4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Арнольд В.И. «Жесткие и мягкие» математические модели. – М.: МЦНМО, 2000. - 32 с.

2  Павловский  Ю.Н.  Имитационное  моделирование  сложных  процессов  и  систем  // 

Современные  проблемы  прикладной  математики:  Сборник  научно-популярных  статей 

(выпуск 1) / Под редакцией академика РАН А.А. Петрова. – М.: МЗ Пресс, 2005. - С.75-98.

3 Ж.Ж.Жумабеков Казахский педагогический институт имени Абая изд. «Казахстан» 1978 г.



26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 39.394



Қ. Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық Білім академиясының академигі, Тараз 

инновациялық-гуманитарлық университеттің профессоры

С.Қ. Құсайынова

педагогика ғылымдарының кандидаты, Тараз инновациялық-гуманитарлық 

университетінің доценті

Л.Қ. Бөлеева

педагогика ғылымдарының кандидаты, Тараз инновациялық-гуманитарлық 

университетінің доценті

МОҢҒОЛИЯ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

Мақалада  Моңғолия  мен  Қытайдағы  қазақтардың  халықтық  педагогикасы,  сондағы 

ғалымдардың зерттеулері арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдаланылып жатқанына 

көз  жеткізуге  болатындығы  айтылған.  «Қазақ  халықтық  педагогикасының  шетелдерде 

дамуы» деген еңбектің бала тәрбиесінде маңызы зор екендігін талдап, ашып көрсеткен.

Түйін сөздер: халық, педагогика, ұрпақ, тәрбие, шетел, даму.

В статье рассматриваются основные тенденции развития образовательного пространства 

в  Монголии  и  Китае.  Народная  педагогика  –  составная  и  неотъемлемая  часть  общей 

духовной культуры народа. Народ из поколения в поколение передает свой общественный 

и социальный опыт, духовное богатство, как дань старшего поколения младшему, создавая 

тем самым историю материальной и духовной культуры общества. А также поднимаются 

вопросы развитие Казахской народной педагогики зарубежом .

Ключевые  слова:  Народ,  развитие,  педагогика,  воспитание,  духовное  богатство, 

духовная культура.

The article examines the main trends in the development of educational space in Mongolia and 

China. People’s pedagogy - an integral and inalienable part of the spiritual culture of the people. 

The people from generation to generation passes its public and social experience, spiritual wealth, 

as a tribute to the older generation younger, thus creating history of material and spiritual culture 

of the society. And also raises issues of development of Kazakh folk pedagogy abroad.



Keywords: people, development, education, training, spiritual wealth, spiritual culture.

Шетелдердегі  қазақ  диаспораларының 

ха  лықтық педагогикасы туралы ең алғашқы 

зерттеу  профессорлар  С.Ұзақбаева  мен 

Б.Момынбаевтың  авторлығымен  1994  жы-

лы  «Қазақ  халықтық  педагогикасының  ше-

тел дерде  дамуы»  деген  атпен  жарық  көрді 

[1].  Онда  шетел  қазақтарының  халықтық 

пе дагогика  дәстүрлері,  оның  әдіс-тәсілдері, 

амал-жолдары, ой-пікірлері, озық үлгілерінің 

ба ла тәрбиесінде пайдаланылуы сөз болған. 

Ал  екінші  еңбек  «Қазақтың  тәлімдік  ой-

лар  антологиясының»  тоғызыншы  томы 

«Ше телдердегі  қазақтар  тағылымы».  Онда 

алыс-жақын  шетелдерде  тіршілік  етуші  қа-

зақ  диаспораларының  ұрпақ  тәрбиелеу  жө-

нін дегі ұлттық дәстүрлері, тілі мен мәдениет 

үл гілерінің  сақталуы,  ата  кәсібі  және 

Қазақстандағы қандас буырларымен мәдени 

байланысы айтылған [2].

«Қазақ халықтық педагогикасы бойынша 

Моңғолиядағы қазақ ғалым-педагогтар зерт-

теулерін  айрықша  атауға  болады.  Мысалы 

Қ.Қабдыразақұлының  «Қазақ  педагогикасы 

хахында»  атты  1976  жылы  жарық  көрген 


27

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА

ең бегі  [3].  Автор  «Қазақ  халықтық  педа го-

ги касы  дегеніміз  ұрпақты  өмірге  дайындау, 

тәр биелеу  барысында  сан  ғасыр  бойында 

ха лықымыздың  қалыптастырған  тәжірибесі 

мен  білімінің  жиынтығы.  Қазақ  халық  пе-

дагогикасы  ғылым  емес,  керісінше  ғы лым -

ның  зерттеу  предметі.  Халықтар  пе да го-

гикасын зерттейтін ғылымның бұл са ла сын 

этнопедагогика  деп  атайды.  Біздің  әң гіме 

ет пек  тақырыбымыз  қазақ  халық  этно пе-

да гогикасы.  Халық  педагогикасы  -  ұлт  пе -

да  гогикасының  айнасы,  халықтың  тарихи 

мі   нез-құлқының  рухани  жақтаушысы,  осы 

қа лыптасқан  мінез-құлықтың  ізгі  дәс түр ле-

рін сақтаушы және дамытушы да халық пе-

дагогикасы» деп, халықтық педагогика ұғы-

мына ғылыми анықтама берген [3, 3-4 б.].

Еңбектің  бірінші  тарауы  «Тәрбие  ше жі-

ре сінен  деп  аталып,  тәрбие,  оның  түрлері, 

тәр  биенің  таптық  категория  екені,  халық 

пе  дагогикасының  қалыптасуы,  оны  бүгінгі 

дә  уірге жеткізген ауыз әдебиеті, әдебиет-ғұ  -

рыптар, ана тілі, ойын-сауық түрлері, ән мен 

күй,  отбасылық  тәрбие  дәстүрлері,  ғұ ла ма-

ғалымдар,  ақын-жыраулар,  күйші-жыр шы-

лар, зергерлер, ағартушылар ең бек тері екен-

ді гіне,  халық  педагогикасы  қағи да ла ры на 

ке ңінен тоқталған.

«Адамгершілік тәрбиесі» атты екінші та-

рау да  азаматтық  тәрбие,  мәдениетті  мінез-

құлықтық  қарапайым  нормалары,  үлкенді 

си лау - баршаға ортақ норма, балаларға бағ-

дар беру және оларға ықпал етудің жолдары 

сөз болған. Ал үшінші тарауда қазақ халық 

пе дагогикасының  тәрбие  құралдары:  ер те-

гі-ежелгі  тәрбие  тетігі,  шешендік  сөз-адам-

гер шілік оқуы, қазақ мақал-мәтелдердің тәр-

бие лік  мәні,  қазақ  музыкасының  тәрбиелік 

ық палы, жұмбақ ақыл-ой тәрбиесінің тетігі, 

жа ңылтпаш  ерекше  тәрбиелік  құрал,  қазақ 

ойын дарының педагогикалық сипаты ашып 

көр сетілген.

Ж.Мизамханның  «Халық  ойындары»  ат-

ты  еңбегінде  жиын-сауықтарда  ойналатын 

көп шілік  ойындары,  ат,  асық,  есеп,  дой бы, 

мергендік,  спорт  ойындарының  тәрбие лік 

мәндері  нақты  мысалдар  арқылы  маз мұн-

дал ған [4].

Х.Нүркенұлының  «Ұлттық  мирас,  ата- 

мұра»  атты  кітапшасында  Моңғолия  қа зақ-

тарының  салт-дәстүрлері  Х1  тарауға  бө лі-

ніп, яғни ұлттық салтанаттар: амандасу сал-

ты,  қонақты  сырттан  қабылдау  салты,  оны 

үйге қабылдау, қонақ күту тәрбиесі, мал сою 

тәрбиесі, адамдарды үйге орналастыру сал-

ты, ұлттық семья тәрбиесі, қыз бала тәр бие-

сі, ұлдар тәрбиесі, қалыңдық айттыру, ұрын 

бе ру, қалыңдық ойнату, қыз ұзату, келін тәр-

биесі, шілдехана, бесік тәрбиесі; ауыл көркі: 

ауыл, үй жығу, ауыл көші, түйеге жүк арту, 

киіз үй тігу, күзем алу, қой қырқу, жүн сабау, 

жүн ді  шиге  тарту,  киіз  жасау,  қайыс  илеу, 

тері  илеу,  жіп  есу,  ызылған  құр,  жиек  есу, 

шу да жіп жасау, ши тоқу, терме теру, киіз үй, 

оның бөлшектері жеке-жеке түсіндіріледі; үй 

жи һааздары: үй жиһааздарының орналасуы, 

түс киіз ілу, шымылдық құру, сырмақ жасау, 

ұлт тық өнер, мәсі тігу, шарбақ ошақ орнату; 

ұлт тық киімдер: сырттық және іштік киімдер, 

бас  киімдер,  көйлек  түрлері,  сым-шалбар 

түрлері, аяқ киімдер; алтын, күміс бұйымдар: 

күміс білезік, күміс жүзік, омырауша, күміс 

түйме, қаптырғы, алқалар, шекелік, өңір-жи-

ек,  кемер  белдік,  капсырмалар,  шолпылар, 

құ дағи  жүзіктер;  ағаш  ыдыстар  және  басқа 

бұ йымдар:  астау,  саптыаяқ,  ағаш  шөміш, 

ағаш ожаулар, ағаш піспек, ағаш төсек, жүк 

аяқ, ағаш шелек, ағаш кебеже, ағаш қобди, 

ақ сандық, қазақтың музыка аспаптары, дом-

быра;  ер-тұрман:  жүген,  ноқта,  ер,  тоқым, 

өміл дірік,  құйысқан,  қамшы,  шылбыр,  тіз-

гін,  қайыс  арқан;  еңбек  құралдары:  тесе, 

бал та, балға, шот, көрік, көмір, төс, пышақ, 

пы шақтың  қыны,  жанай  ағаш,  ирек  ағаш, 

ұр шық,  талыс,  саба,  торсық,  қара  ала  қап, 

на сыбай  шақша;  мал  сауу,  ақ  тағам  әзірлеу 

жә не басқа тағам түрлері: мал сауу, сүт, ай-

ран, қатық, іркіт, сарымай, құрт, жарма, ірім-

шіктер,  жент,  қымыз,  шұбат,  қаймақ,  уыз, 

та ры, күріш, арпа, бидай, бұршақ, шай, құй-

мақ,  күлше,  шелпек,  көже,  бес  бармақ,  ба-

уыр,  сорпа,  қимай,  соғым,  сыбаға,  ерулік; 

ұлт тық тойлар: мүшел той, келін түсіру, үй-

лену тойлары, қыз ұзату тойы, баланың ша-

шын  алу  тойы,  атқа  мінгізу  тойы,  отау  кө-



28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

те ру  тойы,  наурыз  тойы,  ораза  айт,  құрбан 

айт;  түз  тағысы:  құсбегілер  мен  қырандар, 

олар дың  жабдықтары  тәрбиелік  мазмұнда 

ба яндалған [5].

Б.Кәмәләшұлының  «Моңғолия  қазақта-

ры ның салт-дәстүрлері» атты зерттеу еңбе-

гін де қазақтардың тұрмыстық, діни, бала тәр-

биесіне байланысты және мәдени-әлеуметтік 

салт-дәстүрлері  тарихи-этнографиялық,  әрі 

тә лімдік тұрғыда баяндалған [6]. Бұл еңбек 

то лықтырылып,  өңделіп  төрт  кітап  болып, 

жа рық  көрген.  Мысалы,  автордың  «Қазақ 

хал қының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсі-

ру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары» кі-

та бының бірінші тарауы «Қазақтың дәстүрлі 

туыстық жүйесі» деп аталып, онда Адам ата, 

ата тек, ата-баба, ата, шеше, әке, ана, әйел мен 

еркек, қатын, бәйбіше, тоқал, абысын-ажын, 

бала, қыз, жиен, жиеншар, жүрежат, туажат, 

жекжат,  құда,  құдағи,  құда  бала,  құдаша, 

күйеу, келін, қалыңдық, қайын ата, ене, бике, 

іні, сіңлі, нағашы, бала, бөле, балдыз, женге, 

қа йын, ағайын-туыстар, дос, жолдас, құрдас, 

замандас,  тетелес,  тамырлар,  ауыл  басы, 

үй  отағасы,  ұғымдарына  түсінік  берілсе; 

екінші  «Қазақтың  баланы  өсіру,  тәрбиелеу 

дәстүрлері»  тарауында  бала  жастан  ата 

жасқа дейін, бала тілеу, жаңа туған баланы 

асырау,  шілдехана  тойы,  баланы  күту,  оған 

ат  қою,  бесік  тәрбиесі,  ұл  бала  мен  қыз 

баланы  тәрбиелеу,  балаларды  күту,  оларды 

емдеу;  «Қазақ  халқының  дәстүрлі  үйлену 

ғұрыптары»  атты  үшінші  тарауда  қыз  бен 

жі гіттің  дәстүрлі  танысулары,  қыз  көру, 

қан  жақындастырмау,  қалыңдық,  күйеу, 

олардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  қыз 

бен  жігіт  саны,  құда  түсу,  құдаласу  ғұрпы, 

құдалар, олардың түрлері, күйеу және құда 

кәделер, ұрын бару, қалың мал, жасау беру, 

отау  көтеру,  қыз,  қалыңдық,  келіндердің 

киім ерекшеліктері, қыз ұзату, келін түсіру, 

неке,  некелесу,  неке  түрлері,  жар-жар  айту, 

беташар,  тойбастар,  келін  тәрбиесі,  оның 

қызметтері, төркіндеу, әйелдің жүкті болуы, 

босандыру ырымдары, әйелге қатысты әдет-

ғұрыптар,  салт-дәстүр,  ырымдар,  тиымдар, 

туылатын баланы болжау, жерік ас, жүкті ке­

лін ге қамқорлық мәселелері сөз болған [7].

Б.Кәмәләшұлының  «Қазақ  халқының 

дәс түрлі  той-мереке,  сауық-сайран,  ұлттық 

ойын,  тамашалары»  атты  еңбегінің  бірінші 

та рауында той, тойшы, той дайындығы, той 

қо нақтары, тойға көмек, тойды ұйымдастыру, 

той дың  сән-салтанаты,  тойда  көңіл-күй  кө-

те ру, той туралы ұлағатты сөздер, мақал-мә-

телдер,  той  мереке,  мейрам,  той  ойын  са-

уы  ғы,  оның  түрлері  оларды  ұйымдастыру, 

Наурыз мейрамы, оны өткізу; екінші тарауда 

қа зақтың  ұлттық  ойындары,  олардың  түр-

лері,  оларды  өткізу,  асық  ойындары,  то-

ғызқұмалақ, оларды ұйымдастыру мә се ле ле-

рі мазмұндалған [8].

Автордың «Ауа райының қазақи дәстүрлі 

болжамдары» атты кітапшасында қазақ хал-

қының  ауа  райын  болжау  дәстүрлері  жан-

жақ ты нақты мысалдар арқылы баяндалған. 

Онда  сан  ғасырлар  бойы  жинақталған  ха-

лық тық білім - табиғат құбылыстары, өсім-

діктер,  жан-жануарлар,  жәндіктердің,  құс-

тар дың  қылықтары  ауа  райын  болжаудың 

ха лықтық тәжірибесі баяндалған [9].

Ал Б. Кәмәләшұлының «Кіндік Азиядағы 

көшпенді  тайпалардың  дүниетанымы»  ат-

ты еңбегінде Кіші Азияны мекендеген көш-

пелі  тайпалардың  дүниетанымы,  сол  құ-

рлықтағы діндер, олардың бір-бірінен айыр-

ма шылықтары қандай және қайсының өмірі 

ұзақ, ол діндердің адамдарға пайдасы неде, 

зиян дығы  неде,  олардың  дүниені  танудағы 

рө лі жайында сөз болған [10].

Х.Қапасұлының  «Қазақ  халқының  салт-

дәс түрлі» атты еңбегінде қазақтың үй-жа йы, 

ұлттық ыдыстары, асыл киімдері, ас-та ғамы, 

әдет-ғұрыптары,  үйлену,  мереке-мей рам-

дары, тілеу-тойлары, сый құрметтері, туыс-

тық қатынастары, салт-дәстүрлері, дәстүрлі 

тәр биесі,  бата-тілектері  тәлім-тәрбиелік 

мән дері ашылып қарастырылған [11].

Моңғолия қазақтарының халықтық педа-

гогикасы  мәселелері  бойынша  педагогика 

ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәре-

же сіне үш диссертация қорғалды [12]. Олар 

Қ.Қабдыразақұлы «Моңғолия қазақтарының 

ха лықтық  педагогикалық  іс-тәжірибесінің 

жү йесі,  оның  бүгінгі  міндеттері  мен  ма-



29

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА

ңызы»,  Ә.Ашайұлы  «Ұлттық  педагогика 

не гізінде  оқу-тәрбие  ісін  ұйымдастыру 

(Баян-Өлгий  өлкесіндегі  қазақ  мектептері 

бас тауыш  сынып  тәжірибесінен»,  Л.Навий 

«Моң ғолия қазақ мектептерінің қалыптасуы 

мен дамуы (1927-1995 ж.ж.)», мерзімді бас-

пасөз беттерінде бірнеше мақалалар жа рия-

ла ған.

Сонымен,  «Моңғолия  ғалымдары  қа зақ -



тың  халықтық  педагогикасын  зерттеуге  ай-

рық  ша мән беріп, олар жас ұрпақты тәр бие-

леу дің негізі екендігін дәлелдеген.

Қытайдағы  қазақтардың  халықтық  педа-

гогикасын  зерттеумен  сондағы  қазақ  ға-

лым дары  З.Қинаятұлы,  Н.Мұхаметханұлы, 

М . Ә бд і қ а д ы р ұ л ы , А . Н ү с і п о қ а с ұ л ы , 

Ә.Жапар ұлы,  Н.Мыңжани,  т.б.  айналысып 

бір   неше  еңбектер  шығарды.  Мысалы, 

З.Қинаятұлы  «Жылаған  жылдар  шежіресі», 

Н.Мұхаметханұлы  «Қытай  қазақтарының 

этно   мәдениеті»,  М.Әбдіқадырұлы  «Қытай 

қа зақтарының  тағылымы»,  Н.Мыңжани 

«Қа  зақтың  қысқаша  тарихы»еңбектерін  ай-

ту  ға болады. 

Н.Мыңжани «Қазақтың қысқаша тарихы» 

атты зерттеу еңбегінде қазақ халқының мә-

де ниеті,  философиялық  ой-пікірі,  аспан 

әле  мі  туралы  түсініктері,  қазақ  қалендары, 

қа  зақ  әдебиеті,  көркемөнері,  қазақтың  ше-

жі релік дәстүрлері, дәрігерлік-саулық сақ тау 

дәстүрлері,  діни  нанымдары  мен  салт-са-

налары, қазақ халқының тұрмыс-сал ты, үй-

жайы, киім-кешегі, ішіп-жемі, не кесі, от ба-

сы,  әдет-ғұрыптары,  мереке-мей рам дары, 

ұлт тық  ойын-сауықтары  тәлім-тәр бие лік 

тұр ғыда баяндалған [13].

А.Нүсіпоқасұлы мен Ә.Жапарұлы «Ағаш 

бе сіктен  жер  бесікке  дейін»,  деп  аталатын 

бес  томдық  жинағы  Қытай  қазақтарының 

салт-дәстүрлері,  әдет-ғұрыптары,  ойын-са-

уық тары,  халықтық  дәстүр  тәрбиесі  ту ра-

лы  арнайы  сөз  болған  аса  құнды  ең бек тер. 

Мы салы,  бірінші  том  «Қазақ  салт-дәс тү рі 

және  оның  ғылыми  негіздері»  деп  ата лып, 

онда  жас  нәрестені  күту,  бесік  тәр бие  сі, 

бала  тәрбиесіне  байланысты  әдет-ғұ рып-

тар ды  жүйелі  іске  асыру,  балаға  ақыл-ой 

тәр биесін  беру,  баланы  түрлі  өнер ге  баулу, 

ал ты  байлықтың  қадірін  білу,  туыс тық  қа-

рым-қатынастың  тәрбиелік  мәні,  қа заға 

бай ланысты  атаулар,  мінез-құлық  ту ра лы 

жо рамалдар, табиғат қоршаған орта тәр бие-

сі, қазақи ұғымдар мен көзқарастар, ха лық-

тық  астрономия,  физика,  химия,  эко ло гия 

ғылымдары  туралы,  дене  тәрбиесі,  ауа  ра-

йын болжау, билік туралы түсінік, заң жар-

ғылар  мен  жаза  түрлері,  «Жеті  жар ғы ның» 

негізгі  мазмұны,  ондағы  жаза  түрлері  ту-

ралы мәселелер сөз болған [14]. Екінші «Ха-

лықтық дәстүр тәрбиесі» атты томда ха лық-

тың  баланы  жасына  қарай  тәрбиелеуі,  қыз 

тәрбиесі, ұл тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, ал ты 

қасиет тәрбиесі, ерлікке тәрбиелеу, адам гер-

ші лікке  тәрбиелеу,  тілек  тәрбиесі,  кісілік, 

кі шілік  және  кешірім  тәрбиесі,  сұлулық-

сым баттылық  тәрбиесі,  ар-ұят  және  намыс 

тәр биесі, әдеп, мораль, мұрат тәрбиесі, әді-

лет, ақиқат, аман-сәлем тәрбиесі, кісілік қа-

рым-қатынас  тәрбиесі,  өзін-өзі  тәрбиелеу, 

құр мет және аяушылық тәрбиесі, киіну, та-

за лық  және  ішіп-жеу  тәрбиесі,  дастархан 

тәр биесі,  сыпайылыққа  және  көркем  сөй-

леу ге  тәрбиелеу,  шындыққа  тәрбиелеу,  ант 

тәрбиесі, алғыс, қарғыс, кек тәрбиесі, ұқып-

ты лық  және  үнемділік  тәрбиесі,  кәсіпке 

тәр биелеу,  еңбек  және  өнерге  тәрбиелеу, 

ер кектік  қадір-қасиет  тәрбиесі,  махаббат, 

сү йіспеншілік  тәрбиесі,  ата-аналар  мен  ба-

ла лар қарым-қатынас тәрбиесі, туыстық қа-

рым-қатынас  тәрбиесі,  ерлер  мен  әйелдер 

қа рым-қатынас тәрбиесі, келін тәрбиесі, от-

басылық тәрбие түрлері мен оны іске асыру 

мәселелері жан-жақты қарастырылған [15].

Үшінші  «Ырым-салт  жорамалдар»  атты 

том да тіл тәрбиесі, қонақасы беру, ас-табақ 

тар ту салты, руға бөлу жоралғысы, үлкенді 

сый лау,  шаңырақты  қастерлеу  салты,  өс-

иет  қалдыру,  қызға  құда  түсу  салты,  үй-

ле ну  салты,  неке  және  отбасы  мәдениеті, 

жы ныстық қатынас және жорамал, құда-құ-

дағилық  байланыс,  дәстүрлі  қалыңмал,  жа-

сау, отау тігу, оған кіргізу, неке қию салты, 

той, той жасау салты, сұрау салттары, беру 

салт тары, адамдардың меңіне қарап, мінез-


30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

құл қына  жорамал  жасау,  кескін-келбет,  қи-

мыл-қозғалысына қарап жорамал жасау, түс 

жору  мәселелері  мазмұндалған  [16].  «Қыз 

сыны,  жігіт  сыны»  атты  төртінші  том да 

балаларды  жасына,  жынысына  қарай  тәр-

биелеу, қыз тәрбиесі, қыз ұзатып, келін тү-

сіру,  келін  тәрбиесі,  әйел  парыздары,  құр-

сақ  тәрбиесі,  ұл  тәрбиесі,  жігіт  сыны,  жі-

гіт тің  жан  дүниесіне  қоятын  сындар,  көңіл 

ашу  және  спорт  ойындары,  оймен  келетін 

ойындар,  би  түрлері,  оларды  билеу  өнері 

ту ралы айтылған [17]. Ал бесінші том «Ба-

та тілектер, той мерекелер, ажал-өлім ту ра-

лы»  деп  аталып,  онда  бата-тілектер,  олар-

дың  түрлері,  той-мерекелер,  олардың  түр-

ле рі, ораза ұстау, ораза айт мерекесі, той-до-

малақтар, олардың түрлері, той-тәрбие мек-

те бі  екені,  ажал-өлім  туралы  көзқарастар, 

өлім нің  түрлері,  жоқтау  айту,  жаназа,  оны 

оқу  тәртібі,  жерлеу  салты,  тірі  адамдардың 

өл ген адамдар алдындағы қарыз-парыздары, 

олар ды жүзеге асыру туралы мәселелер сөз 

бол ған [18].

Сонымен,  Моңғолия  мен  Қытайдағы  қа-

зақ тардың халықтық педагогикасы сондағы 

ғалымдардың  зерттеулері  арқылы  жас  ұр-

пақ тәрбиесінде кеңінен пайдаланылып жат-

қанына көз жеткізуге болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ұзақбаева С., Момынбаев Б. Қазақ халық педагогикасының шетелдерде дамуы. – Алматы: 

РБК, 1994.-36 б.

2  Қазақтың  тәлімдік  ойлар  антологиясы:  он  томдық.  Т.9.-Шетелдердегі  қазақтардың 

тағылымы/ Құрастырған: С.Қалиев, К.Аюбай. – Алматы: Сөздік, 2010.-400 б.

3  Қабдыразақұлы  Қ.  Халық  педагогикасы  хақында  (Қазақ  халық  этнопедагогикасы 

жайында). – Өлгий, 1976.-94 б.

4 Мизамхан Ж. Халық ойындары. – Өлгий, 1982.-60 б.

5 Нұркеұлы Х. Ұлттық мирас, ата мұра. – Өлгий, 1991.-136 б.

6 Кәмәләшұлы Б. Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрлер. – Өлгий, 1995.-210 б.

7  Кәмәләшұлы  Б.  Қазақ  халқының  туыс-туғандық  жүйесі,  тәрбиелеу  дәстүрі,  үйлену 

ғұрыптары. – Алматы: Өнер, 2005. -128 б.

8  Кәмәләшұлы  Б.  «Қазақ  халқының  дәстүрлі  той-мереке,  сауық-сайран,  ұлттық  ойын, 

тамашалары». – Алматы: Өнер, 2006. -95 б.

9 Кәмәләшұлы Б. Ауа райының қазақи дәстүрлі болжамдары. – Алматы: Өнер, 2006. -20 б.

10.  Кәмәләшұлы  Б.  Кіндік  Азиялық  көшпелі  тайпалардың  дүниетанымы.-Алматы:Өнер, 

2006. -32 б.

11 Қапасұлы Х. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Өлгий, 2008.-146 б.

12 Қабдыразақұлы Қ. Моңғолия қазақтарының педагогикалық іс-тәжірибесінің жүйесі, оның 

бүгінгі міндеттері мен маңызы. – Алматы, 1992; Ашайұлы Ә. Ұлттық педагогика негізінде 

оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру (Баян-Өлгий өлкесіндегі қазақ мектептері бастауыш сынып 

тәжірибесінен). – Алматы, 1995; Навий Л. «Моңғолиядағы қазақ мектептерінің қалыптасуы 

мен дамуы (1927-1995 ж.ж.). ). – Алматы, 2003; 

13 Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1994.-400 б.

14 Нүсіпоқасұлы А. Қазақ салт-дәстүрі және оның ғылыми негіздері. – Алматы: Өнер, 2011.-

152 б. 


15 Нүсіпоқасұлы А. Халықтық дәстүр тәрбиесі. – Алматы: Өнер, 2011. -140 б.

16 Нүсіпоқасұлы А., Жапарұлы Ә. Ырым-салт жоралары. – Алматы: Өнер, 2011. -160 б.

17 Нүсіпоқасұлы А., Жапарұлы Ә. Қыз сыны. Жігіт сыны. – Алматы: Өнер, 2011. -128 б.

18  Нүсіпоқасұлы  А.,  Жапарұлы  Ә.  Бата-тілектер.  Той-мерекелер.  Ажал-өлім  туралы.  –

Алматы: Өнер, 2011. - 108 б.


31

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ.37.317.



К.Ә. Қаражанова

Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектептің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ КӨЗІ – ЕҢБЕККЕ 

ТӘРБИЕЛЕУ

Мақалада жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үй ре-

туге, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағыттайтын – еңбек тәр-

биесі туралы жазылған. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек 

ету дағдысы қалыптасатындығын ғылыми тұрғыда тұжырымдаған.

Түйін сөз: Еңбек, тәрбие, үнемділік, мәдениет, әдеп.

В статье написано о культуре труда, которая воспитывает подростков к уважению труда, 

обучению культуры труда, формирует мастерство и навыков. Воспитание труда, обучению 

культуры  труда,  формирует  мастерство  и  навыков  в  этом.  В  ходеитруда  у  подростка 

формируется аккуратность, трудолюбие и навыки.

Ключевые слова: Культура, труда, этика, культивирование труда.

In the article is written about the work culture that fosters respect forteenagers to work, work 

culture of learning, forms the skill and expertise in this. Parenting work is a part of folk pedagogy 

of  all  nations  and  nationalities.By  the  age  peculiarities  of  the  students  in  the  leaming  process 

develops self-service traiming of school subiects,school building repairs,protection of nature and 

respect  for  others  in  sociabIlly  u  useful  work  that  develops  develops  thinking,  the  ability  and 

adaptability of children.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет