4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұлттық рух және әдеп

Ұлттық рух – ұлттың мәдениеті мен салт-

дәстүрлері, ата дәстүр қағидалары, отан сүй-

гіштік қасиеттермен қуаттанып, ұлттық тұл-

ға лардың  жүрегіне  бойлап,  қанына  сіңген 

құ дірет.  «Тірегім  –  елім,  Жүрегім  менің» 

деп әрбір ұлттық тұлға ұлттық рухпен жі гер-

ленеді. Ұлттық рух – мақтаныш сезімін оя-

та ды.

Қазақ халқы – қаһарман халық, арғы тегі 



Күл тегіннен  бастап,  ең  соңғы  Бауыржан 

ба тырға  дейінгі  халықтың  қаһармандық 



9

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

жеңістері ұрпақтың ұлттық намысын қалып-

тастырды да, отансүйгіштік қасиеттерін қа-

лып тастырды. «Қазақпыз - әлемге танықпыз, 

Азатпыз ерлікпен алыппыз» деп, қазіргі және 

келешек ұрпақ мақтанышпен айта алады. 

Халықтың ұлттық рухы қаһармандық ең-

бектен  айқын  көрінеді.  Яғни,  ұлттық  рух-

тың (мақтаныштың) қозғаушы күші – кү рес, 

еңбек,  білім,  өнер.  Халықтық  тәрбие  (пе-

дагогика) арқылы жеке тұлғаның ұлттық на-

мы сы әдеппен көркейеді. 

Ұлттық тұлға ұлттық рухты әдеппен қор-

ғайды. Ұлттық рух(мақтаныш) әдеп арқылы 

ға на әсерлі болады.

Секемсіз  сенім,  еркін  ерік,  қалыптасқан 

қай рат, ұлттық ұлағатты дәстүр, оттай отан-

сүйгіштік  арқылы  пайда  болған  әлеуметтік 

қуат ұлттық рух деп аталады.

Қазақ халқының әлеуметтік қуаты қа  һар-

мандығынан,  өнерпаздығынан,  қайы рым-

дылығынан, әдептілігінен, мәрттігінен кө рі-

не ді де, ол ұрпағына қайрат береді.

Қазақ  ұлтының  рухында  жеңіске  деген 

се  кемсіз сенім бар. Ұлтымыздың ұлы тұл ға-

ла ры  болашаққа  сендіру  арқылы  тәрбиелеу 

қа ғидаларын ұстанған. Ұлттық рух арқылы 

тәрбиелеу  қағидаларын  ұстанған.  Ұлттық 

рух  Ұлы  Отан  соғысында  қазақ  халқының 

қа һармандығын паш етті. 

Қазақ халқының бойында ғасырлар бойы 

ұлы  күрестерде  қалыптасқан  қайрат  бар. 

«Мың өліп, мың тірілген» халық өзінің же-

ңім паздық рухынан бойына қуат алады. 

Қаһармандық, қайырымдылық, мейірім ді-

лік, сыйласымдық және т.б. ұлттық ұлағатты 

дәстүрлер – ұлттық рухтың алтын арқаулары 

бо лып  табылады.  Ұлттық  рух  (ұлттың  жан 

дү ниесінің болмысы) жалпы адам баласына 

жақ сылық жасауға бейімделген .

Оттай  ыстық  отансүйгіштік  қасиет  ар-

қы лы жеке (ұлттық) тұлғалар ұлттық рухты 

биік ке көтеріп, оның құдіретті қуатымен же-

ңістерге жетіп келеді. «Тірегім – елім – жү-

ре гім  менің»  дейді  жас  ұрпақ,  сөйтеді  де 

елі нің ғаламдануындағы өз орнын ақылмен 

ай қындап, рухын әдеппен көтереді.

Тапсырма:

1.  Қазақ  халқының  ұлттық  рухы  туралы  өз 

тү сінігіңді жаз.

2.  Ұлттық  рухымызды  көтерген  ұлы  ке йіп-

кер лерді атап жаз.

3. Ұлттық рухтың қаһармандыққа бастай ты-

нына түсінік жаз.

4.  Отансүйгіштік  сезім  ұлттық  рух  арқылы 

пай да болатынын дәлелде.



Ұлттық мақтаныш және әдеп

Қазақ  халқының  ұлт  болып  қа лып-

тасуы  -  ұлы  батырлар  мен  дала  да на лары-

ның  қаһармандықтары  мен  даныш пан  дық-

та рының  жемісі.  Түркі  дүниесінің  не гі-

зін  құраған  Көкбөрі,  Бөден  хан,  Ескендір 

Зұлхайнариді ерлікпен де, ақыл-айламен де 

жеңген  Шу  батыр,  Еуразияны  ерлікпен  би-

ле ген  Еділ  батыр  (Атилла)  ерліктерін  жал-

ғастырып,  қазақ  жерін  бекемдеп,  қазақ  ұл-

тын  қалыптастырған  батырлар  Мұрын  жы-

рау жырлаған «Қырымның қырық батыры» 

жыр ларынан бастап қырық томдық жыр бол-

ды. Үндіні билеген Бабыр, Египетті билеген 

Бибарыс қассақ (қазақ) тегінің ерлігі мен да-

на лығын крсетеді.

«Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның 

қас қа жолы» Тәуке ханның «Жеті жарғысы», 

Жаныбек ханның ұлттық мемлекет құруы қа-

зақ ұлтының тегінен бастап телегейіне дейін 

да мып қалыптасқан ұлт екендігін мақтан тұ-

та мыз


Қазақ халқы – дарынды халық: қазақ хал-

қы ның ақын халық екндігі дүние жүзіне бел-

гілі  болды.  Эпостық  жырлар,  айтыс  өнері 

жө нінен қазақ халқы дүние жүзінде брінші 

орын да.  Қазақ  халқының  күйшілік  өнері, 

яғни қазақ күйлері оркестрлік күйлердің бә-

ріне негіз бола алады. әл-Фарабидің дом бы-

ра сы, Қорқыт атаның қобызы дүние жүзілік 

саз өнерінің ноталық желісі болды.

«Мен  бүкіл  қазақ  даласы  ән  салып  тұр-

ған  дай  сезінемін»  деп  поляк  жиһангері 

Янучкевич айтқандай,қазақ халқы - әнші ха-

лық.

Жиренше шешеннен бастап ондаған ше-



шен  дердің шешендік өнері және қазіргі ұр-

пақтың  шешендік  сайыстары  қазақ  ха л қы-

ның шешен халық екендігіне дәлел бола ала-

ды.


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

10

Қазақ халқы меймандос, мейірман халық. 



Кең жерге ие болған кеңпейілді қазақ халқы 

жүз қырыққа тарта ұлт өкілдерін құшағына 

ал ып, бауырына басып, олармен «бір жағадан 

бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып» та-

ту-тәтті өмір сүріп отыр.

Қазақ  халқының  ұлттық  мақтаныштары 

– келе шек ұрпақтың ұлттық тәрбиедегі қоз-

ғау шы күші болып табылады.

Тапсырма:

1. Қазақ халқының ұлттық мақтаныштарын 

ті зіп жаз.

2. Мақтаныш пен мақтаншақтық туралы пі-

кі ріңді жаз.

3.  Мәңгілік  ел  мақтанышы  туралы  өз  пі-

кіріңді жаз.

Ұлттық дағдылар және әдеп

Қазақ  халқының  ұлттық  болмысындағы 

ұлт тық дағдылар: қайырымдылық, мейірім-

ді лік, меймандостық, үлкенді құрметтеу, ер-

кін дік,  бірлікшілдік,  ақиқатшылдық,  әдеп-

ті лік,  инабаттылық,  жадылық  –  ғасырлар 

бо йы  қалыптасқан  ұлттық  құндылықтар 

бо лып табылады. Дағдыға айналған ұлттық 

- тәрбиелік құндылықтар ұлттық тәрбиенің 

бар лық саласында қолданылады.

Әлі де болса, сирек кездесетін жалқаулық, 

ен жарлық,  дарашылдық,  өсекшілдік,  қыз-

ған шақтық, іштарлық дағдылармен күресте 

тә лімгерлер  тәжірибелі  әдіс-тәсілдерін қол-

да нады. 

Ұлттық дағдылардағы шындық үшін кү-

рес - ұлттың намыстың әдептік кредосы бо-

лып табылады. Ал, жасқаншақтық белең ал-

ған  мына  заманда,  халық  жеке  тұлғаларды 

шын дықпен  шынықтырады,  шындықты  ай-

та  алмайтындар  –  нағыз  ұлттық  тұла  емес. 

Құ қықтық тәртіпті бағалау, жақсы сөзді тың-

дай  білу,  тыныштықты  қастерлеу,  көп  оқу 

бірлікті,  еркіндікті  бағалау  дағдылары  ар-

қы лы ұлттық қасиеттерді қастерлей білетін 

тұл ғаны  халық  «өнегелі  адам»  деп  жоғары 

ба ғалайды. «Арым, ұятым - барым миятым» 

деп, жеке ұлттық түлға «ұят» пен ұялшақтық 

екі мағына екенін ашық айтады, жеке тұл ға-

ның «ұялшақтық» дағдысын қатты сынайды.

Жеке тұлға мен ұлттық болмысты ажы ра-

та біліп, «келеңсіз дағдыларды» ұлттық қа-

сиет ке таңуға болмайды.

Тапсырма:

1. Келеңсіз дағдыларды атап көрсет, күресу 

жол дарын түз.

2. Құқықтық тәртіпті бағалай білу дағдысы 

ту ралы жаз.

3. Сөз тыңдай білу дағдысын қалыптастыру 

ту ралы пікіріңді жаз.

4. Қазақ халқының ұлттық-силасымдық дағ-

ды ларын атап жаз.



Ұлттық тағылым және әдеп

Қазақ халқының ұлттық болмысында тұр-

мыстық талғам, «жаңаға жармасу» талғамы, 

өнер  талғамы,  көркемдікті  көре  білу,  өр ке-

ниет тік талғам жақсы қалыптасқан.

Қазақ  халқының  тұрмыстық  талғамында 

бас паналық  құрылымдағы  көркемдік  және 

тұр мыстық  ерекшеліктерге  сүйсіне  назар 

ау даруға болады. (Үй жиһаздары, қазіргі өр-

кениеттік тұрмыстағы ұлттық өрнектер ұлт-

тық талғамның көркем көріністері).

Қазақ  халқының  ұлттық  талғамында 

«жа ңаны  тез  қабылдау»  ерекше  орын  ала-

ды.  Кейде  «жалған  жаңашылдар»  кө не нің 

көркемін жаңаның жақсысымен то лық тыр у-

ды білмей, ескіні естен шығарып алады.

Ол жаңашылдық жанашырлық емес. Өйт-

ке ні, жаңаның бәрі жақсы емес.

Өнер талғамы жоғары қазақ халқы өнер-

дің  «өрге  бастыратын»  түрлерін  талғай  бі -

ліп, жоғары бағалайды. Біздің халық - өнер лі 

халық. Әншілік, күйшілік, қол өнері, спорт-

тық  өнер,  шешендік  өнерталғамы  өнер дің 

инжу-маржандарын әдеппен талғап, көр кей-

те ді.

Қазақ  халқында  көркемдікті  көре  білу 



тал ғамы бар. Көркедікті көре біліп, оны ба-

ғалаумен қатар оны жасай білу де осы тал-

ғам ға  байланысты,  бұл  көбінесе  ұлттық 

әдеп тен айқын көрінеді.

Заман  талабына  сай,  өркениеттік  тал ғам 

қалыптасты.  Қазақ  халқының  ұлттық  бол-

мысында өркениеттік талғам тарихи қа лып-

тас қан құбылыс. Тұрмыста, мәдениетте, өмір 



11

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

ба рысында біздің халық әлемдік өркениетті 

қа дірлей қабылдап, қолданады.

Талғамы  жоқ  талапсыздар  сәнді  бұзып, 

сә  ні 

кетіп 


жүр. 

Мысалы:  түгін 

тү  сі ріп,  мешпет  кию, 

шалбардың  тү-

гін ке тіріп, тізесін тесіп 

кию  т.б.  тал-

ғам   сыздық жеке тұлғаның адамдық қасиетін 

жо   ғалтады.

Тапсырма:

1. Сән мен сәндену туралы пікіріңді жаз.

2.  «Біркелкі  талап»  дәстүрінің  мәні  туралы 

жаз.


3. Таңдау, талғам, жарасым туралы пікіріңді 

жаз.


4. Қазіргі кезде кездесетін талғамсыздықтар 

ту  ралы жаз. 



Ұлттық өнер және әдеп

Қазақ-өнерпаз халық. Ән өнері, күй өнері 

тыңдаушының  қиялын  дамытып,  көр кем-

дік ке тәрбиелейді. Қол өнері шеберлікті үй-

ретіп,  еңбекке  тәрбиелейді.  Би  өнері  сезім-

тал  дыққа,  ептілікке  тәрбиелейді.  Спорттық 

өнер батылдыққа тәрбиелеп, жігерлендіреді. 

Өнер адамдыққа баулитын тәрбие қуаты.

Айтыс өнері әділеттілікке, сезімталдыққа, 

ше  шендікке тәрбиелейді.

Ақын халық ұрпағын сөз кадірлеуге, тың-

дай білуге үйретеді, жадын дамытады.

Жыршылдық  өнер  арқылы  жадына  сақ-

тап,  дарынды  тұлғалар  жырларды  нә ші не 

кел тіріп  айтып,  тыңдаушыларды  ерлік ке, 

адам гершілікке  сөз  қадірін  білуге  тәрбие-

лей  ді.

Ұлттық әдеби шығармалардың тәрбиелік 

мақ саттары қолданыста іске асады. Өнердің 

бар лық саласында әдептілік пен әдемілік үл-

кен рөл атқарады.

Тапсырма:

1.  Өзіңнің  қандай  өнерің  бар?  Өнеріңді 

көрсет.


2. Қазақ халқы өнерпаз халық екенін дәлелде.

3. Атақты өнер иелерінің аттарын тізіп жаз.

Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен өзіңді-өзің билеу, әр рух 

пен қайыспайтын қайсарлық – ерліктің кепілі



Бауыржан Момышұлы.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

ӘОЖ 39.394



Қ. Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық Білім академиясының академигі,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры

Л.Қ. Бөлеева

педагогика ғылымдарының кандадаты,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Мақалада Қазақстандағы тәрбиенің кешегі және бүгінгі жайын анықтай келіп, келешекте 

12 жылдық білім беру жүйесінде «қазақ отансүйгіштігі» оқу пәнін ендіруді ұсынған. Бүгінгі 

күні жас ұрпаққа, жастарға және студент жастарға патриоттық тәрбие беруде олардың бойына 

«патриотизм», «ерлік», «ұлттық патриотизм» ұғымдарын қалыптстыру жайы айтылған.

Түйін сөздертәрбие, білім беру, студент, патриотизм, ерлік.

Казахстанский патриотизм-это осознание государственного, казахстанского. Он включает 

в себя: чувство привязанности к тем местам, где человек родился и вырос; уважительное 

отношение к родному языку; заботу об интересах родины; проявление гражданских чувств 

и  сохранение  верности  родине;  гордость  за  ее  социальные  и  культурные  достижения; 

отстаивание ее свободы и независимости; уважительное отношение к историческому прош-

ло му родины и унаследованным от него традициям; стремление посвящать свой труд, силы 

и способности расцвету родины.



Ключевые слова: патриотизм, родный язык, свобода, независимость, уважение.

Kazakhstan patriotism is the awareness of the public, Kazakh. It includes: a sense of attachment 

to the places where a person was born and raised; respect for the mother tongue; care about the 

interests of the motherland; a manifestation of civic sense and fidelity homeland; pride in its social 

and cultural achievements; defending its freedom and independence; respect for the historical past 

of the native land and the traditions inherited from him; the desire to devote their labor force and 

capabilities flourishing homeland. 

Keywords: patriotism, native language, freedom, independence and respect.

«Қазақстан Республикасында білім бе ру-

ді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  ар нал-

ған  мемлекеттік  бағдарламасында»  қо йыл-

ған мақсаттарға жету үшін шешуге қа жет ті 

басты міндеттердің бірі «жастарды отан сүй-

гіш тікке  тәрбиелеу»  екендігі,  білім  беруді 

да мытудың  «Тәрбие  жұмысы  және  жастар 

сая саты»  бағытында  2011  жылдан  бастап 

«қа зақстандық  патриотизмді  қалыптастыру 

мақ сатында  тұрақты  негізде  мемлекеттік 

рә міздерді  таныту,  тарих,  салт-дәстүр  жә не 

ана  тілін  білу  жөнінде  іс-шаралар  жал ғас-

тырылатын болады. Тұтас алғанда, мектепке 

де   йінгі жастан бастап тәрбиеге ерекше көңіл 

бө   лінетін болады» делінген [1].

Қазақстанда  патриоттық  тәрбиенің  зерт-

те  луін екі кезеңге байланысты қарастырылу 

ке   рек.  Біріншісі  –  Кеңестік  кезеңдегі  пат-

риот тық тәрбие, екіншісі – егемендік ке зең-

де  гі  патриоттық  тәрбие.  Кеңестік  кезеңде 

па триоттық  тәрбие  жеке  тұлғаның  бойына 

со веттік  патриотизмді  сіңіру  мақсатында 

жү зеге асырылды.

Жастар мен мектеп оқушыларына Кеңес-

тік ке зеңде патриоттық тәрбие беру бойынша 

Қа зақстанда  бірнеше  еңбектер  жарық  көр-


13

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ген.  Мысалы,  К.  Құнантаева  оқушыларға 

пат риоттық  тәрбие  революциялық  күрес 

жә не  еңбек  дәстүрлеріне  оқушыларды  тәр-

би елеуде 1917 жылдағы Қазан төңкерісі мен 

Отан  соғысы  жылдарындағы  патриоттық 

тәр биені негізге алып тәрбиелеу, ол үшін сы-

нып тан  тыс  тәрбие  жұмыстарында,  тәрбие 

са ғаттарында  көркем  әдебиеттегі  батырлар 

бей несі арқылы тәрбиелеудегі және әскери-

даңқ музейлерінің тәрбиелік мәніне тоқ тал-

ған [2].


Ә.Р.  Жұмаханов  еңбектерінде  отбасында 

ин тернациональдық  тәрбие  беру,  мектепте 

пат риоттық  және  интернациональдық  тәр-

бие  берудің  Кеңестік  мектеп  тарихында, 

пат риоттық  және  интернациональдық  тәр-

биенің  міндеттері,  оқушыларды  тәр бие-

леу дің  психологиялық  алғышарттары,  оқу 

жұ мысында  социалистік  патриотизм  мен 

ин тернационализмді  тәрбиелеу,  оқудан 

тыс  уақытта  оқушыларға  патриоттық  жә не 

интернациональдық  тәрбие  беру,  пат риот-

тық-интернациональдық  тәрбиені  адам гер-

ші лік, саяси-идеялық тәрбиелермен кешенді 

жүр гізу, ерлік және еңбек дәстүрлері арқылы 

жо ғары  сынып  оқушыларының  патриоттық 

се зімін жетілдіру, дамыту мәселелері қа рас-

ты рылған [3].

А.В.  Щербаков  еңбегінде  мектеп  оқу-

шыларына  патриоттық  тәрбие  бе ру ді  пән 

сабақтары  мен  оқудан  тыс  жұ мыс тарда 

жүргізу  бойынша  Республика  мек теп те-

рін дегі  іс-тәжірибелерді  жинақтау  арқылы, 

оларды  талдап  көрсеткен  [4],  ал  Ш.А. 

Әмірәлиев  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 

бе ру – болашақтың адамын тәрбиелеу деп, ол 

үшін  оларды  советтік  потриотизм  рухында 

тәр белеу қажеттігіне тоқтатылған [5].

С.  Ешімхановтың  жұмысында  Екінші 

дүние жүзілік  соғыс  жылдарындағы  мек-

теп теріндегі  сыныптан  тыс  уақыттағы  тәр-

бие  берудегі  халқымыздың  ерлігі  олар-

дың  шыңдалуына,  есеюіне  үлкен  әсер 

ет кендігін  ашып  көрсете  отырып,  соғыс 

жыл дарындағы  майдандағы  және  елдегі 

хал қымыздың  қаһармандық  қасиеттері  ар-

қы лы жас ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақ-

сат етіп қойған. Ол үшін пән сабақтары мен 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  өзара  са бақ-

тастыра  жүргізілгенде  жақсы  нәтижеге  же-

ту ге болатынын көрсеткен [6].

Ә.  Айтоқов  еңбегінде  қазақ  халқының 

Екін ші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы 

ер лік істерін негізге ала отырып, оқушыларға 

пат риоттық  тәрбие  берудің  әдіс-тәсілдерін 

қа растырған.  Сол  мақсатта  қазақ  ауыз  әде-

би етіндегі  ерлік  тағылымдарын,  екінші  дү-

ниежүзілік соғыс кезіндегі ерлік дәс тү р ле рі-

мен сабақтастырады. Ол үшін қазақ тілі мен 

әде биеті  сабақтарын  және  сыныптан  тыс 

тәр бие жұмыстарын бірлікте ұстай отырып, 

жүр гізу тәжірибесін ортаға салған [7].

Б.М. Бекмұхамедов оқушыларға пат риот-

тық  және  интернационалдық  мақсаттағы 

тәр биені қазақ мектептеріндегі музыка пәні 

са бақтарында  жүргізу,  ол  үшін  патриоттық 

жә не интернационалдық мазмұндағы му зы-

ка лық  шығармаларды  пайдалану  қажеттігі 

ту ралы әдістемелік нұсқаулар ұсынған [8].

Мектепте патриоттық тәрбие берудің бір 

түр лі  әскери-патриоттық  тәрбие  беру.  Бұл 

мә селеде  И.М.  Куликовтың  «Оқушыларға 

әс кери-патриоттық  тәрбие  беру»  және  К.С. 

Серікбаевтың «Бүкіл халықтың ісі» атты ең-

бек терін атауға болады.

И.М.  Куликовтың  еңбегінде  оқушыларға 

гу манитарлық  және  жаратылыстану  пән-

де рін  оқытуда,  сондай-ақ  сыныптан  тыс 

уа қытта  әскери-патриоттық  тәрбие  беру 

іс-тәжірибесі  қысқаша  баяндалған  [9].  Ал 

К.С.  Серікбаевтың  кітапшасында  әскери-

пат риоттық тәрбие - коммунистік тәрбиенің 

құ рамдас бөлігі, оның сенімді тірегі - маркс-

тік-лениндік  ілім,  әскери-патриоттық  тәр-

бие нің  ұйымдастырушы  мен  жетекшісі  - 

Ком мунистік  партия,  әскери  –  патриоттық 

жұ мыстың  негізгі  түрлері  және  осы  салада 

пар тия саясатын жүргізушілер, оқушы жас-

тар арасында әскери-патриоттық тәрбие бе-

рудің кейбір ерекшеліктері республика мек-

теп терінің іс-тәжірибесі арқылы көрсетілген 

[10].

Сонымен,  Қазақстанда  шыққан  пат риот-



тық  тәрбие  бойынша  еңбектерді  тал дау 

14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жасау  арқылы  Кеңестік  кезеңде  пат риот-

тық  және  интернационалдық  тәрбиелер  ре-

во люциялық  күрес  және  еңбек  дәстүрлері, 

бей бітшілік  кездегі  патриоттық  бастамалар 

не гізінде  адамгершілік,  саяси-идеялық  тәр-

бие лермен байланыстырылып кешенді жүр-

гі зілгені, ол үшін мектепте оқытылатын пән-

дер дің  мазмұны  және  түрлі  сыныптан  тыс 

жұ мыс формаларының пайдаланылғаны кө-

рініп тұр. Өкінішке орай, бүгінгі күн тұр ғы-

сынан қарасақ Кеңестік кезеңдегі саяси идео-

ло гиялық  қатынастарға,  социалистік  қоғам 

ағы мына  байланысты  берілген  патриоттық 

тәр биеде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа 

жал ғасқан сан ғасырлық ерлік дәстүрлерінің 

ес керілмегені, ұлттық құндылықтар арқылы 

пат риоттық  тәрбие  жүзеге  асырылмағаны 

бел гілі болды. 

Қазақстандағы  патриоттық  тәрбиенің 

екін ші кезеңі – еліміздің егемендік алуымен 

си патталынады  және  ерекшеленеді.  Тә уел  -

сіздік және егемен Қазақ еліне Ел ба  сы Н.Ә. 

Назарбаев  атап  көрсеткендей  «пат риотизм 

–  елімізді  құрудың  іргетасы»  бо ла тындай 

патриоттық  тәрбие  беру  мәселесі  бүгінгі 

қоғамдық-әлеуметтік  даму  үрдісіне  бай-

ланысты  болғандықтан,  қазақ  ғалым-пе да-

го гтары  соңғы  20  жылда  іргелі  зерттеулер 

жүр гізіп, патриоттық тәрбие беру бойынша 

көп теген еңбектерін жарыққа шығарды.

Республикалық  Ұлттық  ғылыми  кітап-

ха  наның  қорында  егемендік  кезеңде  жас 

ұр паққа,  жастарға  және  студент  жастарға 

пат риоттық  тәрбие  беру  бойынша  35  дис-

сер  тациялық (оның 3 докторлық) жұмыс бар 

екенін анықтадық. Жұмыстардың 9 жеке та-

ри хи тұлғалардың патриоттық мұраларына, 

4 патриоттық тәрбие тарихына, 20 қазақтың 

ха лықтық педагогикасы арқылы патриоттық 

тәр бие беруге, 2 болашақ мамандарды оқу-

шы ларға  патриоттық  тәрбиеге  дайындау 

про блемаларына  арналған.  Зерттеу  жұ-

мыс тарының  нәтижесінде  18  жеке  еңбек, 

оның ішінде 4 монография, 9 оқу құралы, 3 

әдістемелік құрал, 2 әдістемелік нұсқау жа-

рық көріпті.

Енді бір мақаланың көлемінде көрсетілген 

дис сертациялық жұмыстарды талдау мүмкін 

бол мағандықтан, тек жеке еңбектерді қыс қа-

ша мазмұндауға тоқталайық.

С. Иманбаеваның «Мектеп оқушыларына 

пат  риоттық  тәрбие  берудің  теориясы  мен 

прак  тикасы» атты монографиясы кіріспеден, 

төрт  бөлімнен,  қорытындыдан  және  пай да-

лан  ған әдебиеттер тізімінен тұрады [11].

Бірінші  «Қазақстан  Республикасының 

әлеу  меттік  даму  жағдайында  оқушыларға 

пат  риоттық тәрбие берудің теориялық-әдіс-

на малық  негіздері»  атты  бөлімінде  қа зақ-

стандық  патриотизм  -  әлеуметтік-пе да го-

гикалық  мәселе,  патриоттық  тәрбие  өзе гі 

патриотизмнің  қалыптасуының  та ри хи  ал-

ғы шарттары  және  XXІ  әлемдік  жа һан да ну 

ға сырында Қазақстанда ұлттық идея тұр ғы-

сын да патриоттық тәрбие берудің әдіс на ма-

лық тұғырлары анықталған.

«Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында 

оқу шыларға патриоттық тәрбие берудің пе-

да  гогикалық және психологиялық негіздері» 

ат  ты  екінші  бөлімінде  отандық  білім  беру 

жү  йесінде  патриоттық  тәрбиенің  зерттелу 

жа йы,  алыс  және  жақын  шетелдердегі  пат-

риот  тық тәрбиенің даму ерекшеліктері және 

мек  теп  оқушыларына  тұтас  педагогикалық 

үр  дісте  патриоттық  тәрбие  берудің  жүйесі 

жа  салынған.

Үшінші «Қоғамның әлеуметтік даму жағ-

да  йында  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 

бе  рудің  тұжырымдамалық  негіздері»  атты 

бө  лімінде  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 

бе  рудің  ғылыми-педагогикалық  шарттары, 

тұ  тас  педагогикалық  процесте  оқушыларға 

пат  риоттық тәрбие берудің жағдайлары жә-

не олардың патриоттық құндылықтарын қа-

лып  тастыруға негізделген білім мен тәрбие 

маз  мұны жасалынған. 

«Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің 

әдіс  темесі және эксперименттік тәжірибелік 

жұ  мыстың  нәтижелері»  атты  төртінші  бө-

лі  мінде  жаңа  әлеуметтік  даму  жағдайында 

оқу  шыларға патриоттық тәрбие берудің әдіс-

те  месі,  оларға  патриоттық  тәрбие  берудің 

экс  перимент барысында дәлелденуі және тә -

жірибелік-эксперименттік  жұмыстың  нә ти-

же лері ұсынылған.



15

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Р.А.  Джанабаеваның  «Халық  педа го ги-

ка сындағы  патриоттық-ерлік  тәрбиесінің 

не  гіздері»  атты  оқу  құралы  кіріспеден,  үш 

бө  лімнен  пайдаланған  әдебиеттер  тізімінен 

тұ рады [12].

Бірінші  «Патриоттық-ерлік  тәрбиесінің 

теориялық-әдіснамалық  негіздері»  ат ты 

бө лімінде  «патриотизм»,  «ұлттық  патрио-

тизм», «Қазақстандық патриотизм», «ерлік» 

ұғым дарының  мәні  және  олардың  өзара 

бай ланысы,  патриоттық  тәрбие  және  оның 

си паты,  патриоттық-ерлік  тәрбиесінің  маз-

мұнын  айқындаудағы  кешенді  тәсіл  прин-

цип тері,  қазақ  ойшылдары  мен  жыршы-

жы рау ларының  патриоттық  тәрбие  туралы 

пе дагогикалық  ой-пікірлері  және  қазақ  ғұ-

ла ма-ағартушыларының  патриоттық-ерлік 

тәр биесін дамытудағы рөлі анықталған.

Екінші «Қазақ халық педагогикасындағы 

па триоттық-ерлік  тәрбиесінің  жүйесі»  атты 

бө лімінде  қазақ  халық  педагогикасындағы 

па триоттық-ерлік  тәрбиесінің  мазмұны,  құ-

рал дары,  формалары  мен  әдістері,  қазақ 

ха лық  педагогикасының  патриоттық-ер-

лік  тәрбиесі  нәтижесінің  ұлт-азаттық  қоз-

ғалыстардағы,  Ұлы  Отан  соғысы  жыл да-

рындағы, Желтоқсан көтерілісіндегі кө рі ніс-

те рі сипатталған.

«Қазақ  халық  педагогикасының  пат-

риот тық-ерлік  тәрбиесі  дәстүрлерін  бүгін-

гі  білім  беру  жүйесінде  пайдалану»  ат ты 

үшінші  бөлімінде  қоғамның  қазіргі  таң-

дағы  даму  ерекшеліктері  және  оның  пат-

риот тық  тәрбиеге  ықпалы,  қазақ  халық  пе-

дагогикасындағы  патриоттық-ерлік  тәр бие-

сі  дәстүрлерін  оқу-тәрбие  процесінде  пай-

да лану  тұжырымдамасы,  оларды  жоғары 

оқу  орны  студенттеріне  меңгерту  жолдары, 

мек тептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану 

фор  малары  мен  әдістері  және  пайдалану 

пер  спективасы анықталған.

А.Қ.  Дүйсенбаевтың  «Ерлік  дәстүрлері 

ар  қылы  оқушыларды  отансүйгіштікке  тәр-

бие  леудің  педагогикалық  негіздері»  оқу 

құ  ралында  орта  мектептің  оқу-тәрбие  үр-

ді  сінде  халықтың  ерлік  дәстүрлері  арқылы 

оқу  шылардың отансүйгіштік қасиеттері тәр-

бие  сін қалыптастыруды негіздеген [12]. 

Бірінші  бөлім  «Оқушыларды  қа-

зақ  ба тырларының  ерлік  дәстүрі  арқы-

лы  отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  тео рия-

лық  негіздері»  деп  аталып,  онда  «пат-

риот тық  тәрбие»  ұғымының  даму  ге-

не  зисі  -  оқушылардың  отансүйгіштік 

тәр  биесін  жетілдірудің  тарихи-пе да го-

ги калық кезеңдері екендігі, қазақ этнопе да-

гогикасындағы ерлік дәстүрінің пе да го ги ка-

лық негіздері, қазақтың көркем әдебиеті мен 

тарихында  сомдалған  батырлардың  ерлік 

өне гесі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие құралы 

ре тінде  екендігі  және  қазақ  батырларының 

қа һармандық бейнесі арқылы оқушылардың 

отан сүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастыру 

үр дісінің теориялық моделі жасалынған.

Екінші  «Қазақ  батырларының  ерлік  дәс-

тү рі  арқылы  оқушылардың  отансүйгіштік 

тәр биесін  қалыптастырудағы  әдістемелік 

жұ мыстар» атты тарауда оқу үрдісінде қазақ 

ба тырларының  ерлік  дәстүрлері  арқылы 

оқу шылардың  отансүйгіштік  қасиеттерін 

қа лыптастырудың  педагогикалық  құралы 

ре тінде  және  мектептің  тәрбие  үрдісінде 

қа зақ  батырларының  ерлік  дәстүрі  арқылы 

оқу шылардың отансүйгіштік қасиеттерін қа-

лып тастыру мәселелері қарастырылған.

С.Ж.  Пірәлиев,  Л.К.  Керимов,  К.Н. 

Нәрібаев, 

Ж.Ж. 

Молдабеков 



Ұ.М. 

Әбдіғапбарова,  С.С.  Нүркееваның  «Ұлттық 

тәр биенің  патриоттық  мазмұны»  атты  оқу 

құ ралы  кіріспе,  төрт  тараудан  тұратын  қа-

зақ  халқының  сан  ғасырлық  басынан  өт-

кен  тарихи  жағдайларға  байланысты  пат-

риотизмінің  пайда  болу,  даму  және  қа лып-

тасу  кезеңдерін  толық  жан-жақты  қам-

ты ған,  патриотизм  ұғымын  тілдік,  әдеби, 

та рихи,  мәдени,  саяси,  философиялық, 

пси хологиялық  және  педагогикалық  тұр ғы-

да негіздеген, патриоттық тәрбиенің бү гінгі 

таңда егемен қазақ елі үшін өзек ті лі гін көп 

жылдар бойын зерттеген қазақ ға лым да ры-

ның жемісті еңбегі деуге болады. Еңбек ұлт-

тық тәрбиенің патриоттық мазмұны ашылып 

көр сетілген, тұңғыш ғылыми жұмыс [14].

Оқу  құралының  бірінші  тарауы  «Пат-

рио ти зм  ұғымы  және  құндылықтары»  деп 


16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

аталып,  онда  патриотизм  ұғымы  және  ұс-

та нымы,  патриоттық  сана-сезім,  патриот 

қасиет тері және құндылықтары, патриоттық 

тәр биенің  түрлері  мен  тәсілдері;  екінші 

«Ұлт тық тәрбиедегі патриоттық дәстүрлері» 

ат ты  тарауда  Еуразия  даласындағы  ал ғаш-

қы  қауымдық  тәрбие  арналары,  Сақ,  Ғұн 

дәуірлеріндегі  жауынгерлік  тәлім-тәр бие, 

ежелгі  түркі  жыр-дастандарындағы  қа-

һар  мандық  ойлар,  Орхон-Енисей,  Қорқыт 

ата,  әл-Фараби  шығармаларындағы  отан-

сүйгіштік  идеялар,  түркі  ғұлама-ой шыл да-

ры ның мұраларындағы патриоттық идеялар, 

пат риоттық рухтың көркемдік мазмұндалуы, 

со ғыс және патриоттық рух, қазақ елінің қа-

зір гі патриоттары туралы мәселелер кеңінен 

сөз болған.

Үшінші  «Ұлттық  тәрбиенің  патриоттық 

ба ғыттары»  атты  тарауда  отаншылдықтың 

от басынан басталатыны, атамекен, атакәсіп, 

ата текті  қастерлеу  –  қазақ  патриотизмінің 

үр дістері  екені,  ана  тілін  құрметтеу  –  ұлт 

мәр тебесі,  қазақ  халқының  қолөнеріндегі 

пат риотизм  көріністері  және  қазақтың  жас 

ұрпағын  жетімсіретпеу  дәстүрінің  пат-

риоттық мәні ашылған. Ал «Ұлттың пат риот-

тық рухы және елдік мұраты» атты төртінші 

тарауда  халық  төзімділігінің  ұрпақтың 

өл шемдері,  Алаш  қайраткерлерінің  ел-

дік  мұраты,  Желтоқсан  ұлт-азаматтық  қоз -

ғалысындағы  патриоттық  бейнелері,  тә уел-

сіз дік тұтқасы – рухани тәрбие екені, егеменді 

ел дің патриоттық дәстүрлері, ұлттық рухтың 

қа зақтанымдық тәлімі, ұлттық тәрбиенің қа-

зақ ты танудағы маңызы мазмұндалған.

Бұл оқу құралын барлық оқу орындарында 

«Қазақ патриотизмі» атты оқу пәнін ендіріп, 

оқулық ретінде қолдануға болады.

Н.Сманованың  «Ғабит  Мүсірепов  шы-

ғар малары  арқылы  оқушыларға  патриотты 

тәр бие  беру»  атты  оқу-әдістемелік  құ ра-

лын да  Ғ.Мүсіреповтың  педагогикалық  көз-

қарастарының  қалыптасуы  мен  оның  мән-

маңызы, Ғ.Мүсірепов мұраларындағы тә лім-

тәрбиелік  ойлар,  оның  шығармаларын  оқу-

тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын анық-

тап,  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру 

ар қылы оларға отан сүйгіштік, ұлтжандылық 

тәр бие беруге болатыны дәлелденген [15].

Р.А. Джанабаева «Ә.Нұршайықов шығар-

ма ларының  оқушыларға  патриоттық  тәр-

бие  берудегі  мәні»  атты  оқу  құралында 

Ә.Нұршайықов  шығармалары  арқылы  оқу-

шыларға патриоттық тәрбиені беру мә се ле-

лері қарастырылған. Ол кіріспеден, төрт та-

раудан және пайдаланылған әдебиеттер ті зі-

мі нен тұрады [16].

Құралда  «патриоттық  тәрбие»  ұғым да-

ры ның мәні, Ә.Нұршайықовтың патриоттық 

көз қарасының  қалыптасуына  ықпал  еткен 

фак торлар,  оның  шығармаларындағы  пат-

риот тық-ерлік идеялар, оларды оқушыларға 

пат риоттық  тәрбие  беруде  пайдалану  және 

Б.Момышұлының  ұлағатты  сөздерінің  тәр-

бие лік мәні ашылып, көрсетілген.

Е.Жұматаеваның  «Қазақстан  майдангер 

жазу шыларының  шығармалары  арқылы 

оқу шыларға  патриоттық  тәрбие»  атты  мо-

нографиясында  Екінші  дүниежүзілік  со-

ғыс  қа  қатысқан  майдангер  жазушылар 

-  Б.Момышұлы,  Ә.Шәріпов,  Қ.Қайсенов, 

Б.Бұлқышев,  М.Ғабдуллиннің  шығар ма ла-

рындағы  патриоттық  тәрбие  берудің  мүм-

кіндіктерін  халықтық  педагогика  тұр ғы-

сынан  талдап,  олардың  ерлік  істері  мен 

еңбектерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пай да-

ла  ну жолдарын көрсеткен [17].

Р.А.  Жаңабаеваның  «Қазақ  ойшылдары 

мен  ақын-жыраулары  патриоттық  тәр бие 

туралы» оқу құралында Қорқыт ата ның, әл-

Фарабидің,  Ж.Баласағунидің,  М.Қашқари-

дің,  Қ.А.  Йасауидің  еңбектеріндегі  пат-

риот тық  идеялар,  қазақ  ақын-жыраулары  – 

Ақтамберді, Бұхар, Махамбет, Дулаттың тер-

ме-толғауларының патриоттық тағылымдық 

мәні ашылған, оларды оқу-тәрбие үрдісінде 

пай далану  туралы  әдістемелік  ұсыныстар 

бе рілген [18].

Н.А.  Тұкбақованың  «М.Ғабдуллиннің 

мұ ра сы  және  оқушылардың  қазақстандық 

пат риотизмін қалыптастыру негіздері» атты 

оқу  құралында  Кеңес  Одағының  батыры 

М.Ғабдуллиннің  шығармалары  мен  оның 

жар қын бейнесі оқушылардың бойында қа-


17

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

зақ стандық  патриотизмді  қалыптастыру 

не гізгі  екендігіне,  ол  мұраны  бүгінгі  ұр пақ 

тәрбиесінде қолданудың қоғамдық ма ңы зы-

на айрықша назар аударған [19].

Бүгінгі таңда студент жастарға  патриот -

тық  тәрбие  беру  мәселесі  айрықша  мәнге 

ие.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Қарағанды  тех-

ни калық  университетінің  студенттерге  пат-

риоттық  тәрбие  беру  бойынша  тәжірибесі 

бас қа оқу орындарына үлгі боларлық. Уни-

вер ситетте студенттерге патриоттық тәрбие 

бе рудің  моделі  әзірленіп,  оның  іске  асыру 

ме ханизмі анықталынған, сол моделдің шең-

бе рінде  ендірілген  куратор  сағаттарының 

өт кізу  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар  жа-

са лынған.  Нұсқауларда  жоғары  мектептегі 

пат риоттық  тәрбие  жұмысы  теориясының  

жал   пы мәселелері, патриоттық тәрбиелеудің 

функ  циялары, әдістері мен түрлері баяндал-

ған.  Моделдің,  бағдарламаның  және  әдіс-

темелік  нұсқаулардың  авторлары  уни вер-

ситет  ректоры  А.М.  Ғазалиев,  тәрбие  жө-

нін  дегі проректоры О.В. Бакбердина, декан 

Ю.Д.  Обухов  және  доцент  Н.Қ.  Смағұлов 

[20].


Моделдегі  бағдарламада  мынадай  та қы-

рыптар бойынша кураторлық сағаттар 1-7 се-

мес трлерде тұрақты және жүйелі өткізіледі 

екен:


Қазақстан  Республикасы  Президенті 

тұл ғасының  қазақстандық  патриотизмді 

қа лыптастырудағы  рөлі,  Қазақстан  Рес пу-

бликасы әлемдік саясат жүйесінде, Қазақстан 

тарихындағы  ұлы  тұлғалар,  Қазақстанның 

мәдени мұрасы, ҚарМТУ-дың даму тарихы, 

құқықтық  тәрбие  негіздері,  экология  және 

ұлт салауаттылығы.

Қарағанды мемлекеттік техникалық уни-

вер ситеті әзірлеген және тәрбие үдерісіне ен-

гізілген «Патриоттық тәрбие беру мо де лін» 

іске  асыруға  қажетті  патриоттық  тәр биенің 

теориялық негіздері А.М. Ғазалиев, Ғ.Есім, 

С.И. Ферхо, К.Н. Бұрханов, Л.Т. Матвеенкова-

ның  «Қазақстандағы  патриотизмді  қа-

лып   тастыру:  теория  және  практика»  ат-

ты  ұжымдық  монографияда  ғылыми-фи-

лософиялық және психологиялық-пе да го ги-

ка лық тұрғыда жасалынған [21].

Кіріспеде  елімізде  патриоттық  тәрбие 

беру дің  бүгінгі  таңда  өзектілігі,  оның 

әлеу меттік-гуманитарлық  білімнің  түр-

лі  салалары  шеңберінде  әлемдік  қоғам-

дық  ойдың  бүкіл  тарихы  бойында  қарас-

ты рылғаны,  «патриотизмді»,  «кеңестік 

пат риотизм»,  «патриоттық  тәрбие»  мә се-

лелерінің  қазақстандық  ғалымдар  ең бек те-

рін дегі бейнеленуі айтылған.

Монографияның  бірінші  тарауында  пат -

риотизм  -  әлеуметтік  өмір  құбылысы  екен-

ді гі; екінші - қазақстандық патриотизмді қа-

лып тастыру ерекшеліктері; үшінші - студент 

жас тарды  патриоттық  тәрбиелеу  түрлері 

мен  тәсілдері;  төртінші  тарауда  Қарағанды 

мем лекеттік  техникалық  университетінде 

сту денттермен патриоттық тәрбие ұйым дас-

тыру дың  принциптері  мен  түрлері,  оларды 

жү зеге асыру тәжірибесі баяндалған.

М.С.  Жылқышиеваның  «Қазақстанның 

сту дент жастарының азаматтық-патриоттық 

тәр биесі» атты монографиясында жеке тұл-

ғаға  азаматтық-патриоттық  тәрбие  бе ру дің 

теориялық-әдіснамалық  негіздері,  пе да-

гогикалық  шарттары  мен  технологиясы  қа-

рас тырылған.  Бұл  еңбекте  Қазақстанның 

бі лімгер  жастарына  азаматтық-патриоттық 

тәр бие беру проблемасы тұңғыш рет зерттеу 

объ ектісіне  алынған,  оның  қазіргі  егемен 

елі міздің нағыз отансүйгіштік қасиеттері қа-

лыптасқан азаматтарын тәрбиелеуде алатын 

ор ны, мәні мен маңызы айрықша [22].

З.Е. Кабульдиновтың «Жастарға пат риот-

тық  тәрбие  беру»  атты  әдістемелік  құ ра лы 

білім беру, жастар ұйымдары мен мем ле кет-

тік органдар үшін жасалынған [23].

Кіріспеде  қазіргі  уақытта  қазақстанда 

жастар  арасында  және  қоғамдық  ұйым да-

рын да патриоттық тәрбиені күшейтудің кө-

кейкестілігі, патриоттық тәрбиенің мақ саты, 

міндеттері,  зерттеу  объектісі,  пат риот тық 

тәрбиенің  жүйесі,  республикада  жас тарға 

патриоттық  тәрбие  беру  жүйесінің  қо-

рытынды нәтижесі қандай болу керектігі ту-

ра лы сөз болған.

Әдістемелік  құралдың  бірінші  тарау 

«Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  және 



18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қазақ стандық  жас  жеткіншектердің  пат-

риот тық  тәрбиесі»  деп  аталып,  онда 

Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі – нағыз 

аза маттың және шын патриоттылықтың үл-

гі сі екендігі, оның тәуелсіз Қазақстанды құ-

ру дағы  және  дамытудағы  айрықша  үлгісі, 

«пат риотизм»  сөзінің  қазіргі  түсінігі,  Қа-

зақстандық  жастардың  өз  Отанына  мақ-

танышы,  Қазақстан  –  дүниежүзі  мем ле кет-

те рінің  ең  үздігі  болатыны;  «Жастардың 

рес публикалық  қоғамдық  ұйымдарының 

қыз меті»  атты  тарауда  «Жас  Отан»,  «Нұр 

Отан»,  «Қазақстан  жастарының  Конгресі», 

«Жа сыл  ел»,  «Қазақстан  ауыл  жастарының 

Ода ғы»,  «Жас  қыран»,  «Жас  ұлан»,  «Жас 

қы ран  әскери-патриоттық  бірлестіктерінің 

даму  Орталығы»,  студенттік  құрылыс  от-

ря дтарының  қызметтерінің  жастарға  пат-

риоттық патриоттық тәрбие беру мәселелері; 

үшінші «Жастармен патриоттық тәрбие жұ-

мы сының  негізгі  бағыттары»  тарауында 

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, Ауған со-

ғысы  ардагерлерінің,  археологиялық  экс пе-

дицияларға және музей ісіне жастардың та  -

рихи орындарға туристік сапары, мемлекет-

тің  тіл дік  саясатының,  діни  экстремизмнің 

жас тар  арасында  кірудің  алдын  алу,  қа зақ-

стан дық патриоттың бейнесі, Астана – халық 

мақтанышы және ел тәуелсіздігінің символі 

екендігі, Қазақстан – тәуелсіздік жолындағы 

бағыттары  арқылы  жастарға  патриоттық 

тәр бие  беру  түрлері  түрлі  іс-шаралар  не-

гі зінде  баяндалған.  Төртінші  тарауда  жас-

тар дың қоғамдық ұйымдарын қалай құруға 

болатынына әдістемелік ұсыныстар мен ке-

ңес тер берілген.

С.Д. Ізтөлейдің «Патриоттық тәрбие беру» 

атты  әдістемелік  құралында  Қарағанды  об-

лысы  мектептерінде  оқұшыларына  бойына 

ұлт тық құндылықтарды сіңіру арқылы пат-

риоттық  тұлға  қалыптастыру,  оның  моделі, 

1-11 сыныптар сабақтарында, сыныптан тыс 

және  үйірме,  клуб  жұмыстарында  оқу шы-

ларға  патриоттық  тәрбие  беру,  оқушы  бо-

йында  патриоттық  қасиеттердің  пайда  бо-

луы,  мұғалімнің  патриоттық  тәрбие  беруді 

іс ке асыру схемасы, ресурстық орталықтарда 

пат риоттық  тәрбие  беру,  патриоттық  та қы-

рып тардағы өлеңдерді мәнерлеп оқу мен эс-

се  оқу  жарысы,  оқушылардың  патриоттық 

се зімін  байқау,  тудыру  мақсатына  арналған 

сұ рақтар,  патриоттық  тәрбие  берушіге  ар-

нал ған тестілік сұрақтар, патриоттық тәр бие 

туралы  мақал-мәтелдер,  оқушыларға  пат-

риоттық тәрбие берудің формалары, әдістері 

мен тәсілдері, патриоттық мазмұнды ұлттық 

ойындар,  глоссарий  және  әдебиеттер  тізімі 

бе рілген [24].

Соңғы  жылдары  Қазақстанның  көпте ген 

мектептерінде Тәуелсіздік күніне байланыс-

ты  «Қазақстандық  патриотизм  –  елдің  нық 

дамуының  және  гүлденуінің  негізі»  тақы-

рыбы аясында мектепшілік, аудандық, об лыс-

тық,  республикалық  жарыстар,  конкурстар, 

ал жоғары оқу орындарында аймақтық, рес-

публикалық, халықаралық теориялық, прак-

тикалық  ғылыми-конференциялар  мен  се-

минарлар, дөңгелек столдар өткізіліп, олар-

дың  материалдары  жинақтар  болып  жарық 

кө руде.

Бүгінгі күнде Қазақстан халқына, әсіресе 

жас   ұрпаққа  және  жастарға  патриоттық тәр  -

бие беруде  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  халық-

қа  жылма-жылғы  Жолдауларын,  Қазақстан 

Республикасы  Білім  Министрлігінің  «Үз-

дік  сіз  тәлім  тәрбие  тұжырымдамасын», 

«Қа зақстан Республикасы азаматтарын пат-

риоттық  тәрбиелеу  жөніндегі  мемле кеттік 

бағдарламасын»,  «Қазақстан  Респу бли-

касының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие 

берудің 2006-2008 жылдарға арналған мем-

ле кеттік  бағдарламасы  туралы  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  Жарлығын», 

сон дай-ақ,  қазақ  ғалымдарының  егемендік 

ке зеңдегі  зерттеу  жұмыстары  мен  жарық 

көр ген  еңбектерін  [11-23],  түрлі  оқу  орын-

да рының патриоттық тәрбие беру жөніндегі 

озық тәжірибелерін [20-21, 24] басшылыққа 

алы нып жүргізу керек.

Қорытынды  ретінде  айтарымыз:  Қазақ-

стан дағы патриоттық тәрбиенің кешегі жә не 

бүгінгі жайын анықтай келіп, келешекте 12 

жылдық білім беру жүйесінде «Қазақ отан-

сүйгіштігі» оқу пәнін ендіруді ұсынамыз.


19

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Сонымен,  Қазақстанда  бүгінгі  күні  жас 

ұр паққа,  жастарға  және  студент  жастарға 

пат риоттық  тәрбие  беруде  олардың  бо-

йын да  «патриотизм»,  «қазақстандық  пат-

риотизм»,  «жалпыұлттық  патриотизм», 

«қа зақ патриотизмі», «ұлттық патриотизм», 

«ер лік»,  «отансүйгіштік»  ұғымдарын  қа-

лып тастыру арқылы жүзеге асырылып жат-

қаны,  ол  үрдісте  қазақтың  халықтық  пе да-

гогикасының  кеңінен  пайдаланылуы,  олар-

дың патриоттық сезімі, санасы, мінез-құл қы, 

на мысы мен дүниетанымының қа лып тасып, 

орнығуына әсері мен ықпалы ай рықша бо ла-

тыны анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет