№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014


Мұстафа  Шоқайдың  Кеңес  үкіметімен  қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Мұстафа  Шоқайдың  Кеңес  үкіметімен  қарым-қатынасы.  Екінші  жалпы 
қазақ  съезінде  Алаш  автономиясы  мен  Түркістан  автономиясының  арақатынасы 
туралы,  «Түркістандық  қазақтардың»  Алаш  автономиясына  қосылу-қосылмау 
жөнінде қызу айтыстар болды. 
Түркістан  автономиясының  да,  жаңадан  құрылған  Алашорда  өкіметінің  де 
мақсат-мүддесі  ұлттық  бірлік  екенін  М.  Шоқай  баса  айтты  және  Сырдария 
халықтарына  түсінікті  болу  үшін  Мұстафа  мен  Ә.  Бөкейханов  тез  арада  Сырдария 
қазақтарының  съезін  шақыру  туралы  шешімге  келді.  Сөйтіп  Сырдария  облысының 
халқына  жедел  хаттар  жібереді.  Онда:  «1917  жылдың  5-ші  қаңтарында  Сырдария 
облысының съезін шақырды. Съезге болыс басы бір өкіл келсін. Уақыт тығыз шұғыл 
мәселе  болғандықтан  шақырылған  өкілдер  съезге  айтылған  күннен  қалмай  келу 
керек», - делінген. 
Съезде Мұстафа қажетті қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, Сырдария 
қазақтарының  Алаш  автономиясына  міндетті  түрде  қосылуын  баса  айтты.  Онсыз 
ортақ  жау  болып  есептелген  большевиктердің  үкіметін  жою  мүмкін  еместігін 
түсіндіріп  берді.  Алайда  сол  кездегі  қалыптасқан  саяси  жағдайларға  байланысты 
«Түркістан қазақтарын» Алаш автономиясына қосу мәселесі шешімін таппай қалды. 
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М. 
Тынышбаев  өз  еркімен  жұмыстан  босағанда,  М.  Шоқай  осы  қызметке  сайланады. 
Большевиктер  бұл  автономияны  ақпанда  қанды  қырғынмен  таратты.  1918  жылы 
қыркүйекте  қайраткер  Самарада  бас  қосқан  Ресейдің  азаттық  жолындағы 
күрескерлерінің  Құрушы  мәжілісіне  (Комуч)  қатысады.  1919  жылы  ақпанда 
Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі 
ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен 
Тифлисте  сәл  аялдап  (гүржі  жерінде  «Яни  дүния»,  «Шафак»  атты  газеттер 
шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады), Ыстамбұлға аттанады. 
1921  жылдары  Түркия  арқылы  Батыс  Европаға  өтеді.  Ат  басын  тіреп, 
тоқтағаны  Париж  қаласындағы  шағын мекен  көрінеді,  ол  мұнда  келісімен  Орталық 
Азия  халықтарының  тақсіретіне  назар  аудару  үшін  Версаль  конференциясына  сөз 
салады.  Сөйтіп  Түркістан  халықтарының  төңкеріске  дейінгі  және  одан  кейінгі 
тұрмысы туралы ақиқатты үшбу әлемге әйгілейді. Одан соң Германияда ұзақ жылдар 
өмір  сүрді.  1927-1931  жылдары  «Жаңа  Түркістан»,  1929-1939  жылдарда  «Жас 
Түркістан»  атты  журналдар  шығарды.  «Жас  Түркістан»  журналы  Берлин  мен 
Парижде айына бір рет араб әрпімен қазақ тілінде шығып тұрғаны да таң қаларлық. 
Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. 
Мұстафа  Шоқай  туралы  жаңа  деректер.  Азаттық  радиосы  жүргізген 
зерттеулер  барысында  Санкт-Петербордың  мұрағаттары  мен  кітапханасында 
Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен  қызметі  туралы  жаңа  құжаттар  табылды.  Бұл 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
89
құжаттар  Шоқайдың  Әлихан  Бөкейханмен  құпия  байланыстары  жайын  анықтай 
түседі. 
Әңгіме қазақтың жас жігіті Мұстафа Шоқай 1910-1914 жылдары оқыған Санкт-
Петербор  Императорлық  институтының  ісі  жайында  болып  отыр.  Санкт-Петербор 
мен Ленинград облыстық Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында сақталған №281 
істе оның аты-жөні «Чокаев Мустафа Чокаевич» деп жазылған. 
Мұстафа  Шоқай  туралы  жаңа  мұрағаттық  құжаттар  кездейсоқ  табылды. 
Өйткені,  негізгі  мақсат  тағы  бір  тарихи  тұлға  –  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақтың 
ұлт-азаттық  «Алаш»  қозғалысының  көсемі,  Алашорда  автономиясының  төрағасы 
Әлихан Бөкейхан туралы деректер, құжаттар іздеу болатын. Атап айтқанда, Мұстафа 
туралы  жаңа  деректер  Әлихан  Бөкейханның  1894  жылы  ғалым-орманшының 
дипломын  алумен  қатар  Санкт-Петербор  университетінің  заң  факультетінде  оқуы, 
нақтылай  айтқанда,  оны  экстернді  түрде  бітіру  мүмкіндігі  жайында  материалдар 
іздеу үстінде табылды. 
Мұстафа  Шоқайдың  ісіндегі  №3  парақта  оның  18-20  жасар  кезде  түскен,  күні 
бүгінге  дейін  белгісіз  болып  келген  суреті  бірден  көзге  түседі.  Ташкенттегі  «Д.В. 
Назаровъ» ательесінде осыдан 100 жылдан аса бұрын түсірілген, осы уақытқа дейін 
түсін  де,  сапасын  да  жоғалтпаған  фотосуреттің  сақталуына  тіпті  қазіргі  фото 
мамандары да қызыққандай. 
Бұл  істің  келесі  №4  парағынан  Мұстафа  Шоқайдың  Санкт-Петербор 
университетінің ректорының атына оны студент қатарына тіркеу туралы өз қолымен 
жазған өтінішін («прошеніе») оқуға болады. Құжаттың төменгі жағында хатшының: 
«Документы  проверены  30  іюня.  1910»  («Құжаттар  1910  жылдың  30  маусымында 
тексерілді») деген мөртаңбасы, ал жоғары жағында: «Зачисленъ въ студенты 6 іюля. 
1910. Ректор» («Студенттер қатарына 1910 жылдың 6 шілдесінде тіркелді. Ректор») 
деген мөртаңба басылған. 
Мұстафа  өтіншінің  мазмұнынан  барынша  қызығушылық  тудыратыны  оның 
соңғы  абзацы.  Онда  өтініш  иесі  Санкт-Петербор  университетінде  өзінің  оқуының 
ақысын 
кім 
төлейтіндігін 
айтады: 
«...О 
результате 
сего 
прошу 
Ваше 
превосходительство  уведомить  меня  чрезъ  канцелярію  Ташкенсткой  гимназіи,  что 
необходимо  иметь  для  предъявленія  въ  главное  управленіе  учебными  заведеніями 
Туркестанскаго  края  на  предметъ  полученія  стипендіи  въ  память  коронованія  Ихъ 
Императорскихъ Величествъ. Одновременно съ симъ мною переведено по почте на 
имя  г.  казначея  Университета  двадцать  пять  руб.  (25  р.)  въ  счетъ  платы  въ  пользу 
Университета.  І  юня  21  дня  1910  г.  Ташкентъ.  [Подпись].  Мой  адрес:  Ташкентъ. 
Мужская  гимназія.  Для  Мустафы  Чокаевича  Чокаева».  («...Жоғары  мәртебелім, 
бұның  нәтижесі  жайында  маған  Ташкент  гимназиясының  кеңсесі  арқылы 
хабарлауыңызды өтінемін. Бұл маған Императорлар әулетінің таққа отыру құрметіне 
орай  шәкіртақы  алу  үшін  Түркістан  өлкесінің  оқу  орындары  жөніндегі  бас 
басқармасына ұсынуға керек). 
Мұстафаның  Ташкенттегі  ерлер  гимназиясын  бітіргендігі  туралы  кәмелеттік 
аттестат  және  кейінірек  Санкт-Петербор  университетінің  заң  факультетін 
бітіргендігі туралы диплом оның өте қабілетті болғандығын көрсетеді. 
Мұстафа он бір пәннің жетеуінен «5» деген баға алған. Құдай заңын үйренуден 
мұсылман  дінінде  болғандықтан,  босатылған  (от  изучения  закона  божьего 
освобожден в виду принадлежности к «магометанскому вероисповеданію»). Латын, 
неміс,  француз  тілдері  мен  «математикалық  география»  сабағынан  «4-тік»  баға 
алған. 
№9  парақта  Мұстафаның  өзге  суреті  жапсырылған  студенттік  билеті  («билет 
для  входа  в  Императорский  С.-Петербургский  университет  на  1913-1914  учебный 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
90
годъ»)  сақталыпты.  Мұстафа  бұл  суретке  Санкт-Петерборда  түссе  керек,  өйткені 
үстіне кигені студент формасы. Төменірек, №11 парақта «Заң факультеті студентінің 
жазбасын»  немесе  қазіргі  тілмен  айтқанда,  студенттің  есеп  кітапшасын  көруге 
болады.  Мұнда  да  Мұстафаның  суреті  жапсырылып,  кітапша  1910  жылдың  6 
шілдесінде,  яғни  студенттер  қатарына  тіркеле  салысымен  берілген.  Бұдан  ары 
Мұстафа Шоқайдың ісіндегі №17 парақта мазмұны қызығушылық тудыратын куәлік 
көшірмесі тігілген. 
Қорытынды. 
Мұстафа 
Шоқайдың 
қоғамдық-саяси 
көзқарастарының 
қалыптасуына  ең  алдымен  әсер  еткен  нәрсе  оның  өз  ауылындағы  Ресей 
империясының қиянаты, балалық дәуірінде, Ташкент қаласында оқыған жылдарында 
ол отаршылдық езгіні пайымдап білуге тырысты. 
Ал  Петербор  университетінің  студенті  болған  жылдары  сол  кездегі  империя 
орталығында орын алған күрделі оқиғалар оның саяси көзқарасының қалыптасуына 
әсер  етсе,  университетте  оқып  жүрген  кезден оның  Ресей  Мемлекеттік  Думасының 
мұсылман  фракциясына  Әлихан  Бөкейхановтың  ұсынысымен  хатшы-кеңесші 
қызметіне  орналасуы  оның  қоғамдық-саяси  көзқарасының  аясының  кеңеюіне  және 
оның саяси күрес сахнасына шығуына негіз жасады. Ресейдің орталық аудандарында 
бірінші  орыс  революциясынан  кейін  құрылған  саяси  пртиялар  мен  қозғалыстардың 
бағдарламаларымен  жете  танысуы,  сол  кезеңде  пайда  болып,  қанатын  кең  жая 
бастаған  мұсылман  қозғалысының  серкелерімен  таныс  болуы  оның  ұлтжанды, 
жақсы мағынадағы ұлтшыл қайраткер ретінде тез жетілдірді. 
Мұстафа  Шоқай  әуел  бастан-ақ  Кеңес  үкіметі  мен  коммунистік  партияның 
идеяларын  қабылдамады.  Солардың  тарапынан  өз  басына  қатер  төнгеннен  кейін 
саяси  мұғажар  ретінде  большевизммен  күресте  ол  енді  қаламын  қару  етті.  Сол 
арқылы шетелдегі Түркістандық саяси мұғажырлықтың көсеміне айналды. Мұстафа 
Шоқайдың  ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  атқарған  қоғамдық-саяси  қызметінің 
нәтижесі еліміздің егемендік алуымен жүзеге асырылғандығын өмір өзі дәлелдеді. 
Мен  осы  өңірдің  тумасы  ретінде  қоғам  қайраткері,  ұлт  мақтанышы  Мұстафа 
Шоқайұлының  өмірі  мен  саяси  қызметінің  қазақ  тарихындағы  орнын,  ұлт  үшін 
жасалған  қызметін  ізденіс  зерттеуімнің  нәтижесінде  тереңірек  білдім.  Сыр 
топырағында дүниеге келіп, Мұстафа атамдай тарихи тұлға өмірге келген Сыр жері 
менің киелі мекенім болғанын мақтан етемін. 
 
КАПТАҒАЕВА Аида, 
«№7 орта мектеп» МКМ 9 сынып оқушысы, Өтеген батыр кенті, 
Іле ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ВАЛИБАЕВА Аида Токтасыновна, 
«№7 орта мектеп» МКМ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
Өтеген батыр кенті, Іле ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
«ЕҢЛІК-КЕБЕК» СЮЖЕТІНІҢ ӘДЕБИ НҰСҚАЛАРЫ 
 
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Біз  қарастырып  отырған  туындылардың, 
жекелей алғанда, біршама зерттелу тарихы, бір салаға келіп тоғысып қойған жүйелі 
арнасы бар, көптеген ғалымдарымыздың назарына да іліккен. 
Зерттеу әдістері: 1) ақпарат жинақтау; 2) зерттеу нәтижелерін зерделеу. 
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы.  «Еңлік-Кебек»  сюжеті  негізінде 
жазылған шығармалар жеке ғылыми жұмыс деңгейінде салыстырыла зерттеліп отыр. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
91
Үш  нұсқаны  бір  ғылыми  еңбек  аясында  зерттеу  шығармалардың  сан  қырларын 
танытуға жол ашады. 
Зерттеу  нысаны.  Жұмыста  негізгі  нысанға  «Дала  уалаятының  газетінде» 
«Қазақтардың  естерінен  кетпей  жүрген  бір  сөз»,  «Қазақ  турасынан  хикая»  деген 
атпен  жарияланған  екі  әңгіме,  Мағауия  мен  Шәкәрімнің  «Еңлік-Кебек»  пьессасы 
алынды. 
Зерттеудің  теориялық  және  практикалық  мәні.  Тарихи  шындықтың  әдеби 
шығармадағы  алатын  орны  мен  мәні,  әдебиеттегі  дәстүр  жалғастығы  және 
сабақтастық,  өмірлік  оқиғаның  көркемдік  әлеміндегі  интерпретациясы  сияқты 
мәселелерді  талдаудан  туған  зерттеу  жұмысының  нәтижесі  ғылыми  жұмыстың 
теориялық  мәнін  анықтайды.  Жұмыстың  практикалық  маңызы  –  қазақ  әдебиетінің 
тарихы, Абайтану, Шәкәрімтану, Мұхтартануға байланысты оқылатын дәрістер мен 
арнаулы курстарға, бұл тақырып айналасындағы ғылыми ізденістерге көмекші құрал 
бола алады. 
Әдебиеттің  мақсаты  –  өмірді  қаз  қалпында  көшіріп  бейнелеу  емес.  Ол 
болмысты  көркемдеп,  сан  алуан  сәттерді  әр  түрлі  бояуға  малындыра  оқырманның 
санасына тыңнан түрен салатындай әсерлендіріп, жандандырып беруімен де әдебиет. 
Тарихтан  гөрі  халық  көңіліне  жақын,  әсерлірек  көркем  әдебиеттің  таразысы  басым 
түседі.  Сол  себептен  де,  көркемдік  шындықтың  өмірі  тарихи  шындықтан  ұзағырақ 
келетіні  рас.  Өнердің  өз  ақиқаты,  көркемдіктің  өз  қисыны  бар.  «Өз  күшігін  өзі 
шайнаған  қасқыр  заманға»  кез  болып,  ажалды  жеңген  мәңгілік  махаббат  туралы 
аңыз  сюжетін  қаламгерлер  өз  заманының  талабы  мен  талғамына,  арманы  мен 
ақиқатына сай бейнелеп берді. 
Аңыздың алғаш хатқа түскен нұсқасы – «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген 
бір  сөзде»  Еңлік  пен  Кебек  жайы  бірден  әңгімеленбейді.  Автордың  әріден  қозғаған 
кіріспесі  баяғыны  аңсау  сарынымен  басталған.  Әңгімелеуші  өткен  өмірді  қариялар 
мақтап  отыратындығын,  ол  кездегі  халықтың  әділетті  екендігін,  халықтың  әдет-
ғұрпы  да  бұзылмағанын,  тіпті  ауа-райы  да  қазіргіден  жақсы  болғанын,  осы  күнде 
қазақ  халқы  «бұзылғандығын»  айтады.  Оның  себебі  –  «білімді,  ғылымдық 
халықтармен араласқан соң». Қазіргі тілмен айтсақ, бұл – жаханданудың салдары. 
Мұндай кіріспе сөз Шәкәрімде бар. Негізгі оқиғаға дейін баяндалатын «Әңгіме 
алдындағы  аз  сөз»  поэманың  прологы  іспеттес.  Осы  кіріспеде  негізгі  сюжетке 
қатыссыз, өткен өмірді өсиеттеу мотиві сақталған: 
Өткен адам болады көзден таса, 
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса. 
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды, 
Керектісін ескеріп, ұмытпаса... 
Шәкәрім өткенді мансұқтап, одан ғибрат алу ақылдың өсіп-өнуіне әсер ететінін 
айтады. 
Поэмада  босқан  елдің  Сырдан  бері  шұбырып,  Шуға  келгендігін,  одан  әрі 
жүруге  шамасы  болмай,  Саумал  көлді  айнала  сұлап  жатқандығын,  тыныққан  соң 
қалмақтан кек алуға сөз байласқанын келтіреді. 
Шәкәрім  осы  ауыр  мезгілдің  «Ақтабан  шұбырынды»  аталу  себебін  былай  деп 
түсіндірген: 
Сонда Шақшақ Жәнібек сөз сөйлепті: 
«Балалар! Осы жолды ұмытпа депті, - 
«Ақтабан шұбырынды» мұның аты, 
Құдай қосса, алармыз біз де кекті!». 
Ары қарай: «Арғындар сол көшккеннен көше берді», - деп көштің бағытын да 
көрсетеді: 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
92
Ешім, Нұра, Сарысу, Қарқаралы, 
Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді. 
Орнығып қалың Арғын сонда қалды, 
Жеті Момын олардан өте салды. 
Ор, Елек, Ойыл, Қиыл қыстамақ боп, 
Жаз жайлауға Мұғажар тауып алды. 
Шәкәрімнің  мәліметтері  нақты,  тіпті  тарихи  даталар  да  нақтылы  фактілерін 
сәйкес келіп отырады: 
«Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, 
Ақтабан шұбырынды болды» дедім. 
Немесе: 
Кіші жүз өте көшті Орал жаққа, 
Әбілхайыр хан еді мінген таққа. 
Мың жеті жүз отыз бір шамасында, 
Патшаға уағда бермен қарамаққа, 
...Келгені Тобықтының осы маңға, 
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда. 
Осы үзінділерде айтылғандай, «Ақтабан шұбырындының» 1723 жылы болғаны 
Әбілхайыр  хан  бастаған  кіші  жүз  қазақтарының  патшаның  қолтығына  кіргені  1731 
жыл екендігі, баршаға аян тарихи шындық. 
Шәкәрім кіріспесіндегі жер-су аттары, тарихи орындар мен өмірлік оқиғаларда 
дәлдігімен ерекшеленеді. «Жалпы Шәкәрімнің барлық поэмаларында көрініс беретін 
мұндай нақтылық, уақыт пен кеңістік өлшемдерінің айқындылығы «Еңлік-Кебектің» 
кіріспе  бөлімінде  ерекше  қызмет  атқарып  тұр,  -  дейді  профессор  Б.  Әбдіғазиұлы.  – 
Ол  поэмадағы  негізгі    оқиғаның  болмысын,  шығармадағы  трагедиялық 
ситуациялардың туу себептерін ашуда үлкен роль атқарады». 
Шәкәрімдегі  авторлық  позиция  да  Нысан  абыздың  тылсым  күшпен  тілдесіп, 
Кебек тағдырын болжай алғанын мойындайды. 
Шәкәрімнің Кебегі «жынның сөзін тыңдайын ба» десе, Мағауияда «Кебек сөзді 
ұмытты көрген қабыл» деп балгер сөзін біржолата естен шығарып жібергені сияқты, 
газеттік нұсқада да «қорықпай жай үйіне қайтқан» Кебекті көреміз. 
М.  Әуезов  туындысында  «Ақтабаннан»  кейінгі  қауымның  қайғысын  жұлып, 
күңіренген  абыз  мекеніне  Кебек  келердің  алдындағы  ел  ағаларының  жұрт  жайлы 
толғамдары мен Есеннің келуін айтпасақ, негізгі арна сол қалпында сақталған. Ол – 
нысанның  Кебекке  келешектегі  қатерден  хабар  беруі:  «Алдыңда  бұлдыр  сағым 
ішінде  бұлыңдаған  бір  кезең  сол  боп  тұр  ғой!  Соқпай  өтер  дей  алмаймын.  Не 
табарсың,  не  табарсың  сол  белде?  Ұшырарсың,  Ұшыратарсың  сен  оны!  Ұшырамас 
түрің жоқ. Тек ұрынып, ұрынып қаласың-ай жан балам! Толастар күн, тоқтатар күш 
тағы  жоқ,  Кімге  кезігесің?  Тым  болмаса  қылымсыған  қырмызыдан  сақтаншы!  Тым 
болмаса,  ең  болмаса  биыл  ұрынбашы  бұл  түріңде  таппашы...  Албырт  көңіл  лақат 
қоймай  ап  кетердей  түрің  бар...  Содан,  содан  қорыққан  мұным  бар...  Ап  кетер-ау 
еңсеңді...». 
Абыз  сөзінде  басқа  нұсқалардағыдай  Кебектің  басын  ажалға  байлаған  кесім 
жоқ. Тек алдағы қатерден хабардар етеді. Бірақ, қалай десек те, М. Әуезов бастапқы 
сюжеттен ауытқымайды. Оған себеп те жоқ емес. 
Бұл  туралы  зерттеуші  Т.  Жұртбай:  «Сол  тұста  Еуропа  мен  Ресей  сахналары 
символизмнің  шарпуында  болатын.  Мұхтардың  өзі  Метерлингтің  абстрактілі 
пьесаларын  сүйіп  оқып,  қатты  еліктеп,  «Қыр  суреттері»  атты  символикалық 
әңгімелер  жазғаны  да  мәлім.  Нысан  абыз  сияқты  көріпкер-балгерлердің  ол  үшін 
ерекше  жұмбақ  құбылыстың,  ішкі  тұспалдың  сәтті  тоғысындай  көрінуі  заңды  да. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
93
Көзсіз  болашақтағы  тағдыр  зауалы  алдын  ала  анықталып  қойылғанына  қарамастан 
Еңлік  пен  Кебектің  сол  дүлей  күшке  қарсы  жүруі  адамзаттың  әлде  бір  тығырыққа 
кеп тірелетінін меңзейді. 
«Дала уалаятындағы» Кебек абызға болжамы үшін сүр ет берсе, бұл деталь М. 
Әуезовте  одан  гөрі  әсерлірек,  құндызға  алмастырылады.  Бұл,  бір  жағынан, 
драматург  жазушының  көркемдік-эстетикалық  талғамын  көрсетсе,  екінші  жағынан 
екі нұсқа екі ғасырдың туындысы екенін еске салғандай. 
М.  Әуезов  пьесасында  Есен,  Еңлік  және  Кебектің  кездесіп  қалатын  эпизоды 
бар.  Бұл  көріністі  ғалым  Р.  Нұрғали  Есен  мен  Кебектің  дуэльге  шыққандай  деп 
суреттеп,  «ең  күшті  ситуацияның,  сахналық  эффектісі  орасан  зор,  диалогтары  өте 
шыңдалған  жерлердің  бірі»  ретінде  бағалайды.  Расында  да,  бір-біріне  қарсы  оттай 
шарпысып  тұрған  екі  батырдың  жалынды  лебін  Еңліктің  есті  сөздері  басып 
тастайды. 
Барлық нұсқада да оқиғаның шиеленісетін жері – Кебектің қызды алып қашуы. 
«Қазақтардың  естерінен  кетпей  жүрген  бір  сөзде»  Кебек  қызды  алып  қашып, 
ауылына  әкеледі.  Екеуі  молдаға  барып,  батасын  алып  қосылады.  Еңліктің  аяғы 
ауырлайды. 
Мағауия  нұсқасында  сәл  өзгешерек.  Екі  жастың  жақындығын  жұрт  біліп, 
қыздың кайындары естіп қояды да, бір түнде екеуі қашып кетеді. Бірақ Кебек қызды 
әңгімедегідей ауылына апармайды: 
Бір далада Еңлік пен Кебек жатты, 
Күні жетіп Еңліктің бір ұл тапты. 
Еш нәрседен қаперсіз ойнап-күліп, 
Екі ғашық серуендеп жатып апты. 
Шәкәрімнің  ғашықтары  алты  ай  қыс  өтіп,  екі  елдің  арасындағы  дау-шардың 
бітуін  тосып  барып  елден  кетті.  Ақын  «екеуі  тәуекел  қып  кетіп  қалды»  десе  де, 
«босансам, өз қолыңда босанайын» деп бұл жерде де тізгінді қолына алған Еңліктің 
өзі.  Екеуі  Орда  тауына  жетіп,  ағаштан  балаған  жасап,  арша  жауып,  «бір  дарада» 
бекініп жатады. 
М.  Әуезовтың  «Еңлік-Кебегінде»  сюжетте  араласып  отыратын  Есен  желісі 
конфликтіні  қоюландырып жіберген. Кебектің қызбен аттанар кезінде кездескен екі 
батырдың  ашуы  жарқ-жұрқ  етіп,  ендігі  жерде  оң-терісімізді  «найзаның  ұшы, 
білектің  күшімен  ғана  шешеміз»  деуі  келешек  тартыстың  шарғалаңынан  хабар 
бергендей.  Оқиғаға  Еңлік  пен  Кебектің  тілекшісі  Жапалды  да  қосады.  Әңгімедегі 
Кебек «қыздың ағасымен тамыр болыпты». Шәкәрімде ол – қойшы бала. 
«Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөзде» Еңлік пен Кебектің дауы ел 
арасында  дүрбелең  туғызып,  ұзаққа  созылады.  Мұның  Кебек  көңіліне  ауыр  тигені 
анық. Себебі, «бұлар үшін барымталасып көп-ағайын туғандары өледі». 
Шәкәрім мен М. Әуезов нұсқасында Еңлік пен Кебекті қосақтап қойып өлтірсе, 
Мағауия мен газеттік нұсқада алдымен Кебек өлім құшады. 
«Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөзде» Еңлік қоштасу сөзін Кебекті 
өлтіргеннен  кейін  айтады.  «Сонан  соң  бұл  бейшараны  да  еріндей  қылып  өлтіріп, 
сүйектерін  қазулы  тұрған  бір  орға  тастай  беріп,  сөйлесіп  қойғандай  тұс-тұсына 
жөнелді дейді». 
Мағауияда Кебекті  «алла» деуге ғана шамасын келтіріп, сүйретіп алып кеткен 
соң, матайлар Еңлікті ажалға аттандырады. 
Барлық  нұсқалардағы  тағы  бір  ортақ  мотив  –  Еңліктің  өлім  алдында  айтқан 
ақтық сөзі, соңғы тілегі. Мағауия нұсқасында  Еңліктің қоштасуы ұзақ. Ол алдымен 
тобықтылар мен Кеңгірбайдың атына ауыр-ауыр сөздер айтып: 
Үлкен бидің алдында сөйлесерміз, 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
94
Жазасы не болады бидің арам, - деп аяқтайды. 
М. Әуезов пьесасында да дәл осы үш тілек қайталанғанын көреміз. Бірақ Еңлік 
баланы  тобықтыларға  емес,  «ата-анамда  ұрпақ  жоқ,  зарлап  өтіп  еді,  енді  мен  екеш 
мен де жоқпын, соларға табыс етіңдер» деп өз жұртына беруді өтінеді. 
Әңгімедегі  Еңлік  анталап  тұрған  көп  жендетке  қарап,  баланы  аман 
асырауларын ғана өтініш еткен еді. Бірақ бұл тілегі орындалмай қалды. «Жас балаға 
ешкім қарамай тастап кетті дейді, бесігіменен. Ол да сол жерде жылап өлсе керек». 
Сюжет  бір  желіде  тартылғанмен,  авторлар  әр  басқа  қисында  қиюластырып, 
алуан түрлі тәсілмен байланысқа түсірген. «Композицияның көркемдік  қуаттылығы 
– әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызы болса, нені қай тұста айту, әр 
түрлі  жағдай,  уақиға,  іс-әрекеттің  қайсысын  бұрын,  қайсысын  кейінірек  баяндау  – 
бұлардың да үлкен мәні бар». 
Өнер  –  өмірдің  айнасы.  Қандай  көркем  туынды  болмасын,  оның  тамыр 
соғысынан  сол  кезең  келбетін  аңғару  қиын  емес.  Бұл  өнердің  өмірлік  маңызын 
белгілеп, сол арқылы өмірдегі өнердің орнын айқындап береді. «Тарихтың жабылып 
кеткен  көне  беттерін  ақтарып,  соларды  шығармасына  тиек  қылған  жазушының 
өзінің  мақамына,  ұқтырмақ,  ұсынбақ  мұратынан  оның  дәуірімен  қаншалықты  ет 
бауырлықта, үндестікте екенін аңғару қиынға соқпайды». 
Екі мұңлық туралы хикаяның қайта өңделіп, қағазға түсуінде сол аңызды жаңа 
заман,  өз  дәуірі  талабына  лайық  суреттеуді  көздеген  қаламгерлер  мақсаты  көрініп 
тұр және ол мақсат өз межесіне көркемдік әлеміне қанат бітіре отырып жетеді. 
Еңлік  пен  Кебек  рулар  арасындағы  талас-тартыстың,  бұрынғы  қазақи  ғұрып 
пен  салт-жораның  құрбаны  болған  екі  ғашық.  Трагедия  негізінде  алып  дала,  оның 
төсінде көшіп-қонып жүрген адамзат ұрпағы, олардың арасындағы қым-қиғаш өмір, 
рулық ашкөздіктен тұған тартыс, әрқилы тағдырлар шындығы жатыр. 
«Ру таласы, семьялар тартысы – дүние жүзі әдебиетінде неше алуан ғашықтық 
дастандардың,  трагедиялардың  тууына  себепкер  болған  белгілі  сюжеттік  желі,  - 
дейді  әдебиетші  ғалым  Ә.  Дербісалин.  –  Зұлымдық  пен  махаббатты  суреттегенде 
бірсыпыра  ұлы  жазушылар  осы  тартысты  негізге  алып,  өз  дәуірінің,  өз  қоғамының 
кескін-кейпін терең, сындарлы аша білген». 
Аталған барлығында да ел бірлігі, салт пен сананың тайталасы, жауыздық пен 
ізгілік сияқты мәселелер махаббат сүзгісі арқылы жеткізіледі. Дегенмен, мәселеннің 
бәрін  бір  махаббатқа  тіреп  қойсақ,  қателескендік  болар.  «Асылында,  жазушының 
дүниетанмы  мен  творчествосы  өте  тығыз  байланыста  болады.  Оның  саяси, 
философиялық,  эстетикалық  көзқарасы,  дүниетанымы  әдеби  творчествоға  негіз, 
тірек  болады.  Ал  әдеби  шығармаларынан  өмірлік  позициясы,  мақсат  мұраттары, 
эстетикалық  идеалы  айқын  танылады»,  -  деп  академик  З.  Ахметов  айтып  өткендей, 
әр шығармада әрбір автордың дүниетанымы мен түсінік-түйгісі, ол өмір сүрген орта 
мен  заман,  қаламгердің  азаматтық  тұлғасы  мен  шығармашылық  жолдағы 
ұстанымының  іздері  бар.  Әр  автордың  өзіндік  шешімі,  ізденісі,  өзіндік  идеялық-
эстетикалық табысын байқаймыз. 
Мағауия мен Шәкәрім поэмасында да, драмалық нұсқада да Еңлік пен Кебектің 
оқиғасы  рулар  арасындағы  өшпенділікті  тудырған  әлек  емес,  бұрыннан  бар 
кекшілдік өртіне ары қарай дем берген ілік қана. 
Автор  малттың  сақшылары  болып  отырған  билердің  де  қанды  ісін  ақтап, 
арашаламайды:  «Осындай  үш  кісіні  бір  жерде  өлтірсе  де,  билер  түзеле  қоймапты. 
Бірақ  өздерін  халық  сүймейтін  болыпты.  Оларды  неғып  сүйсін?  Адамға  еркіменен 
ешнәрсе істетпеген соң, аяғын олай-бұлай бастырмаған соң». 
«Еңлік-Кебек»  –  жалаң  махаббат  трагедиясы  ғана  емес,  қазақ  қоғамының 
саяси-әлеуметтік  трагедиясының  айнасы.  «Еңлік-Кебек»  трагедиясы  –  ғашықтар 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
95
трагедиясы,  феодалдық  салт-дәстүр,  қатыгездік  пен  жауыздық  билеп  тұрған  заман 
трагедиясы. Еңлік пен Кебек оқиғасының түйіні – түптің түбіне келгенде матай мен 
тобықты  руларының  арасындағы  бітіспес  тартыс.  Оларды  тартыстырып  қойған 
себептің  өзін  қазбалай  келсек,  қазақ-қалмақ  қырғынының  кесірінен  жер  дауын 
өршітіп  отырған  алакөздікті,  ру  басылардың  өзара  керісін,  заманасы  тудырған  сана 
мен салттың салдарын көреміз. Еңлік пен Кебек туралы шығармалар легін тудырған 
авторлар ру мен ру арасындағы кикілжің, қазақ тұрмысына ежелден етене жер дауы, 
жесір  дауы,  қоғамдағы  көпшіліктің  жеке  адам  тағдырына  араласуы,  көптің  пікірі 
жекенің үнін тұмшалап тастауы, ой бостандығы, махаббат еркіндігін шектеу сияқты 
әлеуметтік мәселелердің бетін аша алған. 
Образ  –  көркем  шығарманың  қанын  жүгіртіп,  сюжетті  өретін,  суреткердің 
көкейіндегі ойды көпке жеткізетін күре тамыры. Оның үстіне, қаһармандар нақтылы 
өмірде  болған,  тарихта  жасаған  адамдар  болса,  образ  шығарманың  жүрегіне 
айналары хақ. «Еңлік-Кебек» хикаясының негізі бар. Еңлік пен Кебектің, оларға үкім 
айтқан  Кеңгірбайдың  да  өмірде  болғаны  рас.  Сондықтан  да,  Еңлік  пен  Кебекке 
байланысты  шығармалардың  қаһармандарына  талдау  жасағанда,  ғылым  олардың 
өмірлік деректерін ақтаруды талап етеді. 
Сюжеттің  негізгі  шынайы  өмірден  алынғандықтан,  нұсқаларға  қаһармандар 
жүйесі бір-бірінен өте алшақтап кетпеген. Барлық шығармада да басты кейіпкерлер 
–  Еңлік  пен  Кебек,  оларға  үкім  айтқан  –  Кеңгірбай,  болашағын  болжаған  –  Нысан 
абыз. 
Қазақтың қағазға түспесе де, халық жадында жатталып келген ауызша тарихы 
бар.  Ол  тарих  өз  деректерін  жыр  болып  төгілтіп,  әсерлі  аңыз,  еліткен  ертегі  болып 
ертеңгі  күнге  жеткізіп  отырды.  Сондай  жәдігерлердің  бірі  –  Еңлік  пен  Кебектің  ең 
әдемі мен әділетсіз өлімі жайлы әдеби ескерткіш. 
Аңыздың  астарында  ХVІІІ  ғасырда  Семей  өңірінде  болған  оқиға  жатыр.  Бір-
біріне  ынтыққан  іңкәр  көңілдерін  тұмшалай  алмаған  ару  қыз  бен  албырт  жігіт 
атастырып  қойған  жеріне,  қарсыласып  отырған  еліне  қарамай,  көзді  жұмып,  қол 
ұстасып  қашып  кетеді.  Ақыры  бұл  жағдай  дүйім  жұртты  дүрліктіріп,  онсыз  да 
ұрынарға  қара  таба  алмай  отырған  екі  ел  ішіне  іріткі  әкелген  дауға  ұласады.  Іс 
насырға шауып кеткеннен кейін Кеңгірбай бастаған елдің игі жақсылары Еңлік пен 
Кебекті ұстап, ат құйрығына байлап өлтірген. 
«Әдет-ғұрып  –  қауымдағы  адамдардың  қарым-қатынасын  реттейтін,  дағдыға 
айналған  географиялық,  ұлттық,  эконрмиялық  факторларға  байланысты  тарихи 
қалыптасқан,  жазылмаған  мінез-құлық  қағидалары»,  -  дейді  ғалымдар  Ғ. 
Сапарғалиев  пен  А.  Ибраева.  Бұл  қаталдықтың  түбін  қазбалағанда,  қазақ 
тарихындағы  қанды  кезең-жоңғар  шапқыншылығы  салдарынан  елдің  бірлігі  мен 
жердің  бүтіндігіне  сын  туған  сәттегі  әдет-ғұрып  тудырған  салттық  сананың 
салмағын көреміз. 
Міне,  осы  оқиға  ел  есінде  ешқашан  ұмытылмастай  болып  сақталған  «Еңлік-
Кебек» аңызына айналып, әдебиет әлеміне мәңгілікке қоныс аударған еді. Аңыздың 
өмірлік мәні мен қоғамдық салмағын дәл байқаған ұлы Абайдың ықпалымен «Еңлік-
Кебектің» қазақ жазба әдебиеттің беттеріне енгелі де екі ғасыр болды». 
Біз зерттеуде «Еңлік-Кебек» сюжетінің негізінде жазылған туындылар – «Дала 
уалаяты  газетінде»  «Қазақтардың  естерінен  кетпей  жүрген  бір  сөз»  деген  атпен 
жарияланған  прозалық  нұсқа,  Мағауия  мен  Шәкәрімнің  «Еңлік-Кебек»  поэмалары 
және  М.  Әуезовтың  «Еңлік-Кебек»  пьесасын  қатар  ала  отырып,  әр  шығармадағы 
сюжеттік 
желі 
мен 
композициялық 
құрылым 
ерекшеліктеріне 
үңіліп, 
туындыгерлердің  тақырып  пен  идеялық  бағыттағы  талғам-танымын  таразылауға 
ұмтылдық  және  ол  туындылардағы  қаһарман  жүйесіне  әдеби-теориялық  талдау 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
96
жасадық. 
Зерттеуде 
аңызды 
жазба 
әдебиет 
туындысына 
айналдырып, 
қаһармандардың  ішкі  жан  дүниесін,  рухани  болмысын  жасаудағы  қаламгерлер 
ізденістерін саралады. 
Әдебиет  пен  өнер  –  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғам  мен  саяси  құрылымның, 
әлеуметтік орта мен тарихи кезеңнің  дамуына  байланысты толассыз өзгеріс үстінде 
болатын танымдық-эстетикалық құбылыс болғандықтан, Еңлік-Кебекке байланысты 
жазылған  туындыларды 
хронологиялық  ретпен  қарастырғанда,  екі  ғасыр 
айрығындағы қазақ әдебиетінің даму, өсу, өркендеу жолын көргендей боламыз. Бұл 
әсіресе,  прозалық  нұсқа,  поэмалар  мен  пьсадағы  кейіпкерлер  жүйесін  өзара 
салыстыра саралағанда көрінеді. 
Қорыта  айтқанда,  «Дала  уалаяты  газетінде»  «Қазақтардың  естерінен  кетпей 
жүрген  бір  сөз»  және  «Қазақ  турасынан  хикая»  деген  атпен  жарияланған  прозалық 
нұсқа,  Мағауия  мен  Шәкәрімнің  «Еңлік-Кебек»  поэмалары  және  М.  Әуезовтың 
«Еңлік-Кебек»  пьсасы  туған  әдебиетіміздің  дәстүрі  мен  жаңашылдық,  тарихи 
шындық  және  көркемдік  шешім,  әдебиет  пен  дәуір  тынысының  бауырласытығы 
сияқты мәселелердің мәнін ашуға септігін тигізеді. 
Еңлік  пен  Кебектің  жарқ  етіп  өткен  өмірі  мен  өлімі  жайлы  шығармалар  – 
халқымыздың өткен ғасырлардағы өмір сүру салтына, қаһарлы билері мен қайратты 
батырларына,  сол  батырларды  қалтқысыз  сүйе  білген  ару  қыздарына  соғылған 
мәңгілік ескерткіш. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет