№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Жұмыстың  мақсаты:  С.  Желдербаева  поэзиясының  рухани  құндылыққа 
айналуының  басты  себептерінің  бірі  –  көркемдік  ой  кестесінде  жатқанын  ғылыми 
тұрғыдан  дәйектей  отырып,  көркем  әдеби  тіліміздің  жетілуіне,  бейнелік  күшінің 
толыға түсуіне қаншалықты үлес қосқанын саралау. 
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  болжамы:  ақын  С.  Желдербаева  поэзиясы 
жан-жақты  зерттеліп,  «Өңірлік  әдебиет»  сабақтарына  арнаулы  курс  ретінде 
ұсынылса, ұлттық санасы мықты ұрпақ қалыптасар еді. 
Зерттеудің  теориялық  мәнділігі:  ақын  С.  Желдербаева  поэзиясының 
тақырыптық-идеялық  ерекшелігі  мен  поэзиясындағы  ұлттық  рух  пен  дәстүр 
сабақтастығы, 
көркемдік 
даму 
арналары, 
көркемдік 
тәсілдер 
жан-жақты 
қарастырылды. 
Зерттеудің  жаңалығы  мен  дербестік  дәрежесі.  С.  Желдербаева  поэзиясы 
осыған дейін дербес зерттелмеген. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта 
жүргізілді.  Сондықтан  зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы  көтерілген 
тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады. 
С.  Желдербаева  шығармашылығының  сүйенген  үш  тағаны,  байланған  үш 
қазығы  бар.  Оның  біріншісі  –  ақынның  әрқашан  да  жанымен  ақтарылып  айтқан 
бүкпесіз  де  қарапайым  сыршылдығы.  Екіншісі  –  асқақтық,  яғни  өмірді  сындарлы 
санамен  екшеп,  елеп,  парасатты  пайым  жасап,  күрделі  қорытындылар  шығаратын 
сыншылдық  көркемдеу  жүйесі.  Үшіншісі,  азаматтығы  –  қоғамдық  әлеуметтік 
мәселелерді, күллі тыныс-тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын кемелдігі дәлелденеді. 
Зерттеу әдістері.  Салыстырмалы,  поэтикалық, композициялық талдау әдістері 
жұмысты зертеудегі негізгі тәсілдер болып табылады. 
Кіріспе. Ақын С. Желдербаева – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты 
өсіп,  өркендеуіне,  кемелденуіне,  болашақ  ұрпақтың  ұлттық  рухын  қалыптастыруда 
зор  еңбек  сіңірген  ақын.  Қазақ  поэзиясының  дамуына  көп  еңбек  сіңіріп,  зор 
көркемдік  үлес  қосқан  С.  Желдербаеваның  шығармашылығы  әдебиетші  мен 
оқырман  тарапынан  жоғары  бағаланып,  ыстық  ықыласқа  бөленіп  келеді.  Қазақ 
халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
127
С. Желдербаева өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – 
ондағы  ұлттық  сипатты  танытатын  ұлттық  мазмұн  мен  пішіннің  бірлігінде,  ұлттық 
дәстүр  мен  образды  ойлаудың  жаңашылдығында.  Қазақ  поэзиясының  көркемдік 
дәстүрінен  мол  сусындаған  ақын  өлеңдерінде  тың  ой,  жаңа  ізденіс,  рухани  кеңдік, 
көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, 
домбыра,  бесік,  тау,  тұлпар,  киіз  үй  сияқты  ұғымдар  символдық  мәнге  айналған 
ұлттық  көркем  дәстүріміз.  С.  Желдербаева  ақын  қазақ  поэзиясында  ұлттық  ұғымға 
негізделген тұтас көркемдік ойлау жүйесін қалыптастырды, қазақ халқының ұлттық 
көркем образын мүсіндеді. 
Сәнімгүл  Желдербаева  шығармашылығына  шолу  жасап  қарасақ,  1932  жылы 
Қармақшы  ауданы,  Ақжар  ауданында  туылған.  Ақын,  ұстаз,  еңбек  ардагері.  1952 
жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Өлеңдері 1960 жылдан бастап 
баспасөз беттерінде жариялана бастаған. 
Орта  мектепті  1947-1948  оқу  жылында  бітіріп,  сол  жылы  Қызылорда 
педагогикалық  институтының  «Қазақ  тілі  және  әдебиеті»  факультетіне  түсіп,  1951-
1952  оқу  жылында  үздік  дипломмен  бітірген.  1952-1953  оқу  жылында  жолдамамен 
Қарағанды  облысы,  Қарсақбай  ауданының  №6  қазақ-орыс  мектебінде,  1954-1959 
жылдар  аралығында  Қармақшы,  Қызылорда  қаласының  мектептерінде  мұғалім 
болып қызмет атқарған. 1959-1992 жылдар аралығында, құрметті еңбек демалысына 
шыққанға  дейін,  Мәншүк  Мәметова  атындағы  қазақ  қыздар  педагогикалық 
училищесінде  ұстаздық  еткен.  1992  жылдан  –  1999  жылға  дейін  Қызылордадағы 
Қорқыт ата университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы» факультетінде әдіскер 
болып жұмыс жасаған. 
С.  Желдербаева  ұстаздық  қызметімен  қатар  қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене 
араласып, облыс,  қала  көлеміндегі  саяси,  әлеуметтік  жұмыстарға  ат  салысқан.  1989 
жылдан  Қызылорда  қаласында  құрылған  «Қазақ  тілі»  қоғамының  төрайымы,  1995 
жылдан  –  1999  жылға  дейін  облыстық  «Ақниет»  бөбек  қорының  төрайымы 
қоғамдық  жұмыстарын  атқарады.  С.  Желдербаеваның  ұстаздық  тәжірибесінен 
туындаған  шығармашылық  жұмыстары  облыс  қана  емес,  республика  көлеміне 
таратылды. 
Жиырма 
шақты 
әдістемелік 
мақалалары, 
«Мәнерлеп 
оқу», 
«Лингвистикалық  талдау»  әдістемелік  нұсқаулары  жарық  көрген.  Қазақ  халқының 
тұрмыс  салтын,  ата-баба  дәстүрін,  ұлтымыздың  болмысын  өлеңмен  өрнектеп, 
«Сырдария», «Ақ босаға», «Жүректегі жаухарлар» атты жыр жинақтарын шығарды. 
С. Желдербаева поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшелігі. Ақынның 
тағы  бір  жыр  жинағы  «Алтын  бесік»  деп  аталады.  Алтын  бесік  –  оның  туған  жері, 
туған  топырағы,  қоршаған  ортасы,  ата-бабаларына,  арғы-бергі  ұрпаққа,  бүгінгі 
буынға  бесік  болған  қасиетті  атамекен,  атажұрт.  Ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 
ақын  өлеңдерінің  айнымас  арқауы.  «Киіз  үйге  қарашы»,  «Ақ  босаға»,  «Ақ 
шымылдық»,  «Қыз  ұзату»,  «Келіндерім»,  «Құдалар»,  «Дастархан»,  «Жайлауда», 
«Сабантой»,  «Біз  де  келін  болғанбыз»  өлеңдерінде  бағзы  заманнан  бастау  алатын 
ұлттық үрдістер жып-жылы жырға айналады. 
Ақын  ел,  жер,  Отан  туралы  да  тың  тебіреністерімен  толғанады.  «Атажұрт», 
«Қызылорда», «Туған ауыл», «Сыр перзенті», «Мәңгілік алау», «Туған өлкем» және 
де  басқа  өлеңдеріндегі  отаншылдық  сезім,  азаматтық  рух  оқырманға  ой  салады, 
сезіміне серпін береді. 
«Аяулы  аналарым»,  «Жеңешем»,  «Ауылымның  қос  шынары»,  «Ана  тілегі», 
«Әйел-ана», «Әже махаббаты» сипатты өлеңдерінде ана құдіреті, ана қасиеті туралы, 
ананы, жарды ардақтау хақында орамды ойлар айтылады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
128
Сан  алуан  тақырыпты  тарататын  ақын  поэзиясына  сын-сықақ  жанры  да  жат 
емес. Ортамызда, қоғамымызда болып жатқан жат қылық, жағымсыз әрекет жыршы 
жүрегін жирендіреді. 
Қазақ  қызының,  керім  келіннің,  Алаш  анасының  бар  бейнесін  ашқан  бір  өлең 
бар: 
Қыз аттаған келін боп ақ босаға, 
Ақ босаға мерейлі бақ босаға. 
Қасиетті халқымның дәстүріне, 
Куә болып ғасырлар жатты осы ара. 
Бұл  өлеңге  кейіннен  әуезді  әуен  араласып,  бар  қазақтың  жүрегінде  жатталған 
әнге  айналды.  «Ақ  босаға»  деп  аталады  ол.  Авторы  –  Сәнімкүл  Желдербаева.  1980 
жылдардан бастап әр шаңырақта болып жатқан көл-көсір тойында, «Пай-пай шіркін, 
қазақтың келіндері, Көл-дария секілді пейілдері. «Абысын тату болса, ас көп» деген, 
Мақалдың  айтылуы  тегін  бе  еді»,  -  деп,  «Ақ  босаға»  әнімен  өлеңдетпеген  қазақ 
кемде-кем  болатын.  Қазақтың  тойы  бұл  әнсіз  өтпейді.  Бұл  әнде  ұзатылып  бара 
жатқан қыздың бейнесі, ақ келін боп босағаны имене аттап, аналық өмірге аяқ бас-
қаны,  шаңырақ  бақытының  мәні,  қаншама  ғасырлардан  бері  сақталып  келе  жатқан 
қазақы дәстүрдің бұзылмауы секілді өмір салттары әдемі бейнеленеді. Жетер жеріне 
жеткізіп айтады. 
Қазақы  қара  сөздің  қаймағын  бұзбай,  қалыбын  сақтап,  Мұқағалиша  айтқанда, 
күпі  киген  қара  өлеңін  шекпен  жауып,  өзіне  қайтарып  отыр.  Кейде  Сәнімкүл 
Желдербаева  бізге  қазақтың  қыз-келіндеріне  бағыт-бағдар  сілтеп,  оң  жолын  нұсқап 
отыратын  абыройлы  ене  кейпінде  көрінеді.  Сөзімізге  дәлел  ретінде  о  кісінің  «Ақ 
шымылдық»,  «Қосағыңмен  қоса  ағар»  атты  өлеңдерін  айтамыз.  Онда  да  отбасы 
шуағы,  шаңырақ  шаттығы,  қазақы  салт-дәстүрдің  бұзылмауы  секілді  келелі 
мәселелер  сөз  болып,  орнықты  ой,  көркем  сөз  арқылы  санаға  құйылады.  Бәрінен 
бұрын ақын сөзінен қазақ қыздарына деген тілектестік аңқып тұрады алдымен. 
С.  Желдербаева  поэзиясындағы  ұлттық  рух  пен  дәстүр  сабақтастығы.  С. 
Желдербаева 
шығармашылығы 
ұлт 
трагедиясы 
мен 
бақытының, 
оның 
ғұмырнамасының  айнасы.  Бар  талантын,  мақсат-мұраттын  өз  ұлтын  танытуға 
арнаған.  С.  Желдербаева  өз  буын,  өз  өмірін,  сезімін  жырлаушы  ғана  емес,  сол 
арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын, ұлт ойын жеткізе алатын дәрежеге 
көтерілген ірі тұлға. 
Дүниені  ұлттық  түсінікпен  қабылдау  ұлт  ақынына  тумысынан  тән  нәрсе.  Әрі 
бұл  қасиеттің  өлеңдерінен  толық  көрініс  алуы  да  заңдылық.  Өлеңдерімен 
ұлтымыздың  мінезін,  болмысын,  табиғатын  танытып,  қазіргі  қазақ  лирикасының 
эстетикалық  деңгейін  көтерген  ақындарымызды  атар  болсақ,  тағы  да  ең  алғаш 
аузымызға  С.  Желдербаева  оралады.  Себебі  ақын  поэзиясы  ұлттық  ой-сананы, 
дүниетанымды  сезім  шынайылығымен,  ой  тереңдігімен,  асқақ  та  өршіл  рухпен 
береді.  «Мен  даланың  қызымын!»  деп  ұлтымызға  тән  жақсылы-жаманды 
қасиеттерімізді  саралап,  болмыс-бітіміміздің  ішіне  үңіледі.  Елін  шексіз  сүйген 
талантты ақын, білімді тұлға екендігін мойындатады: 
…Мен даланың қызымын, далада өстім, 
Кеңістікке, ғарышқа қарап өстім. 
Мұрындықтан тізгіндеп түйелерді, 
Ақ  боз  үйді  жүк  қылып  ала  көштім…,  -  деп,  ұлтының  нені  қалап,  нені 
қастерлейтінін айтады. Бұл өлеңнің әр шумағы халқымызға тән ұлттық болмыс пен 
мінезді жан-жақты аша түседі. 
С.  Желдербаева  туған  жер  туралы  толғанысты  оның  тарихы,  салт-дәстүрі, 
халықтың  жақсы  мінездері  жайлы  ойларымен  ұштастыруда  ақын  ізденістері  өте 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
129
бағалы.  «Ақ  босаға»,  «Сырдария»  кітаптары  қазақ  тағдыры  жайлы  ақынды 
тебіренткен  ойлардың  біздің  бүгінгі  өмір-тіршілігіміздің  мән-мақсатын  сезінуге 
бастайтынын  көреміз.  Ол  шындыққа,  құбылыстың  сырына,  дала  тарихына  ой 
көзімен  қарауға  үйретеді.  Шын  мәнінде  С.  Желдербаева  шығармашылығында 
халқымыздың  қанына  сіңген  мінезі,  салт-дәстүрі,  тыныс-тіршілігі  молынан  сөз 
етілетін  өлеңдер  көптеп  табылды.  Атар  болсақ,  «Киіз  үйге  қарашы»,  «Ақ  босаға», 
«Ақ шымылдық», «Қыз ұзату», «Келіндерім», «Құдалар», «Дастархан», «Жайлауда», 
«Сабантой»,  «Бәйге»,  «Біз  де  келін  болғанбыз»,  «Тұсау  кесу»,  «Ақ  бесік», 
«Құдаларға  келемін»  т.б.  көптеген  өлеңдерінде  өз  ұлтын  жанындай  сүйген  лирик 
ақынның бейнесін елестетеміз. 
«Киіз үйге қарашы…» өлеңінде де былай дейді: 
Киіз үйдің бау-шуын, өрнектерін, 
Көріп пе едің, қызым-ау, көрмеп пе едің?! 
Қандай ғажап, табиғат сұлулығын, 
Іліп қойып төріме сөйлеткенім?! 
Табиғаттың өзі екен ұстаздары, 
Өзгерісті күз, көктем, қыс, жаз-дағы. 
Түлігінің түгімен әшекейлеп, 
Ұрпағына, бәрін де бізге арнады. 
Қазақ  өлеңінің  құрылымдық  жүйесі  бүгінде  қарқынды  түрде  дамып  келе 
жатқаны дау туғызбайды. Мәселен, қазіргі өлеңнің бунағындағы буын сандары төрт 
буынмен шектелмей, енді алты, жеті, тіпті сегіз буынды бунақтардың пайда болуы, 
қазіргі  өлеңдердің  интонациялық  ерекшеліктерінен  туындайтын  тармақаралық 
жіктен  басқа  өлеңнің  эмоционалдық-экспрессивтік  мазмұны  талап  ететін  жіктердің 
көрінуі,  өлеңдегі  тыныс  белгілер  жүйесінің  эмоционалдық,  интонациялық 
маңызының  артуы,  жаңа  ұйқас  түрлерінің  пайда  болуы,  буындар  ассиметриясы 
сияқты  құбылыстардың  кең  өріс  алуы,  дәстүрден  тыс  ырғақтық  жүйе  түрлерінің 
көбеюі сияқты мәселелер қазіргі өлеңдердің даму деңгейін көрсетеді. 
С.  Желдербаева  поэзиясының  ұлттық  мазмұнға  ғана  бай  емес,  түр,  пішін 
жағынан да көп ізденісі, жаңашылдығы көп. Ақынның өлеңдері сан-алуан: жеті, сегіз, 
он  бір,  он  төрт  буынды  композициялық-құрылымды  болып  келеді.  Мысалы,  «Мәңгі 
жастық» өлеңінде тармақ саны өлең мазмұнына бағындырылған: 
...Сыр түлегі, 
Тектілердің ұрпағы. 
Аласапыран 
ХХ ғасыр құрбаны… 
Адам боп туып, 
Адамдық мынау тұғырда, 
Мәңгілік болып тұрғаны… 
Ақын туындыларының мазмұнын ұлттық дәстүрмен шебер ұштастырумен қатар, 
жарасымды жаңа формалар мен түрлер табуда ізденістер танытқан. Ақын өлеңдерінде 
поэзияға өзгеше ырғақ, әуезділік беретін қайталауларды шебер қолданады. «Біз, біз 
едік…» өлеңінде ақын С. Желдербаева Махамбет ақынның мақамымен қазақтың қыз, 
жігіттерінің  қайсар  мінезі  мен  ерлік  қасиетін  жырға  қосады.  Өлең  шумағында 
айшықтаудың  бірнеше  түрлерін  (еспе  қайталау,  аллитерация,  ассонанс  т.б.)  қолдану 
арқылы өлеңге көрік береді: 
Біз, біз едік, біз едік… 
Бұралған жігіт, қыз едік. 
Бойымыздан бұрындау, 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
130
Ойымызды түзедік. 
Ойымызды түзетіп, 
Бойымызды түзедік. 
Қазақ поэзиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэзияның ішкі 
тақырыптық-көркемдік 
жүйесінің, 
экспрессивтік-эмоционалдық 
сипатының 
жаңғыруынан  іздеу  қажет.  Сонымен,  қазіргі  қазақ  поэзиясының  жетістіктері, 
негізінен,  тақырыптық-идеялық  жаңалықтарында,  мазмұн  байлығында  жатса  да,  сол 
мазмұнды 
ашуға 
жұмылдырылған 
форманың, 
яғни 
өлеңдердің 
өрнектік 
ерекшеліктерінің маңызын кемітуге болмайды. 
Өлеңтанудың  негізгі  зерттеу  обьектілерінің  бірі  –  өлшем  мен  ырғақ  жүйесі. 
Өлеңнің  өлшем,  ырғақ  сияқты  бірліктері  оның  мазмұнына,  идеясы  мен  мәніне  әсер 
етіп  отырады.  Өлшем  өлең  тармақтарындағы  буын  саны  негізінде  пайда  болса,  оқу 
барысында олардың ырғағын анықтауға болады. 
Өлшемсіз  ырғақ,  ырғақсыз  өлшем  болмайды.  Осыған  орай  белгілі  ғалым  С. 
Негімов:  «Осы  поэзиялық  тәсілге  қысқаша  анықтама  бере  кетсек,  онда  қазақ 
өлеңіндегі ырғақ дегеніміз буынға негізделіп, бунаққа жіктеліп, бір тармақ құрап, әрі 
қарай  жүйелі  қайталанып,  үйлесімділік  тудыратын  түр»  [4,  86],  -  дейді.  Қазақ 
поэзиясында  ырғақты  үш  салаға  бөліп  қарастыратыны  сияқты  ақын  С.  Желдербаева 
поэзиясының көркемдік-құрылымын да осы тұрғыдан қарастыруға болады: 
Біріншісі  –  жүйелікке, үндестікке,  дыбыс  әуезділігіне  құрылатын  дәстүрлі  өлең 
үлгілеріндегі әуендік ырғақ. Мұнда ырғақтық бөлшектердің қабысуы, бір-біріне пара-
пар келушілігі бар. 
Ерте үзілген ерліктердің кешегі, 
Жалғасымыз, алқызыл гүл шешегі. 
Бейбітшілік ашық аспан астында, 
Қырдың қызыл қызғалдағы өседі. 
Екіншісі  –  жазба  әдебиет  өкілдерінің,  атап  айтқанда,  Абайдың  «Сегіз 
аяғындағы»  келте  тармақтарға  құрылған ырғақтар.  Атап  айтқанда,  бір  фраза,  бір  сөз 
тіркесі келте ырғақтың ең шағын бірлігі болып есептеледі. 
Бұрынғы қыз – 
Бұрымды қыз, 
Отбасына 
жұғымды қыз. 
Салт-дәстүрге 
Ұғымды қыз. 
Үшіншісі  –  жазба  әдебиет  өкілдері  поэзиясындағы  алуан  үнді  айнымалы 
ырғақтар [4, 86]. 
О, жастық! 
Шекер ме едің, шырын ба едің?! 
Көңілімде көп нәрсе жүр бүгін менің. 
Мамырдың майда қоңыр самалындай, 
Дірілдеп кірпігімде ілінгенсің... 
С.  Желдербаева  өлеңдерінде  өзіне  дейінгі  поэзияда  орын  алған  көркемдік 
дәстүрлерді 
де 
жаңашылдықпен 
пайдаланған. 
Соның 
бірі 
– 
жыраулық 
толғаулардағыдай  нақылдар  мен  афоризмдердің  жиі  кездесуі.  С.  Желдербаева 
афоризмдерінің көбі халық жадында сақталып, жатқа айтылады. 
Жақсы ойларға қашаннан ғашық адам, 
Қолды  созып  күнге  де  асыла  алар!  –  деген  сияқты  қанатты  сөздері  де  ұлттық 
ар-намысты жона түсетін дүниелер. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
131
Ақын  С.  Желдербаева  поэзиясының  бір  бөлігін  рубаи  түрінде  жазылған  ой 
шумақтары  құрайды.  Ақынның  «Жүректегі  жауһарлар»  кітабында  63  рубайы 
берілген.  Рубай  жанры  туралы  энциклопедиялық  анықтама  бойынша:  «Рубай, 
рубаят,  рубаи,  төрттаған  (араб.  төрттік).  Шығыс  поэзиясында  кең  таралған 
лирикалық  өлең  түрі.  Араб,  парсы  және  түркі  халықтарының  ауыз  әдебиетінде  мол 
ұшырасады.  Рубаи  төрт  тармақтан  тұрады,  ұйқасы  –  а  а  б  а  немесе  а  б  а  б,  кейде 
ұйқасқан  әр  жолдан  кейін  бір  сөз  қайталанып  отырады.  Рубаи  мазмұнға  құрылып, 
аяқталған бір ойды білдіреді...» [5, 491 б.]. 
Өмір кешсең күн сайын күдікпенен, 
Жан дүниең жайғасар бүлікпенен. 
Айықпайтын ауру сол-жан азабы, 
Тапа тал түс кезінде кіріп келген... 
Жанр шағын болғанымен, қайталауды қажет етпейтін, өз алдына дербес, оқшау 
шумақты  лирикалық  өлең  формасы.  Бұл  шумақ  –  жалғасын  керек  етпейтін  дара 
рубаи. Рубаидың ерекшелігі де – осы. Ол дара шумақты бола тұра күрделі. Тиянақты 
ойды білдіріп, үлкен мағына береді. 
Кеңес  заманында  «төрттаған»  деп  аталған  жанр  көне  түрік  әдебиетінде-ақ 
«төрттаған» жырлар деген атауға ие болған. Ендеше, ақыны Сәнімкүл Желдербаева 
поэзиясында «төрттаған» жанрының кездесуі кездейсоқтық емес. 
С.  Желдербаева  поэзиясының  көркемдік  даму  арналары  мен  көркемдік 
тәсілдер.  Қазақтың  өзінің  поэзиясына  тән,  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатқан 
үрдістер  ол  –  адамның  әрбір  кезеңіне  қалам  тарту.  Олардың  бастан  кешкен 
өмірлеріне  –  балалық  шақ,  жастық  шақ,  бұл  кезеңдермен  қалай  қоштасты,  бұл 
уақыттан  өткізген  заманнан  кім  қалай  әсер  алды.  Нені  аңсайды,  нені  көксейді? 
Болашақтан  үміттерін,  балалық  бал-дәуреннен  алған  тәрбиесін  жазуы  оймен, 
өлеңмен қалай өрнектейді? Бұл сезімдерді поэзияға айналдыруда, әр автордың қалам 
құлашы мен әдісі өмірге келіп, ақынның стилі қалыптасады. 
С. 
Желдербаева 
өлеңдерінде 
мәнерлегіш-көркемдік 
бояуы 
басым 
фразеологиялық  сөз  орамдары  фразеологиялық  коннотация  көптеп  кездеседі. 
Коннотация  –  бұл  «connotation»  –  қосымша  мағына  деген  латын  тілінен  алынған 
термин [5, 6]. 
Қазақ  тіл  білімінде  коннотация  құбылысы  теориялық  тұрғыдан  арнайы 
қарастырылмаған.  Дей  тұрғанымен,  бұл  мәселенің  танылуы  зерттеушілер 
еңбектерінің 
лексикалық 
мағына, 
екіншілік 
номинация, 
лингвопоэтика, 
лингвостилистика  аспектісіне  сәйкес  қамтылып,  М.  Оразов,  А.  Салқынбай,  Е. 
Абақан,  Р.  Авакова,  Ғ.  Хасанов,  Г.  Байгунисова,  Д.  Әлкебаева  сияқты  ғалымдар 
тарапынан берілген анықтамалар негізінде айшықталады. 
Коннотация  құбылысына  арналған  еңбектерді  шолу  барысында  ғалымдар 
тарапынан коннотацияның құрылымдық бөліктері әр түрліше танылып, коннотация 
ұғымы кең мағынада және тар мағынада қарастырылатындығы байқалады. Мәселен, 
ақын  С.  Желдербаеваның  жыр  жолдарында  коннотация  ұғымының  екі  түрі  де 
кездеседі:  ақ  босаға,  іргесі  сөгілмеді,  қонағының  еншісі  бөлінбеген,  өміріңе 
болайыншы садаға, маңдай терді сыпырып жерге төккен, ат дорбаны мойынға іліп 
алып, сүмбіледе көрсем деп күміс шықты, жер бесігім, жел бесігім, тал бесік, жүз 
жылдық  күйеу,  мың  жылдық  құда,  тұяқсыз  қалу,  қан  сімірген  қара  жер,  кең 
қолтық,  сүт  пісірім  уақыт  сүріндіріп,  бармақ  тістеп  бас  шайқадық  және  тағы 
басқалары.  Бұлар  ақын  көзқарасын,  ерекшелігін  таныту,  айтар  ойын  ерекше  әсерлі 
етіп, белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған. 
С. Желдербаева негізгі тақырыбына орай салт-дәстүрге сай атауларды кеңінен 
қолдана  отыра,  өз  тындармандарына  жақын,  түсінікті  болу  үшін  халықтың 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
132
тұрмыстық,  әлеуметтік  тәжірибесін,  ұлттың  психологиялық,  философиялық  ойын 
танытатын  этномәдени  бірліктерді  көркемдік  қажетіне  қарай  ұтымды  пайдаланып 
отырған. Бұл мәдени ақпарат мазмұнын қамтитын тілдік таңбалар метафора, теңеу, 
эпитет, метонимия, синекдоха, ұлғайту (гипербола) сияқты көріктеу құралдары мен 
амалдары  негізінде  көрініс  тауып,  автордың  ойын  дәл,  экспрессивті,  сомдамақ 
бейнесін көркем, айшықты болуын қамтамасыз етеді. 
Бұл бөлімде С. Желдербаева туындыларында кеңінен қолданыс тапқан эпитет
теңеу және метафора деген сияқты көріктеу құралдары ғана қарастырылады. 
Эпитет  –  бұл  белгілі  бір  заттың  сын-сипатын  ғана  танытатын  құрал  емес.  Ол 
көркем  мәтін  ішінде,  әсіресе,  поэзия  тілінде  кеңінен  қолдана  келе,  көркемдеуіш, 
бейне 
тудырушы 
және 
коммуникативті-прагматикалық 
қызметтерімен 
де 
ерекшеленетін көркем мәтін компоненті болып табылады. Сондықтан да болса керек 
эпитеттер С. Желдербаева шығармаларында кеңінен қолданыс табады: ақ босаға, ақ 
жаулықты аяулы ана, ақ шымылдық, ақ отау, аппақ арман, ақ неке, ақ бесік, ақ боз 
үйім, киіз үй, асау арна, қара қазақ баласы, қара алтын, қара халық, т.б. Бұлар мәтін 
ішінде  көркемдік  қызмет  атқара  келе,  әсем  де  әсерлі  бейне  сомдау  үшін 
қолданылады. 
Теңеу.  С.  Желдербаева  тіліндегі  келесі  өнімді  бейнелеу  тәсілдерінің  бірі  – 
теңеу.  Теңеу  –  интеллектуалды  қызметтің  ең  бір  көне  түрі  ретінде  таныла  келе  (Э. 
Сепир),  ұлттық  сана-сезіммен,  халықтың  мәдениетімен,  адамдардың  өмірлік 
тәжірибесімен астасып жататын лингвомәдени бірлік болып табылады. 
С.  Желдербаева  шығармаларында  кеңінен  орын  алған  теңеулердің  бір  түрі  – 
бұл  халық  ауыз  әдебиетінде,  жыраулар  туындыларында  жиі  қолданылып, 
тұрақтанған  дәстүрлі  поэтикалық  теңеулер.  Мысалы:  «түйелерін  шөгеріп 
тастағандай»,  «келеміз  біз  ынтығып  ғашықтардай»,  «Таспадай  тауды  тілген  иір 
жолмен»,  «Көркем  сөздің  күш  қуатын  құдіреттей  бағалайтын»,  «ғашықтардай 
бір-бірін күзетеді», «даладай ақ киізді жамылады», т.б. Бұл – теңеулер көнелігінің, 
көркемдік  дәстүр  жалғастығының,  Махамбет  поэзиясының  ата-бабалар  ойлау-
пайымдауы  мен  қаһармандық  жырлардың  әсері  негізінде  туындағандығының 
көрсеткіші. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет