№4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата10.01.2017
өлшемі10,41 Mb.
#1590
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гүлнар ТАБАҚОВА, 

Матросов ауылының әкімі. 

Арқалық қаласы.



Алға нық сеніммен басамыз

6

15 қаңтар  2016 жыл

Қ

ағыс естуден мағынасы мүлде өз-



геріп,  қазір  де  дұрыс  айтылмай, 

жазылмай  жүрген  сөздеріміз  жетерлік. 

Мәселен, «Таз ашуын тырнадан алады» 

деген мақал бар. «Ит ашуын тырнадан 

алады» деп те жазып жұр. Бұл мақалдың 

дұрысы – Таз ашуын тырнаудан (Қасудан 

– С.О) алады.

Бел құда (Бала әлі ана құрсағына біт-

пей тұрып, құда боламыз деп уәделесу), 

Бесік құда (Бала бесікте жатқанда айттыру, 

құда болу), Бал уыз құда (Жаңа-уыз) жа-

ныңа жақын құда. Біздің қазір «Бауыздау 

құда» деп жүргеніміз осы «Бал уыз құда» 

деп ойлаймыз. Тіпті солай болмаған күн-

де де «Бауыздау құда» дегеннен жақсы 

ғой.  Қыз  алып,  қыз  берісу  –  жаныңның 

жартысын бөліп берумен бір, қан алмасу. 

Сондықтан да қазақ құда дегенге «анда» 

деген  сөзді  қосып  «Құдандалы  елміз», 

«Құдандалымыз»  дейді.  Мұны  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы: «Нәсілі бір болмаса да екі 

түрік ағайын болғысы келсе, бір жерін қа-

натып, қандарын сүтке яки қымызға қосып 

бөліп ішеді де «қаны қосылған қарындас 

болдық» дейді.

Біздің қазақтың «құда-анда» дегендегі 

«андасы» осы сөз» [«Түрік-Қырғыз, қазақ 

һәм хандар шежіресі», 1911. -13 б.] деп, 

кезінде халыққа түсіндіріп жазып кеткен.

Осы сияқты, жәрекмалда-Алла жарылқа-

сын, ойпырмай-ой, пірім-ай, малдасоқы-

нып отыру – молды сияқтанып отыру.

«Қазақ әндері» мәтіндері жинақтарын-

да жазылып, күнде өзіміз тыңдап, айтып 

та жүрген «Илигай» әнінің аты мағынасыз. 

Бұл дұрысында «Еңілік-ай» – Сегіз Сері 

Бахрамұлының әні:

...Шақырған соң жаныңа келіп тұрмын,

 Екі етпейін сөзіңді дедім, құрбым. 

Достық жайда сен тұрсаң, Еңлікжан, 

Ұмытпасқа уағда беріп тұрмын...

Таудағы ерке бөкенсің, бейне елік,

Қарындас деп жүрейін сені, Еңілік. 

Біз сияқты қорғайтын ағаң барда, 

Жылап жүрме, жан қалқа, босқа егіліп...

Бас-аяғы 6 шумақ бұл өлең 1985 жылы 

жарық көрген «XIX ғасырдағы қазақ поэ-

зиясы» [Алматы, 1985. -132-135 б.б.] жи-

нағындағы Сегіз серінің «Еңілік-ай» деген 

әнінің мәтіні.

Ал «Қайнар» баспасынан 1988 жылы 

жарық көрген «Ауыл кеші көңілді» деп ата-

латын ән жинағында «Еңілік-ай» – «Или-

гай» болып халық әндері қатарында жүр:

Кел деп едің Илигай, келіп тұрмын,

Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.

Сертке тұрсаң, мен сендік, жаным құр-

бан, 


Сырым осы, сертімді беріп тұрмын.

Илигай деп атыңды қойдым таңдап, 

Әнге қостым атыңды әдейі арнап. 

Еркін таудың еркесі елік болсаң,

Мен  де  өзіңдей  жалғызбын  ерке 

саңлақ.


Бас-аяғы осы екі шумақ, сөздері біраз 

өзгерген, қысқарған. Бірақ, Сегіз серінің 

шығарған нұсқасынан әлдеқайда төмен.

Осы секілді, халық әні – «Дайдидау» /

аты түсініксіз, мағынасыз/ Дұрысы – «Ай 

дейді-ау». Ақ жүзіңді ай дейді-ай. Мәтіннің 

ішінде де «Жүзің бар он төртінші айдай 

көркем» деп тұр.

Халық әні «Бір баланы» білмейтін қа-

зақ кемде-кем шығар? Бұл әннің аты – «Бір 

бала» емес, «Бір ғана». Оны кезінде қазақ 

әндерінің білгірі Күләнда Бөкешова да га-

зет бетінде айтқан болатын. Шындығында 

да «Ән салшы бір бала» дегеннен гөрі «Ән 

салшы бір ғана» деген түсінікті де мағына-

лы емес пе?!

Халық әні «Ідігайдың» да тақырыбы 

мағынасыз.(«Қазақ  әндері».  Құрасты-

рғандар  К.  Сегізбаев,  И.Хасенұлы.  Ал-

маты «Атамұра» 2014, -240 б.). Бұл да 

қағыс естуден кеткен қателік болуы мүмкін. 

Ән өлеңіндегі «Жүруші  ем жас күнімде 

асау тайдай, Қартайып енді менің сағым 

сынды» деген тармақтарына қарағанда, 

дұрысы «Едік-ай» сияқты. Себебі «Жүруші 

ем жас күнімде асау тайдай» деуінің өзі 

«Кезінде керемет едік» дегені емес пе? 

Сондықтан да дұрысы:

Ой, едік-ай, Әттең,қалқа, қайтейін,

Күнім-ай-ау,-деп ойлаймыз.

Қазір  ән  мәтіндерінің  жинағы  бар-

шылық, жыл сайын шығып жатыр. Алайда 

кейбір әншілеріміз сол шыққан жинақтар-

дағы ән мәтіндерін алып жаттамай, басқа 

біреулердің айтып жүрген нұсқасын пайда-

ланады. Қағыс естуден кеткен қателердің 

әлі де жалғасып келе жатқанының себебі 

сол. Мәселен, Ш.Қалдаяқов пен Ғ.Қайыр-

бековтің бүкіл қазаққа танымал «Ана тура-

лы жырындағы»:

Көңіліңді көктемдей 

Көзіңнен танимын, – деген жолдарды 

кейбір орындаушылар «Көгілдір көктем-

дей көзіңнен танимын» деп айтып жүр. 

Сол сияқты А.Қоразбаевтың «Сағындым 

Алматымды» әнінің

  Еске алу Көктөбені

 Жаныма от береді, – деген тармақта-

рын «Еске алсам Көктөбені» деп бұрып 

алған. Жалпы мұндай етістікке жалғанған 

тәуелдік жалғауын өлеңде қолданбаған 

абзал, әсіресе ән мәтінінде!

Көптеген сөздерге мән бермей, қалай 

болса, солай кез келген жерде ренжісек 

те, әзілдессек те қолдана береміз. Мәсе-

лен, зілсіз «әтеңелет» дей саламыз. Ал 

бұл қарғыстың ең үлкен түрі – «атаңа лағ-

нет» деген сөз екенін ескере бермейміз. 

Осы сияқты ер балаға да қыз балаға да 

«тентек» деудің орнына «бұзық» дейміз. 

«Тентек» пен «бұзықтың» арасы жер мен 

көктей.  Тентек  –  ерке,  шолың  бала  да, 

«бұзық» – бұзылған, жаман жолға түскен 

«бұзақы». Сондықтан да, әсіресе, қыз ба-

лаға бұзық деу ерсі.

Кейбір еңбектерде Шақшақ Жәнібекпен 

қатар Шақшақ Бөкенбай деген батырдың 

да аты аталады. Алайда Арғын Шақшақтың 

алты баласы – Бақай, Көшей, Дүзей, Ақна-

зар, Есназар, Томайда да, олардан тарай-

тын ұрпақтардың ішінде де Шақшақ Бөкен-

бай жоқ. Сөйтсек, бұл Ақшаұлы Бөгенбай 

болып шықты. Орынбордағы Шекара ко-

миссиясының құжаттарын жүргізуші писар-

лар Ақшаұлы Бөгенбай дегенді естілуіне 

(Шақшақ – Ақша) орай Шақшақ Бөгенбай 

деп жаза берген.

1938 жылғы күздегі Ресеймен одақта-

суға келісім берген қазақ батырларының 

тізбесінде де Бөгенбай Шақшақұлы деп 

жазылыпты. «Қазақ батырлары» газетінің 

алғашқы  нөмерінде  академик  Р.Сүлей-

менов пен жазушы А.Сатаев Шақшақ Бө-

генбайдың Ақшаұлы екендігін дәлелдеп 

берді.

«Айман-Шолпан» дегендегі Айман – 



Аймен. Яғни, «Ай мен Шолпан», Күн мен 

Ай, Жұлдыз бен Ай деген сияқты. Ыбырай 

Алтынсариннің анасы, Шеген қызы жайын-

да  ертеректе  жазылған  (Кеңес  дәуіріне 

дейін) құжаттарда Аймен деп көрсетілген.

Білмеуден кеткен қателер

Оңтүстік облыстарда қызды бала де-

мейді, «бала» ұл деген мағынада қолда-

нылады. Сондықтан да болар: 

«Қыз – қуыршақ», – дейді,

Бала  –  құлыншақ»,  –  дейді  [Қазақ 

мақал-мәтелдері. -Алматы: -132-133 б].     

«Баланың ұяты әкеге, 

Қыздың ұяты шешеге», – [Сонда] деген 

сияқты мақалдар бар.

Ұл да, қыз да – бала. Сол себепті «Қыз 

– қуыршақ», – дейді, «Ұл – құлыншақ» дей-

ді, – «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты ше-

шеге» болуы керек.

«Қай  жердің  тілі  таза,  әдеби  тілге 

жақын» деген талас журналистер арасын-

да жиі болып тұрады. Бұған жауап – қай 

жерде туысқан халықтар /тілдері ұқсас/ 

қатар /көрші/ тұрмайды, сол жердің тілі 

таза деп жауап беруге болады. Өйткені 

туыстас тіл бір-біріне тез еніп, сіңіп кетеді 

де, туыс емес тілдердің бір-біріне кіріп, 

сіңіп кетуі қиын.

Көптеген сөздер табиғатты, қоршаған 

ортаны,  жан-жануарларды,  олардың 

іс-әрекетін, түрлерін, тіршілігін білмеуден 

қате жазылып жүр.

Кәдімгі шортанның өзінің бірнеше атауы 

бар. Бірақ әр жерде әр түрлі. Тек соларды 

жинап, бір ізге түсіру керек. Алғаш ұрығын   

/икрасын/  кілегей,  одан  қылтиып  есе 

бастағанда қылаңбас немесе қылтан, одан 

балыққа айнала бастағанда қылағай, одан 

сәл өскенде шорағай, одан сәл жетілгенде 

балтасап, әбден өсіп-жетілгенінде шортан, 

саршолақ деп атайды.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 

(-Алматы: 1986. 10 т. 258 б.) «Шорағай 

–  тайыз  суларда  мекен  ететін  шортан 

тұқымдас кішкентай балық» деген анықта-

ма бар. Шорағай  шортанның баласы ғой. 

Осы түсіндірме сөздікте «Саршұнақ – түсі 

қоңыр, сары тышқан» делінген. Сонда сар-

шұнақтың түсі қандай болғаны, қоңыр ма, 

әлде сары ма?!

«Қайнар» баспасынан 1985 жылы жа-

рық көрген «Іле Алатауы» деп аталатын 

кітаптың 112 бетінде бүркітке «Дәу, қай-

ратты, сұлу жыртқыш құс». Аталығының /

қыран/ салмағы 4.1 килограмм, ұябасары-

ның салмағы 6.8 килограмға дейін...» деп 

анықтама береді.

1984  жылы  «Мектеп»  баспасынан 

шыққан Мағиза Шаймерденованың «Зоо-

логиялық  қазақша-орысша»  сөздігінде 

қыранды «степной орел» деп аударыпты.

Біріншіден,  бүркіттің  еркегінің  бәрін 

қазақ қыран деп атай бермейді. Бүркіттің 

еркегін шәулісі дейді. Екіншіден, қыран  

«степной  орел»  емес,  «степной  орел  – 

дала бүркіті.

Бүркіттің еркегіне қарағанда ұябасары 

ірі болады. Сондықтан да еркегін – шәулісі   

/кішкенесі/ деп атап кеткен. Жалпы шәулі 

–  қыран  құстардың  ұсақ  түрлері.  Шәулі 

қырандарға – қаршыға, тұнжыр, тұйғын, 

қырғи, сұңқар, жағалтай, тұрымтай, бида-

йық жатады. Қыран деген құс жоқ. Қыран 

– осылардың өзінің қасиетімен, қайтпас 

қайсарлығымен, қырағылығымен, алғыр-

лығымен танылғаны. Әйтпесе, қозықұмай 

сияқты  аңға  түспей,  өлексе  жейтін  дәу 

бүркіттер толып жатыр. Ал, сұңқар, қырғи, 

тұрымтай,  жағалтайлардың  /шәулілер/ 

денесі шағын болғанмен, алғыр, қырағы, 

ұшқыр, тегеурінді.

Бүркіттің  төрт  саусағы  болады.  Бас 

бармағы – тегеурін, сұқ қолы-сығым, ор-

тан қолы – жембасар, кішкенесі – шенгел 

деп аталады. Бас бармағыңыз болмаса 

ештеңені мықтап ұстай алмайсыз. Сол си-

яқты бүркіт те тегеуріні сынса, жемін тауып 

жей алмай қалады. Тегеурін – ең мықтысы. 

Тегеурінді деген сөз осыдан шыққандығы-

на күмән жоқ.

«Елп ете қалды», «елпендеген жігіт», 

«елпең-елпең жүгірген, ебелек отқа семір-

ген» деген сөздердегі еліб қайдан шыққан?

Құстың қанаты қауырсындардан тұра-

тынын бәріміз білеміз. Сол қауырсынның 

денеге кіріп тұрған шетін – көбі жағы, қа-

рама-қарсы ұшын-жебе жағы дейді. Садақ 

оғының жебе аталуы осыдан. Ал қауыр-

сынның  екі  жағына  шыққан  /жебесінің/ 

түк талшықтарды еліб деп атайды екен. 

Елібте мүлде салмақ болмайды ғой. «Ел-

пілдеу» осыдан алынған, түбірі – еліб.

Шеңгелдеу  деген  сөз  де  шеңгелден 

шыққанын байқау қиын емес. Тегеурін мен 

шеңгелдің арасы да – шеңгел. Шеңгелі де 

үлкен құс – алып құсқа саналады. Тасбақа-

ны кез келген құс іліп кете алмайды. Оны 

шеңгелі жеткені ғана көтеріп әкетіп, биіктен 

жерге тастап жібереді. Қабығы быт-шыт 

болған тасбақаны жеу оңай екені кім-кімге 

де түсінікті.

Осы  бүркітке  байланысты  шыққан 

сөздеріміздің  өзі  жетерлік.  «Биік  тауда, 

Марқакөлді қоршап жатқан жоталардың 

басында  нағыз  сұңқар,  яки  лашын  ме-

кендейді», – деп жазады «Қайнар» бас-

пасынан  жарық  көрген  «Марқакөл»  де-

ген кітапта. – Оның дене бітімі әлеуетті: 

жалпақ жемсау тұсының бұлшық еттері 

қатты, қауырсыны көкшіл сұрғылт, қанаты 

ұзын, әрі жіңішке, табанының башайлары 

ұзын...»


Біріншіден, лашын сұңқар тектес құс 

болғанымен, сұңқар /сокол/ мен лашын 

/сапсан/  екеуі  екі  түрлі  құс.  Екіншіден, 

әлеуетті – күшті, қайратты деген ұғымды 

білдіреді. Сондықтан да «дене бітімі әле-

уетті» дәл емес, өз орнын дәл таппай тұр. 

Үшіншіден, «табанының башайлары ұзын» 

дейді. Башай табанда бола ма?! Бұл жер-

де табанды айтпай-ақ тұяқтары деп жазса 

әлдеқайда ұғынықты болар еді.

Құстың сұңқары, қыраны, жылқының 

тұлпары, жігіттің сұлтаны не екенін білеміз. 

Ал иттің сырттаны дегендегі «сырттан» 

не? Әрине, әр түрлі пікір болуы мұмкін. 

Бірақ бізше былай:

Ертеде  солтүстікте  иттің  тұқымын 

асылдандыру мақсатымен оның қаншығын 

күйлеп жүрген кезінде орман ішіне апарып 

ағашқа байлап кететін болған. Күйлеген 

қаншыққа  қасқыр  тимей,  қайта  онымен 

шағылысқа түсіп, одан иттің жаңа тұқымы 

шыққан. Өзі күшті, өзі айбатты «сырттан» 

келген /пайда болған/ итті сырттан атаған 

деп ойлаймыз.

Біз,  қазақ  халқы  жақсылық  жасаған 

кісіге ежелден бері рақмет дейміз. Сонда 

онсыз да рақымды болып, ізгілік істеген 

адамға алғыс айтудың орнына тілек біл-

діріп, тағы да рақым жаса, жақсылық істе 

деуі қалай?

Адам бойындағы ағзалар екіге бөлі-

неді екен. Бірі – қайырымдылық, екіншісі 

–  зұлымдық.  Кім  қайырымдылықты  көп 

жасаса, сол адамның денсаулығы мықты 

болатын көрінеді. Мұны қазір дәрігерлер 

жиі айтып жүр. Осыны данышпан бабала-

рымыз ертеден-ақ білгенге ұқсайды. Сон-

дықтан да рақым жасасаң, денсаулығың 

мықты болады деген ниетпен рақмет дей-

тін болса керек.

«Қазақ тілінің, түсіндірме сөздігінде»: 

/А.,  «Ғылым»,  1983,  286  б./  «Мырза  – 

үстем тап өкілдері және оларды мадақтау 

жөніндегі лауазым» делінген. Шындығын-

да да солай. Өйткені Орта Азияны Әмір 

Темір /1336-1405/ билеп тұрған заманда 

оның  ұрпақтарын  ұлықтау  мақсатында 

сол кездегі ғылым, білім тілі – парсыша 

әмірзада деп атаған. Әмір-әмир, әмірші. 

Қазіргі араб эмираттары деп жүргеніміз 

сұлтандықтары, хандықтары деген сияқ-

ты – араб әмірліктері. Әмір – қазақ тілін-

де бұйрық, жарлық, үкім дегенге саяды. 

Бұйрық бермей-ақ қой дегенді кейде әмір 

бермей-ақ қой деп те айта береді. Зада 

– нәсілі, тұқымы жақсы адам дегенді біл-

діреді. /Ханзада, Бекзада деген секілді/. 

Түркі тайпалары өз тілінің зандылықтары-

на орай әмірзада сөзінің екі жағындағы ды-

быстарды келе-келе «жұтып қойып» мырза 

дегенді ғана айтатын болған.

Дулат тайпасынан шыққан қазақ Геро-

доты атанған тарихшы ғұлама ғалым, ақын 

әрі мәмлегер/дипломат/ Мырза Мұхаммед 

Хайдари /1499-1551/ өзін Мырза Хайдар 

деп қысқаша атағанды қалаған. «Бірақ ол 

өзін әдетте қысқаша Мырза Хайдар деп 

атаса,  Бабыр  /1483-1530/  оны  Хайдар 

Мырза  деп  көрсетеді»  /Дербісалиев  Ә. 

«Егемен Қазақстан», 15 наурыз, 1997/. Ал, 

Мыр за Мұхаммед Хайдарға бабасының 

есімі беріліпті. Бұдан мырза сөзінің Әмір 

Темір заманында-ерте заманнан айтылып 

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Қағыс естуден кеткен 

қателер


7

15 қаңтар  2016 жыл

келе жатқанына көз жеткізе түсеміз.

Кейде  дыбыс  қуалап,  сөзді  дұрыс 

қолданбай, мағынасыздыққа ұрынамыз. 

Мәселен, «Толағай табыстарға қол жет-

кіздік» дегенді бұқаралық ақпарат құрал-

дарында жиі қолданатын болдық.

Бірінші, Толағай – зат есім. Толассыз 

соққан жел аты. Ақын Қуандық Шаңғыт-

баевта


Толассыз соғып толағай

Құлазып қалдым даладай. 

Алдына байқап қарамай,

 Іс еттің аңғал, балам-ай, – деген жол-

дар бар.

Толағай – сын есім. Түгі жоқ, тап-тақыр, 

жалаңаш деген мағынаны білдіреді. Мы-

салы, Махамбет Өтемісов: 

Тұн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай, 

Темір қазық жастанбай

Қу толағай бастанбай, 

Ерлердің ісі бітер ме? – дейді.

Толағай – таудың аты. /Зат есім/

«Ертіс жағасына еміне ерейіп, толағай 

шыңы сопайып шыға келгенде Бұрын Ертіс 

бойына жүріп көрмеген Шәкітай: – Мынау 

тау кемені басып қалмай ма? – деп Мұха-

метқалиға үрейлене қарады», – деп жаза-

ды жазушы Сапарғали Бегалин.

Толағай – зат есім, зат есімнің ішінде 

жалқы есім. Әбділдә Тәжібаев ертегісінің 

кейіпкері. Тау көтерген алып күш иесінің 

есімі. «Қобыланды табысқа қол жеткіздік» 

деу де дұрыс емес!

Қазір  біз  «кеңестік»  жолдас  сөзінен 

қашып, кім көрінгенді – адалды да, арам-

ды да, мырзаны да сараңды да, естіні де, 

ессізді де асыл сөзімізді қор қылып, мырза 

деп ұлықтайтын болып алдық... Ойласа-

йық.

Бір тойда асаба: «Ағайынды Шәкібае-



валар ән салады» деді. Қазақ «ағайынды» 

деген сөзді ер адамдарға байланысты ғана 

айтады. Қыздарды «апалы-сіңілілі» дейді.

Тағы бірде жас жігіт республикалық ра-

диодан бір қызға ғашық болғанын айтып, 

сөйлеп отыр. Ол: «Қыз түсіме кірді, түсімде 

оны біреу алып қашыпты. Мұңайып жүр 

екен, ауылдан Алматыға қайтып келсем, 

шынында  да  сүйген  қызымды  біреулер 

зорлап алып қашып кетіпті»,– десе, жүр-

гізуші:

– А, сүйген қызың түсіңде аян берген 



екен ғой? – дейді.

Қазақ ұғымында кім көрінген аян бер-

мейді, қасиетті адамдар мен Алланың өзі 

ғана бере алады.

Әр  халықтың  тірегі  –  тілі.  Қуатты 

құралға айналған тілді әр адамның жаны 

десек те жаңылыспаймыз.

Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы 

сөзді солдатқа теңейді:

«Сөз – халқымыздың қымбат асыл бай-

лығы. Мен оларды көзіме адамдар тәрізді, 

оның ішінде солдаттар сияқты елестетем. 

Олардың да жаны бар, қаны бар. Олар 

өмір сүреді. Жақсы жазушы үздік қолбас-

шымен бірдей. Сөздердің басын қосып, 

жұмылдыра біледі. Ал ынтымақпен бірігіп, 

жалын атқан сөздерден күшті нәрсе жоқ. 

Батыр да дара емес, елімен ер емес пе?

«Қаһарман сөз қамал бұзады» деген 

мақал  осыдан  шыққан»  [Момышұлы  Б. 

Ана тілім –ардағым. -Алматы: Қазақстан, 

1990. -61 б.].

Жылататын да сөз, жұбататын да сөз. 

Ең, ең ащы да, ең, ең тәтті де – сөз. «Жылы 

жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» де-

ген мақал бар. Бұл жылы, шын сезіммен 

шынайы сөйлей білсең, ерімейтін, елемей-

тін ешкім жоқ деген сөз.

«Ана тіліміз барлық еркелігімізді көтере 

береді деп не жер баса алмай, не көкке ұша 

алмай қалғандарымыз да жолығады. Ана 

тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау де-

ген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. 

Жастар – біздің болашағымыз. Қатты айтып 

отырғанымыз сондықтан», – дейді Ғабит 

Мүсірепов [Сонда. 57 6].

Қорыта  келгенде,  айтпағымыз  –  ана 

тілімізді ардақтай білейік. Ана тілің – Анаң. 

Ана тілін сыйламау – Анаңды сыйламау деп 

білемін өз басым. Өз тілін сыйламаған өзге 

тілді де сыйлап жарыта қояды деу қиын.

Серікбай ОСПАНҰЛЫ.

Ақын, Қостанай мемлекеттік  

педагогикалық  институтының  

профессоры.

Әлібек 

        ЫБЫРАЙ

  «Бағалай  білгенге  ғана 

бақ қонады» дейді баба қа-

зақ.  Шын  сөз.  Адам  бала-

сы  туа  бітті  қалыптасқан 

қабілетін  бағалай  алмаса, 

оның болашағынан зор үміт 

күту  бекершілік.  Керісін-

ше, өнерін өміріне балаған 

жандар туралы айту парыз. 

Біздің кейіпкеріміз де солар-

дың сойынан.

Мұрат Нағашыбай  Жан-

келдин  ауданында  туып-

өскен.  Дәлірек  айтқанда 

аудан орталығының іргесін-

дегі Қалам-Қарасу ауылында 

1984 жылы дүниеге келіпті. 

Ата-анасы қарапайым  жан-

дар. Отбасындағы үш бала-

ның үлкені – Мұратқа өнер 

бала күнінде дарыды. 

Әлі есінде, мектепте оқып 

жүргенде талай  рет  шағын 

ғана білім ошағында өткен 

талай  өнер  байқауларына 

қатысқан. Оның бері жағын-

да  аудандық  сайыстардың 

сан  мәрте  жүлдегері  ата-

нып үлгерді. Соның бәрі жас 

өнерпаздың талабын ұштай 

түссе керек. Әкесі Жақсылық 

қарапайым жан болғанмен 

өнерге бір табан жақын кісі. 

Анасы –  Ғалия  Ғалымқызы 

да құр алақан емес. Талай рет рес-

публикалық термешілер байқауын-

да бағын сынаған.

– Мен Мұратты ертеден білемін. 

Ол кезде бала еді.  Кейін жақын та-

ныстық.  Тұла  бойында  сан  өнер 

тоғысқан Мұраттың ата-әжесі ауыр 

бейнет  кешкен  кісілер  еді.    Мал 

бақты.  Ал  әкесі өнерді шын баға-

лай білетін адам. Ел ішінде «Жігіт-

тің жақсы болмағы – нағашыдан» 

деген  жақсы  бір    сөз  бар,    туған 

нағашысы Ғалым Сейдағалиев ел 

ағасы  атанған кісі болатын. Ақын-

жанды, әңгімешіл-тұғын. Жалпы, 

нағашыларының бәрі өнерлі жан-

дар. Анасы – Ғалия республикалық 

термешілер  байқауына,  айтысқа 

қатысып, халықтың батасын алған, 

– дейді белгілі композитор, ҚР ең-

бек сіңірген қызметкер  Бақытжан 

Сәуекенов.

Мұрат 2002 жылы Қалам-Қарасу-

дағы Ғ.Қайырбеков атындағы орта 

мектепті бітірген соң  Арқалықтағы 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гу-

манитарлық  колледжінің  музыка 

факультетінде оқыды.  Одан кей-

ін Ы.Алтынсарин атындағы Арқа-

лық педагогикалық институтында 

дәріс алып, алғашқы еңбек жолын 

Ұзынкөл ауданында, мұғалімдіктен 

бастады.  Бұл  2006  жыл  болатын. 

Екі  жылдан  соң  аудандық  мәде-

ниет үйі не ауысып, сол жерде 2013 

жылға дейін жемісті еңбек етті. 

Жалпы, Ұзынкөл өңірінде өткен 

барлық    мәдени  іс-шаралардың 

өне бойында Мұраттың ізі сайрап 

жатыр. Ол әсіресе, ұлттық өнерді 

дамытуға  көп  еңбек  сіңірді.  Ау-

дандық мәдениет үйінің жанынан 

құрылған  «Атамекен»  тобының 

құрамында  өнер  көрсетті.  Оның 

мерекелік кештерді ұйымдастыру 

шеберлігі өз алдына бөлек әңгіме. 

Көптің батасына кенелген өнер иесі 

туралы  ұзынкөлдіктер  әлі  күнге 

дейін айтып отырады. 

–  Мұрат  аудандық  мәдениет 

үйінде қызмет істегелі ұлттық ме-

рекелер әрлене түсті. Түрлі кештер 

жиі  көрініс  тапты.    Ауданішілік 

қоғамдық,  мәдени  іс-шараларға 

белсене  араласып,  Наурыз  тойы 

мен  Мәуліт мерекесінің лайықты 

өтуіне  мұрындық  болды.  Сөйтіп, 

ұлттық  құндылығымызды  дәріп-

тейтін  концерттердің  жиі  өтуі-

не  өз  септігін тигізді.  Бүгінде  ол 

Меңдіқара  ауданында тұрып  жа-

тыр. Қайда жүрсе де қазақ өнерін 

биікке көтере берсін деп тілейміз, – 

дейді ұзынкөлдік зейнеткер Бәтима 

Қумажанова.

Айтпақшы, Ұзынкөл ауданында 

істеп жүргенде ол  «Біздің жігіттер» 

театрын  құрып,  бірнеше концерт 

қойғанын естігенбіз. «Аналар» то-

бына  жетекшілік  етті.  «Пай-пай,  

қазақтың келіндері-ай», «Қыз өссе  

– елдің көркі» арулар байқау-

ын  өткізді.  «Сағындырған 

әндер-ай» деп аталған  рет-

ро-әндердің кешін ұйымдас-

тырғаны да бар. 

«Өнерге әркімнің де бар 

таласы»  деп  Абай  дана  бе-

кер айтқан жоқ, Мұрат Жақ-

сылықұлы да өнерде  өз жо-

лын  қалыптастырды.    Бала 

күнінен  әнді  жанына  серік 

еткен  оның  бүгінге дейінгі 

жетістігі қомақты.  Ол 2008 

жылы  Ұзынкөл  ауданында 

өткен  «Балдәурен»  байқау-

ында  жүлделі    2-орынды 

иеленді.  2010  жылы  үздік 

жүргізушілердің  облыстық  

байқауында 1-орынды жеңіп 

алды.  Мәдениет  пен  өнер 

жолында  тер  төгіп  жүрген 

Мұрат  әр  жылдары  облыс, 

аудан басшыларының Алғыс 

хаттарымен,  грамотала-

рымен марапатталған. Бүгін-

де  Меңдіқара ауданындағы 

мәдениет үйінің қызметкері.  

Мемлекеттік  «Диплом-

мен – ауылға!» бағдарлама-

сының  шарапатын  көрген 

Мұрат  Нағашыбай  осыдан 

екі  жыл  бұрын      Меңдіқа-

радағы Мәдениет үйіне жұ-

мысқа орналасып, көп ұза-

май  баспаналы  болды.  Бұл 

сөз жоқ, аудан басшылығы-

ның  өнерін  бағалағаны, 

талантын  құрметтегені.  Игілік 

мұратына жеткен Мұрат мұнымен 

шектеліп қалмақ емес. 

–  Мен  үшін  ең  бастысы  –  ұлт 

мәдениетінің дамуына үлес қосу. 

Қазақ  өнерінің  өсуіне    дәнекер 

болсам, бұдан өзге бақыттың керегі 

не?! Алға қойған мақсатымның бірі 

– ауданда Наурыз мерекесінің қар-

саңында  айтыс  ұйымдастырғым 

келеді. Өйткені, кейінгі жастардың 

көбі айтыстың не екенін білмей-

ді. Сенесіз бе, бізде міне осындай 

ұрпақ өсіп келе жатыр. Қазақтың 

ұлық өнеріне жастайынан сусын-

дап  өспеген  ұрпақтан  не  күтуге 

болады?  Негізі,  қазақтың  халық 

әндері  мен  өсиет,  өнегеге  толы  

термелерді  орындағанды  жаным 

сүйеді. Бақытжан Сәуекенов, Қали-

бек Деріпсалдин ағаларымыздың 

әндері  де  репертуарымнан  берік 

орын алған, – дейді әнші-термеші.

Айтпақшы,  Мұрат  биыл  «Қа-

зақстан»  ұлттық  арнасындағы 

«Көңілашар»  әзілкештер  бағдар-

ламасына қатысып қайтты. Оның 

ерекше  қабілетіне  сүйсінген  

атақты  шоумэн  Тұрсынбек  Қаба-

тов келесі жылы да бағдарламаға 

шақырыпты.

Меңдіқара ауданы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет