалауды қажет етеді және бұл, әрине, 
тақырыптың  өзектілігін  көрсетеді.  Демек,  біз,  тәуелсіз  қазақ  мемлекеттілігі 
жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымыздың көкжиегін кеңейту 
үшін  «тар  жол  тайғақ  кешуден»  өткен  халқымыздың  кешегі  жүріп  өткен  жолын 
жаңаша  көзқараспен  жазуға  және  қазақ  тарихындағы  «ақтандықтардың»  орнын 
толтыруға  міндеттіміз.  Осыған  орай,  Отан  тарихында  әлі  де  үстірт  қарастырылған 
немесе  мүлдем  зерттелмей,  тарихи  тұрғыдан  шынайы  өз  бағасын  ала  алмаған 
мәселелер аз емес. Соның бірі – Мұстафа  Шоқайұлының өмірі мен қоғамдық саяси 
қызметіне  тарихи  талдау  жасау  және  одан  тарихи  сабақ  яғни,  ғибрат  алу  болып 
табылады. 
Екіншіден,  патшалы  Ресей,  одан  кейінгі  кеңестік  кезеңде  «қасақана 
бұрмаланған»  қазақтың  ұлт  зиялылары  мен  саяси  элитасының  қоғамдық-саяси 
қызметін  тереңде  жатқан  тарихи,  саяси,  ұлттық  және  мәдени  дәстүрлерге  сүйене 
зерделеу  арқылы  шынайы,  тарихи  бағасын  беру  қажет.  Сонда  ғана  құлдық 
психологиядан  арылып,  тәуелсіздігіміз  тұғырлы  болады.  Сондықтан  қарастырылып 
отырған  тақырыбымыз  арнайы  ғылыми  зерттеу  нысаны  болуға  әбден  лайық,  тарих 
ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. 
Тақырыптың  мақсаты  мен  міндеттері.  М.  Шоқайдың  қоғамдық-саяси 
қызметін  жаңа  тарихи  көзқарас  тұрғысынан  қорытып,  бұрын  тарихымызда  белгісіз 
болып  келген  немесе  әдейі  бұрмаланған  тұстарын  тың  деректерге  сүйеніп,  тарихи 
шындық  тұрғысынан  зерттеу  оның  өз  ұлтына  берілген  шынайы  келбеті  мен 
қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты. 
Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады: 
-  М.  Шоқайдың  саяси  көзқарасының  қалыптасуына  оның  өскен  ортасының 
әсерін анықтау; 
- ХХ ғасырдың басындағы М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне обьективті 
баға бере отырып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты қызметіне және Мемлекеттік 
думадағы мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне талдау жасау; 
-  М.  Шоқайдың  1917  жылғы  қос  революция  кезіндегі  және  одан  кейінгі 
қызметін анықтау; 
-  М.  Шоқай  жетекшілік  еткен  Түркістан  автономиясының  атқарған  қызметін 
талдау; 
-  М.  Шоқайдың шетелдік  мұрағаттарда  сақталған  еңбектерін  ғылыми  тұрғыда 
зерделеу; 
-  М.  Шоқайдың  қызметіне  қатысты  шетелдік  және  отандық  зерттеулерді 
жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау. 
Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы, балалық шағы және қайраткер ретінде 
қалыптасу  кезеңі.  ХХ  ғасырдың  басында  Ресейдің  Қазақстанды  отарлау  процесі 
бұрын  болмаған  жаңа  сипат  ала  бастады.  Қазақ  халқы  өзінің  саяси  да,  рухани  да 
дербестігінен, жері мен елдігінен айырылып, діні мен тілі, мәдениеті төмендетілген 
мүшкіл халге жетті. Осы тұста қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтап, осы қараңғы 
түнектен  халықты  алып  шығуды,  қазақ  халқына  теңдік,  бостандық  алып  беруді 
мақсат  еткен  қазақ  зиялылары:  М.  Шоқай,  Ә.  Бөкейханов,  М.  Дулатов,  Ж. 
Аймауытов  сынды  тұлғалар  саяси  күрес  сахнасына  шықты.  Олар  патша  өкіметінің 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
84
отарлық  саясатына,  қызыл  империяның  қиянатына  қарсы  күресуге  бел  буды. 
Солардың  ішінде  бүкіл  саналы  ғұмырын  тек  қазақ  халқының  емес,  бүкіл  түркі 
жұртының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған Мұстафа Шоқай болды. 
Мұстафа Шоқай Ақмешіт, Перовск, қазіргі Қызылорда қаласында ескі күнтізбе 
бойынша  1890  жылы  25  желтоқсанда  дүниеге  келген.  Жаңаша  күнтізбе  бойынша 
бұрынғыға  13  күн  қосқанда  7  қаңтар  болып,  1891  жылға  шығады.  Осыған 
байланысты  кейбір  басылымдарда  1890  жылдың  7  қаңтары  болып  қате  жазылып 
жүр. Дұрысы ескіше 1890 жылдың 25 желтоқсаны, жаңаша 1891 жылдың 7 қаңтары. 
Мұстафаның тегі Орта Жүздің Қыпшақ, оның ішінде Торайғырдың Шаштысы, 
Батый  ұрпағының  Жанай  тармағы  болса  керек.  Әкесі  Шоқай  дала  қазақтары 
арасында  ерекше  мәдениетті,  елге  беделді  кісі  болған.  Шоқайдың  әкесі  Торайғыр 
Сыр  қазақтары  Ресейдің  қол  астына  кірмей  тұрғанда  Хиуа  ханының  датқасы,  яғни 
уәлаят басшысы болған. Торайғырдың да, Шоқайдың да суреттері патша үкіметінің 
арнайы  тапсырмасымен  жасалған  фотоальбомға  кіруі  тегін  емес  сияқты.  Шоқай 
ағайындары  ішінде  ерте  отырықшылықпен  айналысып,  бау-бақша  егеді,  кірпіш  үй 
салдырады.  Бірақ  қазақ  ғұрпынан  айнымайды,  Шоқай  үйінің  есігі  қара  қазаққа 
айқара  ашылып  жатты.  Дегенмен  байлықты  малмен  өлшейтін  дала  қазақтары  үшін 
Шоқай ауылы кедей саналады. Ол өзінің бау-бақша егінін малға айырбастап немесе 
көптеп  қоныстана  бастаған  орыстарға  шаруаның  құрал-саймандарын  малға 
айырбастап өмір сүрді. 
Мұстафаның  нағашы  жұрты  да  текті  болған.  Анасы  Бақты  –  әйгілі 
әскербасылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі  өзбек  хандарына қарсы ұрыстарда аса 
ерлік  көрсетіп,  қазақ  батырлары  санатына  кірген.  Ал,  Түркістанды  патша  әскерлері 
жаулап ала бастаған кезде де ұзақ уақыт орыстармен елінің азаттығы үшін күрескен. 
Мұстафаның  болашақ  анасы  осы  соғыстарға  қатысып,  әкесіне  жәрдем  етеді.  Атқа 
мініп,  шөл  далада  дұшпан  әскерлерінің  жолын  барлап,  хабар  жеткізіп  отырған. 
Бақты  өлең жазып,  дастандар  жырлаған.  Ана  тілінде  сауаттанып  және  әкесі  сияқты 
арабша да білген. 
Шоқай  би  отыздан  аса  ағайын-туыстарымен  бір  ауылда  тұрған.  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  мекені  Орынбор-Ташкент  теміржолы  бойындағы  Сарышығанақ 
станциясынан  5  шақырым  жерде.  Шоқай  1912  жылы  Мұстафаның  22  жасында 
қайтыс  болады.  Шоқайдың  үш  ұлы  Сыздық,  Мұстафа,  Нұртаза  және  екі  қызы 
Әтіркүл  мен  Батима  екінші  әйелінен  туады,  бірақ  Мұстафаны  бірінші  әйелі 
бауырына  салады.  Мұстафа  өле-өлгенше  сол  асыраған  шешесін  аузынан  тастамай 
өтеді.
 
Торғай датқаның ауылы Сыр өңіріндегі сол заманға сай білім мен мәдениеттің 
орталығы  болған.  Торғай  датқаның  үшінші  ұлы  Әліш  патша  үкіметіне  қайта-қайта 
хат  жазып,  «Әулие  Тораңғыл»  деген  төрт  сыныптық  мұсылманша  мектеп  ашуға 
рұқсат  алған.  Түркістан  генерал-губернаторы  бұл  мектепті  қадағалап  отырған.  Бұл 
мектепті  Түркістан  Халық  ағарту  ісінің  бас  инспекторы  Федор  Михайлович 
Керенский де келіп қадағалап көріп кеткен. 
М. Шоқай алты жасында осы Әліш ағасы салдырған мектептің табалдырығын 
аттап,  төрт  жылдық  ауыл  мектебін  екі  жылда  бітіреді.  Мұстафаның  болашағынан 
үміт күткен әкесі заман ағымына қарай оны орысша оқытуға Ақмешітке алып келеді. 
Осыдан  соң  Мұстафаны  оқуын  жалғастыруға  Ташкентке  гимназияға  ағасы  Әліш 
алып  барады.  Мұстафа  гимназияға  бейтаныс  бір  орыс  мұғалімінің  көмегімен  зорға 
қабылданады.  Мұстафа  гимназияға  осылайша  1902  жылы  қабылданып,  оны  1910 
жылы үздік бітіреді. 
Мұстафа  осы  гимназияны  бітірерде  де  әділетсіздік  көреді.  Оңды-солын  енді 
ғана  тани  бастаған  Мұстафаның  қоғамдық-саяси  көзқарасының  қалыптауына  бұл 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
85
оқиға  ықпалын  тигізсе  керек.  Мұстафа  Петерборға  университетке  оқуға  түсерде  де 
орыс  билігінің  бұратана  халықтардың  балаларына  лауазымды  қызмет  алатын  оқуға 
түсуге  тыйым  салатынын  көрді.  Онда  Мұстафа  Самсонов:  «Заң  факультетінде 
Түркістандықтарға  берілетін  стипендия  тек  орыстар  үшін...  сонда  да  түсем  оқуға, 
маған  Қазан  татарларының  стипендиясы  уәде  етіліп  қойылған»,  -  деп  Мұстафа 
Петербор университетіне түсерде де әділетсіздік байқаған болатын. 
1921 жылғы «Айқап» жуналының 13 санында Мұстафа туралы мынадай сөздер 
жазылыпты:  «Осы  күндері  Петербор  университетінде  1910  жылдан  бермен  қарай 
Сырдария  облысының  Певорск  уезінің  Гродековский  болысының  Шашты  қыпшақ 
руынан  Мұстафа  Шоқаев  деген  жігіт  оқып  жатыр.  Бұл  жігіт  Перовск  уезінен 
жоғарғы  жерде  оқыған  бірінші  қазақ  баласы  болса  керек».  Шындығында  Мұстафа 
Петерборда  оқыған  алғашқы  қазақ  жігіттерінің  бірі  еді.  Мұстафа  Петерборда  оқып 
жүргенде  тілмаштық  қызмет  атқарып,  елден  адамдардың  мұң-мұқтажын  білуге 
мүмкіндік  алады.  Осындай  заңға  байланысты  мәселелерді  шешу  үшін  Петербор 
сотының  адвокаты,  социал-демократ  Николай  Дмитриевич  Соколов  Мұстафаға  көп 
көмектескен. 
Мұстафа  Шоқайдың  саяси  көзқарастарының  қалыптасуына  қоғамның 
әсері.  Мұстафа  Шоқайдың  қоғамдық-саяси  көзқарастарын  қалыптастырған  тарихи 
орта 
Петербор 
қаласындағы 
революциялық 
көңіл-күйдегі 
социалист-
революционерлер  болды.  Атап  айтқанда,  Мұстафа  Шоқайдың  қоғамдық-саяси 
көзқарастарының  қалыптасуына  Уақытша  үкіметті  басқарып  отырған  Александр 
Федорович Керенскийдің де ықпалы болды. М. Шоқай Керенскиймен Ташкентте ер 
балалар  гимназиясында  бірге  оқыған.  Гимназияны  үздік  бітірген  соң  екеуі  де 
Петербор университетінің Заң факультетіне түскен. 
Университетті  бітіргеннен  кейін  Керенский  немере  ағасының  көмегімен 
округтік  сотқа  қызметке  тұрады.  Осыдан  кейін  де  ол  Мұстафамен  жолдастық 
байланысын  үзбеген.  Осы  достықтың  арқасында  Мұстафа  Шоқай  да  адвокаттық 
жұмысқа орналасқан. 
Мұстафаның  терең  білім  алып,  саяси  көзқарастарының  қалыптасуы  және 
қоғамдық  қозғалысқа,  халқының  азаттық  жолындағы  күресіне  қатысып  шыңдалуы 
оның  Петербордағы  өткізген  күндерімен  тұспа-тұс  келеді.  М.  Шоқайдың  саяси 
көзқарасының  кеңеюіне  Петербордағы  қызмет  жасап  жүрген  отандастарының  да 
үлкен ықпалы болды. Мемлекеттік Думаның мүшелері Ә. Бөкейханов, Түркістандық 
қайраткерлер  Сералы  Лапин,  Махмуд  Ходжа  Бехбуди,  Мунуар  Қары  және  Ахмет 
Байтұрсыновтар  мен  Мұстафа  Шоқай  тығыз  байланыс  жасап,  өздерінің  отандары 
Түркістанның  болашағы жайлы талқылап жүрді. 
М.  Шоқайдың  қоғамдық-саяси  көзқарасының  қалыптасуына  өзімен  тұстас 
болған  осылардай  ұлт  зиялыларынның  ой-ықпалы  күшті  болды.  Ресей  үшін  аса 
күрделі  шақта  жұмыс  жасаған  М.  Шоқай  1914  жылы  Әлихан  Бөкейхановтың 
ұсынысымен  ІV  Мемлекеттік  Думаның  Мұсылман  фракиясының  хатшысы  болып 
тағайындалды.  Мұстафаның  осы  саяси  қызметке  орналасуы  түркі  тектес 
халықтардың,  оның  ішінде  қазақ  халқының,  отарлық  езгіге  қарсы  қозғалысының 
бастауымен  тұспа-тұс  келеді.  Өйткені  ХХ  ғасырдың  басында  Ресей  отаршылдары 
өзінің  билігін  Орта  Азияға  және  Қазақстанға  терең  орнатқан  болатын.  Түркі 
халықтарына  ата-мекенінен,  әдет-ғұрпынан,  мәдениетінен  айырылып,  мәңгүрттік 
болу қаупі төнді. Мұстафа патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресетін 
күш  қажет  екендігін  түсінді.  Сондықтан  да  Ресейдің  езгісінде  отырған  Түркі 
халықтарын  біріктіруді  қажет  деп  есептеді.  Дума  депутаттарымен  араласып, 
мұсылмандық Түркістандық көзқарастарын толықтырады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
86
1916 жылғы саяси дүрбелең, Түркістандағы халықтың көтерілісі М. Шоқайдың 
патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  күресу  туралы  идеяларын  одан  әрі 
жетілдіріп, оның қоғамдық-саяси көзқарасын дамытты. Ол Петербордағы студенттік 
жылдарында  тура  түскен  осы  1916  жылғы  көтеріліске  орай  Ресей  Мемлекеттік 
Думаның Мұсылман фракиясының жұмыстарында белсенді рөл  атқарды. Түркістан 
және Дала өлкелеріндегі көтерілістерді басу кезіндегі орыс әскерлері жасаған заңсыз 
шаралардың Дума тарапынан тексерілулеріне үлес қосты. 
М.  Шоқайдың  ұлттық  қоғамдық-саяси  көзқарастарының  қалыптасуына  татар 
және башқұрт халқының азаттығы үшін күрескен саясаткерлердің де ықпалы болды. 
Өйткені  бұл  халықтар  патшаның  отарлық  қамытын  басқа  ұлттардан  ертерек  киген 
болатын.  Сол  себепті  Ресей  империясының  отаршылдық  саясатына  да  ең 
алғашқылардың  бірі  болып  ұлт-азаттық  қозғалысқа  шыққан  татарлар  мен 
башқұрттар болды. Татар ұлтының данагөйі, туған халқының азаттығы үшін күреске 
бүкіл  саналы  өмірін  арнаған  Мирсаид  ұлы  Сұлтан  Ғалиев  1917  жылы  мамырда 
Петербор  қаласына  келеді.  Сосын  Тұрар  Рысқұлов  және  Мұстафа  Шоқайлармен 
бірге Түркістан  халықтарының тәуелсіздігі үшін күреседі. Мирсаид Хайдарғалиұлы 
Сұлтан Ғалиевтің ашық өткір сынды пікірлері Мұстафаға өзінің саяси көзқарастарын 
тұжырымдауға ықпал етті. 
Міне,  осындай  өткір  пікірлі  зиялы  қауым  саясаткерлердің  ортасында  жүрген 
Мұстафаның да Түркістан халықтарының тәуелсіздігі туралы өткір ойлары, ұтымды 
пікірлері  қалыптасты.  Мұстафа  Шоқай  орыс  отаршылығының  негізінде  екі  үлкен 
мәселе  жатыр  дейді:  «Патша  өкіметінің  ұраны  Сібірияны  нағыз  орыс  Сібіриясына 
айналдырғаны  сияқты,  Түркістанды  да  нағыз  орыс  Түркістанына  айналдыру» 
болатын.  Бірінші  мәселе,  жергілікті  халықтың  материалдық  және  рухани 
өркендеуіне  шек  қойып,  оны  азып-тозып,  өліп  бітуіне  душар  ету.  Екіншісі  –  орыс 
мұжықтарын  өлкеге  көшіріп  әкеліп,  мұнда орыс  көршілігін  жасау.  Мұстафа  Шоқай 
патшалық  Ресейдің  осы  залым  саясатын  әшкерелеп,  Түркістанды  өзінше  дербес 
тәуелсіз мемлекет етіп құруды мақсат, мұрат етті. 
Мұстафа  Шоқайдың  Түркістан  Автономиясын  құрудағы  қызметі. 
Отаршылдықтың  тауқыметін  тартып,  ұлттық  езгіні  бастан  кешіріп  жатқан  қазақ 
халқының 
наразылықтарының 
өсуі 
азаттық 
қозғалыстың 
қарқын 
алуы, 
революцияның  алғы  шарттарының  пісіп  келе  жатқаны  әбден  анық  болды. 
Титықтаған халық көтеріліске шыға бастады. 
Қазақстан  мен  Орта  Азияда  1917  жылғы  ақпан  буржуазиялық  демократиялық 
революцияның қарсаңында царизмнің ауыр дағдарысқа ұшырағандығы айқын көріне 
бастады.  Бұл  кезде  Ресейдің  қол  астындағы  түркі  халықтарының  қозғалысына 
исламдық  идеологиялық  бағыт  жетекшілік  етті.  Тарихшы  М.  Қойгелдиевтің 
пікірінше:  «Ислам  қозғалысының  көш  басында  Исмаил  Гаспиринский,  Садри 
Мақсуди, Әли-Мардан бек Топчибашев, Сәлімгерей Жантөрин сияқты қайраткерлер 
тұрды».
 
Мұстафа  Шоқай мен Әлихан Бөкейханов та бұл қозғалыстардан тыс қалмады. 
Түркістан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына идеологиялық жағынан бұл кезде 
бағыт  берген  «Тәржіман»,  «Уақыт»,  «Қазақ»  газеттері  және  «Айқап»  журналы 
болды.  Бұл  басылымдар  ортақ  жау,  отарлық  езгіге  қарсы  күресу  мәселелерін  бірде 
ашық түрде, кейде көмескі түрде көтеріп отырды.
 
Ақпан  төңкерісінің  жеңісін  М.  Шоқай:  «Үкімет  –  бұл  қуатты  қозғалысты 
басуға  дәрменсіз  еді.  Мемлекеттік  Дума  төрағасы  Родзянконың  келіссөз  жүргізу 
жөнінде  патша  айтқан  өтінішінен  нәтиже  шықпады.  Мемлекеттік  Думаның  қайта-
қайта  талап  етуіне  жауап  ретінде  патша  думаны  тарату  туралы  жарлық  шығарды. 
Қашаннан  бағынышты  кертартпа  болып  келген  төртінші  дума  осы  жолы  патшаның 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
87
жарлығын тыңдамай, ертеңіне «Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қорғау міндетін» 
атқаратын  Уақытша  комитет  құрды.  Осы  тұста  жұмысшы  және  солдат 
депутаттарының  кеңестері  құрылды.  Патша  революцияны  басуға  ұмтылып  көрді. 
Тек уақыт өтіп кеткен еді. Тақты інісі Михаилға беруден басқа амалы қалмады. Бірақ 
кең қанат жайған тегеуріңді революциядан қорыққан Михаил Романов та тақтан бас 
тартты. Тап осы тұста Уақытша үкімет құрылды. Князь Львов басқаратын Уақытша 
үкіметке  Милюков  сыртқы  істер  министрі,  Гучков  әскери  министр,  революцияшыл 
партиялардың  өкілі  Керенский  заң  министрі  орындарына  отырды...  Революция 
осылай жеңген», - деп суреттеді. 
Ақпан  төңкерісінен  кейін  Түркістанның  шет  аймақтарында  діни  ұйымдар 
«Шурио-Ислами»,  «Раунак-уль  Ислам»,  Түркістанның  орталығында  «Джадиттік 
ұйым»  құрылды.  Орынборда  джадиттерді  «младо  Туркестанцы»  деп  атаған.  Осы 
аталған  Түркістандағы  барлық  ұйымдар  мұсылмандар  Кеңесін  құрады.  Бұл  кеңесте 
Түркістандағы  «Европейзацияланған»  өкілдер  кірді.  Мұсылмандар  кеңесінің 
мақсаты  автономияны  құру  болды.  М.  Шоқайдың  пікірінше  олар,  Түркістан 
болашақта  өзін-өзі  басқаратын  автономия  болып,  ол  Ресей  демократиялық 
республикасының  бір  бөлігі  болуын  қолдады.  Олар  орыс  демократиясына,  орыс 
революциясына сенді. 
Алайда 
революцияның 
өзі 
және 
орыс 
демократиясы 
прогрессивтік 
революциялық ұлттық көңіл-күйдегі Мұстафа Шоқай 1917 жылы ақпан төңкерісінен 
кейінгі  жағдайға  талдау  жасай  келе,  Түркістан  халықтарын,  оның  ішінде  қазақ 
халқын аман сақтап алып қалу үшін ұлттық мүддені  қорғайтын құрылымның қажет 
екендігін  баса  айтты.  Қазақ  халқының  алдында  екі  жол  бар  деді:  бірі  –  Түркістан 
уалаяты  құрамындағы  елдердің  бір  болып,  жаңа  саяси  мемлекеттік  жүйе  құру 
әрекетіне көшу болса, екіншісі – басқа қазақ облыстарымен бірігіп, ұлттық мемлекет 
шаңырағын  көтеру  жолына  түсу.  Ә.  Бөкейханов  та,  М.  Шоқай  да  барлық  қазақ 
жерінде  осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  қазақ  зиялыларымен  1917  жылы  21-26 
шілдеде Орынборда жалпы қазақ съезін өткізіп, онда Алаш партиясы құрылды. 
Мұстафа Шоқай және Алаш басшылары ұлттық автономия жариялаудан басқа 
жол жоқ, саяси тұрақсыз жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана 
қазақ елін апаттан құтқарып, бостандық жолына алып шыға алады деп түсінді. 
1917  жылы  22  қарашада  Ташкент  Кеңесінің  бастамасымен  үшінші  Түркістан 
Кеңестерінің  өлкелік  съезі  болды.  Съезде  талқыланған  негізгі  мәселе  саяси  билік 
мәселесі  болды. Съезд Түркістан өлкесінде  Кеңес билігі орнағанын «заңдастырды», 
Түркістан  Халық  Комиссарлар  кеңесінің  құрамын  сайлады.  Алайда  олардың 
қатарына жергілікті халықтардың бірде бір өкілі кіргізілмеді. «Бұл съезде, - дейді М. 
Шоқай, - өлке халықтарының өзін-өзі басқару түгіл автономия құру туралы бірауыз 
сөз айтылмады». Ташкент кеңесінің осындай саясатынан кейін Түркістан зиялылары 
өлкеде  ұлттық  мемлекет  құру  үшін  1917  жылы  26  қарашада  Қоқан  қаласында 
өлкелік  төтенше  ІV  Мұсылмандар  съезін  шақырады.  Съезге  200-ден  астам 
делегаттар  келеді.  Олардың  қатарында  «Шурои-Исламия»,  «Жамияти  Улемо», 
мұсылман  тау-кен  жұмысшыларының  одағы,  мұсылман  жауынгерлерінің  одағы, 
өлкелік еврейлер одағы сияқты қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. 
М.  Шоқай  Мұсылмандардың  ІV  съезінде  Түркістанды  Ресей  Федеративтік 
Демократиялық  республикасы  құрамындағы  территориялық  бірлік  –  Түркістан 
Мухторияты  деп  жариялады.  Кеңестік  тарихнамада  автономия  құрылған  қаланың 
атымен  «Қоқан  автономиясы»деп  аталды.  Оған  36  түркістандық  (Түркістанның 
жергілікті  халқынан  шыққандар)  және  18  өзге  ұлт  өкілдері  енді.  Халық  кеңесінің 
төрағалығына  –  Серәлі  Лапин,  кеңес  басшылығы  құрамына  –  Мұстафа  Шоқай, 
Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
88
Алайда М. Шоқай Түркістанда өткізілген мұсылмандар съезінің қорытындысы 
бойынша  құрылған  «Қоқан  автономиясымен»  ғана  қанағаттанып  қойған  жоқ,  ол 
автономия  жарияланғаннан  кейін,  Орынбор  қаласына  екінші  жалпы  қазақ  съезіне 
қатысуға аттанады. Бұл съезге Сырдария және Жетісу облыстарынан өкілдер арнайы 
шақырылған  болатын.  Олардың  қатарында  С. Аманжолов,  Б.  Мәметов,  И.  Арабаев, 
Ж.  Солтонаев,  М.  Шоқай  бар  еді.  Бұл  съездің  негізгі  мақсаты  Алаш  автономиясын 
жариялап,  оның  үкіметін  құру  еді.  Съезге  келген  өкілдердің  көпшілігі  Қоқанда 
құрылған  автономия  туралы  естімеген  де  еді.  М.  Шоқай  осы  съезде  өзінің 
делегаттарына Түркістан автономиясының құрылғанын жеткізді. 
Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны 
олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет